1. SТМ-64 сандық жаңғырту жүйесінің негізгі қағидалары
1.1. Синхронды сандық иерархияның негіздері
Алғашқы желілердің құрылымы жеткізілген ақпараттар ағынын біріктіру және ажырату арқылы анықтайды, сондықтан, ондағы қолданылатын жүйе иерархиялық әдіс бойынша құрылады.
Иерархияның алғашқы дәрежесіне сәйкес ЖСЖ алғашқы деп аталады; бұл ЖСЖ-де ақпараттық ағынның алғашқы сигналдары пайда болады. Жаңғырту жүйесінің иерархиялық екінші дәрежесі алғашқы сигнал мен екінші сигналды байланыстырады, одан әрі осылай жалғаса береді. ЖСЖ иерархиясының екі түрі қазір дамыған елдерде қолданылуда: плезиохронды сандық иерархия (PDH) және синхронды сандық иерархия (SDH). ЖСЖ типтерінің барлығына алғашқы сигнал болып, 64 кбит/с берілетін жылдамдықтағы сандық ағын болып саналады, бұл негізгі сандық канал болып табылады (НСК). НСК сигналдарын біріктіру үшін топтық жоғары жылдамдықтағы сандық сигналдар каналдарды уақытша бөлу әдісінде қолданылады.
Телекоммуникацияның жаңа технологиялары импульсті – кодты модуляцияның (ИКМ) және каналдарды уақытша бөлудің мультиплекаторы негізінде мәліметтерді берудің бірдей сандық әдістеріне байланысты дамиды. Плезиохронды сандық иерархияда PDH мәліметті берудің төмен жылдамдығында каналдардағы битті теңестіретін қажетті мәнді қосу жолымен шығу ағындарының жылдамдығын мультиплексордың өзі теңестіреді. Осыдан келіп PDH кемшіліктерін анықтауға болады – төмен жылдамдық кезінде ақпараттың берілуі мультиплексорсыз іске аспайды. PDH кемшіліктері синхронды сандық иерархияны SDH дүниеге әкелуге себепші болды, SDH жеткізілген ақпараттар ағынын жинақтау/ажыратуды қажет етпейтін және иерархиялық қатардың жеткізілу жылжамдығын жүйелей алатын енгізу/шығару операцияларын орындай алады [1].
PDH алдында SDH төмендегідей жетістіктерге ие:
- PDH жинақтау/ажыратуды қажет етпейтін сандық ағындарды енгізу/шығару мүмкіндігімен желіні ықшамдау;
- кедергілерден қорғау – жіберілген ақпарат электромагниттік кедергілерге шалдықпайтын талшықты-оптикалық кабельдерді (ТОК) қолданылады;
- талаптар бойынша өткізу аралығын анықтау - басқа каналға ауысу жолымен белгілі бір секунд ішінде осы сервис іске қосылады;
- кез-келген трафикті беруге арналған айқындық – Frame Relay, ISDN және ATM заманауи технологияларын қоса алғанда басқа да технологиялармен құрастырылған трафикті беруге арналған виртуальды контейнерлерді ескерте отырып қолданылатын факт;
- қолданудың әмбебаптығы – ондаған локальдық желіні біріктіретін жаһандық желіні немесе жаһандық магистральды және корпоративті желілерді жасап шығаруға арналған технологияларды қолдану;
- қуатты күшейтудің қарапайымдылығы – иерархияның барынша жоғары келесі жылдамдығына ауысу аппаратураларын орналастыру үшін әмбебап тіректер бар
SDH барлық участкені қамти алатын жіберілген ақпараттарды бақылау және басқару функцияларын орындай алатын әмбебап көліктік жүйені ұйымдастыра алады. Ол PDH барлық сигналын тасымалдауға есептелген, сондай-ақ әрекет ететін және келешегі мол қызметтерді, соның ішінде асинхронды тасымалдау әдісі (АТМ) қолданылатын қызметтерді біріктіретін (ISDN)кең аралықты сандық желі.
SDH желілік сигналдары синхронды көліктік модульдер / STM (Synchronous Transport Module) (1.1-кесте) деп аталады. Олардың алғашқысы - STM-1 – 155 Мбит/с ақпартты жіберу жылдамдығына сәйкес. Олардың әрқайсысы алдыңғыға қарағанда 4 есе жылдамдыққа ие, соңында олар синхронды мультиплексирға айналады. Қазіргі уақытта SDH жүйесі иерархияның соңғы болжамдарына сәйкес пайдаланылуда және өңделуде: STM-1, STM-4, STM-16, STM-64, STM-256 немесе 155,52, 622,08, 2488,32, 9953,28, 39813,12 Мбит/с. Алғашқы үш деңгей (ескіше атағанда бірінші, төртінші және он алтыншы) ITU-T Rec. G.707 [2] соңғы болжамында стандартталды.
1.1-кесте
Синхронды көліктік модульдердің желілік сигналдары
Деңгей
|
Модульдер
|
Жіберілу жылдамдығы
|
1
|
STM-1
|
155,52 Мбит/с
|
4
|
STM-4
|
622,08 Мбит/с
|
16
|
STM-16
|
2488,32 Мбит/с
|
64
|
STM-64
|
9953,28 Мбит/с
|
256
|
STM-256
|
39813,12 Мбит/с
|
STM-1 –дегі STM-N немесе STM-N –дегі STM-4*N мультиплекаторы сызба бойынша анықталады. Жіберілу жылдамдығының өсуі импульстік сигналдың ұзақтығының қысқаруына әкеледі. Сондықтан да, ОТ бойынша таралу кезінде «размывание» (3.2-бөлімді қараңыз) және импульстердің бір-біріне «наплывание» болады. ТОБЖ өте ұзақ кезінде сәулелену қабылдағышы бөлінген импульстарды ажырата алмайды. Соның нәтижесінде ұзақтықты өсіруді анықтайтын дисперсия бойынша талаптар күшейтіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |