94
95
халық күйлерінің аңыздары
98. «Шыңырау»
(V нұсқа)
Самұрық дейтін құс болған екен. ол үнемі мұхиттың ор-
тасындағы бір үлкен бәйтерекке балапандап, балапандарына
жем тасығанда, бір ретте бірер айлық жемін әкеліп тастап ке-
теді екен. Самұрық тұяғына бес киіктен, он
тұяғына он киік іліп
әкеледі екен. ол бір жолы жем әкеле жатып, теңізден өтерде қа-
наты талып, бірде төмендеп, бірде көтеріле беріпті. Жемді тас-
тайын десе қимай, тастамайын десе
дәрмені кетіп шырылдай ды
екен. «Шыңырау» күйі сол самұрықтың зары екен дейді.
99. «Шыңырау»
(VІ нұсқа)
Шыңсысай өктемдігі заманында, халық мылтық тапсыру-
дың қыл бұраулы қысымына ұшырапты. осындай жан түрші-
гер лік қысымда үкімет бір азаматты, әншейінде тас бірдеме-
лерді тастап жібергенде, бір-екі минутқа дейін дүңгірлеп
дауысы есті ліп тұратын шыңырау құдыққа сүйреп апарады да,
тамам ха лық ты жиып алып, шешесінің зарлағанына қарамай:
«кімде-кім үкіметке қарсы шықса, осылай өлтіріледі!»
—деп
осы құдық қа тастайды. Кейін осы аянышты жағдайды Шақабай
шалап де ген адам «Шыңырау» деп күймен бейнелеген деседі.
100. «Шыңырау»
(VІІ нұсқа)
Бұрын осы дүниеде бір үлкен көл болған екен. оның ар жақ-
бер жағы көз жеткісіз, әрі түпсіз шыңырау екен. Сондықтан
жұрт оны «Шыңырау көлі» деп атасып кетеді екен.
осы көлден күзде жылы үйекке
қайтатын самұрық деген
алып құстың өзі әзер ұшып өткенде балапандарын алып өтуге
дәрмені жоқ самұрықтың зары төрт әуенмен шертілетін күй
болған.
101. «Шыңырау»
(VІІІ нұсқа)
Бір торғай өзінің екі жұмыртқасына иен далада қалған бір
жұмыртқаны әкеліп қосады. үш жұмыртқаны бірдей басып,
уақыты жеткенде үш балапан шығарады. Әлгі тауып әкел-
96
күй аңыздар
ген жұмыртқадан сүрепеті өз балапанынан бір басқа балапан
шығады.
Торғай «Қызылшақа ғой, біраз есейсін байқайық» деп
аялдай-аялдай жүріп, бір
жолы жем іздеп кетіп оралса, бір ба-
лапанының ақ үрпек жүні дода болып жатқанын көреді. Бақса,
әлгі бөтен балапанының аузы қан екен. Бірақ бұған тағы сен-
бей, тағы бір жолы келсе, екінші балапанын да додасын шыға-
рып жеп алып отырған екен. онымен тынбай өзіне тап беріпті.
Сөйтсе, ол қаршығаның балапаны екен. Сонда торғайдың
екі балапанынан айырылғанына,
өзінің қас жауын, өзі бағып
жетілдіргеніне өкініп опық жеп зарлаған «Шыңырау» деген
күй болған дейді аңыздардың бірі.
Достарыңызбен бөлісу: