Мазмұны кіріспе түркі халықтары дүниетанымында «әйел» бейнесінің өзіндік ерекшеліктері



бет28/44
Дата28.11.2023
өлшемі0.63 Mb.
#484648
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   44
Диссертация НАЗИРА

Қайып тігу әрі беріктік, әрі әдемілік үшін қолданылады. Бұл тігістің бет жағы кәдімгі тігін машинасының тігісі тәрізді тізіліп түседі. Сондықтан қаю киімдердің етек-жеңін, жағасын, тақияны, кимешек-жаулықтарды, аяқ киімдердің күлшіндерін, кебістің шажамайын тігуге қолданылады. Қайып тігу әдісінде астына шаншып алған инені ілгері шаншып үстіне шыгарған соң, оны шегіндіре әкеліп манағы шанышқан ізбен қайтадан астына түсіреді де, тағы ілгері шаншып, үстіне шығарады. Осылай орындалған тігістің бет жағында жіпсіз босаралық қалмайды.
Тон, шалбар, тымақ сияқты теріден тігілген киімдерді тігуде тебе тігу тәсілі қолданылады. Тігістің жалпы көрінісі тепшуге ұқсас. Бірақ тепшу сияқты түйреп алып тігуге келмейтін тұтқыр материалдарды сол қолмен шымшып ұстай отырып, оң қолдағы инені екі саусақпен әрлі-берлі өткермелеп отырады. Тігіс жібі тепшуге қарағанда жиірек түседі.
Тепшу де ең көп қолданылатын тігістің бірі. Мұны киімнің шеттері мен қоспаларын, жұқа маталардың бүгістерін тігуде қолданады. Тепшуді материалдың қалың-жұқалығына, ширақтылығына қарай инемен 3—4 рет түйреп алып бірақ тартады.
Киімнің бойын, шалбардың балағын, жеңді, олардың екі шетін жалғастыра тігу ісін қусыру деп атайды. Мұндай тігістерде жөрмеу, тепшу, қаю, өбістіру, тебе тігу сияқты тігіс әдістерінің түрлері қолданылады.
«Таңдай» тігіс — бұл да көркемдеп тігу істерінде қолданылатын әдіс. Оны үш сызықтың үстімен, үнемі қиғаш шаншып тігілетін «қос қабырға» мәнерімен орындайды. Мұндай кестелі тігістермен кимешектің жақтарын, жаға-қақпаларды, жеңнің аузын, кестеленген материалдардың шеттерін өрнектеген.
«Тышқан із» тігісі үш сызық арасымен, не шаршы сызықтар арасымен тігіледі. Алғашқы шаншымында инені төменгі сызықтан жоғары кетеріп үстіңгі сызықтан шаншып матаның астына түсіреді. Бұл кезде сол қолдың бармағымен ине жібін өзіне қарай тарта басып, іркінді ілмек жасайды да, инені босаңдау тартады. Ине үшінші шаншымында орталық сызық бойымен екі шаншым ілгері аттап іркіліп тұрған ілмек арасынан шығады. Инені келесі кезекте тартқанда ілмек ортасында сопақтау үш бұрыш жасалады. Тігіс осылайша қайталана береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет