Мазмұны кіріспе микроэкономика пәні және методологиясы


Есептер, жаттығулар, тестілер



бет89/92
Дата03.03.2023
өлшемі1.67 Mb.
#470298
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92
Микроэконом каз

Есептер, жаттығулар, тестілер


1. Келесі категорияларды кестенің сәйкес орындарына орналастырыңыз: таза жеке игіліктер, бірлесіп тұтынатын игіліктер, ұжымдық игіліктер, таза қоғамдық игіліктер.




Қосылмаушылық

Қосылушылық

Бәсекелестік







Бәсекелессіздік







2. Төменде көрсетілгендердің қайсысы таза қоғамдық игілікке жатады?
а) қалалық парктер
б) қоғамдық көлік
в) мұражайлар
г) сот жүйесі
д) барлық аталған игіліктер
3. Қоғамдық игіліктің қандай көлемі нәтижелі болып табылады?
а) оны тұтынуда бірде бір тұтынушы шектелмегенде
б) өндірістің қоғамдық шекті шығындары оның тұтынуының қоғамдық шекті шығындарына тең болғанда
в) игілік өндірісінің жеке шекті шығындары тұтынуының қоғамдық шекті шығындарына тең болғанда
г) шығындар ең аз болғанда


15 тақырып. АСИММЕТРИЯЛЫҚ ЕМЕС (БІР-БІРІНЕ САЙ ЕМЕС) АҚПАРАТЫ БАР НАРЫҚТАР


1. Сапа белгісіздігі

Жақтардың біреуі (сатушы немесе сатып алушы), екінші жаққа қарағанда көптеу ақпаратқа ие болған жағдайда ақпараттың асимметриясы (бір-біріне сай еместігі) пайда болады. Ол туралы екінші жақ біледі.


Сондықтан ақпаратқа ие жағының әрекеттерін талдау негізінде, ол ойша кейбір пайымдау, қорытындылар жасауға тырысады. Симметриялық емес ақпараты бар нарықтар мысалдарының саны аз емес. Жұмыс беруші жаңа қызметкерді жұмысқа аларда оның мүмкіндіктері жөнінде мәліметі аз (қызметкердің өзімен салыстырғанда). Несие, сақтандыру, еңбек нарықтары – симметриялық емес ақпаратты нарықтар. Бизнесте көптеген ахуалдар осымен байланысты. Симметриялық емес ақпараттың 2 түрін айырады:

  1. Жасырын сипаттарының болуымен байланысты симметрия: мәміле жасаған жақтарының біреуі мәміле заты жөнінде екінші жаққа белгісіз бірдемені біледі;

  2. Жасырын әрекеттерінің болуымен байланысты асимметрия: экономикалық өзара қатынастар жақтарының біреуі екінші жақ бақылай алмайтын әрекеттерді жасайды.

Ең алғашқы болып ақпараттың асимметриясын Дж. Акерлоф қарады. Симметриялық емес ақпаратты талдау үшін оның ұсынған классикалық мысалы – пайдаланған автомобильдер нарығы. Бұл талдауда пайдаланған автомобильдердің екі түрі (жоғары және сапасы төмен) сатылатын нарықты қарастыру ұсынылады (104 суреттегі график). Мұнда сатушы да, сатып алушылар да автомобильдің сапасын анықтай алады. 104 суреттегі графиктерде жоғары сапалы автомобильдерге (SB және DB) сұраныс пен ұсыныс жоғары, (сапасы төмен автомобильдермен салыстырғанда (SН және DН)), себебі: сатушылар да, сатып алушылар да сананы бағалайды. Жоғары сапалы автомобильдер нарығындағы тепе-теңдік баға – 10000 доллар, сапасы төмен автомобильдер нарығында – 5000 доллар, бірінші және екінші нарықтардағы сату көлемі 50000 автомобильдерді құрайды. Егер сатып алушылар тауар сапасы жөнінде толық ақпаратқа ие болған жағдайда нарықта мынадай ахуалды көруші едік.


РВ SB PH
10000
DB SH

DC 5000


DC1 DC
DH
DC1
DH
25000 50000 QB 50000 75000 QH
а) б)
104 сурет. Жоғары сапалы (а) және сапасы төмен (б) автомобильдер нарығы

Алайда, бұл нарық симметриялық емес ақпаратты нарық болғандықтан, сатушыларда, (сатып алушыларға қарағанда), тауар сапасы жөніндегі мәлімет көбірек. Алдында сатып алушылар автомобильдің сапасын орташа деп бағалайды (оны сатып алғаннан кейін ғана сапасын бағалай алады). Орташа сапасы бар автомобильге нақты сұраныс екі графикте DС деп белгіленген, ол DB дан төмен, ал DН – нан жоғары. Сатып алушылардың тауар сапасын осылай бағалауымен 25000 жоғары сапалы және 75000 сапасы төмен автомобильдер сатылды. Сатып алушылар сатып алған автомобильдердің көбінің сапасы төмен екендігін түсіне бастағанда, сұраныс қисық сызығы жылжиды. Графиктерде автомобильге сұраныстың жаңа қисық сызығы DС1 деп белгіленген. Бірақ, оған сәйкес сапасы төмен автомобильдердің одан да көп саны сатылады, сондықтан сұраныс қисық сызығы одан ары жылжиды. Соңында сұраныс жылжулары мынаған әкеледі: тек қана сапасы төмен автомобильдер сатылады (сұраныстың қисық сызығы DН орнына келеді (жылжиды)), себебі: қалыптасқан нарық бағасы жоғары сапалы автомобильдерді сату үшін өте төмен болып табылады. Симметриялық емес ақпаратты нарық жағдайында сапасы төмен тауарлар жоғары сапалы тауарларды ығыстырып шығарады. Сатып алушылар тауар сапасы жөнінде ештеңе білмейді, сапасы төмен екен деп, оның нәтижесінде бағалар түсіп, жоғары сапалы тауарлар нарықтан ығыстырылады. Кейбір оқулықтарда сапа белгісіздігі мәселесі «лимондар» мәселесі деп аталады. Симметриялық емес ақпаратты нарық жағдайында тауарды лимонмен салыстырады: ол туралы бейхабар адар оны тәтті екен деп алса, ащы болып шығады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет