«Медбикелік іс» мамандығы 0302033 «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігі бойынша



бет96/97
Дата01.03.2024
өлшемі315.93 Kb.
#493646
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97
«Микробиология және вирусология» пәнінен ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Фагоцителлотәрізділер (Phagocytellozoa) - алғашқы қарапайым құрылысты көпклеткалылар. Бұлардың бір типі бар; қара Тақталылар.
Фенотип (грек. phaіno – көріну және тип) – ағзаның онтогенез барысында қалыптасқан барлық белгілері мен қасиеттерінің жиынтығы. Фенотип ағзаның тұқым қуалау негізі болып табылатын генотип пен сол ағзаның дамуы жүріп жатқан қоршаған орта жағдайларының өзара әрекеттесуінен пайда болады. 1909 жылы Фенотип терминің алғаш рет дат ғалымы В.Иогансен (1857 – 1927) ұсынды.
Ферменттер- барлық тірі организмдер құрамына кіретін арнайы ақуыздар. Химиялық реакциялардьі жеделдетеді. Реакция түрлеріне сай ферменттер 6 топқа бөлінеді:оксидоредуктазалар,трансферазалар,гидролазалар,лиазалар,изомеразалар,лигазалар.
Химиотерапия (химия және терапия) - дәрілік заттар көмегімен жұқпалы, паразитті аурулардың қоздырғыштарын жою және ісік клеткаларын емдеу. 20 ғасырдың басында неміс ғалымы П.Эрлих (1854 - 1915) күшәланың бірқатар қосылыстарын синтездеп, Химиотерапияның негізін салды. Ол 1909 жылы сальварсан препаратын алып, онымен мерез ауруын емдеген бірінші дәрігер болды. Бұдан кейін Химиотерапияның дамуына сульфаниламидті препараттар (сульфанил қышқылынан алынған микробқа қарсы қолданылатын дәрілік заттар) мен антибиотиктердің ашылуы үлкен септігін тигізді. Қазіргі кездегі Химиотерапияның алдына қойған мақсаты - микробқа және ісікке қарсы жаңа дәрілік препараттарды тауып, олардың әсер ету механизмін зерттеу.
Химиотерапиялық заттар - жасанды жолмен алынған дәрілік заттар мен табиғи препараттар. Жасанды жолмен алынған дәрілік заттарға сульфаниламидтер (этазол, сульфапиридазин, сульфадиметоксин), нитрофурандар (фурадонин, фуразолидон), т.б., ал табиғи жолмен алынған препараттарға негізінен антибиотиктер жатады. Химиотерапиялық заттарды әсер ететін қасиеттеріне қарай: микробқа қарсы, паразитке қарсы және ісікке қарсы дәрілік заттар деп бөледі. Химиотерапиялық заттарды тек ауруларды емдеуге ғана емес, жұқпалы аурулардан сақтану және бактерия қоздырғыштарын жою үшін және асқынып кетпеуі үшін де (химиопрофилактика) қолданады.
Химопсин - биологиялық қасиеті химотрипсин және трипсинге жақып, бір-ақ тек жергілікті сырқаттық процестерді емдеуде қолданатын фермент. Іріңді жара, ойық жара, күйік, пародоптит, ауыз шырышты қабығындағы әр алуан жалақ-жараны бастырма (аппликация) әдісін қолданып емдеуде пайдаланады.
Химотрипсин- ішекте асқорытылу жағдайында, аминқышкылдарының. ақуыздарының, пептидтерінің, амидтерінің және күрделі эфирлерінің ыдырауын шапшандататын, я баяулататын ұйқыбез сөлдері ферменті.
Цитоплазма (гр. kytos - жасуша және гр. плазма - қалыптасқан) - ядроны қоршап жатқан жасуша бөлігі; қоймалжың (коллоидті) ерітінді. Клетка Цитоплазмасының сырты плазмолеммамен қапталған. Плазмолемма - цитоплазманың ақуызды-билипидті қабықшасы, оның орт. қалыңд. 6 - 10 нм, құрамында ферменттер болады. Ол жасуша мен оны қоршаған орта арасындағы зат алмасу процесін қамтамасыз етеді. Цитоплазманың негізгі құрамы гиалоплазмадан, органеллалардан және қосындылардан тұрады.
Цитозин, 2-окси-4-аминопиримидин - пиримидинді азотты негізге жататын табиғи органикалық қосылыс. Барлық тірі клеткалардағы нуклеин қышқылдарының: дезоксирибонуклеин қышқылы және рибонуклеин қышқылының құрамында болады. Сондай-ақ, Цитозин кейбір коферменттердің (күрделі ферменттердің простетик. тобы, солардың құрамына кіретін қарапайым органик. ақуыз емес қосылыстар), биологиялық активті заттардың және антибиотиктердің құрамында да болады. Цитозин майлардың биосинтезінде энергия көзінің доноры бола алады.
Цитология (гр. κύτος - «қойма», бұл жерде: «жасуша» и гр. λόγος - «оқу», «ғылым») - жасуша туралы ғылым. Цитология ғылымы біржасушалы, көпжасушалы ағзалар жасушасының құрылысын,құрамын және қызметін зерттейді.Ал жасуша бүкіл тірі денелердің ең қарапайым құрылысын,қызметін және дамуын сипаттайды. Сондықтан да цитологияның зерттейтін құрылыстары мен заңдылықтары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет