1. Х және Y тауарлары – мүлде өзара ауыстырылатын: MRSXY = сonst, ал талғаусыздықтың қисық сызықтары тура сызықтарға айналады (28-а суреті);
2. Х және Y тауарлары – бір-бірін мүлде өзара толықтыратын: талғаусыздықтың қисық сызығы 2 өзара перпендикуляр кесінді болып келеді (28-б суреті);
3. 28-в суретінде тұтынушы неғұрлым көп тауарға ие болған сайын, соғұрлым көпке ие болғысы келетін ахуал көрсетілген – талғаусыздықтың қисық сызығы координаталардың басында ойыс, батыңқы.
Y Y Y
U U U
а) X б) X в) X
28 сурет. Талғаусыздық қисық сызықтарының түрлері
3. Тұтынушының бюджеттік шектеуі
Талғаусыздық қисық сызықтарының талдауы осы тұтынушыға ұнатымды игіліктер жиынтығын, осы игіліктердің өзара ауысу мүмкіндігін табуға жол береді (ашады), бірақ олар жиынтықтың қайсысы ең тиімді, оңтайлы екендігін көрсетпейді. Тұтынушы таңдауын ары қарай талдау үшін бюджеттік шектеу деген түсінікті енгізу қажет. Әр тұтынушы парықсыздық қисық сызықтары картасындағы координаттар басталуынан (басынан) ең алыс жатқан тауарлар жиынтығына ие болғысы келеді. Бірақ, оны кез келген тұтынушы істей алмайды, себебі қаражаттарда шектелген. Осы тұтынушының қолы жететін тауарлар жиынтығын көрсететін сызық бюджеттік сызық (бағалар сызығы) деп аталады (29 сурет).
Y
I/PY
I/PX X
29 сурет. Бюджеттік сызық
Бюджеттік сызықтағы кез келген нүкте бағалардың осы деңгейінде тұтынушы өз бюджетінің шеңберінде сатып алуға мүмкіндігі бар тауарлардың ең жоғары көлемін көрсетеді. Бюджеттік сызықтың теңдеуін шығару үшін
I – X және Y тауарларын сатып алу үшін шығаратын тұтынушының табысы
PX және PY – X және Y тауарлардың бағасы дейік.
Бюджеттік шектеудің түрі:
I = PX X + PY Y – тұтынушының табысы Х және Y тауарларын сатып алуға кететін шығындар сомасына тең.
Математикалық өзгерулер (өңдеулер) арқылы бюджеттік сызықтың теңдеуін табамыз (аламыз):
Y = (I/PY) – (PX /PY ∙ X);
X = (I/PX) – (PY /PX) ∙ Y
Егер тұтынушының барлық табысы Х тауарға кетсе, ол тауарды I/PX көлемінде (саны) сатып алуға мүмкіндігі бар, осыған сәйкес, егер барлық табыс Y тауарға жұмсалса, ол I/PY тауарды сатып алуға мүмкіндігі бар. Бюджеттік сызықтың енкіштік бұрышы Х тауар бірлігі бағасының Y тауар бірлігі бағасына деген қатынасымен анықталады.
Бюджеттік сызықтан жоғары және оңга қарай орналасқан тауарлар жиынтығына тұтынушының қолы жетпейді, өйткені олардың бағасы табысынан асып кетеді. Тұтынушы табысының өсуі графикте бюджеттік сызықтың оңга қарай жылжуымен білінеді. Сәйкесінше, бюджеттік сызықтың солға қарай жылжуы табыстардың азаюын, тұтыну деңгейінің түсуін (төмендеуін) білдіреді. Бұл мына себептерден пайда болады:
1. Бағалардың өзгермеу жағдайында нақтылы, негізгі табыстың өсуінен/төмендеуінен;
2. Табыстың өзгермеу жағдайында тауарлар бағаларының өсуі/төмендеуі;
3. Табыс пен бағалардың өзгерістері.
4. Тұтынушының тепе-теңдігі
Егер бюджеттік шектеу сызығын талғаусыздық қисық сызықтар картасына көшірсек, тұтынушының тепе-теңдік моделін (үлгісін) аламыз (30 сурет). Алынған графиктегі Е нүктесі – бюджеттік сызық сәйкес талғаусыздық қисық сызығына тиіп тұрған нүкте. А және В нүктелері тепе-теңдік шартын қанағаттандырмайды, өйткені олар құрылымы бойынша оңтайлы емес жиынтықтарды ұсынады. Тұтынушы үшін оңтайлы, оның бюджетіне сәйкес, қолы жететін жиынтықта Х тауарлардың ХЕ бірлігі және Y тауардың YЕ бірлігі бар. Талғаусыздық қисық сызығының және бюджеттік сызықтың еңкіштік бұрыштары Е нүктесінде дәл келеді. Бюджеттік сызықтың еңкіштігі РХ /РY тең болғандықтан, ал талғаусыздық қисық сызығының еңкіштігі MRSXY тең, тұтынушының тепе-теңдік шарты келесі болады:
РХ /РY = MRSXY
Y U1 U2 U3
•A •B
Е
YE
XE X
30 сурет. Тұтынушының тепе-теңдік моделі (үлгісі)
Сұрақтар мен тапсырмалар
Талқылауға арналған сұрақтар
1. Пайдалылық категорияларын талдаудағы кардиналистік және ординалистік амалдардың мәнін түсіндіріңіз. Араларындағы айырмашылық неде?
2. Талғаусыздық қисық сызығы деген не? Ол қалай жасалады?
3. Бюджеттік шектеу сызығының мәнін түсіндіріңіз.
4. Тұтынушының тепе-теңдік моделін (үлгісін) сызыңыз. Оған түсінік беріңіз.
Есептер, жаттығулар, тестілер
1. Сұраныс қисық сызығы көрсетеді:
а) осы баға бойынша тұтынушы қандай жалпы пайдалылыққа ие болады?
б) осы баға бойынша тұтынушы қандай шекті пайдалылыққа ие болады?
в) осы баға бойынша ие болатын жалпы және шекті пайдалылық
г) пайдалылықтың кез келген санын алу үшін тұтынушы ақшаның қандай сомасын ұстауға (шығаруға) дайын?
2. Пайдалылықты өлшеудің кардиналистік амалы анықтауды тілейді:
а) уақыттың осы мерзімінде тауарды тұтынудан алынғын жалпы қанағаттану шаралары
б) жалпы пайдалылық пен шекті пайдалылықты
в) пайдалылық шамасының мүлде дәл сандық анықтауы
г) шекті пайдалылығының сапалық анықтауы
д) бір бірлікке тұтынудағы өзгеріспен пайда болған жалпы пайдалылықтың өзгеруі
3. Жалпы пайдалылық функциясы ең жоғары деңгейге жететін жағдайлар:
а) шекті пайдалылық түседі
б) шекті пайдалылық 0 (нөлге) тең
в) шекті пайдалылық ең үлкен шамаға тең
г) шекті пайдалылық өзгермейді
д) шекті пайдалылық өседі
4. Жеке адам бір игіліктің 2 бірлігін тұтынады (пайдаланады). Екінші бірліктің шекті пайдалылығы 5 тең екендігі мәлім. Жалпы пайдалылық шамасы жөнінде не айтуға болады?
а) ол 5 тең
б) 10 тең
в) 10 көп
г) бар мәліметтер ондай болжамдарға жеткіліксіз
5. MRSXY = 1 /2. X және Y тауарлар жөнінде не айтуға болады?
а) X және Y тауарлары тұтынуда бірін – бірі толықтырады
б) X пен Y нағыз субституттар болып келеді
в) X пен Y тауарлары үшін талғаусыздық қисық сызығы ауысудың төмендейтін шекті нормасымен сипатталады
г) X пен Y тауарлар үшін координат басына қатысты талғаусыздық қисық сызығы дөңес
6. Кестедегі ашық жерлерді (ұяларды) толтырыңыз:
Тауар бірліктерінің саны
|
TUA
|
MUA
|
TUB
|
MUB
|
0
|
0
|
|
0
|
|
1
|
600
|
|
100
|
|
2
|
450
|
|
160
|
|
3
|
310
|
|
250
|
|
4
|
140
|
|
375
|
|
7. А мен В тауарлардың шекті пайдалылығы мына кестеде көрсетілген:
А тауардаң саны
|
MUA
|
В тауардың саны
|
MUB
|
1
|
12
|
1
|
7
|
2
|
10
|
2
|
6
|
3
|
8
|
3
|
5
|
4
|
6
|
4
|
4
|
5
|
4
|
5
|
3
|
Егер тұтынушының табысы 240 доллар құраса, ал А және В тауарлардың бағасы 40 және 20 доллар болған жағдайда жалпы пайдалылықтың ең жоғары деңгейіне жету үшін әр тауардың неше бірлігін сатып алу керек? Жалпы пайдалылықтың шамасы қандай болады?
8. Кестеде бір сатып алушыға құндылығы тең болып келетін А және В тауарлардың 4 жиынтығы келтірілген:
Тауарлар жиынтығы
|
А тауары
|
В тауары
|
А
|
4
|
9
|
В
|
5
|
6
|
С
|
6
|
4
|
Д
|
7
|
3
|
Парықсыздық қисық сызығын сызыңыз. А жиынтығынан В жиынтығына, В жиынтығынан С жиынтығына, С-дан – Д өткендегі MRS есептеңіз. Азаятын (кемитін) шекті пайдалылық заңының көмегімен MRS азаюын түсіндіріңіз.
9. Осы нақты тұтынушы үшін А тауардың бірнеше санын тұтынғанынан (пайдаланғанынан) шекті пайдалылығы 10 бірлікті құрайды, В тауарды – 18 бірлікті дейік. А тауардың бағасы – 40, В тауардың – 60. Олардың пайдалылығын көбейту үшін тұтынушы не істейді?
а) А тауарды көп алып, В тауарды аз сатып алады.
б) В тауарды көп алып, А тауарды аз алады
в) екі тауардан да көп алады
г) тұтынатын тауарлардың санын өзгертпейді
10. Бюджеттік сызық енкіштігінің экономикалық мәні неде?
а) тұтынушы бір тауардың бөлігін беруге дайын, егер басқа тауар да талғаусыздықтың қисық сызығында тұрса
б) бұл көптеген тауарлардың шегі
в) бір тауарды екіншімен ауысуының шекті нормасы азаяды
г) басқа тауарда білінген бір тауардың баламалы шығындары
4 тақырып. САЛЫСТЫРМАЛЫ СТАТИКА ЖӘНЕ СҰРАНЫС ТАЛДАУЫ
1. «Табыс – тұтыну» қисық сызығы және Энгельдің қисық сызығы. «Баға – тұтыну» қисық сызығы
Өткен тақырыпта біз тұтынушылық таңдаудың моделін (үлгісін) қарадық: берілген бюджеттік шектеуде пайдалылықтың көбеюі (жоғары деңгейі) оңтайлы таңдау тудырады. Енді бағаның өзгеру барысында тауарға деген сұраныстың өзгеруін зерттейік. Бұл үшін салыстырмалы статика пайдаланады. Статика – 2 тепе-теңдік жағдайды салыстыру процесі. Салыстыру үшін 2 статикалық тепе-теңдік алынады. Енді тұтынушының тепе-теңдік үлгі графигі бойынша табыс өзгерген жағдайда қандай өзгерістер болатынын көрейік. Тұтынушының табысы өскенде, бюджеттік сызық жоғарыға және оңға жылжиды, яғни тұтынушы талғаусыздықтың ең алыстау қисық сызығына көшеді. Табыс өскен сайын тұтынушы тепе-теңдігі жылжып тұрады: 11 – 12 , 12 – 13 , 13 (тең) – 14 (ке) және т.б. тұтынушының тепе-теңдік нүктелерін қосып, біз «табыс – тұтыну» қисық сызығын, тұрмыс жағдайының (өмір сүру деңгейінің) қисық сызығын саламыз. Ол табыстың әр түрлі (кез келген) деңгейлерінде сұранысқа ие болатын тауар жиынтықтары. Егер Х және Y тауарларының сапасы дұрыс, жақсы болса, «табыс – тұтыну» қисық сызығында оң еңкіштік пайда болады, сапасыз тауарлар үшін еңкіштік теріс.
Y
I4
I3
I2
I1
X
31 сурет. «Табыс –тұтыну» қисық сызығын салу.
«Табыс – тұтыну» қисық сызығының негізінде Энгельдің жеке тұтыну қисық сызығын салуға болады (Энгель қисық сызығы) (32 сурет). Ол тұтынушының табыс деңгейінің өзгеруіне байланысты тауарлардың әр түрлі топтарын тұтыну тәуелділігін талдауға мүмкіндік береді. ХІХ ғасырда неміс статистигі Э.Энгель табыс деңгейі өзгеруінің тұтыну құрылымына тигізетін ықпалын зерттей отыра, бір заңдылықты тапты, ол кейін Энгельдің тұтыну заңы деп аталды. Энгель заңы: халықтың тамақ өнімдеріне шығындар үлесі бойынша жоғары дәрежедегі дәлдікпен халықтың әл-ауқатының деңгейі жөнінде айтуға болады: ол неғұрлым жоғары, соғұрлым халық кедей. Табысы жоғары болған сайын адамның сұраныстары да жоғарылайды. 33 суретте Энгель заңы жақсы көрсетілген: ең алдымен азық-түлік (тамақ) өнімдерімен қанығу орын алады, сонан соң өнеркәсіп тауарларымен (стандартқа сай сапасы бар), ең соңында – жоғары сапалы тауарлар мен қызмет көрсетулер.
Y
I3
I2
I1 U3
U2
U1
X
I
H
I3
I2
I1
X1 X2 X3 X
32 сурет. «Табыс – тұтыну» қисық сызығы және Энгельдің қисық сызығы
Q
Жоғары сапалы тауарлар мен қызметтер
Стандартты тұтыну сапасы бар өндіріс тауарлары
Азық-түлік тауарлары
І
33 сурет. Энгельдің қисық сызықтары
Енді тұтынушы табысының өзгеруі емес, тауар бағасының өзгеруіндегі ахуалды қарайық (34 сурет). Тауар бағасының өзгеруі нақты табыстың өзгеруін білдіреді. Х тауары бағасының РХ2 деңгейден РХ1 деңгейге дейін төмендеуі бюджеттік сызықты сағат тіліне қарсы бұрып, оны Х2 күйінен Х1 күйге жылжытады. Бұл сатып алушының Х тауардың көптеген санын сатып алуына мүмкіндігі бар екендігін білдіреді, соған сәйкес оның талғаусыздық қисық сызығы мен тепе-теңдігі жылжиды. Тепе-теңдік нүктелерін қосып «баға – тұтыну» қисық сызығын аламыз, оның негізінде жеке сұраныстың қисық сызығын сызып салуға болады. Сұраныс функциясы пайдалылық пен бюджеттік шектеуден шығарылады.
Y
PX1
а)
PX1 PX2 PX3 X
PX1
PX2
PX3
D
б) X1 X2 X3
X
34 сурет «Баға – тұтыну» қисық сызығы мен сұраныс қисық сызығы
2. Табыс әсері және ауысу әсері. Слуцкойдың теңдеуі
Табыс әсері мен ауысу әсері бұрын сұраныс заңын талдауымен байланыста қаралған. Енді осы 2 заңдылықты бағаның өзгеруімен байланысты сұраныстың өзгеруіне олардың ықпалын (әсерін) талдау тұрғысынан толық қарастырайық. Х тауарына бағаның төмендеуі тұтынушыға бюджеттің жартысын Х және Y тауарлардың қосымша тұтынуына жіберуге мүмкіндік береді. Табыс әсері осында тұрады. 2-ші нұсқа: бағаның түсуіне байланысты тұтыну құрылымы өзгереді, яғни тұтынушы салыстырмалы түрде қымбаттаған тауарды сатып алудан бас тартып, арзандауын алады. Х тауарға бағаның төмендеуі пайдалылық жалпы деңгейінің өсуіне әкеледі де, Х тауардың тұтынуын көбейтеді. (Х1ден – Х2 дейін) (35а суреті).
Y Y
E1 E1
E2
E3 E2
а) X1 X2 б) X1 X3 X2
35 сурет. Табыс әсері мен ауысу әсері.
Қосымша (көмекші) бюджеттік сызығын салайық (сызайық), оның еңкіштігі пайдалылықтың бұрынғы деңгейіне жеткендегі бағалардың жаңа ара қатыстығына сәйкес келеді. Ауысу әсері Х1 Х3 кесіндіде көрсетілген (35-б суреті), өйткені тұтынушы арзандаған тауарды көбірек сатып алады, басқа тауарлардан бас тартып, оның тепе-теңдік нүктесі Е1 – Е3 (ке) ауысады. Ауысу әсері әрқашан теріс болады, себебі тауар бағасының түсуі тұтынуды өсіреді. Табыс әсері Х3 Х2 бөлігінде көрінеді: тұтынушының тепе-теңдігі Е2 нүктесіне ауысып, сонымен жалпы пайдалылығын көбейтеді. Табыс әсері стандартқа сай, жақсы тауарлар үшін теріс (бағаның төмендеуі тұтынуды көбейтеді), ал сапасыз тауарлар үшін оң (бағаның төмендеуі тұтынуын азайтады). Көптеген сапасыз тауарлар үшін ауысудың теріс әсері оң табыс әсерінен асып түседі, сондықтан жалпы әсер оңсыз болып шығады. Тек қана Гиффен тауарлары үшін табыстың оң әсері ауысудың теріс әсерінен асып түседі. Табыс әсері мен ауысу әсері әрекеттерін жеке талдау үшін біріншісін талдағанда екіншісін есепке алмау керек. Осындай талдаудың 2 тәсілі бар: 1– ағылшын экономисті Дж. Хикс ұсынған, екіншісін – орыс математигі әрі экономисті Е.Слуцкой. Бұл тәсілдердің негізгі айырмасы нақты табысты қалай анықтауында жатыр.
Y
U2 U3
U1
E0
E3
E2
E1
X0 X1 X2 X3 X
Хикстің әсері
Слуцкойдің әсері
36 сурет. Хикс пен Слуцкой бойынша табыс әсері мен ауысу әсері
Хикс тәсілі бойынша бағалардың өзгеруінен тұтынушы қажеттіліктерді қанағаттандырудың бұрыңғы деңгейін сақтап қалуға тырысады, яғни нақты табыс тұрақты шама ретінде қаралады (36 сурет). Сонымен, тұтынушы талғаусыздықтың бұрынғы қисық сызығында қалады да, тепе-теңдік Е0 нүктесінен (бұрынғы бағаға сәйкес келетін) Е1 нүктесіне ауысады (жаңа төмендеу бағаға сәйкес). Слуцкой нақты табысты басқаша түсіндіреді: ол тұрақты болады, егер тұтынушының табысы өзгермей, оған тауарлардың бұрыңғы жиынтығын жаңа бағамен сатып алуға мүмкіндік берсе. Бұл жағдайда тұтынушының тепе-теңдігі Е0 → Е2 жылжиды. Слуцкойдің теңдеуі – Х тауар бағасының өзгеруіне тұтынушының әсері табыс әсері мен ауысу әсеріне бөлінеді:
∆Х/∆Р = (∆Х/∆Р)сотр – Х(∆Х/∆I) мұнда:
∆Х/∆Р – бағаның өзгеру ықпалынан болған тұтыну өзгерістері;
(∆Х/∆Р)сотр – ауысу әсері;
Х(∆Х/∆I) – табыс әсері
3. Игілікті тұрмыстың, әл-ауқаттың өзгеруі. Нақты табыс индекстері
Тұтынушы артығы – ол тауарға деген тұтынушы сұранысының бағасы мен қалыптасқан тепе-теңдік баға бойынша тауар үшін төленген баға араларындағы айырма. Тұтынушы артығы қоғамдық әл-ауқаттың маңызды көрсеткіші болып табылады. Егер нарықтық сұраныстың қисық сызығын сатып алатын тауардан тұтынушы алайын деп тұрған шекті пайдалылықтар сомасының графикалық бейнелеуі ретінде көрсетілсе, тұтынушының артығы – сатып алынатын тауарлардың жиынтық шекті пайдалылығы мен оларды сатып алуға кеткен нақты шығындар арасындағы айырма. Тепе-теңдік бағалары белгіленген нарық тауарларды үлестіргенде сатып алатын тауарлардың жиынтық пайдалылығы ең жоғары болып келеді. Тепе-теңдік бағаны (Р1 – Р2 дейін) көтеретін тауар салығын енгізу ахуалын қайта қарайық (37 сурет).
P2
A B
P1
Q2 Q1
37 сурет. Бағаның өзгеру ықпалымен тұтыну артықтарының өзгеруі
Тұтыну сәйкес Q1 – Q2 дейін қысқарады (азаяды). Тұтынушы шығыны А+В фигурасының көлемін құрайды, мемлекет табысы – А фигурасының көлемі. В үшбұрыштың көлемі – қоғамның қайтпайтын шығындары, олар «өлі жүк» деп аталады (deadweight loss). Осы мысал тепе-теңдік бағаның өсуі қалайша қоғамдық әл-ауқатты өзгеретінін жақсы көрсетеді. өкінішке орай, нарық экономикасында бағалардың өзгеру себептері әр түрлі болады. Мысалы, мемлекеттің араласу ықпалымен (салық енгізу жолы). Бағалар өзгеріп тұрған жағдайда тұтынушының ақшалай табысы өз сатып алу қабілеттілігін өзгертеді. Осыған байланысты сұраныстың өзгеруін толық талдау үшін белгіленген және нақты табыс көрсеткіштерін қарау қажет.
Белгіленген табыс – осы мерзімнің ағымдағы бағаларында көрсетілген табыстың ақшалай сомасы.
Нақты табыс – базистік, (өткен) мерзімнің бағаларымен көрсетілген, белгіленген табыс, яғни белгіленген табыстың сатып алу қабілеттілігі. Нақты табысты есептеу үшін белгіленген табысты бағалар индексіне бөлу керек:
Нақты табыс = белгіленген табыс / бағалар индексі
Экономика теориясында ең кең таралған бағалар индекстері: Пааше индексі мен Ласпейрес индексі.
Пааше индексі – базистік (өткен) мерзімнің бағаларындағы ағымдағы тұтыну себетінің құнын бағалау ретінде есептеледі. Тұтыну себеті – тұтынудың оңтайлы деңгейін қамтамасыз ететін тұтыну заттар жиынтығы.
IP = ∑P1 X1/∑P0 X1 – Пааше индексі, мұнда
P0 – өткен жылы ағымдағы тұтыну Х себетіне кіретін тауарлар бағалары
P1 – ағымдағы жылы ағымдағы тұтыну X1 себетіне кіретін тауарлар бағалары.
Ласпейрес индексі – ағымдағы мерзімде болған базистік тұтыну себеті бағаларының өзгеруі ретінде есептеледі:
IL = ∑P1 X0/∑P0 X0 , мұнда
P0 – өткен жылы негізгі тұтыну, X0 – себетіне кірген тауарлар бағалары;
P1 – ағымдағы жылы негізгі тұтыну себетіне кірген тауарлар бағалары.
Сұрақтар мен тапсырмалар.
Талқылауға арналған сұрақтар
-
Салыстырмалы статика теориясы нені зерделейді?
-
«Табыс - тұтыну» қисық сызығы қалай сызылатынын түсіндіріңіз.
-
Энгельдің қисық сызығы дегеніміз не? Энгель заңы дегеніміз не? Тауарлардың әр тобы үшін Энгельдің қисық сызықтары өз пішінін қалай өзгертеді?
-
«Баға – тұтыну» қисық сызығын салыңыз (сызыңыз). Графикті түсіндіріңіз.
-
Табыс әсері мен ауысу әсерінің әрекетін түсіндіріңіз. Хикс пен Слуцкой тәсілдерінің айырмашылықтары. Слуцкой теңдеуін түсіндіріңіз.
-
Бағалардың өзгеру ықпалымен тұтынушының әл-ауқаты қалай өзгереді?
-
Белгіленген және нақты табыс дегеніміз не? Нақты табысты есептеу үшін қандай индекстер қолданады (пайдаланады)?
Есептер, жаттығулар, тестілер
1. Егер бір игілікке баға өссе, онда
а) бюджеттік сызық жарыспалы, параллельді солға жылжиды
б) бюджеттік сызықтың еңкіштігі өзгереді
в) бюджеттік сызық өзгермейді
г) бюджеттік сызық жарыспалы, параллельді оңға жылжиды
2. Барлық табысыңызды Сіз 2 тауарды сатып алуға жұмсайсыз. Талғаусыздық қисық сызықтарын талдау арқылы 2 тауардың сапасыз еместігін көрсетіңіз.
3. Сапалы тауарлар көбірек тұтынады (сатып алынады), егер:
а) нақты табыстар өссе
б) нақты табыстар төмендесе
в) баға өссе
г) тұтынушының ұнатымдары өзгерсе
Достарыңызбен бөлісу: |