-
Жүйенің қызметі
Жобаны орындау – пештер жұмысының технологиялық циклінің барлық станцияларының автоматтандырылуын, жану үрдісінің оптималдануын, апат және өрт кезінде пештер жұмысының автоматты түрде блокадалануын қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, автоматтандырудың жобаланатын жүйесі (ары қарай “жүйе”) моралды және физикалық ескірген техникалық құралдарды алмастыру және газды отынға ауысуы үшін арналған.
-
Автоматтандырылған жүйенің функциялары
Жүйеде қолданылатын мұнай мен отын шығынын өлшеу коммерциялы болып табылмайды. Осыған байланысты шығын датчиктері 1-ден кем емес дәлдік класын қамтамасыз етеді.
Жүйеде реттелінетін органдарының шекті күйлерінің, бекітулі құрылғылар мен өлшенетін айнымалылардың шекті шамаларының сигнализациясы қарастырылған. Пешті қолымен қосу режимінің күрделілігінен, жүйеде, технологиялық талаптарды сақтай отырып, пешті дартылай автоматты және автоматты түрде қосу қарастырылған.
Блокадалау мен қорғаудың барлық түрлері котроллер арқылы жүзеге асырылады.
Пешті апаттық тоқтату кнопкалары қарастырылған, солардың реакциясымен контроллер сәйкес бағдарламабойынша пешті тоқтатады.
РД-мен сәйкес, жүйеде, блокадалау мен қорғау жүйесінде қатысатын датчиктерден түскен сигналдардың далалық шинадан тыс бөлек байланыс каналдары бойынша контроллерге қосылуы қарастырылған.
Әр пешке оператордың бөлек панелі қарастырылған. Пилотты оттыққа оттың жоқтығы туралы сигнал түскен кезде пилотты газдың сызығындағы отсекті клапаның қоректенетін кернеуінің өшірілуі қарастырылған.
Отын сызықтарындағы қысымның жіберілетіннен төмендегені туралы сигнал түскен кезде оттықтардың жануын блокадалау қарастырылған.
Қысылған ауаның қысымы жіберілетіннен төмендегені туралы сигнал түскен кезде оттықтардың жануын блокадалау қарастырылған. Түтін шығатын құбырдың шибері жабық болғанда және желдеткіштер өшіп қалған кезде (ауа коллекторында қысым болмай қалғанда) оттықтардың жануын блокадалау қарастырылған.
Пештің негізгі оттықтарына кететін отын шығынын автоматты реттеген кезде оттықтың шығысындағы түтін газдардың берілген температурада ұстап тұру қарастырылған.
Оттықтың шығысындағы сиретілуді су бағанының 2 мм-ден төмен болмауын ұстап тұру қарастырылған. Пештің қалыпты жұмысы кезінде оттықтағы сиретілуді режимдік картамен сәйкес подта немесе басқа бақылау нүктелерінде ұстап тұру қарастырылған.
Қыздырылатын өнімнің қысымы мен шығынның лезде төмендеуі кезінде пештің апаттық тоқтатылуы қарастырылған.
Кететін түтін газдарының максималды берілген температурадан асып кеткен жағдайда пеш оттықтарына отын берілісінің апаттық тоқтатылуы қарастырылады. Негізгі оттықтардың алдында жағылатын газдың қысымы берілген шектерге қатысты төмендеуі немесе жоғарлауы кезінде пеш оттықтарына отын берілуінің апаттық тоқтатылуы қарастырылған.
Пештің өткеліндегі сиретілудің 20 Па-дан төмендеуі кезінде пеш оттықтарына отын берілуінің апаттық тоқтатылуы қарастырылған. Блокадаулардың қосылуы алдында алдын-ала ескертетін сигнализацияның қосылуы қарастырылған.
-
Есептің қойылымын сипаттау
-
БТП-10М-Э мұнай қыздыру пешінің автоматтандыру жүйесі келесі функциялардың орындалуын қамтамасыз етеді:
-
Пештің автоматты түрде жағылуы;
-
Пешті режимге автоматты түрде шығару;
-
Жұмыстың қажетті режимін ұстап тұру;
-
Пешті сөндіру;
-
Жану үрдісінің тиімділігі;
-
Пеш жабдықтарының автоматты түрде қорғау;
-
Автоматты түрде өрт сөндіру;
-
Алгоритмдердің автоматты түрде өңделуі: - “Пештің апаты”, “Пештің өрті” және “Қыздыру пунктінің апаты”.
-
Технологиялық үрдістің жүрісін бақылау МДП, РДП және ЦДП-рдан жүргізілу керек. Қыздыру пештерінің барлық технологиялық құрылыстарын басқару – операторлық бөлмеден және жергілікті жүргізіледі.
-
Мұнайды қыздыру үрдісін оптималдауын – түтін құбырындағы газдар құрамын түзете отырып мұнай шығысындағы температура – параметрі бойынша жүзеге асыру.
-
Сигналдың пайда болу себебінің мағынасын ашатын алдын-ала ескерту және апаттық сигнализацияның қосылуын көрсететін тезнологиялық параметрлердің өлшеу және тіркеу мүмкіншіліктерін қамтамасыз ететін құралдар операторлық бөлмеде қондырылуы қажет (жұмыс SCADA жүйесінде)
-
Апаттық жағдайлардың сигнализациясын қоршау дуалының артында әр бір пешке қарама-қарсы периметр бойынша орналастырылған “Әйнекті сындыр да, батырманы бас” түріндегі қол хабарландырғыштарда жасау. Кез-келген хабарландырғышты қосқан кезде, операторлық бөлмеде “Назар аударыңыз, апат!” деген дыбыстықжәне жарықтық сигнализация жұмыс істеу керек, және сонымен қоса бір уақытта операторлық бөлменің сыртында орналасқан қоңыраудың қатты соғуымен сыңарласу керек.
-
Автоматика пеш жұмысын тоқтатуын және оның коммуникациялардан үзілуін келесі жағдайларда қамтамасыз ету қажет:
-
Қыздырылатын мұнай шығынының жіберілетінінен төмендеуі;
-
Жұмыс істеп тұрған оттықтағы отынның өшуі;
-
Пештегі қыздырылатын мұнай қысымының құлауының төмендеуі;
-
Ауа коллекторындағы ауаның төмен қысымы;
-
Келтірілетін газ құбырындағы жағылатын газдың төмен қасымы;
-
Пеште немесе мұнай қыздыру пунктінде өрттің пайда болуы кезінде.
Жанған жағдайда мұнайды пеш коллекторларынан тұндырғыға лақтырылуын қарастыру.
-
қауіпсіздендірудің автоматика жүйесін қосу кнопкаларын бөлек панелде конструктивті түрде орналастыру.
-
Қауіпсіздендіру автоматикасы келесілерді қамтамасыз еті қажет:
-
“Пеш апаты № …” батырмасын басқан кезде (ирек түтіктердің ажырауы, пештің кіріс/шығыс ысырмаларының шектерінде құбырлардың ажырауы және т.б. типті жануарлармен байланыссыз әртүрлі апаттық күйлерінің пайда болуын қарастырады) барлық жұмыс істеп тұрған пештердің газ беру сызықтарында ысырмалар жабылады, одан кейін дренажды сыйымдылыққа лақтырмалы ысырма ашылады.
-
Жұмыс істеп тұрған пештің кірісіндегі немесе шығысындағы ысырмалардың кез-келген себеп бойынша жабылуы алдынғы пункттғы барлық операцияларды орындай отырып, “Пеш апаты № …” жағдайына теңестіріледі. Сонымен қатар операторлық бөлмеде себептің мәнін ашатын дыбыстық және жарықтық сигнализацияны қарастыру қажет.
-
“Пеш өрті № …” батырмасын басқан кезде барлық жұмыс істеп тұрған пештердің газ беру сызықтарындағы ысырмалар жабылады, ал апаттық пеште үрлегіш желдеткіштері өшіріледі, мұнайды тасымалдауын қамтамасыз ету үшін қиятын сызықты ысырма ашылады. Осы ысырманың қозғалысы басталғаннан кейін жұмыс істеп тұрған пештердің кіріс/шығыс ысырмалары бір уақытта жабылады, дренажды сызықтардың ысырмалары ашылады, көбікпен өшіру сорабы қосылады, содан кейін апаттық пештің көбік құбырындағы ысырмалар ашылады.
-
БТП-10М-Э пешін басқару жүйесі
БТП-10М-Э пеші үш режимде жұмыс істейді:
-
Пешті қосу;
-
Жұмыс режимі;
-
Пешті тоқтату.
Технологиялық параметрлердің нормадан ауытқуы жағдайда блокадалаулар қарастырылған, олар пеш апатының алдын алады.
2.5.1 Пешті қосу (технологиялық операциялардың тізімі)
Пешті қосу “Мұнай өндіретін және мұнайхимиялық өнеркәсіптеріндегі құбырлы пештерді техникалық пайдалану ереджелерімен” (ТП.01.88) Мәскеу қ., 1988 ж. және ВНИИ Нефтемаш және ЦКБН-мен жасалған “Типті құбырлы пештерді қосу, пайдалану және тоқтату бойынша уақытша нұсқауға” сәйкес жүзеге асырылады.
Пешті қосу дайындау операцияларынан басталады:
-
Газды отын сызығын желдету;
-
Ауа шығынының ашық шибері кезінде пештің оттық көлемін желдету;
-
Қыздырылған өнімнің (мұнайдың) циркуляциясын қамтамасыз ету.
Дайындау операцияларын орындағаннан кейін пештің ГГД-1.98 оттықтарының жағылуы жүзеге асырылады.
Негізгі оттықтардың жағылуы защитно-запальная құрылғының (ЗЗҚ) комплектіне кіретін пилотты оттықтардың жағылуынан басталады. Әр бір негізгі оттықтың өз ЗЗҚ комплектісі бар (қорғау дәрежесі IP54, min t = -400C) оның құрамына кіретіндер:
-
Пилотты оттық ЭИВ-НН;
-
Жоғары кернеу көзі ИВН-01;
-
Отты бақылау датчигі СЛ-90;
-
Электромагнитті газды клапан ЭМКГ-8;
-
Түйісу блогы БС-01;
-
Газды сүзгі ФГ-ОМ5.
Пилотты оттықтарды жағу үрдісі келесі операциялардың тізбегінен тұрады:
-
Ауа шығыны және түтін құбырының шиберлері 30% ашық күйіне орнатылады;
-
Пештің пилотты оттықтарының коллекторындағы пилотты газдың (РІ22.01) қысымы 1,0 кгс/см2 тең етіп орнытылады;
-
Бірінші пилотты оттыққагаз беру клапаны ашылады;
-
Жоғарыкернеу көзіне қорек кернеуі беріледі.
От пайда болғаннан кейін кезек-кезек пештің қалған пилотты оттықтарын жағуға кіріседі.
Жұмыс режимінде пилотты оттықтар үнемі жұмыс істеп тұрады. Пилоттыларды жаққаннан кейін негізгі оттықтардың қосылуы басталады.
Негізгі оттықтарды жаққанда қосудың екі режимін қарастырады:
Суық қосу пештің ұзақ уақыт тоқтауынан кейін жүзеге асырылады, яғни ол қоршаған ауа температурасына дейін суытылған кезде.
Жылы қосу пеш аз ғана уақыт тоқтап тұрған кезде болады.
Пешті суық және жылы қосқан кезде пешті қыздыру графигін ұстану қажет, ол график өнеркәсіптің эксплуатациялау қызметінің технологиялық нұсқауымен орнатылады.
Қыздыру пештің ирек түтігіндегі мұнайдың циркуляциясы кезінде болады. Пеш құрылысының ерекшелігі, оттықтар санының көптігі және оларға қызмет көрсету персоналының шектелген саны жағу үрдісін жартылай автоматты немесе автоматты, ал пештегі жұмыс режимін ұстау – автоматты режимдерге әкеп соғады.
-
Жергілікті пультпен (батырмалы панель РР-17) пешті жартылай автоматты түрде жағу.
Жартылай автоматты жағу үшін қосу режимін таңдау кілтін “Ручное”күйіне ауыстыру қажет. Сол кезде контроллер келесі дайындау операциялардың орындалуына әкеп соғады:
-
Мұнайдың циркуляциясын бақылау. 0÷3 кгс/см2 аралықтарында болатын пештегі қысым құлауы және мұнай шығыны ≥0,5м3/сағ анализделеді.
-
Газды отын сызығын желдету. Негізгі оттықтардың газды отын сызығының және пилотты оттықтардың газды отын сызығының лақтырмалы клапандары ашылады. Оттық клапандары жабылады. Басты оттықтардың газ беру басқарылатын клапаны, басты оттықтардың жағылатын газ беру қима клапаны,пилотты оттықтардың жағылатын газ беру қима клапаны ашылады. Желдету біткеннен кейін лақтырмалы клапандар жабылады.
-
Пештің отық көлемін желдету. Түтін құбырының шибері ашылады, ауа шығынының шибері ашылады, желдеткіштер қосылады. Желдетуді тоқтату моменті жылжымалы газо индикатормен анықталады.
Үш дайындау опрецияларының әрбіреуінің апатсыз аяқталуы
жалпылағыш сигналдың (жергілікті пультке рұқсат ету) өндірілуіне бағдарламалық рұқсат береді. Рұқсатты алған кезде пультта “Разрешениерозжига” деген жасыл шам жағылады.
Осыдан кейін пилотты оттықты жағуға кіріседі. Пилотты оттықты жағу №1-ден №9- ға дейін тізбектей келесі ретте болады.
№1÷9 “№1÷9 пилотты жанарғы газының клапанын ашу” батырмасы басылады. Осы кезде ауа шығынының шибері және түтік құбыры 30% ашылу қалпына орнатылады. әрі қарай газ клапаны ашылады және отынның тұтануына разряд береді.
Егер тұтану пайда болса, онда жалынды бақылау датчигі жұмыс істеп, және ол туралы ақпарат пультте жасыл шамның жануымен көрсетіледі.
Сонымен, қалған барлық пилотты оттықтар жіберіледі. Егер барлық пилоттық оттықтар қосылған болса, онда барлық шамдар жағылуы керек.
Барлық пилотты оттықтар жұмыс режимінде болғандықтан, негізгі оттықтардың жағылуы басталады. Жағу үшін “Негізгі жанарғыны жағуды бастау” батырмасын басу қажет. Осы сигнал пайда болған кезде жағылатын газды негізгі оттыққа жіберу клапаны ашылады.бұл опративті персоналмен бақыланатын барлық негізгі оттықтардың параллельді жануына әкеледі.
Жағу үрдісін жылдам тоқтату үшін, пультте “Пешті жағуды тоқтату” кнопкасы қарастырылған. Блокадалау жұмысқа қосылғанда және ақаулықтар пайда болған жағдайда, пультте “Жөнделмеген” қызыл шамы жағылады да, газ клапаны жабылып және пештің оттық көлемін желдетуі қосылады.
Шамдардың екі түсті индикациясы бар: қызыл-сары және жасыл. Бұл шамдар оттықта жалынның бар екендігін білдіреді. Жасыл түс – сигналдар логикалық “0” сәйкес, ол берілген оттықта жалынның жоқ екендігін айтады. Қызыл-сары түс – сигналдар логикалық “1ә сәйкес, ол оттықтың жағылғанын көрсетеді.
-
Жергілікті пульттен пешті автоматты түрде жағу (РР-17 кнопкалы панельмен)
Автоматты түрде жағу үшін, жұмысқа қосу режимінің таңдау кілтін “Автоматты” қалпына ауыстыру қеажет. Бұл кезде бақылаушы келесі дайындау операцияларын орындауына әкеп соғады:
-
Мұнайдың циркуляциясын бақылау. 0÷3 кгс/см2 аралықтарында болатын пештегі қысым құлауы және мұнай шығыны ≥0,5 м3/сағ анализделеді.
-
Газды отын сызығын желдету. Негізгі оттықтардың газды отын сызығының және пилотты оттықтардың газды отын сызығының лақтырмалы клапандары ашылады. Оттық клапандары жабылады. Басты оттықтардың газ беру басқарылатын клапаны, басты оттықтардың жағылатын газ беру қима клапаны, пилотты оттықтардың жағылатын газ беру қима клпапаны ашылады. Желдету біткеннен кейін лақтырмалы клапандар жабылады.
-
Пештің оттық көлемін желдету. Түтін құбырының щибері ашылады, ауа шығынының шибері ашылады, желдеткіштер қосылады. Желдетуді тоқтату моменті жылжымалы газо индикатормен анықталады.
Үш дайындау операцияларының әрбіреуінің апатсыз аяқталуы жалпылағыш сигналдың (жергілікті пультке рұқсат ету) өндірілуіне бағдарламалық рұқсат береді. Рұқсатты алған кезде пультта “Жағуға рқұқсат” 2-ші жасыл лампочка жағылады.
РР17 жергілікті пультінде “Автоматты жағу тізбегін жіберу” батырмасы басылады. Содан кейін оттықты жағу процессі, оперативті персоналсыз жартылай автоматты жағу режиміндегі сияқты алгоритммен жүргізіледі. Бұл кезде жұмысқа қосу үрдісін, жергілікті пульттегі индикация шамдары бойынша және пештің байқау терезесінен бақылауға болады.
-
Пештің жұмыс режимі
Қызғаннан кейін және номиналды жылыту көрсеткіштеріне жеткеннен кейін, пеш жұмыс режимінде өтеді. Басқару объектісі ретінде пештің жұмыс режимі келесідей сипатталады:
-
Реттеу контуры бойынша жоғары инерттілік “отынның шығыны – қыздырылатын өнімнің температурасы”;
-
Температура мен қыздырылатын өнім (мұнай) шығынының арасындағы сызықтық емес тәуелділік. Бұл жағдайда шығынның өзгеруі, негізгі ауытқушы әсер ретінде алға шығады; басқару арасындағы көп байланыстылық.
Осы ерекшеліктерді ескере отырып, мұнайды қыздыру үрдісінің оптималды (рационалды) режимдерін қамтамасыз ететін келесі реттеу контурларын көрсетуге болады: жағылатын газ шығынын реттеу жолымен шығатын өнімнің (мұнайдың) температурасын стабильдеу; газ шығынының өзгеруін қадағалап, сондай-ақ тұрақты қатынасты γ = 1,1/1,2 қамтамасыз ете отырып, ауа жіберу заслонкасын автоматты реттеу жолымен, “жағылатын газ - ауа” қатынасын реттеу.γ қатынасы кететін пеш газдарының берілген анализі бойынша түзетіледі.
Пайдалы жылу қуаты мына өрнек бойынша есептеледі
Qn=cpρF(Tвых-Твх),
Мұндағы Ғ – қыздырылатын өнімнің шығыны,
cp – қыздырылатын өнімнің орташа жылу сыйымдылығы;
ρ - өнімнің орташа тығыздығы;
Твх - өнімнің кіріс температурасы;
Tвых- өнімнің шығыс температурасы.
Жанудың төменгі жылулығы Qнр=38100 кДж/м3 және ауа шығынының α=1,1 коэффициенті кезінде газ жануының жалпы жылу қуаты мына өрнекпен анықталады:
Qжал=Qнр *В,
Мұндағы В – газ (отын) шығыны, м3/с.
-
Пешті тоқтату
Пештің тоқтатылуы келесілерге бөлінеді:
-
Штаттық режимде тоқтау;
-
Апаттық режимде тоқтату.
Пештің штаттық тоқтатылуы өнімді циркуляциялау режимінде жүргізіледі және ОР-27 операторлық панельмен атқарылады. Пештің тоқтатылуы екі режимге бөлінеді:
-
Негізгі және пилотты оттықты өшірумен (толығымен тоқтату);
-
Тек негізгі оттықты өшірумен (күту режимімен тоқтату).
Пештің толық тоқтатылуы келесі тізбектілікпен жүргізіледі:
-
Мұнайдың шығысындағы төмендеу температурасының жылдамдығы сағатына 150С төменгі жеткілікті мәнге дейін немесе пештің эксплуатациясы қызметімен бекітілген нұсқауға сәйкесінше негізгі оттықтың өнімділігі төмендетіледі;
-
Температураның жеткілікті мәніне жеткеннен кейін, негізгі оттықтар сызығына берілетін жағылатын газдың ысырмасы жабылады және барлық оттықтардағы оттың сөндірілуі бақыланады;
-
Пилотты оттықтарға берілетін жағылатын газдың ысырмалары жабылады;
-
Жағылатын газ шығынының клапаны жабылады;
-
Ауа беру шибері толығымен ашылады да, пештік кеңістікті желдету 20 минут аралығында жүзеге асырылады;
-
Желдету біткеннен кейін ауа беру шибері жабылады.
Күту режимімен пешті тоқтату келесі тізбектілік бойынша жүргізіледі:
-
Мұнайдың шығысындағы төмендеу температурасының жылдамдығы сағатына 150С төменгі жеткілікті мәнге дейін немесе пештің эксплуатация қызметімен бекітілген нұсқауға сәйкесінше негізгі оттықтың өнімділігі төмендетіледі; температураның жеткілікті мәніне жеткеннен кейін, негізгі оттықтар сызығына берлетін жағылатын газдың ысырмасы жабылады және барлық оттықтардағы оттың сөндірілуі бақыланады;
-
Ауа беру мен түтін құбырының шиберлері 5% - 10% ашық күйіне орнатылады;
-
Пилотты оттықтарындағы жұмыс күту режимінде ұсталады және бақыланады.
Пештегі апаттық жағдайлар, өрт болмағанда “Пеш апаты” және өрт болған кезде “Пеш өрті” деген жағдайларға ажыратылады:
“Пеш апаты” жағдайында пештің апаттық тоқтатылуы келесі тізбек бойынша жүзеге асырылады:
-
Жағылатын газ шығынының басқарылатын клапанының жабылуы, басты оттықтарға газ беру клапанының жабылуы, пилотты оттықтарға газ беру клапанының жабылуы арқылы жағылатын газдың берілуі тоқтатылады;
-
Ауа беру шибері толық ашық болғанда пештің оттық кеңістігінің желдетуі жүргізіледі.
“Пеш өрті” “өрт пайда болғанда) жағдайында пештің апаттық тоқтатылуы келесі тізбек бойынша жүзеге асырылады:
-
Жағылатын газ шығынының басқарылатын клапанының жабылуы, басты оттықтарға газ беру клапанының жабылуы, пилотты оттықтарға газ беру клапанының жабылуы арқылы жағылатын берілуі тоқтатылады;
-
Шиберді жабу және желдеткіштерді өшіру арқылы ауаның берілуі тоқтатылады;
-
Мұнайдың берілуі тоқтатылады;
-
Дренажды сызықтың ысырмасы, басты оттықтар мен пилотты оттықтар газынлақтырып тастау клапаны ашылады;
-
Түтін құбырының шибері жабылады;
-
Өртті сөндіру сорабы қосылады.
Пештің апаттық тоқтатылуы – операторлық бөлмеде және жергілікті орналасқан “Пеш апаты” және “Пеш өрті” батырмалары арқылы қолмен және контроллер арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады. Келесі штаттық емес жағдайлар пайда болған кезде “Пеш апаты” және “Пеш өрті” алгоритмдерін орындай отырып, пештің апаттық тоқтатылуы контроллер арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады:
-
Қызыдырылатын өнім (мұнай) қысымы мен шығынының төмендеуі;
-
Құбырдың қызып кетуі;
-
Құбырлар жануы және пештің ішінде өрттің пайда болуы, газоходтарда күйенің жануы.
-
Блокадалаулар
Апаттық жағдайлардың алдын алу үшін келесідей блокадалаулар қарастырылған және оларды қосқан кезде пеш оттықтарына жағылатын газдың берілуі тоқтатылады:
-
негізгі оттықтардың алдындағы жағылатын газдың қысымы берілген мәндерге қатынасы бойынша азаюы немесе көбеюі;
-
пилотты оттықтардың отын өшіру (бөлек істемейтін оттықтарды өшіру);
-
мұнай шығынының жіберілетін шектен төмендеуі;
-
пештің шығысы мен кірісі арасындағы қысым құлауының минималы жіберілетін мәннен төмендеуі;
-
пештің кез-келген ирек түтігіндегі температура құлауының жіберілетін мәннен төмендеуі;
-
сиретілудің пеш подының алдында берілген мәннен төмендеуі;
-
ауа қысымының жіберілетіннен төмендеуі.
Контроллермен “оттықтарға отын беру сызығындағы клапандардың ашылуына рұқсат” деген блокадалау, келесілердің болмауы кезінде, қарастырылған:
-
нормаларға сәйкес түтін трактында тарту;
-
желдетудің аяқталуы туралы сигнал;
-
пештің кірісімен шығысы арасындағы мұнай қысымының құлауы;
-
минималды мәннен кіші болтаны пештіңирек түтігі арқылы өтеттін мұнай шығыны.
Блокадалаулардың жұмысы кезінде ОР27 операторының панелі мен пешті жағу пультіне хабар беріледі де, ескерту сигнализациясы қосылады.
Пешті қосқан кезде оттықтардың жағылуына тыйым салатын блокадалаулар іске қосылған:
-
пештің ирек түтіктеріндегі мұнай циркуляциясының болмауы;
-
жағылатын газ сызығындағы жіберілетіннен төмен қысым;
-
жіберілетіннен төмен ауа қысымы;
-
түтін құбырының шибері жабық;
-
ауа колелекторындағы қысымның болмауы.
-
Техникалық құралдар кешенінің құрылымы
2.6.1 Техникалық құралдар кешенінің құрылымын таңдап алуын негіздеу
Автоматика жүйелерін құрудың қазіргі талаптарына сүйене отырып, техникалық құралдар кешенінің құрылымы едәуір технико-экономикалық талаптарға сай болу керек, және олардың бастылары келесіден тұрады:
-
автоматтандыру жүйесінің барлық есептер жинағының шешімін қамтамасыз ету;
-
егер басқару есебінің жиынтығы өзгеріп, басқару техникасы жаңаланса, оның құрылым мен дамуының өзгеру мүмкіншілігі;
-
оператордың операторлық бөлмеде және басқару мен бақылау үрдістерінің барлық стадиясында КТС-ң басқа элементтерімен кең түрде хабарласу мүмкіншілігі;
-
унифицирленген құрылғыларды, блоктарды және буындарды пайдалану;
-
қолданылатын кешеннің құрылысын оңай өзгерте алатын агрегирлеудің мүмкіншілігі;
-
жоғары сенімділік және жөндеуге келетіндігі;
-
сатып алуға және қызмет етуге кететін шығындарды оптималды есептеу.
Демек, осы талаптарды жүзеге асыра отырып, ұсынылған техникалық құралдар кешенінің құрылымы – бағдарламалық және апараттық спецификациясының ашықтығы деген автоматика жүйелерін құрудың негізгі қағидаларына сай келеді, және автоматтандырылған жүйелерін құрудың жаңа концепцияларының келесідей негізгі қағидаларына негізделген:
-
мәселелі-бағытталған түрде келу;
-
ортақталған бақылау;
-
объектті-бағытталған басқару;
-
өзіндік диагностика және таңдаулы резервілеу;
-
жобалық компоновка;
-
ашық архитектура.
Мәселелі-бағытталған түрде әртүрлі ақпараттық масштабтағы өндірістік үрдістерді автоматтандыру есептерін шешу мүмкіндігін береді. Басқарудың барлық құралдарын территориалды топтау арқылы ортақталған бақылау – бір-екі операторға басқару есептерін және үрдістің жүрісін бақылауды жүктеп қоюға мүмкіншілік береді. Өз кезегінде, оперативті басқару қағидасын кең пайдалану мүмкіншілігін береді.
Өзіндік диагностика және таңдаулы резервілеу жоғары сенімділік пен төменгі баға талаптары арасындағы оптималды компромисқа жету мүмкіншілігін береді.
ПО басқаруға визуалды объектті-бағытталған түрде келуін қамтамасыз етеді, және қабылданған ПО-ң компоненттерінің бірі болып – технологиялық бағдарламалау тілі (STEP 7) табылады, бұл техникалық құралдар мен басқару объектісінің өзін оператор алдында басқарылатын объектілердің жиынтығы ретінде қарастыруға мүмкіншілік береді: олардың физикалық немесе бағдарламалық жүзеге асыруымен емес, автоматтандырылған объектінің технологиялық схемасымен байланысты физикалық (датчиктер, механизмдер) немесе логикалық (реттегіштер, қорғау құрылғысы және т.б.). Әрбір басқарылатын объект, оның күйі, жүргізудің алғы шарттары мен басқару мүмкіндіктері туралы толық ақпарат беретін технологиялық параметрлердің жиынтығымен сипатталады.
Жобалық компоновка қолданушыға нақты автоматика жүйесіне керекті техникалық құралдар жиынтығын таңдау мүмкіншілігін береді.
Ашық архитектура жүйені толықтыруға немесе болашақта жүйені кеңейту мен жаңалауды қамтамасыз ете отырып, жаңа техникалық құралдарды пайдалануға мүмкіндік береді.
Апаратты платформа ретінде жоғары өнімділікті және тез жұмыс істейтін қуатты процессор болып табылатын техникалық құралдар таңдап алынған, және онда – кіріс-шығыс модульдерінің көп саны, коммуникационды контроллерлер мен интерфейстердің үлкен жиыны бар. апаратты компоненттер перспективті жаңа технологияларға негізделеді. Бұл жүйені жаңалауға және дамытуға мүмкіндік береді.
Сонымен, жүйені құрудың ұсынылған концепциясы, басқарудың техникалық құралдарына қойылатын келесі талаптарды жүзеге асырады:
-
жоғары сенімділік таратылған басқару, өзіндік диагностика және таңдаулы резервілеу, сонымен қатар жоғары сенімді апараттық құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асады;
-
қолдану қарапайымдылығы технологиялық бағдарламалау мен объектті-бағытталған басқару арқылы жүзеге асады;
-
төмен баға – экономды апаратты шешулер, ортақталған таңдаулы басқару және резервілеу кезінде “ақылды жеткіліктік” қағидасын қолдану арқылы жүзеге асады.
Құрудың қабылданған концепциясы автоматтандыру схемаларымен анықталған басқарудың технологиялық объектісін (БТО) құрудың функционалды-топтасқан қағидасына максималды мүмкін болатын жақындықпен ПТК-ның құрылғылары мен деңгейлері арасындағы өзіндік байланысты анықтайды.
КТС-ң ұсынылған құрылымы жаңа халықаралық стандарттарды қанағаттандырады. Бұл базалық бағдарламалық қамтамасыздандыруға, апаратты және бағдарламалық коммуникационды протоколдарға, магистральды шиналарға, конструктивтарға қатысты.
-
Достарыңызбен бөлісу: |