Тапсырма 4. Мына есептерді шешіңіз.
ЕСЕП №1
Жұқпалы ауруханаға тұмау диагнозымен науқас түсті.
Сұрақтар:
1.Қандай материалды зерттеуге алу қажет? Материалды алу тәсілі.
2.Қоректік құрамдарға материалды қалай дайындайды, егу жұмыстарын қалай жүргізеді
ЕСЕП №2
Қызылша диагнозымен науқас ауруханаға түсті.
Сұрақтар:
1.Зерттеуге қандай материал алу керек?
2.Қызылша қоздырғышының морфологиялық қасиеті қандай?
3.Диагнозды дәлелдеу үшін қандай серологиялық реакцияны қою керек?
ЕСЕП №3
Науқас емханаға қаралып, АИВ диагнозы қойылды.
Сұрақтар:
1.Бұл ауруды қандай микрорганизмдер тудырады?
2.Диагнозды дәлелдеу үшін қандай қандай зерттеу әдістері қолданады?
3.Ауруды алдын алуға болады ма?
ЕСЕП №4
Жұқпалы ауруханаға 38 0С дене қызуымен, құсумен науқас түсті. Науқасқа 3 ай бұрын қан құйылған. Көзі мен терісі сары түсті. Алдын ала В вирусты гепатиті диагнозы қойылды.
Сұрақтар:
1.Лабораториялық зерттеу үшін қандай материал алу қажет?
2.Аурудың лабораториялық диагностикалау үшін қандай әдістер қолданады? Вирустық гепатиттердің таралу жолдары қандай?
ЕСЕП №5
29 жастағы Н. науқас әлсіздікке, бас ауруына шағымданып түсті. Науқастың бүкіл денесі, көзінің ағы,ауыз қуысы сарғайғаны көрінді.
Сұрақтар:
1.Зерттеуге материалды қалай алады?
2.Қандай зерттеу әдістері қолданады?
Тапсырма 5. Анықтама беріңіз, күнделікке сүрет салыңыз.
Тапсырма 6. Вирустардың ағзаға ену қақпасын түсіндіріңіз.
« Ия / Жоқ » тапсырмасы
Полиомиелит ауруын Хайне – Медин ауруы деп те атайды.
Полиомиелит ауруын вирус қоздыратынын К. Ландштейнер және Г. Поппер 1909 жылы қояндарға тәжірибе жасау арқылы дәлелдеді.
Аурудың жасырын кезеңі 15-тен 50 күнге дейін көбінесе 1 ай шамасында болады.
А гепатитін емдеу үшін құрамында интерферон, оксолин бар жақпалар қолданылады.
ЖРВИ – мен ауырғаннан кейін ұзаққа созылатын типтік – спецификалық иммунитет пайда болады.
Көптеген елдерде грипті «инфлюэнца» деп атайды.
Парагрипп виустары мұрын – жұтқыншақтың шырышты қабатының эпителиалдық жасушаларында репродукцияланбайды.
Жаңа туылған нәрестелер алғашқы 12 сағатта В гепатитке қарсы егіледі.
С гепатиттің созылмалы түрі көбінесе бауыр циррозына және біріншілік бауыр карциномасы дамуына әкеледі.
G – гепатит көбінесе В – гепатит вирусымен бірге миксинфекция ретінде өтеді.
Жүкті әйелдерде (әсіресе ІІ триместрде) кесел асқынып, өлімге әкелуі мүмкін.
Суперинфекция - ВГВ –мен инфицирленген науқасқа ДГВ жұғуы.
Коинфекция – ДГВ және АГВ бір мезгілде жұғуы.
Гепатит В көбінесе сарғаю дамуымен жүреді, дегенмен дене сарғаймайтын түрі де болуы ықтимал.
В гепатике қарағанда СГВ жұғу үшін вирустың көп мөлшерде жұқтырылуын қажет етпейді.
Достарыңызбен бөлісу: |