«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет73/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

ҒҰН ТƏҢІРҚҰТТАРЫ 
Түркі халықтарының арғы тегі болып саналатын ғұндар б.з. 581 ж. аралығындағы 
Ғұн империясын құрып, əлемдік адамзат тарихында үлкен із қалдырды, рухани 
мəдениеті ерте қалыптасқан өркениетті халық екенін де дəлелдеп берді. Қытай тарихы 
мен жылнамаларында ғұндардың тарих сахнасына шығып дəуірлеу, əлсіреп ыдырау, 
мемлекеттілігінен айырылып, жойылу барысы туралы көптеген құнды деректер 
берілген. Қытайдың көрнекті түркітанушы-тарихшысы Линган осы бай материалдар 
негізінде 1984 жылы Пекинде «Ғұн тарихының жылнамасы» атты кітап шығарды. 
Ғұндардың көне замандағы тарихын жылнамалық тұрғыда баяндаған бұл құнды 
басылым 2004 жылы Түркістан қаласында алғаш рет қазақ тілінде жарық көрді.
«Ғұн тарихының жылнамасын» көне қытай тілінен аударған А.Мүтəліп пен 
Т.Жиылұлы осы қазақша басылымда осыған дейін Қытайдың «Ресми тарихтарында», 
əдеби топтамалары мен жылнамаларында ғұндарға қатысты тарихи материалдарды 
жинап, жүйелі түрде бір ізге келтірді.
«Əдеби жəдігерлердің» 1-томына осы «Ғұн тарихының жылнамасы» кітабының 
ерте замандағы ғұндардың атақты басшысы Мете тəңірқұты (қазақ тарихында Мөде 
деп аталады) мен оның мирасқоры Леузаң тəңірқұттың дəуірлеп тұрған кезеңін 
баяндайтын жылнама баяндарын беріп отырмыз.
Б.з.д. 209 жылы – бұл баян «Ғұн тарихының жылнамасынан» (Түркістан, 2004. 
18–19-бб.) алынып, сол күйінде берілді.
Тəңірқұт – ғұндардың ең жоғары билеушісі. Аспандай тəңір, құт деген мағынада 
қолданылған.
Нəтшені синологтар ножы деп те, ружы деп те, яушы немесе ұлы иузі деп те 

Геродот. История: Скифия и поход Дария на скифов. Кн. 4. гл. 1

44. С введением, примеч. 
24 рис. и географическими картами. СПб. 1888.
2
Аманжолов К., Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. І том. Алматы, 1996. 15-б. 


 424
425
жазып жүр. А.Мүтəліп пен Т.Жиылұлы 1998 жылы Пекинде жарық көрген «Жұңго 
тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер» (1-кітап) жинағы бойынша нəтше деп 
берді. 
Б.з.д. 206 жылы – Мете (Мөде) тəңірқұттың жер мəселесіне байланысты сыртқы 
жауларға қарсы батыл тойтарыс туралы қазақтар арасында кеңінен тараған аңыз Қытай 
жылнамасында егжей-тегжейлі баяндалған.
Бұл жылнама баянында айтылатын луфандар Шүнию дəуірінің соңғы кезінде 
Қытайдың қазіргі Шани өлкесін мекендеген тайпа, кейін қазіргі Ішкі Моңғолия жерінде 
қоныстанған.
Хенəнуаң – сол замандағы Хенəн жерінде билік жүргізген адам.
Деңлең Телелер – қазіргі Байкал көлінің оңтүстігін мекен еткен тайпалар.
«Ғұн тарихының жылнамасы» кітабы бойынша берілді (19–20-бб.).
Б.з.д. 202 жылы – ғұндардың əкімшілік, əскери, шаруашылық жүйесін, лауазым-
мансаптары мен салт-дəстүрін сипаттаған жылнамалық баян. 
«Ғұн тарихының жылнамасы» кітабы негізінде берілді (21–22-бб.).
Б.з.д. 182 жылы – бұл жылнамалық баян да «Ғұн тарихының жылнамасы» кітабы 
бойынша беріліп отыр (28-б.).
Б.з.д. 181 жылы – бұл баян да «Ғұн тарихының жылнамасы» кітабы негізінде 
берілді (28-б.).
Б.з.д. 179 жылы – бұл жылнамалық дерек те «Ғұн тарихының жылнамасы» 
бойынша томға енгізілді (29-б.).
Б.з.д. 177 жылы – бұл баян да аталған кітап бойынша берілді (29-б.)
Б.з.д. 174 жылы – Мете тəңірқұттың билік басындағы соңғы 36-жылы мен оның 
ұлы Лаушаңның (Леузаң) тəңірқұт тағындағы бірінші басқару жылын сипаттайтын 
жылнамалық баян.
Ружы – Қытайдың батыс өңіріндегі ежелгі тайпалардың бірі, осы аймақта мемлекет 
құрған. Ғұндардан жеңілгеннен кейін екіге бөлінген: ғұндарға бағынған бөлігі – ружы, 
ал батыс жақтағы Іле өзені бойына ауып келгендерін ұлы ружы деп атаған. Бичурин 
ружыларды «изулар», Н.Мыңжан «иүзілер – ұлы иүзілер» деп, ал Қытайдағы қазақ 
аудармашылары «нүкше», «нəтше» деп алған. А.Мүтəліп пен Т.Жиылұлы дыбыстық 
оқылуына қарай «ружы» деп аударған.
Лаузаң – Мете тəңірқұттың үлкен ұлы. Өз аты Күйік. Таққа отырған кезде «Лаушаң» 
деген тəңірқұт атағы берілген. Көне қытай оқылымы бойынша Леузаң тəңірқұт деп 
аталғандықтан, А.Мүтəліп пен Т.Жиылұлы да осылай қолданған.
Бұл баян да «Ғұн тарихының жылнамасы» кітабы бойынша берілді (31-б.).
Б.з.д. 166 жылы – ғұндардың Метеден кейінгі көрнекті басшысы Леузаң тəңірқұт 
билеген кезеңнің ерекше оқиғасын əңгімелеген баян.
Бұл жылнамалық баян да А.Мүтəліп пен Т.Жиылұлы аударып дайындаған «Ғұн 
тарихының жылнамасы» кітабынан алынып (33-б.), осы томға берілді.
С. Қорабай


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет