«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет114/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

ТАРИАТ ЕСКЕРТКІШІ
Ескерткіш 1967 жылы Моңғол Халық Республикасының Аранхай аймағы
Самсон мекені маңынан табылған. Жазба табылған бойда оқып, транскрипция
аудармаларын жасау түрколог М.Шинэхуға жүктеледі. Ғалым жазуларды оқып, оны 
көпшілікке таныстыру мақсатында ескерткіш туралы бірнеше мақала жазып, 1975 
жылы моңғол тілінде монография жариялайды. 
Ескерткіштегі айтылатын оқиға VІІІ ғасырдағы ұйғыр қағанның ең алғашқы 
қағаны Мойын-Чорға арналып қойылған ескерткішке ұқсас, ондағы кейбір жолдар да 
біріне-бірі жақын келетіндігі байқалады. Бірақ екеуі екі басқа ескерткіш.
Ескерткіш уақыт өте келе, қар, жаңбыр жəне желдің əсерінен бұзылған, көптеген 
таңбалар /əріптер/ жойылып кеткен. Кейбір сөйлемдер мен сөз тіркестерін анықтау 
өте қиын.
«Тариат» жəдігері жөнінде тарихшы С.Г.Кляшторныйдың жəне Ғ.Айдаровтың 
мақалалары газет жəне журнал беттерінде жарық көрді.
Томда Ғ.Айдаровтың осы ескерткішті аударған мəтіні ғалымның «Орхон 
ескерткіштерінің тексі» кітабі (1990) бойынша берілді.
С.Қорабай
СУДЖА ЕСКЕРТКІШІ
Ескерткіш Иақлақар ханға арналып қойылған. Оны 1909 жылы Г.И.Рамстедт 
қазіргі Моңғолияның оңтүстігіндегі Суджин-Цаван атты төбе маңынан тапқан. 
Ескерткіш мəтіні алғаш рет 1913 жылы – Хельсинки, содан соң 1926 жылы Ташкент 
қаласында жарық көрді. Жəдігер мəтіні жөнінде түркітанушылар арасында əр түрлі 
пікірлер бар. 
А.Н.Бернштам мəтіндегі Иақлақар сөзіне айрықша мəн беріп, оны ІХ ғасырдағы 
ұйғырларды жаулап, өзіне қаратқан қырқыз ханы ретінде қарастырады. Бұл пікірді 
тарихшы С.В.Киселев те қолдайды. Ал С.Е.Малов ғалымның бұл пікіріне түбегейлі 
қарсы. 
«Суджа» ескерткіші жөнінде тереңірек зерттеуді қажет ететін мəселелер əлі көп.
Ескерткіш мəтіні Ғ.Айдаровтың «Орхон ескерткіштерінің тексі» кітабы (1990) 
бойынша дайындалып, томға енгізілді. 
С.Қорабай
МАЙДА ОРХОН ЕСКЕРТКІШТЕРІ
Майда Орхон ескерткіштеріне Ихе-Асхетеден табылған 1 жəне 2-ескерткіш 
жатады.
ИХЕ-АСХЕТЕ ЕСКЕРТКІШТЕРІ
1-ескерткіш
Ескерткішті алғаш ботаник Н.П.Левин, содан соң Н.М.Ядринцев пен Д.А.Клеменц 
1893 жылдары тауып, ескерткіш суреттерін В.В.Радловқа табыс етеді. Ескерткішпен 
алғаш рет 1897 жылы В.В.Радлов, 1936 жылы түркі ғалымы Х.Н.Орхун жəне 1959 
жылы С.Е. Малов шұғылданып, мəтіндерін жариялады.
В.В. Радловтың пікірінше, жəдігер Орхон ескерткіштері мəтіндеріне жақын. 
2-ескерткіш
Ихе-Асхетеден табылған екінші ескерткіш төрт жолдан тұрады. Мұны да алғаш 
зерттеген В.В. Радлов.
ХОЙТО-ТАМИР ЕСКЕРТКІШТЕРІ
Хойто-Тамир ескерткіштері қатарына майда он ескерткіш жатады. Ескерткіштерді 
бірінші болып оқыған – В.В.Радлов. Бұдан соң ескерткіштермен В.Томсен, С.Е.Малов, 
түркі ғалымы Х.Н.Орхун шұғылданып, мəтіндерін жариялады.
Майда Орхон ескерткіштерінің томға енгізілген мəтіндері Ғ.Айдаровтың «Орхон 
ескерткіштерінің тексі» кітабы (1990) бойынша дайындалды. 
С.Қорабай


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет