«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет97/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

    Бұл бет үшін навигация:
  • КТ.І.21
КТ. І.6: 12) 
нұсқаны В.Томсен «kiηesürtükin» (249.99) деп оқыды. 
Одан кейін барлық зерттеушілер Томсеннің ізімен кеткен. Бұл нұсқадағы оңнан солға 
қарайғы үшінші əріп (?) емес, (k) фонемі. Сондықтан «kiksürtükin» деп транск рип-
циялап, «кектескендіктен» деп аударған жөн. kik/kek (MK.II.293) қазақ тілінде де 
«кек, кектесу».
13) «tabγačγy» (КТ.7) сөзін С.Е.Малов дұрыс аудара алмаған. «Tabγačγy begler tabγač 
atyn tutpan» деген сөйлемді С.Е.Малов «приняв титулы правителей народа Табгач . . .» 
(97.37) деп аударған. «Tabγačγy» сөзіндегі -γy-(-gi,-qy-ki) жұрнағы – зат есімнен сын 
есім тудыратын жұрнақ. Демек, сын есім тудырғанда сол затқа тəуелділікті білдіре-
тін мағына береді. ; jajγy (жазғы), qysqy (қысқы), ajqy (айғы), ičreki (ішкі) т.т.с.с. 
Tabγačγy – табғачтық, табғачшыл.
КТ.І.13: 14) Түркі қағаны қағанатты саяси əкімшілік аймаққа бөлген. Онда: Төлес 
(сол), тардуш (оң) қанатқа жəне ічрекі (орталыққа – ордалыққа) бөліп басқарды. 
Үкіметтік бұл жүйені түркі текті көшпелілер Хунну заманында қолданған. Хуннулар
оң қанатты тучи/чжуки (22.І.48), сол қанатты чули (Бичуринде лули 22.І48) деп атаған.
Түркілер тардуш қанаттың басшысына «ябғу», төлес қанаттың басшысына «шад» 
лауазым беріп отырған. (138.120–121).
15) «Toquz-oγuz». Б.з. 477–499 жылдар аралығында Орталық Азияда өздерінің 
конфедерациясын құрып иелік еткен хуй-хулар, б.з. 606–611 жылдары Алғашқы 
Түркі қағанатының құрамынан шығып, жеке иелігін жариялаған «Оухyлар» осы 
оғыздар (120. 149–176).
КТ.І.21: 16) Qadyrqan-jyš= Қадырхан жынысы. Солтүстік Қытайдағы бүгінгі 
Киянган (Хиянган) жотасы.
КТ.І.23: 17) «Körgüηün üčün igitmis biligе qaγanyη ermis, barmys. Edgü eliη, Kendü 
jaηyldyγ, jablaq kigürtig» сөйлемін бұған дейінгі зерттеушілер дұрыс түсінбей, дұрыс 
аудара алмай келді. Бір ғана С.Е.Маловтың аудармасын алсақ: «Ты сам провинился 
и сделал низость (по отношению) к твоему кагану, возвысившему тебя ради твоей 
же преданности, и (по отношению) к твоему племенному союзу, хорошему по своим 
качествам и делам» (97.39). Мұны біз төмендегіше аудардық: «Бағынғаның үшін игі 
еткен білікті қағаның болғандай-ақ болып еді. Жақсы елің өзі қателесті, жамандыққа 
батты». Зерттеушілер «biligе qaγanyη ermis barmys» деген сөйлемдегі қатар келген
«ermis», «barmys» етістіктерінің түпкі мағынасын түсіне алмаған. «ermis» (болған) 
өткен шақ етістік. Ол етістік аздай-ақ, «barmys» – «бар болған, бар еді» деп тағы көр-
сеткен. Біз осы қабаттаса келген екі етістікті «болғандай-ақ, болған» деген тіркеспен 
бердік. Байырғы мағынасы осыны көрсетіп тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет