«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет79/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

151. «Кәрібоз»
Бұрын біреудің Кәрібоз деген жүйрігі болыпты. Кәрібоз 
құнанынан бастап қартайғанға дейін рулы елдің ішінде болған 
ірілі-уақты барлық тойда алдына ат салмаған жүйрік атала-
ды. Кәрібозды көріп талай той иесі бәйгесін шаппай беріпті. 
Кәрібоз қартайып, алжыған шағында Салторының атағы 
жайы лады. Салторы көмбеден ат шыққан жерде-ақ, суырылып 
алдына шығып, сол күй шаңын көрсетпестен көш бойы бұрын 
келеді екен. Кәрібоз қырық жасқа келіп, жүрісінен жаңылып, 
қырқылжың тартқанда бір үлкен той болып, бәйгеге Салторы 
қосылады. Сағымдай сылаңдап, шұлғып басып, ауыздықпен 
алысып кетіп бара жатқан бәйге аттарын көрген Кәрібоз өріс-
тену шапқан күйі иесінің үйіне келеді де, жабыққа басын са лып, 
тықыршып тұрып алады. «Қасиетті жануарым алжыған екен», 
деп ойлаған иесі Кәрібоздың тықыршығына төзе алмай: «Тағы 


136
137
халық күйлерінің аңыздары
бір шауып келгісі келіп тұр ма?» дейді де жүгендеп, бір баласын 
мінгізіп, бәйгеге кеткен қалың аттың соңынан қоя береді. үйден 
шыға құйғыт жөнелген Кәрібоз ілезімде-ақ бәйге аттарды қуып 
жетіп, қатарға қосылады. Аттар межелі жерге барғаннан кейін 
қайтарылады. Салторы дағдылы әдетімен ә дегеннен-ақ оқ бойы 
атылып шығып, көпке дейін алдына ат салмайды. осы сәтте: 
—Мен бекерге жарыспан,
Мен қалғам жоқ жарыстан. 
Алыспан да, салыспан,
Салторыдан қалыспан,—
деп Кәрібоз да топ ортада келе жатыпты. Қыза шыққан 
Кәрібоздың қадамы қарыштай түседі. Сөйтіп, көмбелі жерге 
Кәрібоз Салторыдан бұрын келеді де, келе сап пышаққа ілінеді. 
Тойға жиналғандар «Қасиетті жылқы еді»,—деп Кәрібоздың 
етін бір-бір жапырақтан бөліп алады. 
152. «Майдажал»
Қазанғап деген адамға мыңдап жылқы бітсе де, соншама 
жылқының ішінен небір жүйрік, небір жорға бітпепті. «Ат 
шап пайды, бап шабады. Қаз мойынды жүйрігі, жол жұмсатар 
жорғасы жоқ. Барға бағымы, малға қыры жоқ адам»,—деседі 
екен қариялар Қазанғап туралы. Қариялардың айтқанына іш-
тей күйінген, әрі алдына жан салмас жорға мен жүйрікті арман-
даған Қазанғап уайымдайды да қояды екен. Сөйтіп жүргенде 
бір күні оған «Ел мені мал танымайды деп сөгеді. Мал танитын-
дарды әкеп таңдатайын, қалың жылқының ішінен бірі болма-
са, бірі табылар» деген ой келеді де, ат таниды-ау деген білгіш 
атаулыны ертіп кеп, жылқысын жиып бір-бірден көрсетеді. 
Бірақ қанша адамға көрсетсе де, жорға мен жүйрік шықпайды. 
Қазанғап шынымен-ақ жорға мен жүйрікті маңдайыма жаз-
баған екен деп, торығып отырған бір күні ауылға жалбыр ша-
панды жігіт келе қалады. Бай үйінен орта құрсақ тамақ ішкен 
жігіт бай әдейілеп сұрамаған соң, нендей шаруамен келгенін де, 
қайдан келгенін де айтпайды. Тысқа шыққан баймен ере шығып 
желі басына барады. Мама бие, жалды айғырлар мен желідегі 
құлындарға тесіле қарап тұрған жігіт бір мезетте байдан бөлініп 
шығып, желінің орта шенінде байлаулы тұрған сары құлынның 
қасына барып, ар жақ, бергі жағына шығып, көп қарайды да, 


138
күй аңыздар
байдың қасына келеді. Жалбыр шапанды жігіттің бұл әрекеті-
не таңданған бай одан құлынға неге қарағанын сұрайды. Сон-
да жігіт: «Жорғаның жорғасы болатын жануар екен»,—дейді. 
Бай қуанып кетеді де, жігітті үйіне ертіп келеді, қойын сойып 
құрметті қонағы болдырады, құлынның жорға болатын қандай 
белгілері барын, күту жолдарын сұрайды. Жігіт барлығын да 
асықпай отырып айтып береді. Бай сары құлынды сол күннен 
бастап жігіттің айтуы бойынша баптап бағады. Сары құлын 
тай болғанда майда жалы жер сызады, құнанынан бастап, өле-
өлгеніне дейін алдына шаң түсірмеген жорға болады. Қазанғап 
жорғасын «Майдажал» атайды. Майдажалдың жорғалауына 
таңданған домбырашы оны мақтап осы күйді шығарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет