Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет89/133
Дата17.12.2022
өлшемі2.17 Mb.
#467409
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   133
“И правы, – сам себя вини: 
73
Степанов Н. Басня Крылова. – М., 1969. –С. 57.


241 
Что ты посеял, то и жни” 
 
Крыловтың 30 жолдық мысалын Ахмет 46 жолға ӛсіріп, еркін аударады. 
Және мысық пен қасқыр диалогын жалпақ тілді қазақша сӛз қағысу желісінде 
кеңінен толғап, кӛсіле баяндайды. Сӛйтіп, мысалдың қазақылық табиғатын 
байыта түседі. Енді Ахаң мысалына кезек берелік: 
“Мысықжан, бұл жердегі жұрттар қандай?.. 
Айта гӛр қайырымды ер бар болса, 
Тасалап мені жаудан құтқарғандай”. 
“Бара ғой, – Мысық айтты Қоянкӛзге,
Жігіт кем ер кӛңілді онан ӛзге! 
Адамды анау-мынау тоқтатарлық, 
Ӛзінің ебі де бар сӛйлер сӛзге”. 
“Оны қой, - Қасқыр айтты, - ол жасырмас, 
Жеп едім бір ту қойын ӛткен күзде”. 
 
“Барып кӛр олай болса, Құрамысқа 
Адам жоқ жасыруға онан ұста, 
Шамасы ӛзі асқан жақсы жігіт, 
Жалғыз-ақ тоны келте, қолы қысқа”. 
“Мысықжан, оны да қой, ӛзгесін айт, 
Жеп едім бір лағын былтыр қыста”. 
“Иесі анау үйдің Кӛпберген бай, 
Жақсылық, жамандықты кӛп кӛрген бай, 
Қонақжай, ӛзі асқан дәулетті адам, 
Жатсаң да ауырламас бірнеше ай”. 
“Баруға, қасқыр айтты, – жүрексінем, 
Оның да қозыларын жеп ем талай”. 
Білмеймін сілтерімді енді қайда! 
Барып кӛр Қисықбасқа анау сайда! 
Болғанмен, басы қисық, ӛнері кӛп, 
Әр түрлі табылады онан хайла! 
“Мысықжан, оны да айтып, әуре болма, 
Жеп едім бір бұзауын ӛткен айда”. 
 
Мұншама ұзақ үзінді келтіргендегі мақсатымыз – Ахаң мысалының 
ӛзіндік ұлттық бояуын таныту. А.Байтұрсынов мұнда тек кісі аттарын ғана 
ӛзгертіп қана қоймай, оған үлкен мән-мағына беріп, Қасқырдың бүкіл 
болмысын ашады. Қорқауға жақсы да, жаман да, жалғыз атты кедей де, 
мыңды айдаған бай да бір, ақ-қарасын айырмай залагерлік кӛрсеткен 
Қасқырға айтылар үкім де еш күмән туғызбайды. 
А.Байтұрсыновтың “Қырық мысалы” түгелімен қазақ тілінің кӛрігінен 
ӛткізілген. Аз сӛзбен кӛп мағына білдіретін ұтымдылығы да Ахаң мысалынан 
бой кӛрсетіп, із тастап отырады. Ақын халқының тілдік қорындағы бай 


242 
ұлттық ӛрнек, кӛркемдік айшықтарды ӛлең оралымдарына түсіріп, ұлттық 
санаға сай түйіндер, тұжырым-қорытындылар жасап отырған. 
Байтұрсынов мысалдарындағы ӛлең жолдары “бӛтен сӛзбен былғанбаған”. 
Онда араб, парсы, татар тілдерімен шұбарлау мүлде кездеспейді. Ахаңның 
жол-жӛнекей атқарған ең ұлы мақсаты – ана тілінің абыройын арттырып
мерейін биікке асқақтату. Сондықтан да қай мысалды алмасаңыз да онда 
халықтық тілдің, ұлттық поэзияның бейнелі бедері, халық даналығының 
мәйегі – мақал-мәтелдер, қанатты сӛздер айтар ойдың, кӛркем суреттің, 
қажетті детальдің ажарын аша түседі. 
Сонымен қатар, А.Байтұрсынов кейіпкерлердің іс-әрекетін суреттеуде
баяндауда қазақ тұрмыс-тіршілігіне таныс құбылыстарды сәтті пайдаланып 
отырады. 
Белгілі бір кейіпкер болмысын ашуда, ауызекі сӛйлеуде қолданылатын 
тіркестерді ойната отырып, керемет ӛткір ой айтады: 

 
Құдай да, құран да оған жалғыз қарын, 

 
Сол үшін қара жерге кӛмген арын. 
 
 
 
 
 
(“Сорлы болған мұжық”) 
 
Ахаң мысалдарының тілін сӛз еткенде, онда кеңінен қолданыс тапқан 
қазақ мақал-мәтелдері мен қанатты сӛздерін айтпай кетуге болмайды. Олар 
мысалдардың негізгі бӛлімінде де, ғибрат сӛздерінде де орнын тауып 
қолданылып, кейде тура күйінде, кейде ӛлең жүйесінің ыңғайына қарай мәнін 
сақтап, ӛзгеріссіз, кейде сӛз орындары ауыстырылып беріліп отырады. 
“Жазмыштан – озмыш”, “Алланың адам басы добы…”, “Әлін білмеген әлек”, 
“Залымдар айран ішіп, аман кетіп, Момындар тұтылып тұр шелек жалап”, 
“Жақсылықты басыңа қыл, Басыңнан асса, – деген досқа істеңіз”, “Болады 
асыл таста, ӛнер – жаста”, “Ұялған тек тұрмайды”, “Біреуге күлме, келер ӛз 
басыңа”, “Сыйға-сый”, “Садаға бастан құлақ”, “Боларсың дұшпан түгіл досқа 
күлкі”, “Алды – жӛн, адасқанның деген сӛз ғой”, “Нені ексең, соны орасың”, 
“Ӛзі тойса, кӛзі тоймай”, “Аузыңды құрғақ қасық босқа қажар”, “Халық 
айтса, қалып айтпайды”, “Қанағат азға деген жоққа – сабыр”. 
Сонымен қатар, Ахаң ӛз жанынан жаңа тіркестерді қолданып, салмақты 
мағынаны аз сӛзге сыйдырып, халық даналығының қадір-қасиетін аспандата 
түседі: “Сары жезден саф алтынды айырмайтын”, “Досыңнан надан болса
артық дұшпан”, “Пиғылды түзетпейді дәулет пен бақ”, “Ғылымсыз надан 
адам соқырға есеп”. 
Аударма әдебиетті тӛл әдебиеттің туындысы, оған қосылған үлес деп 
қарайтын болсақ, Ахаң сіңірген еңбек ӛз алдына бір асқарлы шың. 
А.С.Пушкин: “бірде-бір француз Лафонтеннен ешкімді жоғары қоюға жүрегі 
дауаламайды, бірақ, меніңше, біз Крыловты одан да жоғары қоя аламыз. Бұл 
екеуі ӛз елінің мәңгілік сүйіктісі болып қалады. …Лафонтен мен Крылов екі 
халықтың рухының ӛкілдері”
74
, - деп, ұлы мысалшылардың қызметін жоғары 
бағалаған еді. Ахмет Байтұрсынов тәржімадан тӛл туынды тудырған 
74
Пушкин А.С. ПСС. Т. 5. – М., 1954. –С. 20 


243 
мысалдарында қазақ ӛмірінің, оның тұрмыс-тіршілігінің шындығын, мінез-
құлқының бар болмысын жарқырата ашып, қазақы мысал жасады. 
Мысалдағы пернелеу арқылы отандастарына азатшыл ой тастады. Ендеше біз 
де оны ешкімнен кем тұта алмаймыз. 
Ахмет ӛз жанынан бірде-бір мысал шығармады. Бірақ мысал сюжеті-
негізінен бар халыққа ортақ алтын қазына. Әлем мысалшылары ежелгі грек 
мысалшысы Эзоптан бастап бүгінгі мысалшыларға дейін бір-бірімен 
тақырып алмасып отырған. Крылов ӛз мысалдарының 33-ін аударма деп 
мойындаса, 28-інің сюжетін француз мысалшысы Лафонтеннен алған екен. 
Ал Лафонтен – ӛз жанынан мысал шығармаған, ӛзіне дейінгі 
мысалшылардың сюжетін алып, ӛзгеше жазған ақын. Орыстың атақты ақыны 
Жуковский бұл туралы “Лафонтен, который не выдумал ни одной 
собственной басни, почитается, невзирая на то, поэтом оригинальным. 
Причина ясна: Лафонтен, заимствуя у других вымысли, ни у кого не 
займствовал ни той прелести слога, ни тех чувст, ни мыслей, ни тех истинно 
стихотворных картин, ни того характера простоты, которыми украсил и так, 
сказать обратил в свою собственность заимствованное”
75
, – деп түйіп айтып, 
Лафонтеннің ақындық табиғатын тап басқан. 
Осы бір орынды пікірді негізге ала отырып, бізде Ахметтің мысалшы 
ретіндегі ерекшелігінің ең басты қасиеті тӛл туынды жасай білгендігінде 
демекпіз. Ахаң Крылов мысалындағы сюжеттік желіні ӛз уақытына 
үйлестіріп, қазақ халқының тағдырындағы ділгір мәселені кӛтеруге 
пайдаланып, “негізгі түпнұсқаға орайластырып, кӛркем ойға ой қосып, 
суретке сурет қосып, пікірді ұштап” (Р.Нұрғалиев) таза қазақи тӛл туынды 
жасаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет