Мазмұны Кіріспе sтм-64 сандық жаңғырту жүйесінің негізгі қағидалары



бет6/26
Дата24.01.2024
өлшемі0.77 Mb.
#489671
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Диплом ВОЛС

2. ТОБЖ туралы негізгі мәліметер
2.1. Талшықты – оптикалық кабельдер

Талшықты оптикалық байланыс желісі (ТОБЖ) ақпарат 200 ТГц шамасындағы жоғары жиіліктегі электромагнитті толқындар арқылы беріледі, бұл, 1500 нм оптикалық спектрдің жақын тұрған инфрақызыл диапазонына сәйкес. ТОБЖ-не ақпараттық сигналдарды жеткізетін толқындар ағыны өте аз шығын шығара отырып, үлкен арақашықтықтарға жарық сәулесін бере алатын қабілеті бар оптикалық талшықтар (ОТ). ОТ-дың шығыны кедергілер (затухание) арқылы анықталады. Ақпаратты беру жылдамдығы және арақашықтығы дисперсия және сөніп қалу әсерінен оптикалық сигналдардың бұрмалануы арқылы анықталады. Талшықты – оптикалық желі – бұл ТОБЖ-нің аралық түйіндерінің элементтерін байланыстыратын ақпаратты желі. Талшықты – оптикалық желілер технологиясы талшықты оптиканың сұрақтарынан басқа, электронды жіберу жабдықтарының, оның стандартизациясының , жіберу хаттамаларының, топология желісінің және желі құрылысының жалпы сұрақтарын қамтиды.


Қазіргі уақытта оптикалық талшықтар ақпарат беруге арналған жетілдірілген физикалық ортасы, ал белгілі бір арақашықтыққа ақпарттың үлкен ағынын беруге арналған болашағы мол орта болып саналады. Бұлай есептелетін себебі, нағыз оптикалық толқындар ағынының ерекшелігі – шектен тыс жоғарғы жиілікті (Гц) қамтитын оптикалық сигналдардың кең белестілігі. Бұл оптикалық байланыс желісі бойынша ақпартты қандай жылдамдық көлемінде болса да (бит/с (1Тбит/с)) беру мүмкіндігіне ие екендігін растайды. Басқаша айтқанда, бір талшық арқылы бір уақыт ішінде 10 миллион телефондық сөйлесулерді және миллион видеосигналдарды және т.б. алуға болады. Мәліметтерді алу жылдамдығы ақпараттарды жіберу есебінен бірден екі бағытта өсіруге болады, яғни, жарық толқындары бір талшықта бір-біне тәуелсіз тарала алады.
Бүгінгі күнде оптикалық талшықтар бойынша жіберілген ақпараттардың тығыздығының шегі ОТ жарық сигналының әлсіреуі өте аз (басқа құрылғылармен салыстырғанда). ОТ ең жақсыларының кедергілері 1,55 мкм толқын ұзындығында 0,22 дБ/км тең, бұл сигналдарды өңделмеген күйінде байланыс желісін 100 км дейінгі ұзындықта құруға мүмкіндік береді. Салыстыру үшін 1,55 мкм толқын ұзындығындағы ең жақсы Sumitomo талшығының кедергісі 0,154 дБ/км тең. Оптикалық лабороторияларда 2,5 мкм толқын ұзындығындағы 0,02 дБ/км ретінің теориялық шегімен оптикалық талшықтардың фторцирконат деп аталатын, бұрынғысынан да ашық түрлері өңделуде. Лабораториялық зерттеулер мұндай талшықтардың негізінде 1 Гбит/с жіберу жылдамдығы кезінде 4600 км арқылы қылыпына келтіру телімдері бар байланыс желілерін жасап шығаруға болады:
- ОТ негізі мысқа қарағанда өте арзан, бірақ кең тараған материал кремний қос тотығынан тұратын кварцтан дайындалған;
- ОТ диаметрі 100 мкм шамасында, яғни, ықшам және жеңіл, кабельдік техникада қолдануға қолайлы және болашағы зор;
- ОТ диэлектрикті болғандықтан, байланыс жүйесінің құрылысы кезінде буындардың (сегмент) гальваникалық шешімі автоматты орындалды.
Оптикалық жүйеде олар бір – бірінен толықтай оқшауланған және осыған дейінгі электрлік кабельдерді қосу кезінде кездесетін әлеуеттік жерлендіру мен алып тастауға қатысты қиындықтар артта қалды. Ерекше берік пластикті қолдану арқылы кабельдік заводтарда өздігінен ілініп тұратын кабельдер дайындап шығарылды, олардың құрамында металл жоқ және электрлік қатынастарда қауіпсіз. Мұндай кабельдерді электрлік қабылдағыш желілердің діңгектерінде (мачта) бөлек және фазалық өткізгіштер құрылысына да қолдануға болады:
- ОТ негізіндегі байланыс жүйесі электромагнитті кедергілерге төзімді, ал жарық ағынымен берілген ақпараттар рұқсат етілмеген жүйелерден қорғалған. ТОБЖ –сін оны үзіп тасталмаса сөйлесу дауыстарын тыңдау мүмкін емес. ОТ-ға әсер ететін барлық желі тұтас желінің мониторингісіне (үздіксіз бақылау) әдісімен тіркеледі;
- ОТ маңызды қасиеті – өмір сүру ұзақтығы. Талшықтардың өмір сүру уақыты, яғни, олардың өзінің қасиетін сақтауы 25 жылдан асады, бұл ТОК бір рет орнатуға және қажеттілігінше өткізу қабілеттілігін күшейту үшін барынша тез әсер ететін қабылдағыштарды ауыстыруға болады.
Бірақ, талшықты оптикалық технологияның біршама кемшіліктері бар:
- байланыс желісінің құрылысы кезінде электрлік сигналды жарыққа, жарықты электрлік сигналға айналдыра алатын сенімділігі жоғары активті элементтер талап етіледі. Қабылдап – жіберуші жабдықтарымен ОТ қосу кезінде оптикалық аз шығын мен қосып-ажыратуға жоғарғы ресурстық қасиеті бар оптикалық коннекторлар (жалғастырғыштар) қолданылады. Мұндай байланыс желілердің элементтерін дайындау шексіздігі микрон үлесінің қатарында болуы тиіс, яғни, сәулену толқынының ұзындығына сәйкес болуы керек. Сондықтан да, байланыс желісінің оптикалық құрылымдарының өндірісі өте қымбатқа шығады;
- тағы бір кемшілігі – ОТ құрастыру кезінде қымбат технологиялық жабдықтар талап етіледі. Айтып отырғанымыздай, ОК апаттық жағдайында қайта қалпына келтіру мыс кабельдерге қарағанда шығыны өте көп.
ТОБЖ қолданудың артықшылығы жоғарыда аталған кемшіліктеріне қарамастан ақпарат берудің ең үздік құрылғысы болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет