Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Ғылыми жоба
Тақырыбы:Бөлме өсімдігі-Фиалка(Шегіргүл)
Орындаған:Құдайбергенова А.
Асқарова Н.
Тексерген:Атаева Г.М.
Мазмұны:
Кіріспе............................................................................................3
Негізгі бөлім:
Шегіргүл өсімдігінің жалпы сипаттамасы........4-7
Шегіргүл өсімдігінің күтімі................................8-10
Шегіргүл өсімдігінің даму кезеңдері...............11-12
Шегіргүл өсімдігінің пайдасы...............................13
Шегіргүл өсімдігінің қолданылуы..................14-15
Қорытыңды.................................................................................16
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................17
I.Кіріспе
Өсімдіктерді үйде өсіруге дұрыстап іріктеп алу үшін, олардың өсуіне қажетті жағдайларды (жарық, температура және ауаның ылғалдылығы) жақсы білу керек. Оны табиғат жағдайларына сәйкестендірген жөн. Өсімдіктің өсіп-өнуі үшін ең бірінші жарық қажет. Өсімдіктің жарықты сүйетін, көлеңкеге төзімді, сондай-ақ жарықтық шашырап түскенін қажет ететін түрлері болады. Біздің бұл курстық жұмысқа таңдап алған гүліміз-фиалка(шегіргүл). Бұл өсімдік жарық сүйгіш өсімдіктердің бірі. Біз бұл курстық жұмысымызға гүл өсірместен бұрын, алдын ала қандай гүлді таңдайтынымызды жоспарладық. Сонымен, фиалка(шегіргүл) гүлі- сабақсыз өсетін, көп жылдық, шөп тектес майда өсімдік.
Шегіргүлдің ғылыми атауы - сенполия. Гүлді терезе алдына немесе терезеге жақын қою керек. Шегіргүл тікелей түскен күн көзін емес, шашыраңқы жарықты жақсы көреді. Гүлдері біркелкі өсуі үшін аптасына бір екі рет ыдысты 45 градусқа бір жаққа қарай айналдырып тұру керек.
Гүлді шығыс және батыс, солтүстік беттегі терезе алдына қойған жақсы. Ал егер терезе күншығысқа қараса онда көктем мен жазда гүлді көлеңкелеу керек болады. Гүлді қорғау үшін терезеге жеңіл перде немесе қағаз, бамбук жалюзи қоюға болады. Темір жалюзден аулақ қойыңыз. Сондай-ақ көлеңкелеудің тағы бір тәсілі – пергаментті қағаз, күннен қорғайтын пленка. Бұлар кез-келген дүкендерде табылады. Онымен терезенің жартысынан көбін жауып қойыңыз, ал күз бастала алып тастайсыз.
II.Негізгі бөлім
2.1 Шегіргүл өсімдігінің жалпы сипаттамасы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі:Гүлді өсімдіктер
Табы:Қос жарнақтылар
Сабы:Malpiqbiales
Тұқымдасы:Violaceae
Тегі:Viola
Шегіргүл (лат. Viola) – шегіргүл тұқымдасына жататын бір жылдық, көп жылдық шөп тектес, кейде бұталы өсімдік.Бұл 525-тен 600-ге дейін түрді қамтитын отбасының ең үлкен тұқымы. Көптеген түрлер қоңыржай Солтүстік жарты шарда кездеседі; дегенмен, кейбіреулері Гавайи, Австралия және Анд таулары сияқты кең таралған аймақтарда да кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |