196
197
күй және күйшілер туралы аңыздар
207. «Былқылдақ»
Есіл бойында күйшілік, әншілік өнерімен елге танылған, ке-
дей де болса өз ортасында асау көктің тұқымындай сый-сыя пат,
қошаметке бөленіп жүрген бір қыз бар деп естіген Тәттім бет,
өнер десе өмешегі үзіліп, алтын қарағандай ентелеген күйші,
сол қызды көруге аттанады.
Айтса айтқандай, өнері мен
бағы өрлеп тұрған қыздың
күйшілік құдіретіне Тәттімбет айырықша сүйінеді әрі оған
құ марлығы артып, оның әр қылығын күндіз-түні бақылайды.
оның кедей қызы болған соң үйіне көмектесіп, бастаудан су та-
ситын жәйтін байқайды.
Бардам бай балаларына кеудесін алдырғысы келмейтін ке-
дей қызы әсем киініп,
кербез басып, тәкәппар, паң мінезбен су
көтерсе де, әсем қылықпен басатынын көрген Тәттімбет қыз
жүрісінен «Былқылдақ» деген күй шығарған екен.
208. «Жылқыда»
Арқа бойында бір жылдары қыс тым қатты болып, тұтас
жатқан адырларды қасаттанған
қар алып малға жайылым
бермейді.
осындай жұт белгісін сезген жылқышы Тәттімбет көршілес
найман елі отырған өңірге жылқы салып, өзі ел аралап сауық-
сайранмен болады. Еліне осындай өнерлінің келіп, өнерімен мәз
еткенін найман елі де теріс көрмепті.
Жылқысын қумай, өзін
қадірлі қонақ ретінде қарсы алады.
Жылқысы жұт көрмей, өзі қысты сайранмен алған Тәттімбет
ел мен жерге риза болып, «Жылқыда» атты күй шығарған екен.
Достарыңызбен бөлісу: