Шығыс жағы
13. Тұттым бір
Онда Бүкегүкке жеттім. Кешке күн бата соғыстым, онда жеңдім.
Жарықта қашып, түнде жиналды. Бүкегүкте Сегіз оғуз, Тоғыз
татар қалмаған. Екінші рет тағы күн туа соғыстым. Құлым, күңім
халықтың тəңірі.
14. Жер күш берді. Онда жеңдім. Жазықты атаулыны тəңірі ұстата берді.
Қара халықты жоқ қылмадым, үйін, барағын, жылқысын алмадым.
Енді халқым /соңымнан/ ер, – дедім. Қойып кеттім.
15. қудым. Бұрғуда жеттім. Төртінші ай тоғыз жаңасында соғыстым,
жеңдім. Жылқысын, барымтасын, қызын, əйелін əкелдім. Бесінші
айда қайта келді. Сегіз оғуз, Тоғыз татар қалмай келді. Селеңгіден
Йылун қолдан Шып басына дейін шеріктер қойдым.
16. Кергүн Сақышын Шып басымен жүре келді.
Селеңгіге /дейін/ шеріктер қойды. Бесінші ай жиырма тоғызында
соғыстым. Онда жеңдім. Селеңгіге /дейін/ сыға шаныштым. Теп-
тегіс қылдым. Көпшілігі Селеңгімен төмен барды. Селеңгіні өте,
соңынан жүрдім. Ұрыста ұстап он ер жібердім.
17. Тайбілге тутық оңбаған үшін, бір-екі оңбаған атты үшін қара
халқым өлдің, жіттің. Қалғаның бағын, өліп жітетін сен, – дедім.
Маған қызмет қыл, – дедім. Екі ай күттім. Келмеді. Сегізінші ай бір
жаңасында əскер жүргіздім, – деді. Тулылар жолға шыққанда
18. атты ер/лер/ келді; жау келе жатыр, – деді. Жау бастығы жақындап
келеді. Сегізінші ай екі жаңасында Ащы Алтыр көлде Касуйден өте
/олармен/ соғыстым. Онда жеңдім. Содан кейін соңына түстім. Сол
айдың он бесінде Кейре бас мен Үш Біркүде татар/лармен/ кездес-
тім. Халықтың жартысы
19. бағынды, қалған жартысы
/қытан/ға қосылды. Содан соң кейін шегіндім. Өтүкен жерін
қыстадым. Жаудан құтылдым жəне босандым. Екі ұлыма жабғы
жəне шад деген ат бердім. Тардуш, төлес халқын бердім. Бұдан соң
барыс /750/ жыл чикке қарсы аттандым, екінші ай он төртінде Кем
өзенінде
20. жеңдім. Сол жылы /чик/
бағынды
басы ағырақ сонда орда орнаттым. Жаз сонда жайладым.
Құлшылық етуді сонда жасадым. Жазуды сонда жаздырдым. Бұдан
кейін сол жылы күзінде ілгері жүрдім, татарға аттандым. Қоян /751/
жыл
21. бесінші айға дейін
Өтүкен йыш басы онда
Іңіз басы онда Ыдуқ башы кейінде,
Йабаш Тоқуш құйылысында жайладым. Ол жерден сарай салғыздым,
қорған қабырғасын орнаттым. Мың жылдық он мың күндік сонда
тегіс тасқа
22. жаздырдым. Тоғыз оғуз
Бектер келді.
/Олар/ жау болды, Өгүн Бек пен Қарабұлақта тұрды.
Қырғызға қол жіберді «Сіз шығыңдар, чиктерді тұрғызыңдар» –
деген. Мен шығайын, – дедім. «Байқа, азат бол. Тоғайда
23. бірігеміз» – делінген. Өтүкен
деген
/айдың/ тоғыз жаңасында қолмен шабуылға аттандым. Тутық
бастап, чикке мың қол жөнелттім.
Оның одақтастарына аз-аздаған əскер
жібердім. Қырғыз қаны Көгмен ішінде
24. /өзінің/ үй-жайында. Əскерін одан əрі жөнелтті. Менің қолым тиісті.
Тіл ұстап қағаныңа.
202
203
Достарыңызбен бөлісу: |