428
429
еңбегін
пайдалана отырып, өзінің «Хуастуанифтке» арнаған еңбегін толықтырады
6
.
Ежелгі түркі тілінде жазылған көненің көзі «Хуастуанифт» жайында түрколог ғалым
С.Е.Маловтың да зерттеуі жарияланады
7
. Ал 1963 жылы Л.В.Дмитриева жоғарыда
айтылған нұсқаларды салыстыра отырып, өзінің ғылыми зерттеуін ұсынады
8
.
Манихейлік құлшылыққа арналып жазылған «Хуастуанифт» дұғасы қай уақытта
жазылғаны нақты белгісіз. Дұғаның тіліне, стиліне қарап В.В.Радлов мұраны біздің
дəуіріміздегі V ғасырда аралас түркі тілінде жазылған деп топшылайды. Дұғаның
діни болғанымен де, əдеби құндылығы жөнінде С.Е.Малов: «Ол – Орта немесе
Орталық Азияда пайда болған ежелгі түркі əдебиетінің ең көне ескерткіштерінің бірі.
Ескерткіш Орта Азияға (Өзбекстан мен Қазақстанға) Ислам дінін таратушылардың
қолынан аман қалды», – деп жазады
9
.
«Əдеби жəдігерлер» сериясы бойынша қазақ тілінде алғаш жарияланып отырған
«Хуастуанифт» мəтінін біз Л.В.Дмитриеваның еңбегі бойынша беріп отырмыз.
Л.В.Дмитриева өз еңбегінде А.Лекок, В.В.Радлов, С.Е.Малов зерттеулеріне талдау
жасап, мəтін жолдарын өз орындарына өте мұқияттылықпен қоя білген. Бұл жөнінде
ол: «Алғашқы 39 жол берлиндік нұсқадан алынды. Одан кейінгі 40–48-жолдарды
берлиндік жəне лондондық нұсқаларды салыстыра отырып қойғанымызбен де, көбіне
берлиндік мəтін пайдаланылды. 49–73-жолдар тұтастай лондондық жазбадан алынып,
тек бірнеше фрагменттері ғана ленинградтық мұрамен салыстырылып берілді. Ал
қалған 74–221-жолдарда тұтастай ленинградтық нұсқа қолданылды», – деп көрсетеді
10
.
Дұғаның алдыңғы 73 жолы манихей əрпімен хатқа түссе, 74–221-жолдар көне ұйғыр
жазуымен жазылған.
Жоғарыдағы зерттеу еңбектерінде «Хуастуанифттің»
авторы жайлы дерек
келтірілмеген. Бірақ манихейлік дұғада екі адамның есімі аталады. Онда:
Достарыңызбен бөлісу: