Мазмұны кіріспе түркі халықтары дүниетанымында «әйел» бейнесінің өзіндік ерекшеліктері


біріншісі – рухани мәдениеттің өзекті сөзі, екіншісі



бет7/44
Дата28.11.2023
өлшемі0.63 Mb.
#484648
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44
Диссертация НАЗИРА

біріншісі рухани мәдениеттің өзекті сөзі,
екіншісі – сөздің пайда болуына дәнекер алғашқы түсінік.
Концептің басты белгілерінің бірі – оның мәдени реңкте болуы. Сондықтан ол ұлттық ерекше дүниетанымды түсінуде басты компонент болып саналады. Когнитивтік тіл білімінің дамуы, «концепт» ұғымы мен концептілер типологиясын ұғыну арқылы зерттеушілер концептің әр түрлі менталды құбылыстардың әр түрін біріктіріп, адам санасындағы білімді құрылымдау қызметін атқаратын қолшатыр термин екенін түсінді.
Кез-келге халықтың менталитетінің өзіндік ерекшеліктерін танып-білуде регулятивті концептілердің қосар үлесі зор. Регулятивті концептілер, оларға өзін-өзі ұстауда басты бағдар ретінде сүйеніп маңызды концепт санайтын  тілдік тұлғалардың өрісінің қаншалықты, қандай деңгейде болуына байланысты әр түрлі болып келеді. Мәселен, олар әмбебап (ақиқат, жақсылық, сұлулық) болуы мүмкін, сонымен қатар ұлтқа тән – жан, тағдыр, сағыныш сияқты және әлеуметтік тұрғыдан ерекше маңызға ие – ақылдылық, ар-намыс тәрізді концептілер болса, барша адамзатқа тән құндылықтардың жеке-авторлық модификацияларын да қамтиды [11].
З.Д. Попова мен И.А. Стернин концептосфераны белгілі бір халықтың концептілерінің реттелген бір жиынтығы, ойлаудың ақпараттық базасы деп анықтайды. Ғалымдар сонымен қатар топтық концептосфералар жайын да сөз етеді (кәсіби, жас ерекшелік, гендерлік және т.б.).
Отандық тіл білімінде концепт ұғымына қатысты мәселелерді Ж.Манкеева, Н.Уәлиев, Қ.Жаманбаева, Г.Смағұлова, Г.Снасапова, М.Күштаева, С.Жапақов, А.Ислам, Н.Аитова, Ж.Жампейісова, Э.Оразалиева, Г.Мұратова, Б.Тілеубердиев т.б. ғалымдар өз еңбектерінде жан-жақты қарастырады.
Б. Тілеубердиев концепт сөздерді, олардың мәні мен мағынасын түсіну жеке адамнан бастау алып, қоғамдық таптар мен тұтас бір ұлттың ой-өрісі, дүниетанымы жайында ақпарат беретіндігін баса көрсетеді [12].
Ғалым А. Исламның айтуынша, концептілерді талдау барысында төмендегідей бірізділік ұсталынады: сөздіктегі анықтамасы; концептің мағынасы мен оның әр түрлі философиялық және діни жүйелердегі орны; концептің адамның күнделікті санасындағы түсінігі; концептің әмбебап белгілері; концептің фразеологизмдердің түзілуіне немесе қолдануына әсері; белгілі бір концептіге байланысты сюжеттің, немесе образдардың пайда болуы [12].
Концепт құрылымында образдың болуы қазіргі тіл білімінде кеңінен дамыған прототиптік семантикамен дәлелденген. Д. Лаккофтың тұжырымдауынша, прототиптер концепт классын тұтасымен елестетуге мүмкіндік беретін анық,  ашық бейнелер (мысалы: құстар классы үшін ол шымшық).
Э. Роштың пікірінше, прототип – негізінен берілген топтың басқа бірліктерімен ортақ қасиеттер дәрежесінде көрініс табатын және сол қасиеттерді ашық, толық жүзеге асыратын бірлік [12].
Сонымен концепт дегеніміз – этномәдени санада сақталатын, белгілі бір ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа берілетін ықшам, әрі терең мағыналы шындық болмыс, ұлттың мәдени құндылықтары жөніндегі сан ғасырлық түсінігін білдіретін құрылым.

Қай ұлттың әйел затына бөлетін орнын қазақ қоғамында бөлінген орнымен салыстыруға келмейді. Қыз баланы кішкентайынан төрге шығарып отырған қазақ оның болашақтағы Ел анасы боларына кәміл сенген. Қазақ қыздары даланың ерке елігіндей бұлаңдап өскен. Нәзік жанды қыздарға қарап, ер-жігіттердің бойына күш-қуат бітеді. Оларды қорғағысы келеді. Батыр атанған қазақ елінің ер-азаматтарын жігерлендіріп отырған осы нәзік жандыларды қорғау ниеті. Өйткені ер мен әйел әрқашанда бірін-бірі толықтырып отырған. Қазақ қызы әрқашанда еркін сөйлеп, ойын ашық айтқан, оның ішінде тіпті билік еткен әйелдерде болған. Алайда олар ешқашан да өзінің әйелдік болмысын жоғалтпаған. Қазіргі кезге сәйкестендірсек, қыз баланың құқығы ұл баладан еш кем емес, алайда рухани жағынан ол әрқашанда да өз нәзік болмысынан айнымауы қажет.


«Қызым үйде – қылығы түзде» демекші, қыз баланың жүріс-тұрысы мен киім-киісі тәрбиенің негізі болып саналады. Бүгінгі күнде қыздарымыздың көзге оғаш тиетін киімдерін айтып жатпайық, ол күнделікті өмірде не көгілдір экранда артылып жетіледі. Әрине әсемдіккке, әдемілікке құмар жандар сәнденгенді, әрленуді ұнатады. Және де үйлесімді сәнденудің еш оғаштығы жоқ. Тек ол өзіңе сай жарасып, мөлшерімен пайдаланып, жан сұлулығын аша түсер болса. Қазақ қыздары бұрыннан бері өздерінің алтын-күміс әшекейлерге, бағалы терілерге құмарлығымен танымал. Оны біз көптеген археологиялық зерттеулер барысында табылған жүзік, білезіктерден көре аламыз. Сондай-ақ шығыс елдеріне тән бізде де, сән-салтанат көрсету бойымызға сіңген. Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя»-сындағы әпкесінің ұзату кезін бір қайталап оқыңызшы. Қазақтың молшылықты көрсете білгенін, әсемдікпен сәндеп үйренгені білініп тұрады. Ал «Қыз Жібек»-тегі керуенді суреттеген кез ше? Әр күйменің сәні мен салтанаты кейінгісінен жүз есе артық болып отырғанына Төлеген ғана емес, біз де тамсана таң қаламыз. Ал Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран»-ындағы «Ол хан-сұлтандардың ғана емес, қолы жеткен дәулетті адамдардың қыздары да тәнін ақ биенің сүтімен шылайтынын, әртүрлі шөптің шырынымен бетіне әр беріп, дене мүшесін нәрлендіріп, көріктендіретінін білетін.» дегенінен қазақ қыздарының ықылым заманнан бері тазалыққа, сұлулыққа құмар екендігін аңғарамыз. Тағы бір айта кететін жайт, осы романда мынадай бір тұс бар, Ораз-Мұхамед пен Ай-Шешек Бегімнің арасындағы әңгімеде: «Олар әйелін…оңаша бөлмеге қамап қояды дейді. Атқа мініп, жүріп-тұрмақ түгілі, ешбір ер адаммен сөйлеспейсің. Сөйлеспейсің деймін-ау, ешкімді көрмейсің. Бетіңе пәренжі деген бүркеніш жауып аласың да, қаралы адамдай түнересің де отырасың…» айтып отырғандары басқа елдің салт-дәстүрі, яғни ол қазаққа жат болғандығы көрініп тұр.
Сонымен жарасымды сәнденуде еш тыйым жоқ, тек оның не мақсатта жасалатындығында. Хадисте: «Егер бір әйел еркектің назарына ілігу үшін сәнденіп, сыланып-сипанып, серуенге шықса, ол қаңғыбаспен бірдей және оған қадалған көздер де сондай» делінген. Сонда мұнда ниеттің дұрыс еместігі басты назарда ұсталып отыр.
Философ Дьюидің айтуы бойынша, адамның өзінің маңыздылын сезінуі оның тамақ ішу, ұйықтау сияқты ең қарапайым, алайда ең қомақты қажеттілігі екен. Бірақ та бұл қажеттіліктің орнын өмір бойы толтыра алмай өтетіндер де болады. Өмірдегі өз орнының барын дәлелдеуге құмарлық әр адамның табиғатына тән нәрсе. Мұнда терең психология жатыр. Кішкентай қыздың ең бірінші көретін ер адамы кім? Әрине ол оның – әкесі. Егер де әкесі қызына көңіл бөліп, оның әдемі, ерекше екенін сездіріп, көзқарасымен болсын білдірсе, онда ол қыз жаңағы айтып отырған өзінің маңыздылығын дәлелдеуге өмір бойы қажетсінбейді. Өйткені ол өз ата-анасының алдында бұл сезімінің құмарын басып алған. Енді ол тек өзіне емес, өзгеге де көңіл бөле алады, өзгенің жанын жұбата алады. Ал керісінше, анасынан болсын, ең бастысы әкесінен болсын, тиісті көңіл бөлінбесе, бала келешекте сол қуысты жақсы дегенде, не өзіне не өзгелерге дәлелдеу арқылы белгілі жетістіктерге жетуі мүмкін немесе жаман дегенде олқылықтың орнын басқа зиянды заттармен толтыруы мүмкін. Осыдан қазірдегі үлкен адамдардың ортадағы өзін-өзі ұстауына қарап, оның кішкентай кезіндегі керекті назарды алған-ала алмағанын білуге болады. Баланың өмір бойына өзімен бірге болатын санасы мен мінезі балалық шағындағы алғашқы сезімдердің жиынтығы. Ал сезімтал келетін қыз баланың тәрбиесіне өте мұқият қарау керектігі айтпаса да белгілі. Тарихқа көз жүгіртсек, көшпенді қазақ халқы әрқашанда ананы қастерлеген. Жарын сүйген. Қызын қырық үйден тия отырып, алақанына салып әспеттеп еркелеткен. Қызды қашанда жат жұрттық деп, жас күнінен отбасының сенімді серігі, қара қазанның иесі, үйдің ұйытқысы ретінде ұзатқанға дейін тек тәрбие берген. Сол дәстүрдің арқасында Елдің анасы атанған талай әйелдердің есімі бізге жетті. Бұдан екі жарым мың жыл бұрын өмір сүрген ұлы даладан шыққан сақтың батыр қыздары Томирис пен Зарина ерлігі, Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі Гауһардың, ұлт-азаттық көтерілісі кезіндегі Бопайдың, күн кеше Әлия мен Мәншүктің ерлігіне ұласты. Кеңес Үкіметі күйрердегі желтоқсанда ерліктің туын жықпаған қыздарымыз қаншама. Ал аққан жұлдыздай із қалдырған Шоқанның әжесі Айғаным ханымның елді ақылмен басқарғанын, дәрет алмай баласын емізбеген, данагөй әжеміз ұлы Абайдың тәрбиешісі болған Зере әжемізді қалай ұмытамыз? Бұның бәрі ата салт-дәстүріміздің, тәрбие жолының дұрыстығын көрсетсе керек.
«Келіні жақсы үйдің керегесі алтын» демекші, көңілі мен жүрегі таза, әдемілікке, нәзіктікке құмар, өзінің емес, өзгенің өресін көтермелейтін қыз бала келешекте іргелі үйдің шаңырағын жоғары көтеретіні анық. Қорытындылай келе тағы бір хадисті келтіргіміз келіп отыр: «Адамда бір кесек ет бар, егер ол кесек жақсы болса, адамның бүкіл тәні де сондай, егер жаман болса, бүкіл дене де жаман. Ол кесек – ой.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет