«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


ИАБАҚЫЛАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖЫРЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет75/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

ИАБАҚЫЛАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖЫРЛАРЫ
«Иабақыларға қарсы күрес жырлары» – ертедегі түркі тайпаларының сыртқы 
жауға күресін баяндайтын жыр. Будыраш тайпасының жорығына қарсы бас көтерген 
батырлардың имек, басмыл тайпаларымен бірлесіп, жау шабуылына дайындалған 
қарекеті екпінді жыр үлгісімен көркем сипатталады, жан-жақтан анталаған 
будыраштардан төнген қауіпті ойлап алаңдаған халықтың қайғы-қасіреті жырау 
назарынан тыс қалмай, елдік мəселесі көтеріледі.
Бұл өлең мəтінін де көрнектіі ақын Фариза Оңғарсынова ертедегі жыр 
ерекшеліктерін сақтай отырып, түпнұсқадан қазақ тіліне аударды. Жыр мəтіні ақын 
аударған М. Қашқаридің «Жаз бен қыстың айтысы» жинағында (1985) жарияланды. 
Томда осы басылымдағы мəтін негізге алынды.
С. Қорабай


 426
427
ЕРЛІКТІ АҢСАУ
«Ерлікті аңсау» – бұл жыр да ертедегі түркілердің сыртқы жауларға қарсы ерлік 
істерін баяндайды. Жыр үлгісі ХV–ХVІІІ ғасырлардағы ақын-жыраулар поэзиясының 
тамыры терең ғасырлар қойнауында жатқанын нақты дəлелдейтін бұл жыр мəтіні 
М.Қашқаридің «Диуани лұғат-ит-түрк» еңбегінде жарияланған. 1985 жылы көрнекті 
ақын Фариза Оңғарсынова осы атақты туындыдағы ежелгі жыр үлгілерін қазақ тіліне 
аударып, «Жаз бен қыстың айтысы» деген атпен кітап етіп шығарды. «Ерлікті аңсау» 
жырының мəтіні де осы кітап басылымы бойынша беріліп отыр.
С. Қорабай
БЕЛГІСІЗ БАТЫРДЫ ЖОҚТАУ
«Белгісіз батырды жоқтау» – ертедегі белгісіз түркі батырының қазасына арналған 
жоқтау. Ерлік істерімен ғана емес, адамгершілік, имандылық қылықтарымен де 
елге танылған хас батырдың ажал құшқан сəті көркем кестеленген. Бұл жоқтау 
да М. Қашқаридің «Диуани лұғат-ит-түрк» еңбегінде жарық көріп, кейін ақын 
Фариза Оңғарсынова түпнұсқадан қазақ тіліне аударды. Ақынның бұл аудармасы 
өзі тəржімалаған М.Қашқаридің «Жаз бен қыстың айтысы» жинағында (1985) 
жарияланды.
Томда жырдың осы басылымдағы мəтіні беріліп отыр.
С. Қорабай


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет