Ауырып тұрған гүлді қалай емдеу керек? Ашық түсті дақтар – гүлдің жапырақтары ешқандай солмайды. Тек жапырақтарда ашық түсті дақтар пайда болады. Мұндай дақтар өкпек желдің салдары. Бұл дақтың өсімдікке ешқандай зияны жоқ, тек сыртқы түрін құртып тұрады. Оны емдеуге болмайды, тек алдын ала-аласыз. Сондықтан бөлмені желдеткенде гүлді газет немесе пленкамен жауып қою керек. Жапырақтардың сарғаюы – Мұның себебі әртүрлі болуы мүмкін. Күн көзінің тікелей түсуі немесе шектен тыс жарық Ылғалдың жетіспеуі Топырақтағы пайдалы заттардың жетіспеуі Топырақта қышқылдың көбеюі Күннен келген зиянды гүлдің орнын ауыстыру арқылы шешуге болады. Ал басқа жағдайларда топырақты ауысытырып, гүлді қайта отырғызу керек Жұмсарып кеткен жапырақ – Егер гүлдің жапырақтары топырағы ылғал болса да жұмсарып кеткен болса, онда мәселінің тамырда болғаны. Бұл көп ретте топырақты құрғатып барып мол етіп суғарудан болады. Сондай-ақ мұндайкешкісін есікті ашып желдеткенде топырақ шамалы салқындап қалып, таңертең гүлді топырағы жылымай жатып суғарып жіберу салдарынан орын алады. Бұл жағдайда гүлді ыдысынан шығарып тамырын қарап көру керек. Ақ тамыр көрініп тұрған жерді қалдырып, қоңыр болып шіріп тұрған жердің барлығын пышақпен немесе ұстарамен қырып, алып тастаған дұрыс. Жарты сағат шамасында ақшыл қызыл марганцовка ерітіндісіне салып қою керек. Кейін жаңа топыраққа қондыру қажет. Егер тамыр толықтай шіріп кеткен болса, онда оның барлығын кетіп тастаңыз. Жапырақтардың астыңғы қатарын алып тастап діңгекті тазартып, тамыр шығару үшін суға саламыз.
Шегіргүлді қалай шомылдыру қажет?
Өсімдіктің жапырақтарына шаң тұрып жатады. Одан құтылу үшін екі-үш айда бір шомылдырып тұру қажет. Гүлді шомылдырудан алдын ыдысын ашық түсті (прозрачный) пакетті тесіп, гүлдің астына қойып топырақтың бетін жауып аламыз. Бұл су топыраққа тимеу үшін қажет. Кейінірек гүлді шомылдыруға үйреніп алған соң пакетті қолданбауға да болады. Шомылдыратын су жылы, ал қысымы қатты болмауы керек. Гүл ыдысын қолға алып, суға қарай шамалы қисайта ұстаймыз. Бұл жапырақтарға тиген су топыраққа тимей төмен ағып кетуі үшін. Кезекпен кезек әр жапырақты мұқият жуамыз. Жапырақты қолмен жуу қажет, шөткі, сорғыш секілді заттарды пайдалануға болмайды. Олар өсімдікті бүлдіреді. Гүлдің ортасындағы жас, жаңа шыққан жапырақтарға су тигізбеген дұрыс. Егер тиіп кеткен жағдайда бірден қағаз сулықпен құрғатып алу қажет. Шомылдырып болған соң шегіргүлді бірден орнына қоюға асықпаңыз. Ол құрғағанша шомылдырған жерде қалғаны дұрыс. Сондықтан оны кешкі мезгілде шомылдырып, түнімен сол жерге қалдырып, ал таңертең орнына қоюға болады.
|