186
күй аңыздар
бие құлындаған жылдардың бірінде бір қоңыр құлын туады.
Енді бір биеден тағы да бір қоңыр құлын туылса да, құлыны
өліп қалады. Сонымен Бежеңнің қоңыр биесінен туған қоңыр
құлын өз енесі мен құлыны өлген биені қатар емеді. Келесі
жылы
өз енесі қысыр қалып, қоңыр құлын тайынан құнанына
дейін арда емеді. Бежең осы қоңыр құнанды жастай өсіріп, бас
үйретіп, жуасыған соң, өз мінісіне алады. осы қоңыр ат жа-
рысса, озатын, қуса, жететін, неше түрлі әсем жүрісті, сурет
тұлғалы ерекше жылқы болады.
Телқоңырына ерекше разы
болған Бежең «Телқоңыр» деген күйін арнайды.
193. «Көк иірім кеңес»
Айтушылардың аңызына қарағанда, Бейсенбі Көк иірім
кеңесіне екі рет барған. Бірінші рет барғанда найман-керей
ортасындағы жер талас бітімін найман билерімен келісіп,
бітіріп қайтқан екен. Келесі жылы жер талас қайта өршіп,
үлкен
төбелес шығып, екі жақтан адамдар сойылға жығылып,
бас жарылып, көз шығып, қол-аяқ мертігіп, бұл істер бітімсіз
дауға айнала бастаған.
Әсіресе керей жақтан бір жігіттің басы айырылып, өліп қала
жаздаған. Наймандар жағы керейдің жаралы адамын қолына
салсақ, ауыр жарақатын көрген ызақор туыстарының бірі көзін
жойып, кісі құнына қалармыз. онан да
қолымызда бағып, өлсе
де, тірілсе де, көзбен көрелік дескен. Ал керей жағы адамымызды
өлтіріп, тығып тастадыңдар деп жарғы жазып, мал қуып алған.
Бұл ушыққан істі бітіруге найман жағы съез ашуды талап
еткен және керей биі Бейсенбіні шақыртқан. Бежең екінші
рет барғанда, ол жердегі
керей ауылдары қыс қатты болып,
малы жұтаған. Аштық-жалаңаштық жайлаған. «Жұт жеті
ағайынды» дегендейін сарысүзек ауру жүріп, адамдардан өлім-
жітім көбейген. Бежең ауылдарды аралап көріп, барын жоғы на
теліп, ақыл-кеңес айтып жанашырлық жасаған.
Әсіресе өткен жылы жер бөлісін мұқият істемей, екі жаққа
да көңілшектік істегеніне қатты өкінді.
Бұл жолы қатаң келіп,
жерді әділ бөлді. Екі жақты жақсы келісімге келтірді. Керей-
дің сойылға жығылған жаралы адамын туған-туыстарын ертіп
апарып, көзімен көрсетті. Қарсы жақпен ақылға келіп, дәрі гер
шақыртып, сойылға жығушылардың бағып-қағуына өткізді.
186
187
күй және күйшілер туралы аңыздар
Екі жақтың ерегесін тоқтатып, еліне қайтты.
Алайда Бежең
өзінің дәрменсіз күйде екенін сезіп, көп ой толқынына түс кен.
өзара береке-бірлікте болып, ірге бөлмей, алтыбақан алауыз
болмай, оқу-білімге ұмтылып, өнер үйренсек,
мұндай ауыр
жағдай тумас еді деп армандаған. осы арман сапарында «Көк
иірім кеңес» туған.
Достарыңызбен бөлісу: