88
89
халық күйлерінің аңыздары
сүйеулі тұрған домбыраны алып: «Бұлдыр, бұлдыр, бұлдыр тау,
саған қашан жетем-ау, шу-шу жаным» деп күй шерткен екен.
Мұны түсінген қыз да көзіне жас алыпты. Екі ғашықтың бірдей
күйзелісін көрген үй иелері «бұ не күй?»
—деп сұрағанда жігіт:
«Бұлдыр тау» деген күй»,—дейді.
90. «Бозінген»
(І нұсқа)
Көктемнің
шуағын көріп, қойы төлдеп, қара шаңырақты
салар жалғыз інгендері боталап қарық болып отырған үйге тү-
нерген жәй бұлтындай жауыз шапқыншылар лап қояды.
Шапқыншылар үйді ойрандап, өрістегі малға тап береді.
осы қуғын ішінде қыр асып қана
жайылып тұрған бозінген де
кетеді.
Бозінген басы-көзге сабаланып, зорлықпен жетекте бара жа-
тып, өзінің артта қалған ақ ботасын қимай зар илеп боздап, тос-
тағандай жанарынан жас сорғалайды.
осылайша зар илеп бара жатқан
бозінген бір қолдан босай
қалған орайда сытылып кейініне қашады. Қуғыншылар қанша
қуғанымен жете алмай, ақыры күдер үзеді.
Неше күндік жолды зар еңіреп ботасына жеткен інгеннің
сүлдері қалған екен. Сонда боздап тұрған
бота да інгеннің алды-
нан жүгіріп табысады.
91. «Бозінген»
(ІІ нұсқа)
Қазақтың бақташылық өмірінен туған ғажап ертегілердің
бірі—«Бозінген» сюжеті. «Мұндағы Бағланбай малының құты
болған Бозінгенді тумады деп, бір шал мен кемпірге бақтырады.
Бозінген басы алтын, құйрығы күміс бота туғанда,
кемпір
мен шал інгенді бір керуеншілерге сатып жіберіп, ботасын
алып қалады. Қысқа ғана ертегінің көп жері ботасын жоқтап
жылаған Бозінгеннің зарлы даусына құрылған.
Бағланбай дың
екі баласы Бозінгеннің даусын танып, оны ботасына қосады.
Бозінгеннің жоқтауы:
Жаралғаннан жасымнан,
Күйіп, жанып сабылдым.
90
күй аңыздар
Тартып беру бала үшін,
үстіме кілем жамылдым.
Көрер күнім бар ма екен,
Мен ботамды сағындым.
Бұдан әрі өзі жат қолына түскен Бозінген ұшқан құстар дан,
түнде жортқан жапалақтан ботасының дерегін сұрайды. иесі
түйені құтқарып, ботасына алып
келе жатқанда да Бозінген
оны көруге асығып, адамша мұңданып, көз жасын төгеді.
Достарыңызбен бөлісу: