«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Сол жақ беті /КТ. ІV. 1–14/



Pdf көрінісі
бет33/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

Сол жақ беті /КТ. ІV. 1–14/
1. Тəңір текті, Тəңір жаратқан Түрік Білге қаған бұл заманда [таққа] 
отырдым. Сөзімді түгел естіңдер! Ұлайы іні-туыстарым, ұрпағым, 
əулетім, ебтегі, иелігімдегі халқым! Оңымдағы шад, апыт бектер, 
солымдағы тархат бектер, отыз-татар,
2. тоғыз-оғыз бектері, халқы, бұл сөзімді жақсы есіт, мұқият тыңда! 
Ілгері – Күн шығыстағы, беріде – күн ортасындағы, артта – күн 
батысындағы, сыртта – түн ортасындағы – Ордадағы халық бəрі 
маған қарайды. Осыншама халықты
3. құрадым. Бұл сөзімде жалған жоқ. Түрік қаған Өтүкен – жынысында 
отырса, елде мұң жоқ. Шығыста – Ілгері Шаңдуң жазыққа дейін 
жауладым. Теңізге кішкене жетпедім. Түстікте – Тоғыз Ерсенге дейін 
жауладым, Түбүтке (Тибет) кішкене жетпедім. Батыста Інжу өзенін
4. кеше Темірқақпаға дейін жауладым. Терістікте Жер-Байырқу жеріне 
дейін жауладым. Бұнша жерге дейін жорыттым. Өтүкен жынысында 
игі ие жоқ еді. Ел тұтпақ жер [осы] Өтүкен жынысы еді. Бұл жерде 
отырып Табғач халқымен бірге [иық тіресіп]
5. қатар түздім. Алтын, күміс, ішкілікті, жібекті есепсіз сонша берген 
Табғач халқының сөзі тəтті, ақығы (қазынасы) еді. Тəтті сөз, асыл 
қазынасымен арбап, жырақтағы халықты өзіне соншама жақын-
датар еді. Жақын қонғанымызда жағымсыз қылыққа үйір болар 
едік.
6. Жақсы, білікті кісілер, алып кісілер ілеспес еді. Бір кісі жаңылса, 
иелігіндегі халқы, бесігіне дейін (ұрпағының ұрпағына дейін) 
жапа шегуші еді. Тəтті сөз, қымбат дүниесіне алданып, түрік 
халқы, өлдің. Түрік халқы, қырылдың. Шұғай жынысының бергі 
жағы Төгүлден жазығы
7. Қоныстанамын десең, түрік халқы, ол [өз] үлесің. Сонда жау 
(дұшпан) кісілер былайша азғырған еді: «Жырақ кетсең жаман 
ақығ берер, жақын болсаң  жақсы ақығ берер»,  деп аздырған еді. 
Біліксіз кісілер ол тілді алып, жақын барып, көп қырылдық.
8. Ол жерге барсаң, түрік халқы, өлімшісің сен. Өтүкен жерінде 
отырып, керуен жіберіп отырсаң, онда мұңың жоқ. Өтүкен жы ны-
сында отырсаң мəңгі ел тұтып отырар ең сен. Түрік халқы, тоқ та, 
аш та болдың сен. Аштықта тоқтықты түсінбедің сен. Бір тойсаң 
ашықпайтындай боласың сен.
9. Сондайлығыңнан [өзіңді] көтерген қағаныңның тілін алмадың. Жер-
жерге бардың. Əбден содан алқындың, арыдың. Анда қалғандары 
жер-жерде қаңғып өлімші боп жүрді. Тəңірі жарылқағандығы үшін, 
өзімнің құтым бары үшін қаған отырдым. Қаған отырып,
10. жоқ, шығай (кедей) халықты əбден көтердім. Шығай халықты бай 
қылдым, аз халықты көп қылдым. Кəне, бұл сөзімде өтірік бар ма? 
Түрік бектері, халқы, бұны естіңдер! Түрік халқын теріп (жиып) ел 
тұтқандарыңды мұнда бастым. Жаңылып, бытырағандарыңды да


 176
177
11. мұнда бастым. Нендей бір айтар сөзім болса, мəңгі тасқа бастым. 
Мұны көріп біліңдер, түрік халқы, бектері, бөдке (тақ иесіне) 
кіріптарсыңдар ғой, жұртыңмен бірге жаңылғышсыздар ғой сіздер. 
Мен мəңгітас тіктім (тұрғыздым). Табғач қағаннан бедізші келтір-
дім. Бедіз еттім. Менің сөзімді бұзбады. 
12. Табғач қағаны Орда бедізшісін жіберді. Мүсін, сурет, барық жа-
сат тым. Ішіне, тысына өрнек салдырдым. Тас тоқыттым (қалат-
тым). Көңілдегі сөзімді бастырттым..... [.........] он-иелік ұрпағыңа, 
кірмелеріңе дейін бұны көріп біліңдер! Мəңгі тас
13. тоқыттым. Бұл киелі жер еді. Қазір де киелі жер. Осындай киелі 
жерге тас тоқыттым, жаздырдым. Бұны көріңдер, осылайша білің-
дер. Ол тасты тоқыттым. Бұл жазуды жазған – Иоллығ-тегін.
14. Күлтегіннің алтынын, күмісін, ақығын, дүние-мүлкін, төрт мың 
жылқысын, [ірі] қарасын [қағанның] айтуы бойынша Тұйғындар 
таратты. ....бегім тегінге жоғарыдан Тəңірі болысар .. [..........]. Тасқа 
жаздым. Иоллығ-тегін [біз] жаздық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет