190
күй аңыздар
Құда жақ қыз ұзату тойын жасап келінді аттандырыпты деген
хабар жетісімен, тұңғыш келінінің
қуанышты тойын асыға
күткен Бежең, келін келуге бір күн қалғанда, ауыл іргесіндегі
төбеге кілем салдыртады да, ауыл ақсақалдарымен бірге ағыл та
әңгіме соғып, төгілте күй шертіп отырады. Келесі күні түс тен
кейін қыз ұзатқан құда-құдағилар көші ауылға жақындаған-
да ата салт бойынша келінді аттан түсіріп,
ауылға жаяу бас-
тайды. Кежімдеген келін атын мінген бойжеткен мен көш то-
сып жүрген балалар «көш келді!»,—деп шүйінші сұрай ауылға
келеді. Ауылдағы ақ самайлы әжелер мен Бежеңнің бәйбі ше сі
салт бойынша келіннің атына шашу шашып, балаларға шүйін-
ші беріп риза етеді. Қуанышқа бөленіп
сезім шаттығы шалқыған
Бежең көсілте күйге басады. Торқалы той, думанды қызықпен
жалғасып таратады. Алыс жерден келіп,
екшеліп қалған ерек ше
күтімдегі құда-жұрт, сыйлы қонақтар қош айтып, еліне қайту
үшін Бежеңнің үйіне келеді. Бұлардың ішіндегі қадірменді
қарт құдасы, қаратай руынан шыққан әйгілі би Мәметек те
бар еді. Бежең алыс сапардан келген
сыйлы қонақтарын жібер-
мей, тағы бірнеше күн жатқызып, дыр-думанды сауық-сайран
ұйыстырып береді. Мәметек би: «Бежең құда, сен қатынасқан
ұлы дүбірлі бас қосулардың бірде-бірі күйсіз
басталып, күйсіз
аяқталып көрген емес еді ғой! Қане, балаңның торқалы тойы-
на арнағаның болса, біз соны естісек» дейді. Қаумалай отырған
қалың жұрт бұл пікірді құптай жөнеледі.
Бежең домбыраның құлақ күйін келтіріп алады да: «тойға
арнаған екі күйім бар еді. Бірі—шүйінші сұрай
келген қуа-
нышты хабар шабытымен туған «Көш келді» атты күй; енді
бірі тұңғыш ұлымның думанды тойы басталғандағы қуа
ныш-
ты сезімнен туған «Той бастар» күйі дейді де, құйқылжыта күй-
ге басады. Айшықты жасалып, айызды
шертілген осы бір тәтті
күйлерден жан семіртерлік ләззат алған Мәметек би: «шір кін, аты-
затына сай ершімді-ақ күйлер екен қарағым, Тәңірім қол-аяғыңа
дерт бермегей,
отауың құтты, балаларың бақытты әрі ұрпақты
болсын!» деп ақ батасын беріп, ақ тілегін білдіріп аттанады.
Достарыңызбен бөлісу: