Мазмұны кіріспе микроэкономика пәні және методологиясы


«Таза» айырбас экономикасының үлгісі. Эджворт диаграммасы



бет79/92
Дата03.03.2023
өлшемі1.67 Mb.
#470298
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   92
Микроэконом каз

2. «Таза» айырбас экономикасының үлгісі. Эджворт диаграммасы

Бір адам экономикасының үлгісі көптеген факторларды есептеуге мүмкіндік бермейді. Оның көмегімен бірнеше тауарлар нарықтарында тепе-теңдік қалай орнайтынын, сауда байланыстары қалай пайда болатынын, тұтынушылар араларында экономикалық игіліктер қалай үлестірілетінін біле алмаймыз. Бұл кемшіліктерді «таза» айырбас экономикасының үлгісі арқылы жоюға болады. Осындай үлгінің көмегімен нарықта 2 тауарды айырбастайтын 2 адамның тепе-теңдігі талданады. Сонымен, егер Робинзон Крузо экономикасының моделін «1×1×1» моделі десек, «таза» айырбас моделін «2×2×2» моделі деуге болады. «Таза» айырбас моделін талдағанда Эджворт жәшігі деп аталатын диаграмма пайдаланады.


2 тұтынушы – А және В екі тауарды айырбастайды – X және Y. Диаграмманың көлденең өстері Х тауарға тік, Y тауарға сәйкес. А тұтынушы үшін санау төменгі сол бұрыштан, В тұтынушы үшін – жоғары оң бұрыштан басталады. Эджворт жәшігінің ішіндегі әр нүкте 2 тұтынушының әр түрлі нарық себеттеріне (корзина) сәйкес, яғни диаграмманың кез келген нүктесінде ХА В = X және YA+YB = Y.
( ХВ
Y UB В
Ү игіліктің жалпы көлемі
YA Z YB
Е
UA
А
0 ХА Х
Х игіліктің жалпы көлемі
93 сурет. Эджворт жәшігінің диаграммасы

Диаграммада әр тұтынушы үшін парықсыздық қисық сызығының жиыны бар, егер А тұтынушы үшін парықсыздық қисық сызығы әдеттегідей болса, В тұтынушы үшін олар 1800 айналдырылған. Сол себептен парықсыздық әр келесі қисық сызығының пайдалылығы А тұтынушы үшін жоғары, оңға қарай өседі, В тұтынушы үшін – төмен, солға қарай. Эджворт жәшігінде А және В тұтынушылар парықсыздық қисық сызықтарының қиылысу нүктесінде нәтижелі үлестіру орын алады. Нәтижелілік өлшемі – Парето – нәтижелілік. Бұндай үлестіруге Е нүктесінде жетеді. Эджворт диаграммасында нәтижелі үлестірудің нүктелері көп. А тұтынушының есептеу нүктесіне жақын орналасқан нәтижелі үлестіру нүктелері ол үшін пайдалы болады, ал В тұтынушыға жақын орналасқан нүктелер – сол үшін пайдалы.


Б
Шарттар қисық сызықтары
ұл нүктелер нәтижелі, бірақ әр нақты нарықта қайсысын таңдайды – ол «әр саудагердің іскерлігіне, жылпостығына» байланысты. Екі игіліктің мүмкін нәтижелі үлестірулерін табу үшін 2 тұтынушы парықсыздық қисық сызықтарының өзара жанасатын барлық нүктелерін айыру қажет. Алынған қисық сызық шарттар қисық сызығы деп аталады (94 сурет).


Е2

Ү игіліктің жалпы көлемі
Е1
Е
Х игіліктің жалпы көлемі
94 сурет. Шарттар (келісімдер) қисық сызығы

Шарттар қисық сызығы 2 игіліктің мүмкін үлестірулерін көрсетеді, олардан кейінгі өзара пайдалы мәмілелер мүмкін емес.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   92




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет