Мазмұны. Кіріспе


Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары



бет2/3
Дата17.06.2016
өлшемі0.74 Mb.
#143188
түріСабақ
1   2   3
1.2. Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары.
Қазіргі кезде пәнаралық байлансты педагогика ғылымының басты мәселесі болып отырған жағдайда оны жан-жақты қарастыру барысында біздер көрнекі философ, психолог, педагог еңбектерінде талқылау жасадық. Мұнда философБ. М. Кедров адамның дүниетанымын қалыптастыруға әр түрлі пәндердің өзара әсерінің мәнін көз жеткізе баяндаған. М. Б. Кедров өзінің еңбектерінде ғылымда пәнаралық байланыс мәселесіне жаңа әдістемелік тұрғыдан қарауды талап етеді. пәнаралық байланыс проблемасы бүгінгі күнге дейін бір ғылымға бір пән, керісінше бір пәнге бір ғылым ғана бір-бірімен өзара байланысты болып шектеліп тәрбиеде қолданып келгенін көрсетіп, ол қазіргі кезде бір пәнді бірнеше ғылым өзара әрекеттесіп жан-жақты қарастыра бастағанын дәлелдейді. Сонымен ғылымның зерттеуінде бір ғылым тек «өзінең тиісті пәнмен ғана емес, қайта көптеген басқа пәндермен бірлікте болуы қажеттігі айқындалған.

Біз ғалымдар пәнаралық байланыс негізінде білім-тәрбие беру проблемасын зерттегенде осы тірек бола алатын жаңа әдіснамалықты басшылыққа алдық.

Пәнаралық байланыстың педагогикалық жағы бір аса маңызды міндеті ғалымдардың бір-біріне бөлшектенбей ғылыми білімнің бір жүйеге топтасуын, басқаша айтқанда интеграциялану тенденциясын жоғары дәрежеге көтеру.

Соңғы кезде пәнаралық байланыс ұғымы ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде жаңа мәнімен енгізіле бастады және оны білімдердің, танымдардың, сенімдердің адамның психологиялық ойлауының жиынтығы деп түсінуіміз керек. пәнаралық байланыс ұғымы «табиғат-қоғам – адам ойың жүйесінде білім негізін пәнішілік қатынастарды және ғылымдардың интеграциялануын реттеуші қызметін жүзеге асырады.

Біз анықтағандай пәнаралық байланыс білім және тәрбие міндеттерін шешуде ерекше роль атқарады. Мектептегі білімдер жүйесі өздерінің мазмұны жағынан комплексті. Олардың мәні және меңгерілуі пәнаралық деңгейде жүзеге асуы тиіс. Мәселеге тек осылай келгенде ғана шәкірттерге ақиқат дүние біртұтас жүйе екен деген түсінік қалыптасады. Бұл жүйеде барлық элементтерді біріне-бірі ықпал жасайтындығын, процестер өздерінен өздері туындап жататындығын мұғалім білуі керек.

Пәнаралық байланысты оқу-тәрбие процесінде мынадай жағдайлардан көруге болады: пәнаралық байланыстар теориялық білімді іс жүзінде қолдануға, ғылымның түрлі салалары жөнінде кең ұғымы бар адамды тәрбиелеуде мүмкіндік береді. Қазіргі кезед оқушыларға білім беру және олардың танымдық қызметін өркендетуге жағдай жасайды.

Көптеген педагогтар мен психологтар пікірлеріне қарағанда, оқушылардың түрлі пәндердегі білімдер мен біліктерді, бейімділіктердің жеке элементтері арасындағы байланыстарды байқап және қабылдануы олардың білімдерін жүйеге түсіреді, ақыл-ойына серпіліс тудырады, таным қызметіне шығармашылық сипат береді.

Белгілі психолог Ю. А. Самарин өзінің «Ақыл-ой психологиясының очергтерің деген еңбегінде былай деп жазды: Диалектикалық тұрғыдан ойлай білу дегеніміз - әр құбылыс басқалармен байланысы көп, түрлі фактілердің өзара ықпалы, қайшылықтары мен дамуы барынша күрделі екендігін көре білу деген сөз. Дүниені тануға келгенде диалектикалық әдіс – адам баласы ақыл ойының жоғары деңгейі.

Ол бұған қоса диалектикалық тұрғыдан ойлау, құбылысты оның барлық байланыстарымен жанама түрлерін көре білу деген сөз. Дүниені тануға келгенде диалектикалық әдіс – адам баласы ақыл-ойының жоғары деңгейі. Ол қасиет бірте-бірте барған сайын күрделене беретін білімдер жиынтығын меңгеру барысында қалыптасады деп дәлелдейді.

Ю. А. Самариннің позициясы бойынша пәнаралық байланысқа диалекталық заңдылық деп қарау керек. Пәнаралық байланыс әр шәкірттің санасын өркендетуге қолайлы жағдай жасайды. Мысалы, ойлайтын адам табиғаттағы жеке құбылыстардың өзара байланысын түсінетіндей бейімділік дарытуымен қатар олардың неғұрлым кең жүйедегі басқа құбылыстарымен өзара байланысын байқауы керек.

Кейбір ғалым –зерттеушілер пәнаралық байланысты дидактикалық шарттар, оқыту мазмұнының арнайы құрылымы десе, келесі бір ғалымдар оны дидактикалық қағидалар деп есептейді. Біздер бұл анықтамалардың қай-қайсысы болса да, толық әрі дәл емес деген көзқарастамыз.

Пәнаралық байланысты дидактикалық қағида деп қараудың қажеттілігі жоқ, себебі оның педагогикалық мақсаттылығы оқытудың жүйелілік қағидасынан туындайды, ол білімнің тұтастай жүйесінің оның оның негізгі бөліктерінің, атап айтқанда табиғат, қоғам және адам туралы нақтылы айқын түсініктердің өзара байланысын білдіреді.

Дегенмен түрлі зерттеушілердің И. Д. Зверев, В. Н. Максимова, Г. И. Беленьский, П. Г. Кулагин, Н. Ф. Лошкараева, т.б. пәнаралық байланыстың мәніне көзқарастары бірдей емес. Мәселен Г. И. Беленьский пәнаралық байланыс жалпы пәндердің мазмұнын құрылымдық бөліктерінің мақсат бірлігін көрсетеді десе Н. А. Сарокин пәнаралық байланыстар идеясын дидактикалық қағидаларды жүзеге асырудың қажетті шарты деп есептейді.

В. Н. Максимова ұсынған классификация бойынша мынадай топтар бар екендігін көрсетеміз: мазмұн-хабарлық, операциялық-қажеттік, ұйымдық-әдістемелік. Бірінші топтың байланыстар ағарту жұмысы міндеттерін тәуірірек шешуге, екіншісіндегілері – оқушылардың практикалық жұмысын ұйымдастыруға, үшінші топтағылары – ұйымдастыру жағынан айқындықты, тиімділікті қамтамасыз етуге бағыт-бағдар ұстауға көмектеседі.

П. Г. Кулагин пәнаралық байланысқа мұғаліммен оқушылар жасайтын жүйесі деген анықтама береді де бағдарламалардың материалдарын неғұрлым тиянақты меңгеріп алу мақсатында, білімдердің, игерілу процесінде ұқсас пәндердің мазмұны пайдаланылады да қамтылады дейді.

Г. Ф. Федорецтің зерттеу еңбектерінде біз сөз етіп отырған проблема мынадай түсінік береді.

- пәнаралық байланыс дегеніміз шындық өмірдің объектілері, құбылыстары және процестері арасындағы синтездеуге, интеграциялауға ұшырайтын қарым-қатынасты бейнелейтін педагогикалық катергория. Ал олар оқу-тәрбие процесінің мазмұнын, формалары мен тәсілдерінен көрінеді және тәрбиелеу қызметін атқарады.

Н. А. Лошкараева «Пәнаралық байланысң деп аталатын ұғымға берілетін мәні жағынан түрлі-түрлі анықтамалар негізгі екі нәрсеге саюға болады: пәнаралық байланыс дегеніміз оқу-тәрбие процесінде объективті шындық өмірді баяндауын диалектикалық формасы мен педагогикалық талап принципі.

Зерттеушілердің пәнаралық байланыс жөніндегі оның жаңа қызметінің қырларын көрсететін анықтамаларға басқа тұрғыдан келушіліктер байқалады. Мысалы В. И. Янсен пәнаралық байланысты білім берудің құрамды бір бөлігі деп қарайды да, бұл бөлік оқу қызметінде түрліше көрінеді дейді. И. Ф. Боисенко пәнаралық, ғылымаралық ұғымдардың дидактикалық баламасы деп түсіндіреді.

Бүгінгі қоғамның тереңдеп келе жатқан процесі мектептегі ғылымдар негізінен білім беруді ғылымдардың алуан салаларының өзара байланысымен интеграциясының жаңа дәрежеге көтерілуі негізінде құруды талап етіп отыр.

Осыған орай пәнаралық байланыстың философиялық, психологилық, жалпы ғылымдық және арнайы дидактикалық негіздері анықталуы тиіс.

Пәнаралық байланыстың философиялық негізінде дүниедегі барлық заттың, құбылыстардың бірімен-бірінің өзара байланыстылығы туралы тұжырымдалған дүние туралы білімдер де бірімен-бірі байланыста болады.

Объективті дүние белгілі заңдылықпен ұйымдасқан жүйе болғандықтан, оны танып білуде де ғылымдар арасындағы байланыстар қажет.

Негізінен оқу пәндері әр ғылымның логикасына сүйенетіндіктен толар бір-бірінен өз алдына оңашаланып бөлектенбейді. Сондықтан ғылымның міндеті өзара байланыстылықты танып білу.

Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруға негіз болатын өткен жылдардағы мектептегі қоғамтану пәні еді. Онда оқушылар табиғаттың, қоғамның, адам ойының даму заңдылығын диалектикалық және тарихи материализм негізінде қабылдап теориялық танымдық біліммен қаруланатын еді.

Соңғы жылдардағы блоктық жүйемен алынған курстар оқушыларға пәнаралық байланыс негізінде білім беруді көздеп отыр. Бұл бағыт жеке тұлғаның интелектуалдық потенциалын дамытады және дүниетанымын қалыптастыруды жүзеге асыруға көмектеседі.

Ең бастысы қазіргі кезде өздігінен білім алудың, оқытудың өзекті мақсаты етіп бірінші орынға диалектикалық ойлауды кеңінен дамытуды жүзеге асыруды қою керек. бұл міндет бір пәннің шеңберінде шешілуі мүмкін емес. Сондықтан әрбір мұғалім жеке деректерді нақтылы жағдайларды, оқиғаларды түсіндіріп қана қоюмен шектелмеуі керек. ол материалдың өзара байланысын бір-біріне тигізетін ықпалын, ортақ негізгі тенденцияларын, әлеуметтік-экономикалық, рухани ортақ белгілерін, топтастыру, бір-бірімен сабақтастыру, ортақ заңдылықтарын ашуды көздеуі тиіс.

Жоғарыдағы айтылған ойларды мектеп тәжірибесінде айқындау үшін әрбір мұғалім өзінің пәнін оқыту барысында қандай дүниетанымдық міндеттерді шешуді, жеке тарауларды, мәселереді өтуде, қайсысы ең басты идея, шешуші проблема болатынын бөліп алдын-ала ойластыруы керек. сол идеяға оқушылардың назарын аудара білу, олардың материалды меңгеруін, ұйымдастыру және басқара білу қажет. Оқушылардың ол меңгерген білімдері сайып келгенде әрбір шәкірттің жеке тұлғалық көзқарасына, сеніміне өмірлік құндылық бағдарына, мінез-құлықтың қағидасына айналу керек.

Пәнаралық байланыстың психологиялық негізі. Пәнаралық байланысты анықтау психологиялық физиологиялық заңдылықтарға негізделген. Жүйелік адам миының арнайы қызметі.

И. П. Павлов мидың аналитикалық-синтетикалық қызметін зерттеп, оны үздіксіз дамуда, өзгерісте болатынын анықтайды. Мида сыртқы дүниеден қабылданатын көптеген тітіркендіргіштер реттеліп жүйеге келетінін түсіндіріледі.

Сондықтан ойлау нерв процестерінің күрделі динамикалық жүйесі болғандықтан, ол мидың анализ синтез қызметімен орындалады. Бұл жүйеге әр пәннің өз ішіндегі және пәнаралық бірлестіктеріндегі бөлімдер жүйесі сәйкес келеді.

Қорыта айтқанда пәнаралық байланыстың физиологиялық, психологиялық негізінің нәтижесі білімдер жүйесінің мида орнаасуы адамның үнемі алға ұмтылушылығына жағдай туғызады да оның шығармашылық іс-әрекетіне дайын бола алатындығын дәлелдейді.

Пәнаралық байланыстың негізі. Ғылыми әдебиеттерде пәнаралық байланыстың дидактикалық негізінде оқу пәндері алынған. Ғылымдардың гуманитарлық, табиғаттану және техникалық болып дәстүрлі топтастырылуы, олардың зерттейтін объектілерінің ортақтылығында, пәндік қатынастардың бірлігіне негізделген. Олар қоғам, табиғат, еңбек салалары бойынша біріктіріледі де, әр пән өз ішінде білім іскерліктерге арналған материалды және оқушылардың жалпы таным объектілерінің бір жүйеге келтірілуі.

Сонымен пәнаралық байланыстың маңызына мыналар жатады:



  1. Оқу пәндер арасындағы өзара байланыстың болуы – ғылымдар негізін меңгерудің және білім жүйесінің дамуының қажетті шарты.

  2. Диалектикалық көзқарастың қалыптасуы білім мазмұнының барлық құрамды бөліктерінің байланысын талап етеді.

  3. Пәнаралық байланыс жан-жақты тәрбие беру жүйесінің барлық салаларын комплексті жүзеге асыруға ықпал жасайды.

  4. Пәнаралық байланыс педагогикалық еңбектің ғылыми негізінде тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі.

  5. Педагогикалық ұжымның барлық іс-әрекетінің бір-бірімен келісімді және демократиялық негізге жүріп отыруына әсер етеді.

Пәнаралық байланысты жүзеге асырудың жолдары. Әр нақтылы міндетті оқу-тәрбие процесі арқылы жүзеге асырылады. Пәнаралық байланыс оқытудың мазмұны, әдістері, оқытудың ұйымдастыру түрлерімен ғана шектелмейді. Ол оқушы мен мұғалімнің оқу-таным іс-әрекетінің бір бөлігі болып саналады.

Оқу материалының мазмұнымен, ана тілі, дүниетану, еңбек пәндерін бейнелеу өнерімен байланыстыра оқытудың ғылыми-әдістемелік жолдарын мектеп тәжірибесі негізінде ашып көрсетуге болады.

Біз оқушыларға ана тілінен білім беру дегенді кең түсінеміз. Өйткені тіл – оқушыларды дүние тануға баулитын қоғамдық құрал. Тілсіз қоғам жоқ, тілсіз ғылым жоқ. Адамдар өзінің қоғамын қашан да тіл арқылы дамытып отырады.

Тіл шындықтың, ғылымның және ол жөніндегі ақыл-ойдың танылуы немесе олардың адамдар ұғымынан орын алып, жүйеге келуі. Олай болса, өмір шындығынсыз мидың қызметі болуы мүмкін емес, сол сияқты мидың қызметінсіз тіл немесе тілдегі ой мен ұғым болуы мүмкін емес. Ондай жүйеге келген ғылымдар мектебімізде ең алдымен сол өзінің ана тілінде оқытылады.

Мектеп тәрбиесінде ана тілі пәнінің мұғалімдері пәнаралық байланыс негізінде сабақ өткізу барысында «Абай өлеңдеріндегі түсініксіз сөздерң мысалы «Қысң-деген өлеңінде, «жидемң-деген сөз балаларға түсініксіз болады. мұғалім балаларға бұл сөздің мағынасын ашып түсіндіру барысында еңбек пәнімен байланысы арқылы жүргізеді. Сондай-ақ А. С. Пушкиннің «Қысқы кешң-өлеңінде жазушы өзінің тіл байлығымен балаларды сол өлеңді оқи отырып көз алдына елестеген суретті қағаз бетіне түсіруі арқылы ана тілінен бейнелеу өнерін байланыстыра жүргізу арқылы оқушылардың зейінін, байқағыштығын, ойлау қабілеттерін арттыруға болады.

Оқушыларға барлық пәннен білім беретін мұғалімдеріміз өздерінің мамандығын, оның ғылыми жүйесімен бағытына ана тілі арқылы үйретеді.

Сонымен қатар біздің мектептеріміздегі тәжірибелі мұғалімдеріміз қазақ тілін оқыту жұмыстарын табиғат құбылыстарымен ұдайы байланыстырып жүргізіп отырады.

Табиғат құбылыстарымен тілді оқыту жұмыстарын практика жүзінде ұштастыра жүргізіп отырудың алуан түрлі тәсіл амалдары бар. Оқытушылардың ең алдымен сол тәсіл-амалдары және оны практикада қолдана білудің жолдарын меңгереді. Мысалы, оқытушы белгілі бір тілдік тақырыпты өткенде, оқушылардың табиған құбылыстарына байланысты сөз байлықтарын толықтырып дүниетануын күшейту мақсатында табиғат байлықтарын суреттеп көркем жазылған шығармалар мен өлеңдерден үзінділер алады.

Табиғат құбылыстарын суреттейтін ана тілінен алынған текстерді алдымен оқушылардың ұққанын әңгімелетіп айтқызады немесе өздеріне мазмұндатып жаздырады.

Сонымен ғалымдардың дәлелдеуінше: тіл қоғамды біліп, дамытудың құралы, ендеше тіл адамның ақыл-ойының көрінісі, әдет-ғұрпының байлығы, өнер-білім қазынасын меңгертудің құралы.

Жоғарыда келтірілген мысалдар арқылы оны


  • мұғалімдердің пәнаралық байланысты практикалық қызметінде пайдалануы;

  • сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстардың пәнаралық байланыс бағыттылығын күшейте түсу. Бұл міндетті шешу озық тәжірибелерді жинақтауды, жұмыстың неғұрлым тиімді түрлерін практикада пайдалануды қажет етеді.

  • мұғалімдердің оқушыларға пәнаралық байланыс негізінде білім мен тәрбие беру дайындығын және қандай жағдайда екендігін білу.

Сонымен пәнаралық байланыс өзінің мәні жағынан көпмағыналы педагогикалық табиғаты бар проблема. Қазіргі педагогика ғылымының жан-жақты қарастырылатын, зерттейтін мәселесінің бірі. Демек, пәнаралық байланыс білім беру мәселесінің бірі ретінде мазмұнды әдістер жүйесін және ұйымдастыру жұмыстарының түрлерін сапалылық жағынан қайта бұруға жетелейді. Нәтижесінде оқытудың дамытушылық, білім және тәрбие берушілік қызметі объективті түрде кеңейеді.

Бұдан біз пәнаралық байланыс идеясы білім мазмұнын айқындаудың негізінде алынуы керек деп есептейміз.

Білім мазмұнын анықтауға ғылымдардың саралануы (дифференциялану) және кіріктірілу (интеграциялануы) қағидалары негізге алынады.

Ғылымдардың ішкі табиғи байланыстарын ашу табиғат, қоғам, адам ойының даму заңдылықтарының методологиялық негізін білу қазіргі мектептің білім мазмұнын бағытын жасауға тірек болады.

Әрбір ғылым негізінде жеке пәндер адам ақыл-ой дамуының оның танымдық жемісі болғандықтан жалпы адамзаттық құндылықтар білім мазмұнына алынуы керек.

Қазіргі ғылым мазмұнындағы негізгі бағыт жалпы білімнің гуманитралық бірлікте болуы көздерінеді. Білім мазмұнының жаңа құрылымы Республиканың мәдени, рухани потенциалының жаңа сапалық деңгейіне көтерілуінің бірден-бір тілін оқытуда бірнеше ғылымдар саласымен байланыстырудың педагогикалық-әдістемелік мол мүмкіндіктері бар екенін тәжірибесінде көріп аламыз.

Мектеп тәжірибесінде біртіндеп қолданылып келе жатқан пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырылып, кейбір сабақтарға, кластан тыс жұмыстарға тоқталу керек.

Пәнаралық іскерлік. Оқушының бір пәннен меңгерген білім іскерлік дағдыларын, екінші жақын пәндерді меңгеруді пайдалана білу қабілеттерінен көрінеді. Мәселен қазақ тілі пәніне меңгерілген кітапты пайдалану іскерлігі, ана тілі, дүниетану, математика т.б. пәндерді оқып-үйренуге қолданылады. Сол сияқты оқушының бір пәннен үйренген еңбек іскерліктері, екінші пәнді терең жан-жақты меңгеруге ықпал жасайды.

Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық міндеті – ол оқыту процесінің білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құру болып табылады.

Қазіргі мектептердің жалпы білім беру мазмұны, оның ішінде оқу жоспарлары пәнаралық байланыс негізінде жетілдіріліп келеді. Осыған орай, ғалым зерттеушілердің шығармашылық еңбек етуші мұғалімдердің ізденістері интеграцияланған, жүйеленген қорытындыланған жаңа курстардың оқу-тәрбие процесінде қажет екендігін дәлелдеп отыр.

Білім және тәрбие берудің аса маңызды құрылымының бірі пәнаралық байланыс екендігі біздің зерттеу жұмысымызда дәлелденеді.

Міндеттері мыналар:



  • оқушылардың оқыту процесіндегі пәнаралық байланысты түсінуін, саналы қабылдауын, танымдық беленділігін қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру.

  • оқу пәндерінің оқушыларға біліммен тәрбие беру және пәнаралық байланыс орнату мүмкіндіктерін айқындау мақсатында білім беретін орта мектептің оқу жоспарымен бағдарламаларында тыңғылықты таңдау жасау басты шарты болып табылады. осыған байланысты білім мазмұнына қазіргі заман ғылымының серпінді бағыты жалпы білім беретін мектептердің жаңаруына, жеке тұлғаның шығармашылық ойлауымен еңбек ету дағдысының қалыптасу процесінде көрініс табады.

Республикада мемлекеттік құбылыс түбегейлі түрде өзгеріп, жаңа түрдегі қоғамдық қарым-қатынастар біртіндеп орын алып экономикалық-әлеуметтік проблемалар туындап отырған жағдайда, білімнің беделін көтеруде жаңа көзқарас қалыптастыру қажет.

Бұл міндет саласында іргелі ғылымдарды тереңдетуді, оқытудың мазмұнын дифференциялау, интеграциялау, шығармашылық ойлармен еңбектің мәдениетін жаңа сапалық деңгейге көтерумен шешіледі.

Дүниежүзілік тәжірибеде көрсеткендей ғылыми дүниетанымды берік меңгеру, әлемдік құбылысты, деректерді қабылдау білім мазмұнын бөлшектенбеген жағдайда тұтас, жүйелі қалыптасуы нәтижесінде жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыс қазіргі дидактиканың басты қоғамдағы екені бізге мәлім. Мектеп және мұғалім үшін бұл ең көкейтесті проблема болып отыр. Себебі пәнаралық байланыс білімдердің синтезі үшін қажет. Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту және пәндердің бір-бірімен байланысын айқындау, әсіресе өнер мен мәдениеттің басты міндеті деп түсінеміз. Сондықтан өзімнің күнделікті сабағымда пәнаралық байланысты оқыту процесінің өзегі деп есептеймін.

Қорыта келгенде классикалық педагогика жүйесінде орын алған пәнаралық байланыс идеясы тарихи дамуда дәлелденіп қазіргі педагогика ғылымының басты мәселесіне айналып отыр.

Адамзат баласының алдындағы негізгі міндеттерінің бірі –қол жеткен қоғамдық, рухани және материалдық құндылықтарды, өндіпрістік тәжірибені игерген тұлға даярлау. Осы міндетті жүзеге асыру негізінен білім беру жүесіне жүктелетіні белгілі.

Тұлға – бұл субъект ретіндегі нақты адам. Адам санасының белсенділігі оның танымына, әсерленуінде жүреді.

Адамның негізгі қасиеттерінің тобын кез келген педагогтің білуі шарт. Олар: бағыттылығы (сенімі, дүниетанымы, идеалы, қызығуы), тәжірибесі (адамның даярлығы, оның білімі, дағдысы, ептілігі мен әдеті), психикалық үрдістері (қабылдау, ойлау, түйсік, зейін, ес, ерік, сезім, эмоция, сенсомоторика), темпераменті (адамның жоғары жүйке қызметінің типологиялық негіздері, жеке тұлғаның жас және жыныстық қасиеттері мен патологиялық өзгерісі). Аталған негізгі қасиеттерді біле отырып, әр түрлі жастағы оқушы үшін оқу материалдарының мазмұнын іріктеу және соған сәйкес іс-әрекеттерді ұйымдастыру кез келген педагогтің білімі мен біліктілігіне, тұлғалық қасиеттеріне байдланысты.

Оқушының адам қасиеттеріне сәйкес бағыттылығы мен тәжірибесін негізінен мектеп қабырғасында дұрыс қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Адамның бағыттылығы мен тәжірибесіне негіз болатын құрушының бірі – оның білімі. Білімнің өзін мазмұндық және іс-әрекеттік тұрғыдан қарастыру көптеген зерттеулерде орын алған. Мазмұндық тұрғыдан оның өмір сүру формасы – оқу-әдістемелік әдебиеттерде тіркелуі.

Осыған сәйкес М. Скаткин жалпы білім беретін пәндерге қатысты өзара байланысты білімнің түрлерін: негізгі ұғымдар мен терминдер; әр түрлі нысандар мен болмыс құбылыстары арасындағы байланыстарды және қатынастарды ашатын күнделікті болмыстық және ғылыми фактілер; берілген пәндік саланың құбылыстарын түсіндіру және болжау нысандары мен әдістерінің жиынтығын анықтау жөніндегі ғылыми білімдер жүйесін қамтитын теориялар; ғылыми және әлеуметтік идеялар; іс-әрекет тәсілдері, таным әдістері және білімді алу тарихы, ғылым тарихы жөніндегі білімдер; қоғамдағы белгіленген өмірлік әр түрлі құбылыстарға қатысты нормалар жөніндегі білімдер деп қарастырады.

Оқыту мазмұнындағы білім мен іскерліктің адамның интеллектуалдық өрісін байытудағы, ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі жөніндегі ғылыми көзқарасты қалыптастырудағы, алған білімді өмірмен, қоғамдық тәжірибемен байланыстырудағы құралдардың бірі - пәнаралық байланыстар. Пәнаралық байланыстар өткен ғасырдың соңғы 20 жыл төңірегінде кеңінен зерттелген мәселенің бірі ретінде де қарастырылады. Зерттеулірдің нәтижесіне сәйкес пәнаралық байланыстар оқытудың қағидасы және білім берудегі міндетті элемент ретінде де айқындалады (В. Краевский, И. Лернер, А. Бейсенбаева, И. Зверев, В. Максимова және т.б.).

И. Зверев пәнаралық байланыстарды толықтыру көлемде жүзеге асыру тәсілдерінің сипатынсыз олардың білім беру, дамыту және тірбиелеу функциясының өзара байланыстарын ашпайынша бұл мәселені елестету мүмкін еместігін айтады. Пәнаралық байланыстардың жалпы біім беретін функциялары оқушыларда материя қозғалысының әр түрлі формаларының өзара байланысын көрсететін әлем жөніндегі жалпы білімдер жүйесін қалыптастыруды қарастырады. Пәнаралық байланыстардың тәрбиелеу функциясы оқушыларда диалектикалық-материалистік дүниетанымды, өнегелік-эстетикалық идеяларды, жеке тұлғаның эмоционалдық-еріктік қасиеттерін қалыптастыруды көрсетеді. Пәнаралық байланыстардың дамытушылық функциясы салалас пәндерді зерделеу кезінде жалпы жаратылыстану-ғылыми және политехникалық ұғымдарды дамытуда, талдап қорытындыланған іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруда жүзеге асырылады.

Сондай-ақ пәнаралық байланыстар жастарды тәрбиелеу ісінде жасөспірім тұлғаны қалыптастыру функциясында едәуір мәнге ие. Еңбекке баулу мен ғылыми негіздерінің пәнаралық байланысты мектеп оқушысының белсенді өмірлік көзқарас үстанымында, объективтік ақиқакт құбылыстары мен фактілерінің ғылыми түсінуінде пайда болатын түсінуде пайда болатын дүниетанымды қалыптастыруға едәуір ықпал етеді. Ол сананың, сезім мен мінез-құлық әрекетінің жүзеге асуына мүмкіндік береді. Технология пәні мен ғылым негіздері пәндерінің байланысы политехникалық функцияны жүзеге асырады. бұл функция еңбек үрдістерінің жалпы ғылыми негіздерін, бірыңғай ұйымдастыру – экономикалық ұстанымдарын ашуға көмектеседі.

В. Скакун өз жұмысында пәнаралық байланыстарды: зерделейтін оқу материалдары мазмұны бойынша, оқушыларда қалыптастыратын жалпы оқу іскерліктері бойынша, оқыту әдістері мен құралдары бойынша, оқушыларды тәрбиелеу және дамыту әдістері мен құралдары бойынша деп ажыратады. Пәнаралық байланыстардың оқушы жеке тұлғасын дамыту міндеттерін шешудегі әлеуметтік-педагогикалық аспектісін ескеру қажеттігі туындайды.

В. Скакуннің пәнаралық байланыстарының түрі бойынша мұғалім мен оқушы тарапынан орындалатын іс-әрекеттер сипаты төменде беріліп отыр:


  • зерделенетін оқу материалдары мазмұны бойынша пәнаралық байланыстар. Бұл байланыс түрінде оқу материалдарын іріктеуден бастап пәнаралық байланыстарды белгілеу, басқа пәндерді зерделеу барысында өндірістік және өмірлік тәжірибеде алған білімдерді оқушылардың берілген пәнді зерделуі үшін пайдалану, барлық пәндерде кездесетін терминді бірыңғай ғылыми көзқарас тұрғысынан пайдалану, әр түрлі пәндерді зерделеу барысында оқушылардың алған білім мен іскерліктерді кешенді пайдалану жүзеге асырылуы тиіс;

  • оқушылардың жалпы оқу іскерліктерін қалыптастыру кезіндегі пәнаралық байланыстар. Бұл байланыс түрінің сипатына оқушылардың кітаппен жұмыс жасау іскерліктері, оқушыларда жоспарлау іскерліктерін қалыптастыру, пәнаралық сипаттағы интелектуалдық іскерлікті қалыптастыру, тәжірибелік және ұйымдастырушылық (жұмыстағы тәртіптілік, жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру, өзіндік бақылау, еңбек қауіпсіздік ережелерін сақтау) іскерліктерді қалыптастыру тән;

  • оқыту әдістері мен құүралдары бойынша пәнаралық байланыстар. Мұнда әр түрлі оқу материалдарын пайдаланып үй тапсырмасын орындау, пәнаралық сипаттағы білімдерді дамытуға әңгімелер өткізу, басқа пәндер бойынша деректі фильмдерді, үзінділерді, көрнекі құралдарды қолдану, сандық және танымдық тапсырмаларды, пәнаралық музыкадағы кроссвордтарды шешу, т.б. іс-әрекеттер жүзеге асырылуы тиіс;

  • оқушыларды тәрбиелеу және дамыту әдістері мен құралдары бойынша пәнаралық байланыстар. Бұл байланыста әрбір пәннің дүниетанымдық идеясын ашу, қоғамдық құрылыстың өмірмен байланысы, еңбекке шығармашылық қатынасты, оқушылардың танымдық белсенділігін және өз бетінше жұмыс жасай алатынын дамыту, барлық педагогтер тарапынан оқушыларға қойылатын бірыңғай педагогикалық талап, оқушылардың ұжымшылдығын, өзара комектесулерін дамыту, педагогтің өзінің жеке үлгісін өнеге ретінде жүзеге асырылуы қажет.

М. Абдрасилов өз ғылыми зерттеуінде пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруда мұғалімдердің 41 пайызының ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен жеткілікті қамтамасыз етілмегендігін, 28 пайыз оқушылардың аралас пәндер бойынша білімдердің әлсіздігінғ яғни төмендігін тілге тиек етеді, мұны мұғалімдердің 21 пайызының аралас пәндер мұғалімдерімен қатынасының жоқ себептерінен деп біледі.

А. Бейсенбаеваның зерттеуі бойынша пәнаралық байланысты үнемі жоспарлап, сабақ өткізетіні – 30%, анда-санда ғана жоспарлайтыны, мүлде жоспарламайтыны - 20%, жауап бермегендері - 15%. Педагог-ғалымның зерттеуі бойынша мұғалімдердің пәнаралық байланыс негізінде өткізетін сабақтарының түрлерінде қарастырылатыны, оның ішінде тақырыптық жастарда пәнаралық байланысты 38%, жеке сабақ жоспарында белгілейтіні - 32%, пәнаралық байланыс қа арналған арнайы жоспар жасайтыны - 20%, пәнаралық байланысты сабақ беруде мүлде ескермейтіні - 10% болғандығы сипатталады.

Кез келген пәнді зерделеудегі мақсат – нақтылы болмысты көрсететін ғылыми білімдер жүйесімен оқушыларды қаруалндыруға және қоршған ортаға адамның қатынасы негізінде жатқан жеке тұлғаның әр түрлі сапалық қасиеттерін, дүниетанымын, этикалық және эстетикалық нормаларын қалыптастыруға қабілетті ету. Білімді игеру мен оларды тәжірибелік іс-әрекетте қолдануда ғана адам өз бетінше талқылау және әрекет ету іскерлігі мен дағдысын игереді.

Пәнаралық байланыс мәселесін шешуде оқу-тәрбие үрдісіндегі пәнаралық байланыстарды айқындау әдістері мен жүзеге асыру жолдарын іздеуді керек етеді. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың объективті және субъективті екі жағын бөліп көрсетуге болады. объективті жағы оқыту мазмұнын анықтау кезінде көрініс табады және оқу жоспарларын, бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу құралдарын және т.б. әзірлеу кезінде ескеріледі. Субъективті жағы тікелей оқыту үрдісінде көрініс табады, яғни оқушыларға қатысты пәнаралық байланысты жүзеге асырудың негізгі тәсілдері мен әдістері қарастырылады.

Еліміздегі Білім беру жүйесінің 12 жылдық оқу мерзіміне өтуде, жаңаланған оқыту мазмұнын айқындауда пәнаралық байланыс түрлерін педагог-ғалымдарымыздың, әдіскерлеріміздің есте ұстағаны дұрыс деп білеміз.

Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың негізгі бағыттарында: пән бойынша оқулықтарды, оқу құралдарын жазу кезінде; оқу жоспарларын және бағдарламаларды даярлауда; жеке әдістемелерді және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді жазуда; оқу орындарының түріне байланысты әдістемелік және оқу-әдістемелік жұмыстарды жүргізуде бұларды басты назарда ұстаған жөн. Сондай-ақ педагогика ғылымында белгіленген пәнаралық байланыстарды оқу материалдарының уақыт критерийі (алдын ала, сәйкес және кейінгі); жекелеген пәндердегі оқу материалын фактілік, ұғымдық, теориялық ақпараттық мәні; оқу пәндеріндегі білімдер мен іс-әрекет түрлері; мазмұндық ақпараттық, операциялық іс-әрекеттік, ұйымдастыру-әдістемелік сипатына тән талдап қорытындыланған түрі бойынша жүзеге асырғанымыз абзал.



Бастауыш сыныптарды оқытуда пәнаралық байланыстың әдістемелік негіздері.
2.1. Бастауыш сыныпта оқыту барысында пәнаралық байланысты қалыптастыру ерекшеліктері.
Қоғамда, айналамыздағы ортада болып жатқан қарқынды өзгерістер, шығармашылық қабілеті бар, қажетті жағдайда шешім қабылдай алатын жеке тұлғаның алдына үлкен талаптар қояды. Оқушылардың шығармашылық тұлғасын дамыту және оны тәрбиелеу – бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелерінің бірі. Шығармашылық тұлға – бұл қызығушылықты білдіріп, қабілетті, белсенділікті танытады. Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзіңді тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін, дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Тұлға бойындағы қабілеттерін дамытып олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болап табылады. Тұлға дарындылығының табиғаты, шығармашылық қабілеті, дамуының қайнар көзі, шығармашылық мүмкіншіліктерінің психологиялық құрылымы. Мұның барлығы арнайы ізденісті қажет етеді. қазіргі психология, педагогика ғылымдарында осы мәселеге қатысты зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Мысалы: Я. А. Пономарев, Н. С. Лейтес, В. А. Крутецкий, Е. Е. Кравцова, В. Т. Кудрявцев сынды ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып, қабілетті, дарынды шығармашылық тұлғаны дамыту жолдарын айқындауға болады. шығармашылық дарындылықтың өз табиғатына тән ерекшеліктері бар. Ғалымдар шығармашылық дарындылықтың туа біткен, сондай-ақ жүйе пайда болатын сипаты жөніндегі көзқарастарды қуаттайды. Қоршаған ортаның, тәрбиенің және дамудың әсерінің нәтижесінде оқушының шығармашылық тұлғасын қалыптастырудың сипаты айқын көрінеді. Тұлғаның рухани өсуі және дамуы бойынша жүргізілетін ғылыми зерттеулер мен бақылаулар іс-әрекетке деген қызығушылық пайда болып, ынтасы артады, қажетті дағдылар қалыптасып отырады деген тұжырымдар жасаған. Оқушының шығармашылық тұлғасын қалыптастыруда көптеген ғалымдар қиялдың дамуын жалпы психологиялық дамуымен байланыстырады. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін, қиялдың, қабілеттің сабақта және сабақтан тыс уақытта, пәнаралық байланыста дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.

Мысалы:


  1. Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.

  2. Оқушының логикалық ойлауын дамытатын пікір талас тудыру.

  3. Ойлау, қиялдау арқылы суреттер салғызу.

  4. Тапсырманы түрлендіру арқылы жұмыс бағыттарын ұйымдастыру.

  5. Мәтін, әңгіме, ертегі шығармаларын пәнаралық байланыста қолдану.

  6. Әр түрлі тақырыптарда әңгіме өткізіп, мазмұндама, шығарма жазу.

Оқушылардың шығармашылық тұлғасын қалыптастыруда сабақтан тыс уақытта мынадай жұмыс түрлерін пайдалануға болады.

  1. Мұражайларға апару.

  2. Кездесулер өткізу.

  3. Балаларға арналған журналдарды оқытып, талдау.

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу арқылы да оқушының шығармашылық тұлғасын байытып, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге әсер етуге мүмкіндіктер бар. Оқушының шығармашылық тұлғасын қалыптастыруда бастауыш сыныптың қай пәні болмасын сабаққа деген қызығушылығын оятып, оның, ынтасын дамыта түседі. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыруды, негізгі бір жолы - пәнаралық байланысты күшейту. Пәнаралық байланыстың міндетті түрде жүзеге асырылуы арқылы оқушыға берілетін білімнің тиянақтылығын қамтамасыз етуге болатындығын алғаш Я. А. Коменский айтқан. Одан кейінгі дәуірде осы пәнаралық байланыстың психологиялық негізін құрған орыс халқының ұлы педагогі К. Д. Ушинский болды. Кейінгі кезде совет педагогтері М. А. Данилов, В. В. Давыдов, Н. А. Лашкарева еңбектерінде де пәнаралық байланыс туралы тұжырымды пікірлер айтылды 1960 жылдардағы жалпыға бірдей орта білім беру мазмұнында біраз өзгеріс болып, оқушыларды тәрбиелеу, білім беру және дамыту міндетінде қойылды. Осы тұста да пәнаралық байланысқа үлкен мән берілді. Сондықтан да соңғы жылдары Қазақстан ғалымдары мен әдіскерлері оқушыларды дамыту жолдарының бірі ретінде пәнаралық байланысқа көңіл бөліп зерттеуге үлес қосқан Н. Орасқанова, С. Мұсабеков, С. В. Иллорионов, А. А. Бисенбаевалар болды. Пәнаралық байланыс кезінде педагогикалық ситуациялар жасалып оқушыларының ой желісінің жалғасуына, ұғымды тиянақты меңгеруге, ойды сақтау мүмкіндіктерін арттыруға жағдай жасалды.

М. Жұмабаев «...суреттеулерді жанның жоғалтпай сақтай білуі ес деп аталадың - деген анықтама береді де еске сақтаудың білім алудағы өте жоғары рөлін ашып көрсетеді. Ес болмаса, бүгін жаттағанын бүгін ұмытып тұрса, өмірінде адамның білімі артпас еді. ...Ес болғанда ғана адам білімді бола алады. Ес болса ғана тұлға дұрыс ойлай алады. Ес неғұрлым мол болса, ой да терең болады, - дейді.

Ал, Т. Тәжібаев есті ең күрделі психологиялық үрдіс ретінде қарап Ес бұрын тәжірибеде қабылданған нәрселерді мида қалдыратын, жаңғыртатын және оларды кейіннен танып, еске түсіретін психикалық функциялар екенін айтады. Бұл қағидаларды еске түсіргенміз - пәнаралық байланыстың қай түрі болса да, тұлға есінің тиянақтала түсуіне әсер ететіндігі.

Пәнаралық байланысты жақсы жолға қоюдың негізі – кешенді топсаяхаттар. Мұндай жағдайда ана тілі пәнінің, табиғаттану пәнінің де мүддесіне жарайтындай мазмұнда ұйымдастырылған топ саяхаттар өте тиімділік көрсетеді.

Жыл мезгілдеріне байланысты топ саяхатқа шыққанда оқушылардың табиғат туралы түсінігі кеңейіп, алған ұғымдары бекіп, нақтылы заттар мен құбылыстарды танып білсе, ана тілі сабақтарына байланысты табиғат тамашасын қызыға қарау, әдемілік пен сұлулықты сезіну арқылы эмоциялық әсерді де іске асыру жағы орындалады.

Ұлы педагог К. Д. Ушинский пәнаралық байланысты жете көрсетіп, оқушылардан үнемі оқыған заттары мен құбылыстарының ішкі және сыртқы байланыстарын ашуды талап етті.

Оқудың тартымдылығы, қызықтылығы мен қажеттілігі сонда ғана қамтамасыз етіледі деп ескертті. Білім беруге арналған кешенді топсаяхаттар тұлғаның әр түрлі затты, құбылысты, өсімдік пен жануарларды және адамдар арасындағы қатынасты нақты жағдайда жүзеге асырады. оқушының шығармашылық тұлғасын қалыптастыруда кешенді топсаяхаттың тиімділігін, әсіресе уақыт үнемдей отырып, пәнаралық байланысты күшейтуге көмектесетіндігін, Ю. К. Бабанский де өз еңбегінде атап көрсетті. Осы педагогтарды ескере отырып, бастауыш сыныптағы сауат ашу кезеңінің өзінде-ақ оқушылардың табиғатқа бақылау жүргізуін, байқағандарын әңгімелеп беруге бейімдей отырып, оның қорытындысын тек әліппені оқытуда ғана емес, айналамен таныстыру сабақтарында пайдалану жүзеге асырылады. Оқушының пәнге қызығушылығын арттыру мақсатныда сабаққа проблемалы жағдай туғызып отыру да маңызды. Мәселенің шешімін табу арқылы да оқушының ойлау қабілеті нығайып, кез келген проблеманы шешуге үйренеді. Бастауыш сыныпта табиғаттану мен еңбек пәнін байланыстыру арқылы да оқушының шығармашылық тұлғасын қалыптастырудың жолдары бар.

Еңбек түрлерін оқушылар күнделікті өмірден байқап қана қоймай, өздері де еңбектің жеңіл түрлерімен айналыса бастағанда табиғи құбылыстарды түсінуге мүмкіндік алады.

Мысалы: өсімдікке су құю, шаңын сүрту, қураған жапырақтарды жинау, құстарға жем шашуды айта келіп, оқушылардың өздерін де еңбекке баулуға болады. Осы пәнаралық байланыс барысында оқушыларды туған жерін сүюге тәрбиелеу, еңбек адамдарын қадірлеу, табиғатты қорғау дағдылары ғана қалыптасып қоймай, ой тұжырымдау, тіл байлықтарын дамыту, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу көзделеді. Айналадағы дүниемен таныстыру кезінде оқушылардың өздігінен атқаратын іс-әрекеттеріне баса көңіл бөлініп, дербестігін арттыруға мүмкіндік беріледі.

Мұғалімнің мақсаты – проблемалық жағдай туғызып, оны шешудің жолын оқушылардың өздеріне тапсыруға болады. Пәнаралық байланысты күшейтудің оқушылар дүниетанымын қалыптастыруға тигізетін әсерін олардың білімін тексерудің нәтижесі көрсетеді.

Оқушылардың тиянақты да ғылыми тұрғыда түсінік алуына дүниетану пәнінің басқа пәндерімен байланысы да әсер етеді. Мысалы: дүниетану сабағында оқушылар өсімдік пен жануар тіршілігімен танысса, бейнелеу өнері сабағында оның суретін еңбекее баулу пәнінде мүсінін жасайды. М.Жұмабаевтің айтқанындай табиғат туралы түсінік тек кітаптан алудың жеткіліксіз екенін байқаймыз. Дүниетану пәнін ана тілі, бейнелеу өнері, еңбекке баулу пәндерімен байланыстыра оқыту арқылы пәнаралық байланыс күшейеді. Берілген білімді тиянақты меңгеру оқушының тұлғасының таным әрекетіне тікелей байланысты. Ал, баланың танымын, қызығушылығын қалыптастыруда пәнаралық байланыстың мәні ерекше.

Қазіргі оқыту әдістері білім беру мазмұнын қамтып көрсеткенде толық сипатталады. Пәнаралық байланысты жан-жақты пайдалануға мүмкіндік туғызу керек. оқыту әдістерін ізденуде әр пән мұғалімдерінің бір-бірімен өзара бірлесіп әрекеттенуіне ықпал жасайды. Мұғалім оқытудың пәндік жүйесі жағдайыныда бір өзі жеке дараланбай, керісінше ұжымдағы әріптестерімен ынтымақтасып, пікірлесіп жұмыс істегені жөн.

Пән материалдарын оқып-үйрену, оның мазмұнын мағынасын толық түсіну – оқушылар үшін күрделі процесс.

Мазмұнды меңгеріп, ұғыну оңай жүзеге аспайды. Сондықтан да оқушы оқулықтағы материалдарды ұғынуға кедергілер мен ұиындықтарға кездеседі. Тәжірибеде байқалған мұндай қиындықтарды жеңуде пәнаралық байланыс – ерекше роль атқарады. Мысалы: бастауыш кластарда «ана тілің сабағындағы кіріспе әңгімелер, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, поэзиялық минуттар, экскурсиялар осы пәнді байланысты жүзеге асыру кітаппен, оқулықпен тікелей сабақтас сондықтан оқулықпен, кітаппен жұмыс жүргізудің педагогикалық-әдістемелік жолдарын, мүмкіндіктерін айқындау дидактиканың көкейтесті мәселелерінің бірі. Бұл жерде дарынды педагог В. А. Сухомлинский «Кітап балалардың өмірінде бала жақсы оқи білуге, үйренуге үлкен роль атқарады. «Жақсы оқи білуң дегеннің мәні неде? Бұл алдымен кітап оқудың қарапайым әдісін білу, игеру болып табыладың - дегені бүгінгі күнде өте маңызды.

Бұл өз оқушысының кітаппен жұмыс істеуге тиісті іскерлігімен дағдылары болуы қажеттігін білдіреді. Ғалымдар ондаған жылдар ішінде мектеп тәжірибесінде байқау жүргізудің нәтижесінде оқушылар кітапты пайдаланудың мынадай дағдыларын меңгеру қажет екендігіне көзіміз жетті:


  • кітапты сауатты, мәнерлі, ойлана оқумен бірге, ондағы оқиғаларды салыстыра оқу, қарама-қарсы қою, түсініксіз нәрсеге жауап іздеу, таңырқау қызығуы шарт;

  • кітап материалдарын оқушы көргенімен, байқағанымен ойын байланыстырып тұжырымды айта білу, олардың өзара байланысын ажырата білу;

  • өзіне керек кітапты таба білу;

  • оқу үстінде текстке алғашқы логикалық талдау жасай білу;

  • мұғалімді тыңдай білу және оның әңгімесін қысқаша жазып алу;

  • тестті оқи отырып, мұғалімнің сол тектпен қалай жұмыс істеу туралы берген нұсқауларын ескере білу;

  • көрген білгендері туралы шығарма жаза білу.

Кітаппен тиімді жұмыс істеу үшін оқушының барлық пәндерге байланысты ортақ тәсілдері, дағдыларды меңгеруі тиіс. Бұлар әрине пәнге байланысты әр түрлі болады. Мысалы: оқушы физика және математика саласында жұмыс істегенде ол географиялық атластарды, түрлі анықтама құралдарын, шетел тілі бойынша сөздіктерді, сөйлесу үлгілерін, грамматикалық анықтамаларды пайдалана білуді үйренуі тиіс.

Оқу процесінде мектеп оқушысы ең алдымен оқулықтармен жұмыс істейді. Бірқатар пәндерге сай жаттығулар жинақтары да бар. Көптеген пәндер бойынша қосымша әдебиеттерді оқу көзделеді. Кейде үлкен кітаптардан алынған қажетті үзінділер, құжаттар жүйесін айқындайды. Оқу материалының мазмұнына сәйкес әр сабақтың өзіндік мақсатын, құрылымын, типін, оқыту әдістерін, тірек ұғымдарын, көрнекі құралдарын алдын-ала ойластырады. Себебі сабақ беру – «үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол үшін жаңадан жаңаны табатын өнерң - деп жазған Ш. Аймауытов. Қазіргі кезде ғылымдардың интеграциялану сипаты оқыту поцесін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастыруға ерекше назар аударылып отыр. Бұл мәселеге қазақтың ағартушы-педагогтері ертеден-ақ мән берген. Кезінде Ж. Аймауытовтың , мұғалімге сабаққа байланысты берген төменгі бағалы нұсқауларын еске сақтаған жөн.

Жаңа берілетін сабақты баланың білетін мағлұматтарымен ұштастыру: тиісті таныстыру арқылы сабақтың мазмұнына ынталандырып, ілтипат аудару; қажетсіз мағлұматтардын сақтанып, баланың ілтипатын қоздыратын қызықты мәселелерді ғана үйрету; лайықты салыстыру, таныстыру, ұқсастыру түрлі әдіс, оңтайымен жандандыруына тырысу қажеттігін көрсеткен.

Сабаққа берілген бұл ескертпелер оқыту процесінің пәнаралық байланыс негізінің жүйелік пәнішілік, әр пәннің оқушының білімге ынтасын арттыру, өзіндік іс-әрекет арқылы оқу материалының салыстыру, топтастыру, түрлі әдістерді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін ашып түсіндірген.

Пәнаралық байланыс негізінде оқу-тәрбие процесінде кітаппен жұмыс жүргізудің педагогикалық әдістемелік мүмкіндіктері.

Кітап барлық пәндерін бір-бірімен байланыстыратын құрал. Бұл пәннің оқулығының ішінде ойлап қарасақ, бірнеше ғылыми тірек болатын заңдылықтарды, анықтамаларды, оқиғаларды, табиғат қоғам адам туралы ұғымдарын тұтастығын, бірлігін көруге болады.

Бүгінгі таңда ғылымдардың интеграциялануы оқыту процесін пәнаралық байланыс негізінде құруды күн тәртібіне қойып отыр. Бұл міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құралдар, саяси-экономикалық, әлеуметтік құжаттар, көпке тараған әдебиеттер, энциклопедиялық анықтамалық кітаптар және әр ғылым саласына арналған сөздіктер т.б. Демек оқыту процесінде пәнаралық мақалалар оқулыққа хрестоматиялар ретінде шығарылады. Мұғалім өз пәнін білуге құштарлық білдіретін оқушыларға әдебиетті әсіресе көбіне ұсынады. Ол белгілі бір тақырып бойынша баяндама жасау үшін де қолданылады.

Оқу-әдістемелік жүйенің базисін түбегейлі жаңартудың бағыттарын, жаңа мазмұнының теориялық негіздерін анықтап тұжырымдаған құжаттар бар. Оған: Қ. Р. Білім Министерлері құптап бекіткен Қазақстан Республикасы мектептерінің және осы мектептердегі білім мазмұнының тұжырымдамалары.

Ұсынылып отырған «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатыдағы білім мазмұнының тұжырымдамасынң үздіксіз білім беру жүйесіндегі бастауыш буында осы стратегияны нақтылы жүзеге асырудың тактикалық шешімдерінің бірі деп түсінген орынды.

Оқу пәнінің мазмұны оқушыларға адам, табиғат, қоғам құбылыстарының тығыз байланысын меңгертуде, олардың дүниеге біртұтас көзқарасын қалыптастыруда, жан-жақты дамыған жеке адам тәрбиелеуде барлық білім сапаларымен тығыз байланысады.

Бұл оқушылардың білімін білігін, танымдық қабілетін, эстетикалық талғамын дамытуға, адамгершілік қасиетін байытуға ықпал етеді.

Оқушылардың өзге пәндерден алған білімі оқу сабағында көркем шығармаларды оқыту арқылы дамытылады. Оқу пәні оқушыларды жан-жақты тәрбиелеудің басты құралы болғандықтан, тәрбиенің барлық түрлерімен (адамгершілік, эстетика т.б.) тығыз бірліктерді сақтайды.

Оқыту процесінде балардың білімі мен біліктерін, танымдық қабілттерін дамыту үшін пәнаралық байланысты жүзеге асыру қажет. Бұл ғылымның әртүрлі салаларының арасында айқын шекара жоқ екендігі және олардың бір-бірімен тығыз байланыста болатыны туралы түсініктерді, сондай-ақ дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыруда табиғат құбылыстарының біртұтастығын, өзара байланысын көрсетуге мүмкіндік туғызады. Сонда баланың бір сабақта алған білімі, әсері, ойы, қиялы басқа пәнге келгенде тежеліп қалмай, ары қарай жалғасып дами түсуі, яғни бір пәннен басқа пәндерге көшудің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің пәнаралық байланысты жүзеге асыру іс-әрекетін зерттеу барысында бұл байланыстың дүниетану сабақтарында тиімді пайдаланылуы – 32% болса, математика, еңбек, тіл, сурет сабақтарында бұл көрсеткіш сәйкесінше - 29%, 26%, 18%, 17% екендігі анықталды.

Мұғалімдердің пікірі бойынша пәнаралық байланысты жүзеге асырудың ең кең таралған жолдары мыналар: әңгімелесу, саяхат, тәжірибе жасау, техникалық құралдарын пайдалану, көрнекі құралдарын пайдалану, танымдық есептер құрастыру және шешу, практикалық жұмыстар жүргізу және т.б.

Жаңа оқу бағдарламаларына жасалынған талдау негізінде біз оқу үрдісінің нобайы болып табылатын тор график құрдық. Мұнда оқушылардың белгілі бір уақыт аралығындағы пәнаралық байланыс ескерілген оқу іс-әрекетінің мазмұны мен көлемі көрініс тапты. Сондан кейін І – ІІІ сынып оқушыларына арналған оқулықтар мен оқу құралдарына контекстілік талдау жасадық. Нәтижесінде біз бастауыш сынып мұғалімдерінің пәнаралық байланысты жүзеге асыратын мол мүмкіндіктерінің бар екендігін және олардың мынадай дидактикалық шарттар орындалғанада ғана елеулі нәтиже беретіндігін анықтадық (мұғалім жұмысында алатын орнының кему ретімен):



  • оқытуда проблемалық дәрежені күшейте отырып, пәнаралық байланыстың көлемі мен ауқымын біртіндеп арттыру;

  • мұғалімдердің жұмысында басқа пәндерге білімдерді және ебдейліктерді (іскерліктерді) тасымалдауда тұрақтылық пен жаттығуды қамтамасыз ететін пәнаралық байланысты жүйелі пайдалану;

  • пәнаралық байланысты жүзеге асыруда проблемалық әдісті пайдалану;

  • оқушылардың алдына ойының қажетті бағытын жіне басқа пәндердегі білімдерін белсенді пайдалануын қамтамасыз ететін пәнаралық сипатты нақты танымдық мәселе қою;

  • бастауыш сыныптардағы оқу үрдісін жүйелі болжау;

  • пәнаралық ұғымдарды, сондай-ақ, әрекеттің сәйкес тілдерін енгізгенде және пысықтағауға мүмкіндік туғызатын байланыстың екі жақты және көп жақты сипаты;

  • пәнаралық қорытындылаушы ұғымдар мен ебдейліктерді кеңінен тасымалдауға және пысықтауға мүмкіндік туғызатын байланыстың екң жақты және көп жақты сипаты;

  • кіші жастағы мектеп оқушысының мүмкіндігі мен өзіндік ерекшеліктерін есепке алу;

  • оқушының танымдық іс-әрекетіне жетекшілік жасау, деректердің, құбылыстардың, білімдердің, ебдейліктердің өзара байланысын анықтау ебдейлігін игеруге қатысты оқушы тұлғасының психологиялық бағдары;

  • пәнаралық байланысты жүзеге асыру кезінде пәнаралық сипатты жүйелі сұрақтар қою;

  • төменгі сынып оқушыларының өз бетімен ойлауын арттыру мақсатында эвристикалық есептер шығарту;

  • оқыту құралдарын (оның ішінде компьютерлік құралдарды) пайдалану;

  • пәнаралық байланысты ойын сабақтары;

  • оқу материалын кешендік қайталау;

  • сыныптан тыс шаралар өткізу.

Шендеу әдісі пайдаланылып статистикалық өңдеуден өткен, негіздеуші әдістеме көмегімен алынған бұл материалдар бастауыш сыныптың болашақ мұғалімдерінің пәнаралық байланысты пайдалану даярлығын жетілдіру бағдарламасын жасауға және жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мұны, сондай-ақ, жұмыс істеп жүрген бастауыш сынып мұғалімдері өздерінің кәсіби біліктілігін арттыру саласында пайждалана алады.


2.2. 2 сыныпта пәнаралық байланыс негізінде жаңа технология элементтерін пайдалану түрлері.
Тәрбиенің басты мақсаты – оқушылардың тұлғалық қасиеттерін гуманистік бағытта даму. Ұрпақ тәрбиесіндегі негізгі мәселе – мектеп оқушыларын рухани дамыта отырып тәрбиелеу. Рухани дамыту дегеніміз - өзінің өмірдегі орнын, атқаратын міндетін, қазіргі және баланың ұрпақ алдындағы жауапкершілігін дүниенің күрделі құрылымын түсіну және өзін-өзі үздіксіз, бір қалыпты жетілдіру. Рухани даму тұрғаны қалыптастырудың өзегі болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларының жан-жақты үйлесімді дамуының негізгі кездері оқу, қоғамдық пайдалы жұмыс арқылы шығармашылық тұлғасын қалыптастыру. Оқушының шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарымен анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Бұл ежелден-ақ ұлы ойшылдарымыз Ж. Баласағұни, Әл – Фараби, Абайды да ерекше толғандырған, сондықтан өз еңбектерінде адамның жеке басының қабілеттерін дамытуды, шығармашылығын қалыптастыруды үнемі көтеріп отырған. Пәнаралық байланыс кезінде ең басты нәрсе – оқушыларды шығармашылық әрекет жағдайына енгізу, дербес жұмыс істеуге алған білімді пайдалана білуге үйретеді. Б. Г. Ананьевтің пікірінше тұлға үш бағытта қарастырылады.

1 тұлға тарихи дамудың нәтижесі;

2 тұлға қоғамдық – экономикалық қатынастың нәтижесі;

3 тұлғаның даралық сипатының қалыптасуы.



Тұлға білім беру жүйесіндегі ең маңызды орында болуы тиіс. Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру мәселесі білім және тәрбие тұжырымдамасында: «Жеке тұлғаның қалыптасуы үздіксіз күрделі процессң делінген. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескере отырып балалар мен жастардың білімге, ғылымға ықыласын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, жеке бас қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу деп атап көрсетілген. Жалпыға бірдей білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие жұмысының мазмұны мен санасын көтеру, жақсарту мәселесі оқыту процесінде өздігінен орындалатын жұмыстарға қызықтыратын, тартымды элементтерін енгізудің әр түрлі ойындарды пайдаланудың қаншалықты тиімді екенін білеміз. Адамның болашағы оның қазіргі алған білімнің сапасына, көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты. Бүгінгі күн талабы тұрғысынан қарасақ, оқыту ісі тек сабақ беру ғана емес, оқытудың басты міндеті – мұғалімнің білім беруі және оқушының білім алу қызметкерінің біріккен түрі екендігін көреміз. Өскелең заман әрбір оқушының жеке тұлға ретінде тәрбиеленуін қажет етуде. Сондықтан оқушы қызметін үйренуші тұлға екенін ескеріп, білім беру ісін ұйымдастыруды дамыту – қазақ мектебінің бүгінгі басты нысанасы болуда. Бүгінгі мектеп оқушысы – ертеңгі маман, қоғамның тірегі, тұлғасы. Жеке тұлғаның өмірге деген көзқарасуының қалыптасуы, адами қасиеттерді бойына жинақтауы, жақсы мен жаманды айыру кезеңі мектеп қабырғасында қалыптасады. Мұғалім – қоғамымыздағы басты тұлға. Қазақ мектебінің болашағы білікті маманның қолында. Бүгінгі мектеп оқушысы ертеңгі ел азаматтары. Мектеп алдындағы басты міндетіміз – жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу, мектеп бітірген оқушыны өмірге жан-жақты даярланған азамат етіп шығару. Әлеуметтік жағдайларды ескере отырып оқушы тұлғасын қалыптастыруда білім мен тәрбие ұштасқан тұста ғана оқу үрдісі нәтижелі болады. Жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеуді тілін дамытып және білім берудің тиімді әдістемесімен жандандыра түсіп, пәнаралық байланысты жүзеге асыру қолға алынуда. Оқушылардың шығармашылық тұлғасын пәнаралық байланыс негізінде қалыптастыруда мұғалімнің шеберлігі мен тәжірибесі шығармашылығы, ізденуі оқу-тәрбие ісіндегі басты мәселе. Оқушылардың шығармашылық тұлғасын қалыптастыруда тек ана тілі, қазақ тілі пәндері бойынша жұмыстар жүргізіліп қоймай, басқа пәндер арқылы да пәнаралық байланыс бойынша жан-жақты оқушының тілін дамыту, ой-өрісін, дүниетанымын қалыптастыру, пәнге қызығушылығын ояту, т.б. шығармашылық жұмыстар нәтижесінде тұлғаның сана-сезімі, қиялы, ойлауы дамып кеңейеді. Пәнаралық байланыстың мақсаты оқушылардың ой-өрісін жан-жақты дамытады, білім сапасын арттырады, оқу іс-әрекетінде белсенділік танытады, ойын, ес пен ойлауын, қиялын, тапқырлығын дамытады, алған білімін өмірде қолдануға зейінін, шығармашылығын шыңдай түседі. Пәнаралық байланысты жүзеге асыруда кең тараған жолдары мыналар:

  1. әңгімелесу.

  2. саяхат.

  3. тәжірибе жасау.

  4. техникалық құралдарды пайдалану.

  5. танымдық есептер құрастыру, оны шешу.

  6. сөзжұмбақтар, ребустар, метограммаларды құрастыру, шешу.

  7. практикалық жұмыстар жүргізу.

Пәнаралық байланыс үрдісінде оқушының шығармашылық белсенділігін арттыру керек. Оқушының ойын жүйелі айта білуге, бір-бірімен тікелей қарым-қатынас жасауға дағдыландыруда ана тілі, қазақ тілі, дүниетану, математика пәндерінің ролі ерекше. Оқушының ауызша көбірек сөйлейтін сабақтары да осы аталған пәндер. Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеген сөздері, берген жауаптары осы пәндерде анық байқалып отырады. Бала тілін дамытып, шығармашылығын тереңдетуде халқымыздың ертегі, аңыз әңгімелері, жұмбақ жаңылтпаштарының маңызы зор. Халық шығармаларының сан алуан түрлерін бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне қарай пайдалану, мән-мазмұнын терең түсіндіру, оқушы тұлғасының шығармашылығын қалыптастыруға әсерін тигізеді. Сондықтан оқушыларға жас кезінен бастап халқымыздың ертегілерін, өлең жырларын оқып, өздеріне мазсұнын айтқызуда, баланың тілі де, ойы дадамиды. Балаға жаңылтпаш үйретіп, оны айтқызу сөзді дұрыс сөйлеуге үйретеді, ал жұмбақ айтқызу тапқырлыққа үйретіп, ойлау қабілетін, тілін, шығармашылығын шыңдайды. Оқушы шығармашылығының тиімді құралдарының бірі жаңылтпаштар айтқызу мен мақал-мәтелдерді, фразеологиялық сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құрату, шешендік өнерді оқыту. Шешендік өнер - өткен өмірден сыр шертіп, тарих тынысын, сөз зергерлерінің өрнекті де өткір тілін үйретеді. Мақал-мәтелді бала шығармашылығын дамытатындай етіп пайдаланудың мәні зор. Себебі, әрбір сабақта мақал-мәтелді қолдану бала тәрбиесінде алар орны ерекше. Сонымен қатар оқушының білім деңгейін оның сапасын арттыруда бірден-бір тамаша құрал. Мақал-мәтелді оқушы шығармашылығын дамытатындай етіп пайдаланудың төмендегідей жолдары бар:

  1. тақырып мазмұнына сай мақал-мәтел айтқызу.

  2. оны өз сөзімен, ойымен дәлелдету.

  3. көрініске қарап мақал-мәтел айту.

  4. табиғатқа сай мақал-мәтел құрастыру.

  5. суреттерге қарап мақал-мәтел айту.

Осының нәтижесінде оқушының сөз саралауы, ізденімпаздығы, тапқырлығы, нақты ой болжауы артады. Сонымен білім беру барысында халықтық тәлім-тәрбие түрлерін көбірек жүйелі түрде сабақта, пәнаралық байланыс кезінде қолдансақ, ұрпақ бойында ізгілік, адамгершілік қасиеттерді, шығармашылық деңгейін дамытып бойына сіңіре аламыз. Қоршаған орта қоғамдағы құбылыс және өмірдегі заттарды танып білуде пәнаралық байланыс арқылы өтілген сабақтардың тиімділігі ерекше. Бастауыш сынптардағы пәнаралық байланыс арқылы өтілген жарыс, саяхат, сайыс, ойын, аралас сабақтар оқушының есінде ұзақ сақталады. Ой-өрісі кеңейеді, көптеген мазмұнды мәліметтер алады, ойлау қабілеті, шығармашылық деңгейі қалыптасады. Сабаққа белсенділігі, пәнге қызығушылығы артады.

Оқу – бұл танымдық іс-әрекет, ақыл-ой немесе ой жұмысы. Ол ақпаратты алуды, оны есте сақтауды, жазуды (тіркеуді) және игеруді қамтиды. Ойланудың нәтижесінде ұғымдар қалыптасады, талдап қорытулар жасалады. Бұлардың барлығы да оқушылардың оқу іскерлігіне байланысты. Оқу іскерлітері деп білімді және практикалық әрекетті игеру бойынша іс-әрекет тәсілдері (есептеу, өлшеу, графикалық, т.б.) түсіндіріледі. Ал, білу – бұл алдыға қойылған мақтсаттың шешімі үшін белгілі әрекеттерді орындау жағдайы.

Оқу-интелектуалдық іскерлік – ұғымдарды, заңдылықтарды, қорытындыларды, талдап қорытуларды қалыптастыру үшін логикалық ойлау тәсілдерін игеру бойынша әрекеттер жүйесі. Оқу-комуникативтік іскерліктер – білімдерді беру, жеткізу тәсілдерінің жүйесі (1).

Барлық іскерліктің негізін әрекеттер құрайды. Е. А. Климов еңбектің құраушысы ретінде жалпы әрекеттерді төмендегідей етіп жіктейді:



  1. Қозғалыс әрекеттері (алу, құю, сығымдау, орын ауыстыру, күшті азайту немесе көбейту және т.б.).

  2. Танымдық (гностикалық) әрекеттер:

а) қабылдау әрекеттері (байқау, ажырату, тану, есту, сипап сезу, көру,

есту, дәм сезу, иіс сезу бойынша белгілер көрінісінің дәрежесін анықтау

және т.б.);

б) елестету әрекеттері (объектіні ойша түзу, осының негізінде болашақ өнертапқыштар, тиімді ұсыныс жасаушылар дүниеге келеді);

в) логикалық әрекеттер (талқылау, қорытынды шығару).


  1. Жеке тұлғалық қарым-қатынас әрекеттері:

а) болжаушылық;

б) әрекет-талап ету (ым-ишарат, өтініш, мақұлдау, кеңес, бұйыру, қысым жасау);

в) жолдасыңның ақпараттық басқаруы бойынша әрекеттер;

г) келісім-кесімді үйлестіру (мақұлдау, терістеу, келіспеу, т.б.) бойынша әрекеттер.

Оқушылар үшін өзбетінше жұмысты ұйымдастырудағы қажетті іскерлік оқу-іскерлігі. Оқу-іскерлігіне,, өзінің уақытын ұйымдастыру, өзіндік бақылау және жұмыстың жүрісі мен оның яқталуы бойынша тәсілдерді жүзеге асыру жатады.

Оқу іскерліктерінің қалыптасуы процестің мәнін ашуды, ойлау операцияларының құрамы мен реттілігін орнатуды қамтиды. Іскерліктердің кезең бойынша қалыптасатынын психологтар ғылыми дәлелдеген. Оның негізгі кезеңдері:



  1. Міндеттердің қойылуы, алдағы жұмыста нені білу керек, не туралы қорытынды шығару қажет.

  2. Берілген тәсілдің мәні (мәселен, салыстыру, классификациялау) мұғалім тарапынан түсіндіріледі немесе әңгіме барысында ашылады.

  3. Операцияның құрамы және реттілігін анықтау, әрекет жоспарын құру.

  4. Жұмыстың жабдықталуы қалай болуы қажет.

  5. Іскерлікті, тәсілді игеруді тексеру.

Қазіргі уақытта оқытудың сапасын арттыру мақсатында жаңа педагогикалық технологиялар ғылымда теориялық тұрғыдан негізделіп, практикада жүзеге асырылуда. Оқытудың әдіс-тәсілдері жетілдірілуде.

Жаңа тәсілдермен оқытуда оқушы белсенді рөл атқарушы ғана емес, жетекші бағытты ұстанады. Қоршаған ортаны тануға, белгісізді анықтауға өзі жауап іздейді. Оқушылар білімді әр түрлі әдебиеттерден табуы мүмкін, сондықтан ой қорытуы да әр түрлі болады.

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық тұлғасын пәнаралық байланыстар негізінде қалыптастыру үшін оқу пәндері және сыныптары бойынша пәнаралық байланыс материалдары негізінде айқындалатын білімдер мен іскерліктерді білуді қажеттілік саналады.

Жалпы пәндер ұғымдары мен ережелері – бұл әрбір пәнде пайдаланатын білімдер мен іскерліктер. Олар міндетті түрде мұғалімнің зейінінде болуы шарт. Базалық білім деңгейі – бұл оқушылардың жалпы пәндер ұғымдарын және ережелерін меңгеру.

Пәнаралық іскерліктер – бұл кез келген пәнді оқуы үшін қажетті іскерліктер. Мәселен, белгілі жылдамдықпен оқи алу мен жазу, мәтіндегі бастыны таңдау және конспекті жазу, шығармашылық операцияларды орындау: сәйкес қою, талдау, классификациялау, жүйелеу және т.б.(3).

Ғалымдар пәнаралық байланыс оқу материалдары негізінде түзілетін (немесе түзетін) білімдер мен іскерліктерді В. А. Бухваловтың еңбегі және басқа да педагогикалық-ғылыми зерттеу материалдары, оқу бағдарламаары негізінде айқындадық.



1-сыныпта оқушылардың меңгеру тиіс пәнаралық оқу іскерліктері:

  • сабақ тақырыбын және кітаптағы тапсырма нөмірін таңдау;

  • минутына 40 сөз жылдамдықпен оқу және оқығанды түсіну;

  • минутына 4 – 5 сөзді дәптерге сауатты көшіріп жазу;

  • ережелер көмегімен терминді есте сақтау;

  • мәтіндегі сұрақтарға жауап табу;

  • ауызша және жазбаша мәтінді біргелікте өзгерту және толықтыру;

  • дене, зат және моделді салыстыру және классификациялау;

  • табиғи денені және құбылысты бақылау;

  • шығармашылық тапсырмаларды орындау кезінде ойлауды белсендіру және алгоритмдеу әдістерін біргелікте қолдану;

  • сабақтың жоспары бойынша өзінің іс-әрекеті нәтижесін талдау.

2-сыныпта оқушылардың меңгеруі тиіс пәнаралық оқу іскерліктері:

  • минутына 60 – 70 сөз жылдамдықпен оқу және оқығанды түсіну;

  • минутына 6 – 8 сөзді дәптерге сауатты көшіріп жазу;

  • терминдер мен мәтіндерді ережелер көмегімен есте сақтау;

  • мәтіндегі бастыны бөліп алу;

  • ауызша және жазбаша мәтінді біргелікте өзгерту және толықтыру, құрастыру;

  • дене, зат және моделді салыстыру және классификациялау;

  • табиғи денені және құбылысты бақылау;

  • тапсырманы орындау үшін ережені таңдау;

  • шығармашылық тапсырмаларды орындау кезінде ойлауды белсендіру және алгоритмдеу әдістерін біргелікте қолдану;

  • денелер, материалдар мен суреттердің компазициясын құрастыру;

  • критерилер бойынша өзінің іс-әрекеті нәтижесін бағалау.

3-сыныпта оқушылардың меңгеруі тиіс пәнаралық оқу іскерліктері:

  • минутына 70 – 80 сөз жылдамдықпен оқу және оқығанды түсіну;

  • минутына 10 – 12 сөзді дәптерге сауатты көшіріп жазу;

  • терминдер мен мәтіндерді ережелер көмегімен есте сақтау;

  • мәтіндегі бастыны өзбетінше бөліп көрсету және оны схема, кесте, конспекті түрінде әзірлеу;

  • ауызша және жазбаша мәтіндерді өзбетінше өзгерту, толықтыру және құрастыру;

  • құбылыстар мен оқиғалар үшін себеп-салдарлық байланыстарды анықтау;

  • тапсырманы орындау үшін ережені біргелікте әрекет ету;

  • шығармашылық тапсырмаларды орындау кезінде ойлауды белсендіру және алгоритмдеу әдістерін өзбетінше қолдану;

  • зерделеуі қажет сабақ тақырыптары сұрақтарын құрастыру;

4- сыныпта оқушылардың меңгеруі тиіс пәнаралық оқу іскерліктері:

  • минутына 90 – 100 сөз жылдамдықпен оқу және оқығанды түсіну;

  • минутына 13 – 15 сөзді дәптерге сауатты көшіріп жазу;

  • ережелер көмегімен терминді және мәтінді есте сақтау;

  • мәтіндегі бастыны өзбетінше бөліп көрсету және оны схема, кесте, конспекті түрінде әзірлеу;

  • ауызша және жазбаша мәтіндерді өзбетінше өзгерту, толықтыру және құрастыру;

  • заңдылықтарды, дәлелдемелерді, жалғанға шығаруларды анықтау;

  • тапсырманы орындау үшін ереже алгоритмін біргелікте құрастыру;

  • шығармашылық тапсырмаларды орындау кезінде ойлауды белсендіру және алгоритмдеу әдістерін өзбетінше қолдану;

  • өзбетінше жұмысты орындау, олардың нәтижелерін талдау және бағалау.

Жоғарыда берілген пәнаралық оқу іскерліктері қазіргі уақытта жас мұғалімдер үшін оқу-тәрбие процесінің нәтижесінде ескеретін іс-әрекеттер.

Оқу іскерліктері, біріншіден, оқыту мазмұнын қараушы элементтің бірі болып табылады; екіншіден, оқушының шығармашылық іс-әрекетінің негізі ретінде қарастырылады.

Сондықтан да оқыту процесін ұйымдастыруда басшылыққа алатын құжаттардағы, бағдарламалық материалдардағы қарастырылған іскерліктерді талап етілген деңгейде меңгермеу кейінгі оқу жылында оқушылардың үлгермеушілігіне негіз болады, ал, пәнаралық байланыс тұрғысынан оқу іскерліктерін меңгермеу оқушылардың шығармашыл тұлға болып қалыптасуына кері әсер тигізеді деп білеміз.

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық тұлғасын қалыптастыру үшін оқу материалдарының дамытушы құрылымы айқындалуы тиіс. Оқу материалдарының дамытушы құрылымы – бұл ұғымдар арасындағы өзара байланысты міндетті бөлумен қарапайымнан күрделіліге ретті мазмұндалу. Сабақта жаңа оқу материалдарын оқып-үйренуде оқушылар ғылыми немесе мәдени зерттеу үрдісінде ертеректе зерделген ұғымдар қалай жаңа білімдер мен таным әдістері шығарылғанын көретіндей етіп тұрғызу қажет. Кез келген жүйенің даму үрдісі – бұл оның пайдалы функциясының артуы. Ғылыми білімдердің дамуы – бұл теория мен әдістердің функциональдық тиімділігінің жоғарылау үрдісі, ол диалектика заңдылықтары негізінде жүзеге асырылады:



  • жаңа пайдалы функцияны алу үшін жүйе элементтерінен қайта амал жасау;

  • бір немесе бірнеше элементтерді өзгерту;

  • пайдалы функцияны алу үшін жаңа элементті ендіру;

  • жүйе элементтерінің бірінен жаңа пайдалы функциясы бар өзінше жеке жүйе бөлу;

  • жаңа пайдалы функция алу үшін екі немесе бірнеше жүйені біріктіру (3).

Жүйені дамытудағы аталған тәсілдеріді оқушыларды жаңа оқу материалымен таныстыру кезінде пайдалану қажет.

Жалпы бастауыш сынып мұғалімдерін оқушылардың сыныптар бойынша пәнаралық оқу іскерліктерін:



  • меңгерілуі тиіс бағдарламалық материалдың құраушысы ретінде;

  • шығармашылық бастаманың негізі ретінде қарастыру тиіс.

Сондай-ақ мұғалім оқушылардың пәнаралық байланыс оқу іскерліктерінің даму деңгейін анықтаумен, оқушыларды қажетті дамымаған пәнаралық іскерліктерді дамыту үшін сабақ конспектілерінде педагогикалық тапсырмала көлемін реттеуі тиіс.

2.3. Сабақ жоспарларының үлгілері.
Қазіргі таңда білімді интеграциялау, оның ғылыми деңгейін көтеру, оқушының танымдық қабілетіне орай дағдыларын да жан-жақты қалыптастыру өзекті мәселеге айналып отыр. Сондықтан бастауыш сыныпта-ақ пәндерді интеграциялап оқыту шәкірттердің ой-өрісін байытумен қатар олардың адамзат құндылықтарымен де молырақ сусындауларын қамтамасыз етеді. Өркениетті шетел мектептерінің көпшілігінде бастауыш мектеп бағдарламасы, міне, осыған негізделген. Мұнда оқу, ойлау, жазу, сөйлеу бір кеңістікте бір-бірімен үйлестіріле дамытылады.

Қазіргі педагогикалық әдебиеттерде білімді кіріктіріп оқыту айтарлықтай анықтамаға ие бола қойған жоқ. Бұл мәселемен 80-жылдардың басында белгілі ұстаз-ғалым В. Н. Максимова айналысқан болатын. Ол пәнаралық байланысты дамытуды тереңдетудің тиімді жолы ретінде «кіріктіріпң оқыту әдісін ұсынған еді. Бір пәнге біріктірілген бірнеше пәндердің құрылымын мазмұнды хабарлама байланысы деп атаймыз. Бізді ішінара ана тілі – сурет, ана тілі - әуез, ана – тілі дүниетану сабақтарында қолданылып жүр.

Жалпы дидактикалық сабақтар шарттары:


  • пәнаралық сабақтың ең алдымен анық қалыптасқан оқу-танымдық мақсаты және оқушылардың жоғары білімділігі болуы шарт;

  • пәнаралық сабақ сондай-ақ, шәкірттердің дүниетанымдық көкжиегін кеңейтіп, ой қорытындысын қамтуы және алған білімдерінің ара қатынасын тануға қызығушылығын да оятуы қажет;

  • интеграцияланған сабақ оқушылар мен мұғалімнің берік ынтымақтастығының негізінде құрылуы қажет.

Енді өзімнің «Ана тілің сабағында пәнаралық байланыс арқылы жүзеге асып жатқан интегративтік сабақ жоспарымен таныстырып өтейін.

Сабақ жоспары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет