394
күй аңыздар
даны. «Тұсаукесер» /1974/, «Шалғайдағы мектеп» /1974/,
«Бей таныс» /1978/, «Ағайын» /1982/ сияқты кітаптары жа-
рық көрген. Құлжадағы А.Хасыми
атындағы педагогикалық
училищені /1957/, ҚазМу-дің филология факультетін /1968/
бітірген.
Қаймолдин Омар /1910-2011/—күйші. Қазіргі Семей об-
лысының Шұбартау ауданында туған. Домбыра тартуды ма-
мандық етпесе де, жан азығы еткен. репертуарында қалың
көпшілікке белгісіз күйлер көп. Әсіресе Байжігіт күйлерін көп
тартады. Алғашқы ұстазы—әкесі Қаймолда. үлкен атасы Шон-
тай да белгілі күйші болған. Әкесінен күйлер үйренумен қа тар,
рәмилә, рақыш, ысқақ, оразай
сияқты ел ішіндегі белгілі
күйшілерден шеберлігін толыстырған.
Қалбасұлы Сыбанқұл /1865-1945/
—күйші. Қазіргі ұйғыр
ауданына қарасты Кетпен тауының баурайында дүниеге кел-
ген.
Сыбанқұл жастайынан
қолына домбыра алып, еліне күй-
ші бала атана бастаған шағында ауыл-ауылды аралап, ел
ішіндегі күйшілерден күй, ән-жыр, аңыздар үйреніп, бойына
сіңіреді. Сонымен бірге өзі де күй шығара бастайды. ол
өмірде
қиыншылық көп көрген. Бір жағынан кедейшілігі қолын бай-
ласа, екінші жағынан жалпы елдің басына төнген аласапыран
аумалы-төкпелі заман да оның еңсесін басады. Сондықтан да
күйлерінің көбінің сарыны мұңды-зарлы келеді.
Қатшаұлы Шабдарбай /1936/—жазушы,
музыка тари-
хын зерттеуші. Монголиядағы Баян-өлгий аймағында туған.
1963 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика лық
университетін бітірді. «Көрімдік», «Күн ашық», «Қалқатай»,
«Алтай суреті» деп аталатын өлең кітаптарының, «Керім-ау
айдай»
атты пьесалар жинағының, «өрлеу», «өз қолымен»,
«Бақталас», «Түтін иісі» романдарының авторы.
Белгілі музыка зерттеушісі Ахмерұлы Қабыкеймен бірле сіп
қазақ ән-күйлерін, аңыз-әңгімелерін жинасуға атсалысқан.
Достарыңызбен бөлісу: