Мазмұны нормативтік сілтемелер



бет11/32
Дата08.11.2023
өлшемі162.44 Kb.
#482647
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32
арысбаева салтанат

Қазақ тілінде: Мен шахтер, сен құрылысшы;
Алтай тілінде:Мен алтай кижи, слер алтай улус;
Башқұрт тілінде: Мин язусы, һин укусы.
Сондай-ақ, барлық түркі тілдерінде үшінші жақтағы есім баяндауыштар аффикссіз келеді, мысалы:

Қырғыз тілінде: Кенен дүниөдө джаз «кең дүниеде жаз». Кейбір жағдайда есім баяндауыштар септік формасын қабылдайды, мысалы,

Татар тілінде: Безнең полк окопта.

Тува тілінде: Бо ном башқының «Бұл кітап мұғалімдікі».

«Есім баяндауыштардың жалғаулықсыз келуі көне түркі ескерткіштерінен жалғасып келе жатқан құбылыс» - деп атап өтіп, автор О.С. Сапашев өз зерттеулерінде Суджа ескерткіштерінен мына мысалдар арқылы көрсетеді: Қырғыз оғлу мен, құтлық бойла тартқан. «Қырғыз ұлымен, құтлық бойла тарқан». Бұ ырық бітіг едгү ол. «Бұл ырық бітіг жақсы».


Жіктік жалғаулы зат есімнің баяндауыш қызметінде жұмсалуы ырық бітіг ескерткішінің тіліне тән құбылыс. Бұл түркі тілдерінде кейіннен кеңінен қолдана бастаған конструкция болса керек, өйткені «Ырық бітік» ІХ ғасырда руника әліпбиімен жазылған ең соңғы шығарма болып табылады. Түріктанудағы есімді құрмалас сөйлемдер де ертеден зерттеліп келеді. Жүйесіне қарай көне тілдегі сөйлемдерді жай және құрмалас сөйлемдерге бөліп қарастыруға болады. Мысалы, жай сөйлемге: Елте бұң йоқ (КТк., 3) «Елде мұң жоқ», Үзе көк теңрі (КТү., 1) «Үсте көк Тәңрі».
Құрмалас сөйлемге: Қазғантықын үчін, ыдұқ өзім қазғантықым үчін, ел йеме ел болту, бодұн йеме бодұн болты (Тұн., 55) «Жаулағандығыңнан, өзімнің де жаулағандығымнан, елім де ел болды, халқы да халық болды» [31]. Осы мысалдардан біз тарихи ескерткіштерде, яғни көне түркі тілінде есімді баяндауыштардың бар болғанына көз жеткіздік [31].
Н.З. Гаджиева мен Б.А. Серебрянников түркі тіліндегі жай сөйлемнің құрылымына салыстырмалы-тарихи талдау жасаудың негізгі мақсаты: тек олардың түрін және түркі тілдеріне жататындығын анықтау емес, сонымен бірге ретроспективті тұрғыда олардың тарихи даму үрдісіне көңіл бөлу керек екендігін айтты. Сондай-ақ сөйлем мұшелері бастауыш туралы: «Область подлежащего оказалась исторически отностельно устойчивой» - деп оның қандай сөз таптарынан жасалатынын айта келе: «Совсем иную картину дает область сказуемого. Здесь, как будет показано ниже, наблюдаются исторические изменения за счет и развивающихся глагольных времен, и связочных средств. Грамматическое выражение сказуемого определяет тип предложения – именной, или глагольной» [32,74 ]. Авторлар осы еңбектерінде: «Вряд ли можно сомневаться в том, что в тюркском праязыке уже существовало именное предложение, т.е. предложение, содержащее в своем предикате имя. Такое предположение потверждается прежде всего памятниками древнетюркской письменности, где именное предложение выступает как уже вполне сформировавшееся явление» [32,75] – деп, ең алдымен есімді сөйлемдердің пайда болғанын көне түркі жазбалары да растайтынын сеніммен айтады.
Біздің тақырыбымыз есімді сөйлемдер болғандықтан, тек қана есімді сөйлемдердің алғаш пайда болу фактілерін ғана көрсетуді жөн көрдік. Сондай-ақ авторлар осы еңбектің «Простые предложения» деген екінші тарауында: «Именное предложение, глагольное предложение, безличное предложение» -деп бөліп көрсетеді. Етістікті сөйлемдердің кейіннен пайда болғандығы, шығу барысы, қалыптасуы туралы былай баяндайды: «Об этом свидетельствует то, что они возникли в группах тюркских языков, и даже, в отдельных языках уже после того, как тюркский язык распался» [32, 84].
Бірқатар тюркологтардың А.К. Боровковтың, В.М. Насиловтың, А.Н. Кононовтың, Н.А. Баскаковтың, Н.П. Дыренкованың, Е.И. Убрятовалардың еңбектерінде баяндауыштардың морфологиялық жағынан дерлік жасалып құралатыны, көбінесе етістік және есім таптарынан болатыны (дара түрі) орын алған, бірақ жалпылама алынып факт етіледі; ол жайындағы түсініктер бәрінде де біркелкі келеді. Баяндауыштың күрделі түрінің де анықталуы сондай дәрежеде: бірен-саран түрлері аталады да, мысалдар беріледі. Күрделі баяндауыштың қаншалықты дәрежеде факт етілетінін аңғаруда кейбір тюркологтардың пікірлеріне назар аударайық.
Түркі тілдеріне жататын ойрот тілін (алтай тілін) зерттеген ғалым Н.П. Дыренкова «Грамматика ойротского языка» деген еңбегінің «Синтаксис» бөлімінде жай сөйлемнің әрбір мүшесіне анықтама беріп, баяндауыш туралы: «Самый главный управляющий член предложения – сказуемое – располагается в самом конце предложения.»-деп баяндауышты сипаттайды. Осы бөлімінің «Двухчленное предложение» деген тараушасында: «Так называемое простое нераспространенное предложение состоит из 2 членов – подлежащего сказуемого – и выражает отношения: 3) субьекта и качества его: тун соок «ночь холодна.
4) рода и вида: сыгын – анъ «марал – зверь»; кайынъ - агаш «березадерево; адам - колхозчы «мой отец – колхозник» - деп бастауыш пен баяндауыштың жасалуының 4 түрін көрсетеді, біз есімді баяндауыштарын мысал ретінде алдық. Демек, автор есімнен болған «соок», «анъ», «агаш» баяндауыштарын, яғни сын есімді, зат есімді баяндауыштарын келтіреді, бірақ бұл жерде етістікті, есімді баяндауыштар деп бөлмейді [32, 66]. Осы бөлімінің «Сказуемое» деген тараушасында:
«- Глагольное сказуемое;
- именное сказуемое;
- причастное сказуемое;
- именное составное сказуемое;
- причастное сказуемое составное – причастие + связка;
- составное именное сказуемое со связкой тур;
- составное именное сказуемое с глаголом-связкой э чисто именное сказуемое;
- отрицательная форма именных сказуемых;
- именное сказуемое бар и дъок» - деп баяндауыштардың түрлерін көрсетеді. Н.П. Дыренкова: «Простое именное сказуемое может быть чисто именным, т.е. быть выражено именем, и причастным. Чисто именное сказуемое выражается любым именем» - деп зат есімнен, сын есімнен, есімдіктен, есептік сан есімнен, «специальным именем количественным»: Алтай ичинде көлдөр көп «на Алтае много озер (озер много)», «именами бар и дъок» түрлерін мысалдар арқылы көрсетеді.
-Зат есімнен жасалған баяндауыш: Кадын – турген суу «Катунь – быстрая река»;
-сын есімнен: кышкы кун кыска, кышкы тун узун «зимний день короток, зимняя ночь длинна;
-есімдіктен: менинъ ижемчилу унаганым ол «мой верный друг – он;
-есептік сан есімнен: уч катап уч – тогус «трижды три – девять» [32, 56].
Түрколог ғалым А.М. Щербак өзінің «Очерки по сравнительной морфологии тюркских языков» деген еңбегінде: «У тюркологов спор о том, что раньше имя или глагол, лишен той остроты, которую он приобрел в кругу индоевропеистов. На протяжении нескольких тысячилетий тюркологи неизменно подчеркивали господствующее положение имени и воспринимали как само собой разумеющееся, довольно позднее морфологическое выделение глагола» [33, 11] – деп есім мен етістіктің қайсысы бұрын пайда болғанын, сөз таптарының сөз табы ретінде қалыптасуы туралы түркологиядағы пікірлерге назар аударғанымен, өзінің нақты шешімін айта алмайды. Сондай-ақ ғалымның мына пікірі есімді сөйлемдердің бұрын пайда болғандығын толық анықтайды: «Сложным, но не принципиальным для нас является вопрос о правомерности и обоснованности выдвинутой несколько десятилетий тому назад гипотезы о поссесивной природе предикативных отношений в реконструктируемой модели пратюркского именного предложения. Сопоставляя материалы алтайских языков и анализируя особенности их структуры, Г. Винклер сделал вывод, что древнейшим и исходным для названных языков является предложение с поссесивной связью [34, 11-12]. Мұнда автор Г. Винклердің шешімін қолдай отырып, есімді сөйлемдердің бұрын пайда болғандығына күманданбайды және есімді сөйлемдердегі предикативті қатынастардың әлсіздігін атап өтеді.
Құрмалас сөйлемдер туралы П.М. Мелиоранский, А.П. Поцелуевский, В.А. Гордлевский, А. Боровков, Н.К. Дмитриев, И.А. Батманов, Е.И. Убрятова, Н.А. Баскаков, Н.П. Дыренкова сияқты ғалымдардың еңбектерінен оқуға болады.
Енді түркітанудағы есімді құрмалас сөйлемдер туралы пікір қозғаған ғалымдардың еңбектеріне назар аударсақ. А.П. Поцелуевский «Основы синтаксиса туркменского литературного языка» деген еңбегінде «Особые типы именных предложений» [35] деген тарауша береді.
А.П. Поцелуевский де В.А. Гордлевский, А. Боровков сияқты құрмалас сөйлем түрінен сабақтас құрмалас сөйлем түрін ғана көрсетіп: «Сложноподчиненным называется такое предложение, в котором наряду с главным, или независимым суждением имеется еще одно или несколько подчиненых, или зависимых суждений» - деп сабақтас құрмалас сөйлемде басыңқы сөйлеммен қатар тағы бір немесе бірнеше бағыныңқы сөйлемнің болатынын сөз етеді.
Құрмалас сөйлем баяндауыштарын:
- простые предложения с отглагольными формами слов;
- простые предложения с причастными формами слов;
- простые предложения с инфинитивом;
- простые предложения с прочими глагольно-именными формами – деп бөлген. Дегенмен баяндауыштың соңғы жасалуында «глагольно-именными» деген атауында есімді (именными) деген сөзі қосарланып тұр. А.П. Поцелуевский: «Отглагольная форма на «дык-дик» в настоящее время чаще всего употребляется в роли существительного: случай употребления ее в качестве собственно причастия сравнительно редки» - дей отыра, «дык-дик» жұрнақтарының есімді сөйлемге жататынын ескертеді [36, 69].
А. Боровков, В.А. Гордлевскийлерге қарағанда А.П. Поцелуевский жалпы есімді сөйлемді, есімді жай сөйлем, құрмалас сөйлемдер құрамында да есімді сөйлемдерді қөрсетіп, өз еңбегінде автор: Предикат именного предложения, особые типы именных предложений, сложноподчиненные предложения, именнные предложения со словом диймек в качестве предиката деген атаулармен береді. Ғалым түрікмен тіліндегі есімді сөйлемді екіге бөліп көрсеткен: именные предложения со словами «бар» и «ек» в качестве предиката – деп «бар» «жоқ» сөзді сөйлемдерді есімді сөйлемдерге жатқызады. Құрмалас сөйлемдер ретінде мысалы: Паны дүнйә гелдик, екдан бар болып, «Мы пришли в пленный мир, став из несуществующих существующими». Огрылар... бар затларымызды алып, соган ялы сойдылар. «Воры... взяв все наши вещи, облупили нас, как липку. Егер осы сөйлемдерді талдасақ, бірінші сөйлем сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауыш бар болып негізгі сөзге көсемше тұлғалы көмекші етістіктің ықпалынан есімді аралас сөйлем жасалған, екінші сөйлем қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас сөйлемге жатады [36, 85]. Сондай-ақ автор осы еңбегінің «Сложноподчиненые предложения» деген тарауында: «Зависимым может быть не только глагольное предложение, но и именное. Зависимые именные предложения входят в состав главного, замещая отдельные его члены. Так, например, в сложном предложении: Гамзасы ок, кирпиги пейкамы гөрдим бу гиже. «Я сегодня ночью видел красавицу, у которой брови, как стрелы, а ресницы подобны наконечникам стрел [36,89] - есімді сөйлемдер: гамзасы ок («ее брови стрелы) және кирпиги пейкам («ее ресницы-наконечники стрел)- басыңқы сөйлемнің баяндауышына тура толықтауыш болып тұрғанын көрсетіп, бағыныңқы сыңарының баяндауышы тек қана етістікті сөйлем емес, есімді сөйлем де болатынын ескертеді. Демек, түркітануда есімді сөйлем мәселесін алғаш рет зерттеген А.П. Поцелуевский болды.
А.Н. Кононов өз еңбегінде жай сөйлемдерді: повествовательные предложение, вопросительное предложение, модальное предложение, ал құрылымына қарай двусоставное, односоставное, простое распространенное предложение, второстепенные члены предложения, неполное предложение-деп бөліп қарастырды.
Құрмалас сөйлемдерді:
-сложносочиненное предложение;
-сложноподчиненное предложение;
-сложноподчиненное предложение с союзными словами - деп үш топқа бөліп қарастырды. Автор: «Сложносочиненное предложение состоит из двух или нескольких простых предложений, которые могут быть нераспространенными и распространенными, с простыми членами предложения, или с развернутыми членами предложения, полными или неполными, двусоставными или односоставными». Демек, құрмалас сөйлемдер әр түрлі жай сөйлемдерден құралатынын көрсетеді [36, 77 ].
Бұл анықтамадан біз А.Н. Кононовтың пікірі бойынша құрмалас сөйлем оның ішінде салаластың құрылымы жай сөйлемге ұқсас болып келетінін, сондай-ақ салалас сөйлемнің құрылымы жай сөйлемдер сияқты жалаң, жайылма, толымды, толымсыз, жақты немесе жақсыз, бірақ бұл жерде автор есімді құрмалас сөйлемдер туралы пікірін білдірмейді. Дегенмен ғалымның еңбегінен мына мысалдарды келтірсек: «Кеча коронғу, қор еғмыңда (С. Аний) –ночь темна, идет снег. Онла бошлиғи – Зуннунхужа, рузғарни кампир бошқаради – Глава семьи – Зуннун-ходжа, хозяйство ведет старуха» [36]. Осы екі сөйлемнің бірінші сөйлемдерінің баяндауыштары қараңғы – сын есімі және Зуннунхуджа – жалқы есімі арқылы есімді сөйлемдер жасалған.
А.Н. Кононов та жоғарыдағы авторлар сияқты сабақтас құрмалас сөйлемге көп көңіл бөліп, бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы туралы: «сказуемое придаточного предложения выражаются:
1) прошедшим временем условного наклонения;
2) настоящим- будущим временем условного наклонения;
3) формами условной модальности» [36, 99 ].
Автордың бұл пікірінен, әрине, сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауыштары тек етістіктен болатынын байқаймыз.
Н.А. Баскаков құрмалас сөйлемдерді басқа ғалымдарға қарағанда тереңінен зерттеп, салалас, сабақтас, аралас құрмалас сөйлем деп 3 топқа бөліп, әрқайсысының өзіндік белгілерін атап көрсетті. Сонымен бірге құрмалас сөйлемнің бұл түрлерін іштей тағы да бірнеше түрлерге бөлді. Н.А. Баскаков та өз еңбегінде салалас құрмалас сөйлемнің жасалуын тек етістікті сөйлемдер арқылы көрсеткен. Демек, есімді сөйлемдер туралы пікір қозғалмаған [28, 66 ].
ХІХ ғасырдың 60-80 жылдары орыс тіл білімінің өкілдері А.А. Потебня, Ф.И. Буслаев, Ф.Ф. Фортунатов және Потебняның шәкірті Д.Н. Овсянико-Куликовский етістікті жақтаушылардың бірі болып саналды.
А.А. Потебня: «...предложение невозможно (кроме случая опущения глагола) без verbum finitum, само по себе без verbum finitum составляет предложение» [29,88]. Осы пікірін «Мысль и язык» деген еңбегінде басқаша білдірді: «Для нас предложение немыслимо без подлежащего и сказуемого. Подлежащее может быть только в именительном падеже и сказуемое невозможно без глагола; мы можем не выражать этого глагола, но мы чувствуем его присутствие, мы различаем сказуемостное (предикативное) отношение от определительного» - осылай автор сөйлемнің басымдық күші баяндауышта екендігін сеніммен айтады [36, 89]. А.А. Потебня орыс тіліндегі етістіктің тарихи жағын зерттеу барысында: «В русском языке по направлению к нашему времени увеличивается противоположность имени и глагола» [36, 84] - дей отыра, сондай-ақ: «Высказывая вышеприведенное мнение о невозможности в наших языках предложения без глагола, я не утверждал, что vb fin есть явление первобытное, и не отвергал возможности найти под последним наслоением этих языков следы другого порядка вещей» [36, 84] – деп есімдер мен етістіктер арасында қарама-қайшылықтардың көбеюінің, дегенмен автордың есімді сөйлемдер туралы әлі толық пікірге тоқталмағандығын көреміз.
Автордың «Из записок по русской грамматике»деген еңбегінде тілдегі лексикалық, грамматикалық көріністердің қалыптасуы туралы: «… На основе сравнительного изучения памятников славянской письменности приходил к выводу: по направлению к прошлому уменьшается различие между именным существительным и прилагательным, уменьшается «гегемония глагола в предложении, уменьшается и постепенно сходит, но не удельный вес гипотаксиса и увеличивается удельный вес паратаксиса» [36, 75] – дей отыра, тарихи ескерткіштер тілдерінде есімдердің басым екенін, ал етістіктердің сөйлемдерде «гегемониясының» азаюының, тіпті қолданыстан кетуін және тарихи жағынан есімді сөйлемдердің бұрын қалыптасты деген ойын да білдіреді.
В.В. Виноградов А.А. Потебняның теориясы бойынша мынадай көзқарастарын айтты: «Глагол, по Потебне, - это высшая, наиболее отвлеченная, наиболее конструктивная и прогрессирующая категория языка» [36,258] - деп, А.А. Потебня В. Гумбольд пен Штейнтальдың көзқарастарына сүйене отырып, етістіктің өзіндік теориясын шығарғанын сөз етеді.
В.В. Виноградов «Русский язык» деген еңбегінің «Глагол» деген бөлімінде: «Глагол – самая сложная и самая емкая грамматическая категория русского языка.Глагол наиболее конструктивен по сравнению со всеми другими категориями частей речи» [36, 77] - деп етістіктің басқа сөз таптарынан ең күрделі,ең сиымды грамматикалық категория және басқа сөз таптарымен салыстырғанда ерекше сындарлы екендігін атап өтеді. Осы еңбегінде автор есім мен етістікті бөлу туралы бұрыннан айтылып келе жатқанымен, жалпы бұл мәселе ХVІІІ ғасырдан бастап қолға алынғанын сөз етеді. Сондай-ақ автор етістік сөз табы туралы орыс тіл білімінде әр түрлі пікірлердің орын алғанын, соның негізінде Фортунатов мектебі етістік сөз табын сөз табы емес, сонымен бірге етістікке сөз табы ретінде көңіл аударылмағанын ескертеді. Содан кейін автор ойын былай жалғастырады: «Впрочем, в последнее время, все представители фортунатовской школы постепенно вернулись к признанию глагола самостоятельной грамматической категорией. Глаголу были возвращены все права и в морфологии. Оказалось, что другой путь изучения русского глагола шире и надежнее» [36,87] – бұл пікірінен біз есімдерге қарағанда етістік туралы пікірлер әр түрлі екенін байқаймыз.
В.В. Виноградов: «С организацией глагола был связан переход от древнего именного строя предложения к глагольному. В своей эволюции глагол все более и более развивает энергию отвлеченности» [36,78]. Автордың бұл пікірінен есімді сөйлемдердің бұрын қалыптасқандығын мойындайтынын, бірақ етістіктердің тез қарқынмен көбеюінің және олардың қолданылу аясының да артуын байқаймыз. Ал автордың мына пікірінен: «Дальнейшая история глагола – история вытеснения им имен с основных грамматических позиций, история отглаголивания других категорий, история роста глагольных типов предложения за счет номинативных, именных. Категория действия, процесса, силы, энергии все более и более ограничивает сферу именных категорий. Она содействует логической концентрации речи, устраняя раздробленность элементов предложения» [36, 338] – енді етістікті сөйлемдер есімді сөйлемдерді ығыстырып және басқа категориялардың да етістікке айналуын байқаймыз. Дегенмен, автор осы еңбегінде қазіргі орыс тіл білімінде «смысловая емкость имен возрастает. Расширяют свои значения и имена действия» - деп мына мысалдарды береді: «Устройство на работу» - взрывное устройство. Начали оборудование аудитории. На фабрике – современное устройство» [36, 614].
Орыс тіл білімінде де тілші-ғалымдар арасында көп пікірталас тудырған есімді сөйлемдер мәселесі.Орыс тіл білімінде ұлы орыс ғалымы М. Ломоносовтың «первое место иметь должно имя, вещь знаменующая, потом глагол, изъявляющий вещи деяния» деген пікірін көптеген орыс ғалымдары қолдап, өз пікірлерін берді. «Предложения именного типа, отличающиеся высокой продуктивностью в литературе XX века, давно являются предметом пристального внимания лингвистов» [38,45] - деп жазады зерттеуші ғалым Е.А. Твердохлебова.
Орыс тіл білімінде есімді сөйлемдер мәселесі туралы А.А. Шахматов, Е.М. Галкина-Федорук, Н.Ю. Шведова, В.А. Белошапкова, Д.Н. Шмелева, Г.А. Золотова, З.П. Табакова өз еңбектерінде жеке тақырып ретінде қарастырады.
Орыс тіл білімінің ғалымы, Петербург Ғылым Академиясының академигі А.А. Шахматов өзінің «Синтаксис русского языка» деген ғылыми зерттеу еңбегінде есімді сөйлемдер туралы: «Вопрос о том, насколько древни подлежащные предложения, разрешить не могу, не находя вполне соответствующих приводимым ниже предложениям русского языка в древне-индийском, греческом и латинском.Впрочем, думаю, что мое неумение найти односоставные подлежащные предложения в указанных языках зависит главным образом от того, что на них не обращено достатачного внимания синтаксистами» [37, 51] - деп есімді сөйлемдерге жеткілікті түрде көңіл аударылмағанын сөз етеді.
Автор есімді сөйлемдерді: «Односоставные бессказуемо-подлежащные предложения және односоставные сказуемо-бесподлежащные предложения» - деп жеке бөліп қарастырады.
«Односоставные бессказуемо-подлежащные предложения:
- Именные номинативные предложения.
- Количественно-именные предложения.
- Именные генетивные предложения.
- Местоименные генетивные предложения» - деп бірқұрамды сөйлемдер түрінде қарастырады. Бастауышы жоқ сөйлемдерді «Именные сказуемо-бесподлежащные предложения» - деп жеке қарастырады [37, 61 ]. А.А. Шахматовтың осы еңбегінен мына мысалдарды келтірсек: «Три часа утра. Много ли больных? –Семнадцать человек. Яблок-то яблок! Блох-то, блох! Что хорошего? Ничего хорошего. Автор сондай-ақ: «Не составляют предложения отдельные выхваченные слова, находящие себе место или повторяющиеся в следующем за тем предложении. Не помню ничего, не докучайте мне. Воспоминания! как острый нож оне. Сваха-то! сваха-то! Эка – сапоги... на что мне сапоги?» - деп оларды «жұлып алынған сөздер» түрінде қарастырып, сөйлемге жатқызбайды [37, 63].
Есімді сөйлемдердің тұрлаулы мүшесінің синтаксистік қызметі жөнінде В.В. Бабайцева: «Вопрос относительно синтаксической функции главного члена номинативных предложений является спорным. Одни ученые (А.А. Потебня, Ф.Ф. Фортунатов, А.М. Пешковский и др.) квалифицируют его как сказуемое, другие (Д.Н. Овсянико-Куликовский, В.А. Богородицкий, Л.А. Булаховский и др.) – как подлежащные, третьи («Грамматика русского языка» АН СССР, «Грамматика-70» и др.) не называют его ни сказуемым, ни подлежащим, четвертые (А.А. Шахматов, Е.М. Галкина-Федорук и др.) разграничивают подлежащные и сказуемостные номинативные предложения. В школьном учебнике главный член назывных (номинативных) предложений условно назван подлежащим» - деп ескертеді [37, 77].
Есімді сөйлемдерді В.В. Бабайцева және Л.Ю. Максимов «Современный русский язык» деген еңбектерінде: «Различаются следующие разновидности номинативных предложений: бытийные, указательные, побудительно-пожелательные, оценочно-бытийные, собственно-назывные и «именительный представления» («изолированный номинатив»). В общую группу номинативных предложений эти разновидности объединяются формой главного члена и доминирующим значением бытия, существования; различаются они наличием оттенков в семантике, выраженных интонацией, частицами и т.д.» [57, 105]. Авторлардың осы еңбегінен есімді сөйлемдердің әр түріне мынандай мысалдарды кездестіруге болады:
«- Бытийные предложения: Синее раздолье. Голубые весны. Золотое поле.
- Указательные предложения: Вот мельница. Она уж развалилась... (А.С. Пушкин).
- Побудительные предложения: Внимание! Добрый день! Какой мороз!
- Именительный представления: Москва!... Как много в этом звуке Для сердца русского слилось! (Пушкин) [37,86]. Авторлар: «В номинативных предложениях (в отличие от нечленимых) отчетливо вычленяются главный и второстепенные члены. Главный член номинативных предложений не является морфологизованным, так как существительное по своей синтаксической роли многофункционально, поэтому для квалификации его синтаксической фукции нужно учитывать логический и коммуникативный аспекты» [58, 97] - деп есімді сөйлемдердің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерден анық тұратындығын, тұрлаулы мүшенің синтаксистік қызметін анықтау үшін, логикалық және коммуникативті аспекттерін ескеру қажет екендігіне тоқталып, «Сравнивая свойства главного члена в предложениях Мороз! и Красота!, видим, что существительное мороз по своим свойствам ближе к подлежащему (называет явление природы, входит в парадигму: Был мороз; Будет мороз; Пусть будет мороз.., а существительное красота – к сказуемому. В указательных предложениях с частицами вот и главный член ближе к подлежащему (Вот и зима), с частицей вот – к сказуемому (Вот мельница...).
В остальных разновидностях номинативных предложений главный член представлен диффузно, недифференцированно из-за нечеткости их логической членимости, особенно при восклицательной интонации: Какой мороз! Ну и мороз! Цветов-то! и т.д.» [59,78] - есімді сөйлемдердің тұрлаулы мүшесі бастауыш та, баяндауыш та болуы мүмкін екендігін дәлелдеп көрсетеді, бірақ есімді сөйлемнің басқа түрлерінде, әсіресе, лепті сөйлемде тұрлаулы мүшені анықтау қиынға соғатынын ескертеді.
Профессор Е.М. Галкина-Федорук «Современный русский язык» деген еңбегінде есімді сөйлемдерді:
«Сказуемое с предикативным членом, выраженным причастием в полной форме, сказуемое с предикативным членом, выраженным местоимением, сказуемое с предикативным членом, выраженным именем числительным, сказуемое с предикативным членом, выраженным междометием, сказуемое с предикативным членом, выраженным фразеологическим сочетанием» [37, 88-340] - деп топтастырады. Автордың осы еңбегінің «Повествовательные предложения» деген тараушасында: «Повествовательные предложения могут выражать понятие о предметах: Ель – хвойное дерево. В повествовательных предложениях может быть дана характеристика качества, свойства того, о ком или о чем говорится в предложении: Терек воет дик и злобен (Лермонтов). Структура повествовательного предложения зависит от его содержания и характера. Если повествуется о действии или движении предмета (лица), сказуемое будет глагольное: Колокол зазвенел, сани стали раскачиваться, и ветер свистит под полозьями (Л. Толстой). Если в повествовательном предложении дается характеристика признака, то сказуемое будет именное: Тиха украинская ночь (Пушкин). Ссора была большая, неприятная (Л. Толстой)» [60, 96] - автор хабарлы сөйлемдегі етістікті, есімді баяндауышты сөйлемдерді осылай сипаттады.
Н.Ю. Шведованың пікірінше, «номинативное субъектное с детерминантом» [36] болса, В.А. Белошапкова осы детерминантты кеңейтілген («в расширенную») сөйлемнің құрылымды схемасына енгізіп, оларды «кеңейтілген схеманың» элементтері деп санайды [37].
Н.М. Александров «О предикативном строении» деген еңбегінде: «Забегая вперед, мы можем сказать, что глагол как семантический компонент предложения все больше теряется в различных языках. Вызывает удивление, что иранисты и тюркологи недостаточно уделяют внимания интереснейшему явлению, которое мы находим в иранских и тюркских языках» [38, 83] деп етістіктің сөйлемдегі рөлі туралы, етістіктің сөйлемде қолданудан шыға бастағанын айтады. Бұл пікірден, әрине, біз ғалымның әр түрлі тілдер зерттеулерінен туындағанын байқаймыз. Сондай-ақ ғалым иран, түркі тілдерінде бұл құбылыстың бұрыннан келе жатқанын, дегенмен осы уақытқа дейін әлі оған көңіл аударылмағанына таңқалады.
Орыс ғалымы Г.А. Золотова «О структуре простого предложения в русском языке» деген еңбегінде есімді сөйлемдерді: «...такие предложения являются двусоставными с неличным носителем предикативного признака, выраженным свободной синтаксемой» - деп ойын былай жалғастырады: «В предложении определенной структуры отражается та или иная разновидность отношений объективной действительности, и наоборот, для отражения того или иного характера реальных связей в языке имеются структурно-определенные разновидности предложений» [61, 32 ].
Г.А. Золотова «Очерк функционального синтаксиса русского языка» деген еңбегінде: «Еще столетие назад русскими лингвистами было признано, что глагол не является необходимым структурныя элементом русского предложения, не является единственным носителем предикативности» [62,77] - деп етістіктің сөйлемде аса қажетті құрылымдық элементі емес екендігін, бұдан жүз жыл бұрын да орыс тілшілерімен мойындалғандығын ескертеді.
К.Қ. Оңалбаева шет ел, орыс тіл білімі ғалымдарының сөйлемдер туралы, оның ішінде есімді, етістікті түрлері туралы пікірлеріне тоқталады. Мысалы: В. Вунд, А. Решкевич, П. Гиро, Г. Шульте, А. Брайнт, Дж. Хук, Э. Метьюз, И. Рис, Г. Куфнер, Г. Харт, Г. Якоби және т.б. ғалымдардың еңбегіне.
А. Решкевич, П. Гиро, Г. Шульте сияқты ғалымдар есімді сөйлемдерді сөйлем деп есептемейді, ал А. Брайнт, Дж. Хук, Э. Мэтьюз сияқты ғалымдар «Частичными предложениями» - деп, ондай сөйлемдерді аздап болса да мойындайды. И. Рис есімді сөйлемдерді «второстепенными предложениями» - деп етістікті сөйлемдерден кейін екінші орынға қояды.
Қ.Қ. Оңалбаева өз еңбегінде есімді сөйлемдер туралы пікірін былай жинақтап берген: «Есімді, етісітікті сөйлемдердің қайсысы бұрын деген мәселеде орыс тілі т.б. тілдер бойынша А.А. Потебня, Г. Харт, Г. Якоби, Н.М. Александров, З.П. Табакова, Е.А. Твердохлебова, Я.И. Рословец, Г. Винклер, түркологияда Э.В. Севортян, А.П. Поцелуевский, Н.З. Гаджиева т.б. алдымен есімді сөйлем, келе-келе етістікті сөйлем пайда болды» деген шешімге келеді [16,99]. Орыс тілінде осы тақырып бойынша З.П. Табакова «Структурно-семантические типы безглагольных предложений в современном русском языке» деген докторлық диссертация қорғады. Өз еңбегінде З.П. Табакова орыс тіліндегі «безглагольные» сөйлемі туралы: «Полного и системного описания безглагольных предложений нет, не установлены структурные и семантические признаки, отличающие их от глагольных предложений» [62,56] - деп, бұл мәселенің осы уақытқа дейін әлі орыс тіл білімінде толық және жүйелі түрде анықталмағандығын, сондай-ақ олардың құрылымдық және семантикалық белгілерінің етістікті сөйлемдерден айырмашылығы анықталмағандығын көрсеткен [63.58]. Сонымен, есімді сөйлемдер мәселесі туралы пікірлер орыс және еуропа тілдерінде бұрын қалыптасып, бірқатар ғалымдар есімді сөйлемдерді арнайы зерттесе, қазақ тіл білімінде де профессор М. Балақаев есімді сөйлемдерді жеке бөліп қарастырады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет