131
Оның “ӛлім бетін кӛрмей күтін” деуінде үлкен мән жатыр. Мұндағы “Күтін”
ӛз санасынан биік, ӛресі жетіп, анықтай бермейтін құпиясы мол әлемге барар
екі аралық аз ғана ғұмырда адамның саналы ӛмір сүріп, ізгілікке толы іс-
әрекет жасауына жӛн сілтейді. Адам түсі-нігіндегі “тозақ” пен “жәннаттың”
адам ойындағысынан мүлдем бӛлек, сананың шектеулігінен ұғыныла
бермейтін әлем болмысы екенін ескертеді. Соңғы шумақтағы “Түтін” ӛз
бойына талай мазмұнды арқалап тұрғандығын аңғару оп-оңай. Ол адамның
адамгершіліктен ауытқыған алғашқы адымынан-ақ
қылаң берер жамандық
атаулының нышандарының символдық белгісі іспетті. Қорыта айтқанда,
“Жарты нан хикаясы” – қысқа болғанмен айтары мол, құнды туынды.
Мәшһүрдің “Мәшһүр Жүсіптің тырнамен айтысы”, “Мәшһүр Жүсіптің ала
қарғамен айтысы”, “Аңқау адам туралы”, “Сәйгелді, сона, бӛгелек туралы”,
“Шайтанның саудасы” және т.б. ӛлеңдерінде мысал жанрына жатқызуға
болады.
“Мәшһүр Жүсіптің тырнамен айтысы” құрылымдық жағынан айтыс
үлгісіне жақын. Мұнда ақын тарапынан қойылған
мәнді сұрақтарға ауыл
үстін айналып ұшқан тырна толымды жауап қайтарады. Айтыстағы
қарсыласы тарапынан ӛзіне деген жайсыз емеурін байқала бастағанда, яғни
оның айтқанының ақиқаттан аулақтығын бетіне басқан сәтте тырна-кейіпкер
Сүлеймен пайғамбар мен тоты құс жайындағы оқиғаны әңгімелеуге
бұрылады. Бұл сюжет алдыңғы сюжеттік желімен іштей мағыналық
байланыста. Мұнда ақын аңыз арқылы ӛз тұсындағы қоғамдық ӛмірдің ӛзекті
мәселесін қозғайды.
Мен торға түспейін деп аспанға ұштым,
Сізбен емес, баламен ерегістім.
Жер жүзін ӛрт алыпты тегіс күйіп,
Кӛздей жер сау кӛрінеді, келіп түстім.
Кӛрінген ӛрт боп маған сор екен сол,
Бір тосу хақтан даяр тұр екен сол.
Сау жер болып кӛрінген титтей ара,
Балалар құрып қойған тор екен сол.
Бұл – еркіндіктің бақытын сезіне алмай торға түскен Тоты құстың
Сүлеймен алдына келгенде торығып айтқан зары. Ақын қазақ тарихының 18
ғасырдағы жағдайына меңзеп тұрғандай. Ӛзі келіп торға түскен Тоты жайы –
осы ойға жетелейді. Бала – сол тұстағы сана кӛрінісі іспетті. Тырна бүкіл
мысал бойында отты тілді, терең ойдың иесі болып кӛрінеді. Мұны
Мәшһүрдің: “Не кӛрдің бұл жалғанда, нені білдің?” –
деген сұрағына
тырнаның қайтарған жауабынан кӛреміз.
132
Біз келдік шӛбі тәтті жерлер бар деп,
Жұртқа айттық: “Қыс келеді, күзем ал!” – деп.
Үстінен әр ауылдың бір айналып,
“Қазағым, жаман болма, жақсы бол!” – деп.
Тырна бейнесі ел басына тӛнген ауыртпалықтарды жеңілдетпек боп, еліне
емірене үндеу айтқан халық зиялыларының бейнесін танытатын сияқты.
“Жақсы бол” деген тіркеске ақын сол қоғамдағы туған халқының ұлттық
болмысына, тұрмыс-жағдайына ауадай қажет маңызды құндылықтарды
сидырған. Жақсы болудың негізі – кӛзі ашықтық, кӛкірегі ояулық, надандық
құрсауынан босанып, білім-ғылыммен сусындау,
адамдық асыл қасиеттерді
жоғалтпау. Бұның ӛзінен ақынның азатшылдық, діни-ағартушылық
кӛзқарастарының мысал ӛлеңдерінің де ӛнбойынан орайын тауып, кӛрініс
беріп жататындығын аңғара аламыз. Ал енді замана келбеті Мәшһүрдің ӛз
тарапынан былайша білдіріледі:
Халайық: аманы бар жаманы бар,
Кӛп малдың жүйрігі бар шабаны бар.
Біреу жылап, біреулер күлген заман,
Жан бола ма таймайтын табаны бар?
Мысал ӛлеңде ақынның таза діни кӛзқарастары да жүйесін тауып
орныққан, Тырна сӛзіндегі: “Табанды, тұрақтаулы жалғыз Құдай”, “Тұр тауы
– Мұса кӛрген хақтың нұрын, бейіштен құл алар орын”, “Бір тосу хақтан даяр
тұр екен сол” және Мәшһүр сӛзіндегі: “Сӛз басы – құдай сӛзі” – деген жолдар
осыған дәлел бола алады. Тағыда Абаймен үндестік. “Әуелі аят, хадис сӛздің
басы”
дейтін ұлы ақынның дана-лығы, Мәшһүрде қайта жаңғырған.
Ал Сүлеймен пайғамбар мен тоты құс арасынан ӛрбитін оқиға да айтар
тәрбиелік талабының құндылығымен ерекшеленеді. Тотының торға түскен
күйінен – қараңғылықтың, “азапты оттың” ішінде жүріп күйзелген,
бодандыққа кіріп, кіріптар болған еркіндікке апарар жол таппай торыққан
халықтың аянышты халін сезінеміз. Қалай дегенде де, Мәшһүр ақынның ӛз
шығармашылығына негізгі тірек еткен –
азатшылдық идеясын барлық
туындыларында жалғастыра дамытып отырғандығын байқаймыз.
Мәшһүр Жүсіптің қазақ халқы жайкүйіне айрықша тоқталған мысал-ӛлеңі:
“Сәйгелді, сона, бӛгелек туралы”. Мұның қысқаша мазмұндық желісі:
сәйгелді, сона, бӛгелек секілді жәндіктердің ӛздеріне кӛбелекті халфе сайлап,
мекен-жай іздеп дамыл таппай, тӛңіректі кезуінен ӛріс алады да, әрі қарай
сәйгелдің сиыр сауырынан, сонаның түйе
терісінен, бӛгелектің жылқыдан
жай тепкендіктерін айтады. Ақын мысалдағы аңдар мен ұсақ жәндіктерді
мысалға ала отырып, ел тұрмысының келеңсіз тұстарын әшкерелейді, соған
133
жаны күйзеле толғанады. Үшеуге халфе болған кӛбелек
бейнесі-
нен ел ішіндегі дағара сәлделі дүмше молданың бейнесін танимыз:
Достарыңызбен бөлісу: