Мазмұны Кіріспе Пән



бет30/64
Дата09.09.2022
өлшемі2.08 Mb.
#460463
түріСеминар
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   64
filosofiya. oak. 2021-2022

13. Дін философиясы
1. Дін анықтамалары.
2. Дін және философиялық білім.
3. Дін және өнер.
4. «Дүниежүзілік діндер» феномені.
Дін философиясы өзіндік пән ретінде дінді мәдени форманың ерекшелігі ретніде оқытуға арналған. Дін – қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі, қаншама ғасырлар бойы адамзат баласы діннің мән-мағынасын ашып көрсетуге талпынып, қаншама ұлағатты істер атқарды. Дін мағынасына анықтамалық теория беру де оңай емес. 
Дін қазіргі заманғы адам мен қоғамның рухани өмірінде ерекше орын алады. Кеңестік таптық идеология үстемдік құрған жылдары дін біржақты зерттелгені белгілі. Діннің соңғы жылдары қарқынды дамуы, қоғамда діни сенімді қабылдаушылардың санының көптеп артуы дінді жан-жақты зерттеуді қажет етті және бұл бағыттағы жұмыстар табысты жүргізіліп отыр. Мысалы, дінді тарих, социология, мәдениеттану, саясаттану, философия және тағы басқа ғылымдар өз ғылымдары деңгейінен, әр түрлі аспектілерде зерттеуде.
Дінді философиялық зерттеудің ерекшеліктері:
1) философия діннің адам мен қоғамның рухани өміріндегі құбылыс, қоғамдық сананың формасы ретіндегі мәнін анықтайды:
2) көзқарастың түрі ретінде зерттейді;
3) діннің пайда болуының әлеуметтік және гносеологиялық себептерін талдайды;
4) діннің қоғамда атқаратын функцияларын жіктейді;
5) сенім мен ақылдың арақатынасы мәселесін қарастырады;
6) діннің адам бойында адамгершіліктікті қалыптастырудағы рөлін көрсетеді.
7) діни сенім бостандығы мәселесін зерттейді.
Адамзат тарихында діннің көптеген түрлері бар. Олардың барлығы адамның толықсыздығынан туындайды және жоғарғы құндылыққа жетуге, толығуға жолдар ұсынады. Дін дүниені түсінудегі және қоғамның, индивидтің жоғарлауында, өмірдің, универсумның мағынасын мойындаудағы адамдардың бірліктерін бекітудегі ең бір қажетті форма. Гегель дін — біздің санамыздың саласы, онда дүниенің барлық құпиялары шешілген, терең ойдың барлық қарсылықтары жоққа шығарылған, ол мәңгі ақиқат, мәңгі тыныштық, мәңгі бейбітшілік саласы; онда барлық халықтар өздерінің жетістіктерін және өмірлерінің рахатын көрген деп жазады.
Дін ұғымы (лат. religio) сөзінен шығады, яғни байланыс, бірлік; сөзінің аналогы болып санскриттегі йога сөзі табылады (бағытталу, күш салу). Байланыс ұғымы шарттасқан, бірлескен, үздіксіз, бүтіндік, қауымдастық, т.б. мағынаны білдіруі мүмкін. Практикада дін ретінде әрбір байланыс түсіндірілмейді, онда рухани байланыс бірінші. Байланыс ішкі және сыртқы, кездейсоқ және қажетті, мәнсіз және мәнді, материалды және материалды емес болады.
Байланыс феноменінде үш аспектіні көрсетуге болады: материалды, энергетикалық, ақпараттық. Дінді ерекше байланыс деп айтқанда оның ішкі, қажетті, мәнді, заңды, материалды емес ақпараттық-энергетикалық бірлігін көрсетеді; сонымен бірге діни энергия (күш) өмірлік белсендік, рухани күштердің бостандығын түсіндіреді. Дін рухани байланыс бола отыра өзінің материалдық белгілерімен, символдарымен, әлеуметтік ұйымдарымен қосымша жүреді. Сондықтан діннің ең бір жалпы сипаттамасы жалпы байланыс ұғымын керек етеді, бірақ негізгі болып тұрақты рухани байланыс табылады.
Адамның руханилығы болмысқа, абсолютке космостық және қоғамның биіктеріне үнемі ұмтылу болып табылады.
Діннің дефинициясы жоғарғы күшке сенімі ретінде нақты емес. Діннің құдайға немесе құдайларға сенімі ретіндегі анықтамасы да тар болып табылады. Дін, сенім және конфессия. Мысалы Құдайдың барына сену, бірақ онымен байланысты іздемеу. Эпикур құдайлардың барына күманданбаған, оларды мойындаған, сонымен бірге құдайлар адамдардың істеріне араласпаған және көп адамдар мен құдайлардың арасында байланыс болмаған деп түсіндіреді. Сонымен қоса болмыстың толықтығына сену (эмпирикалық Мен ішіндегі абсолютті Мен, әлеуметтік София, Құдай) діннің эгоцентрлік, социоцентрлік немесе космоцентрлік діннің дүниені түсіндірудегі ортақ ядросы болып табылады.
Дінге берілген анықтамалар әлі күнге дейін қанағаттандырмайды. Тындаушы келесі бұрын және қазіргі кездегі берілген анықтамалар туралы ойлануы мүмкін: дін шексіздіктен адамдардың тәуелділік сезімі ретінде (Ф.Шлейермахер); табиғат туралы алғашқы мифтердің символикасы (М.Мюллер); көрінбейтін рухани мәндерге сенім (Э.Б.Тайлор); құдіреттік сенім (Дж. Хаксли); сенуші адамдардың мінез құлқын қайта жасауға мүмкіндігі бар ақиқаттар жүйесі (А.Н.Уайтхед); тағдырға сену (Д.Б.Пратт); және адамдардың діни таралған формулаларының соңы ғана емес.
Теология ( грек. theos Құдай және logos сөз; Құдай туралы ілім) а) діни мағынада құдайылық ашылудың зерделі ақиқатын методологиялық тұрғыда жасау (Дж. Ф. ван Акерен); б) атеистік мағынада абсолютті шындық туралы ілімді рациональді-жүйелілік тұрғыда түсіндіру, қорғау, сонымен бірге сенушілердің өмірінің сипаттары мен нормаларын ұқсас тұрғыда негіздеу.
Құдай болмыстың толықтығы. Құдай(жалпы арий. baha дарынды, жекеленген) жеке Мендерден жоғары тұрған және жетіспеушіліктері жоқ абсолютті тұлға, жоғарғы мән. Құдай ол жоғарғы, мәңгі, барлығында, жетелеуші барлығын тудырушы мән, өлмейтін рух. Дүниенің бірінші шындығы және соңгғ мақсаты.
Құдай Тұлға ретінде. Құдай тек қана алғашқы мән ретінде түсіндірілмейді, сонымен біргеекі негізгі қатынаста болатын Тұлға ретінде түсіндіріледі: Біріншіден, Өзіне деген қатынасында; екіншіден, Өзінің туындыларына қатынасында. Құдай Өзіне құбылыс ретінде абсолютті Тұлға болып табылады. Христиандар Құдайдың абсолютті тұлғалығын Үштік ретінде сипаттайды: Құдай жалғыз және бір, бірақ үш сипатта болады. Құдай-Әке, Құдай –Ұл және Құдіретті Рух – бірлікті құрастыратын үш тұлға, сол уақытта да Олар мағынасы бір Тұлға. Құдайдың бірінші мәні және Оның тіршілік етуі Өзіне деген қатынасы ажырамас бірлікте дәл келеді. Бірақ соңғы тұжырымды барлық теологтар құптамайды.
Құдайдың шығармашылық процесі теологияда үш негізгі модельдермен – ілімдермен берілген: пантеизммен, панентеизммен және и теизммен.
Пантеизм (грек. pan барлығы және theos құдай; құдай барлығында) Құдайды екінші табиғатқа, физикалық дүниеге араластырады. Пантеист терминін 1705 ж. Ағылшын философы Дж.Толандом енгізген, ал пантеизм терминін оның қарсыласы 1709 ж. Нидерланд теологы Й. Фай енгізді. Пантеизм сөзімен белгіленген ілім сонау шығыс діндерінде, мысалы индуизмде қарастырылған. Батыс Европада пантеизмнің өрлеуі 16 – 17 ғ. басына жатқызылады. Осылай деп, табиғат ол заттардағы Құдай; физикалық дүниенің жалғыз және жеке мәні деп Дж. Бруно есептеген.
Эманация. Неоплатондықтар жасампаздықты мәнді ашуы ретінде эманации ұғымында негідеген. Құдай дүниені өзінен тудыра отырып, дүниеге ауысуы. Эманация ( көне лат. emanatio ағу, шығу(истечение)) бір нәрседен екінші нәрсенің шығуын түсіндіретін философиялық ұғым. Оның көмегімен субстанцияның өзінің атрибуттары мен модустарында көрінуін, сонымен бірге мәннің құбылысқа ауысуын түсіндіреді.
Панентеизм. Пантеиз және теизм арасындағы идея панентеизма (грек. pan en theos барлығы құдайда). Осы ілімге байланысты жаратылған дүние толығымен Құдайда болады, бірақ құдай дүниеде толығымен араласпайды, Құдай сонымен бірге дүниенің шегінен шығатын және дүниеге трансцендентті. Графикалық түрде оны былай сипаттауға болады: үлкен шеңберде (Құдай) кіші шеңбер (дүние) табылады, кіші шеңбер өзінің әрбір нүктесінде үлкен шеңберден шықпайды. Панентеизмге байланысты, Құдайдың тұлғалылық болмысы бар.
Теизм. Теизмда Құдай өзінің тудырған дүниесінен бөлек шексіз Болмыс және Абсолютті Тұлға ретінде түсіндіріледі. Дүние Құдайдан шықпайды және оның ішінде болмайды, бірақта ол ештеңеден пайда болады, ex nihilo, ешқандай алғы шартсыз болады. Құдайдың тудырған табиғатына трансцентенттігіне байланысты Оның туындылары әрқашанда жаңа, яғни ешқашан болмағанды тудырады. Құдай дүниені Сөзімен (Логоспен), Абсолютті Тілегімен немесе Абсолютті Еркімен тудырады. Теизм көбіне иудаизмге, христиандыққа және исламға тән.
Деизм. Теизмнен деизмді ажырата білу керек ( лат. deus құдай), ол Қайта өрлеу дәуірінде көп тараған. Деизмнің негізін қалаушы лорд Чербериге (ХVII в.)байланысты Құдай дүниені тудырып, оның әрі қарай дамуында және физикалық заңдылықтарына араласпайды.Көрнекті деистер Толанд, Вольтер, Лейбниц болған. Деизм жаратуды бір актімен шектесе, теизм Құдайдың дүниені өзінің жоспары бойынша тудырады.
Атеизм (atheism құдайсыз) Құдайға тұлға ретінде сенімді терістеу және сыни анализ, сонымен бірге басқа да құдайларға, жоғарғы күштерге сенімді терістеу. Бұл сын философиялық, ғылыми немесе тарихи-ғылыми сипатта болуы мүмкін. Атеистік концепция өзінің сынаған діни ілімдеріне мағыналық құрылымына және ойлау образына ұқсас. Сондықтан абстрактілі атеим мүлдем жоқ, бірақ әрбір атеизм нақты бір дінге(өзі терістейтін) байланысты болады. Осы тұрғыда оны сол сынаған дініне байланысты атау дұрысырақ: христиандық атеизм, мұсылмандық атеизм, иудейлік атеизм және т.б. Қазір атеизмді еркін ойлаумен, діни индифферентизммен, антиклерикализммен дұрыс емес араластырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет