Мәдениеттану Дәрістер мәтіні бакалавриат – 2 кредит


Дәріс № 4 Ислам Ренессансы мәдениеті



бет10/25
Дата03.01.2022
өлшемі143.2 Kb.
#450990
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
2 5395596207978450352

Дәріс № 4 Ислам Ренессансы мәдениеті

Ислам діні - араб мәдениетінің бастамасы.

Мұммед пайғамбар, оның бейнесі мен қызметі.

Шығыс ренесансы мәдени феномен ретінде. Әл – Фараби, Қ.А. Иассауи

Шығыс Ренессансының талай елдерді камтыған және 500 жылдан артық өркендеген типі мұсылмандық мәдени өрлеу дәуірі екендігі белгілі. Оның әл-Киңди, әл-Фараби, ибн-Сина, Фирдауси, Ж. Баласағұн, Қожа Ахмет Иассауи, Омар Хайям сияқты өкілдерінің рухани мұрасын меңгермей, қазір мәдениетті адам деп есептелу қиын. Бұл жерде осы ұлы құбылыстың мүсыл-мандықпен қатыеы қанша деген сұрақ заңды туады. Оның негізі Арабтар Орта Азия жерін 712 жылдан бастап жаулап алды. Осының нәтижесінде бүкіл афро-еуразиялық даланы біріктірген ортақ мәдениет қалыптасуына мүмкіндік туды. Бүл жағынан алғанда ислам діні осы елдердегі мәдениеттерді араластырып қорытып жаңа үлгі шығаруға себепкер болды. Арабтар жаулап алған көптеген елдерде (әсіресе, Иран, Үндістан, Египет, Си-рия) бүрынғы эллинистік өркениеттің рухы жоғалмап едд. /

Бүрыннан Орта Азиямен тығыз байланысты Қазақстан жеріне де ислам өз өсерін тигізді. Еліміздегі коптеген түрік тайпалары-ның мемлекеттік бірлестіктері ислам дінін бірден қабылдама-ған. Қарахандар мемлекетінде мүсылман дінін алғашқы қабыл-даған қаған Сатук, ал оның баласы Мұса 955 жылы исламды Қарахандар мемлекетінің ресми діні деп жариялады. X ғасырда оғыздар мен кыпшақтардың да бірталай болігі мұсылмандыққа отті. Жалпы алғанда, исламды қабылдау Қазақстан жеріндегі тайпалардың сол кездегі озық мәдениеттерге қосылуына мүмкіндік берді.

Осы кезден басталған мәдени өркендеуге мүсылманның ру-хани оміріндегі екі бағыттың бір-бірімен тайталасы Қазақстан жерінде де озінің терең әсерін қалдырды. Бірінші бағыт Пла-тон, Аристотель сияқты грек философтарына сүйенген Шығыс перипатетикасымен байланысты. Оның негізін салушы — дүниежүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші үстазы, ежелгі Отырар қаласында туған Әбунасыр Мұхам-мед ибн Мүхаммед ибн Тархан ибн әл-Фараби ат-Түрки. Әл-Фарабидің рухани мүрасы қазақстандық және басқа ғалымдар тарапынан ойдағыдай зерттелген. Ал әл-Фарабидің озі зерттеу жүргізбеген ғылым мен мәдениет саласы жоқ, Б. Ғафуровтың есебі бойынша, ол 200-ден астам трактат жазған. Әл-Фараби өзінің трактаттарын сол замаңдағы рухани-ғылыми кұрал са-налған араб тілінде жазғанымен, өз отанының ғасырлар бойы қалыптасқан мөдениетінен әрқашан нәр алып отырған. Әл-Фарабидің ұлылығы оның өз отанының мәдени көңіл-қалпына ирандық, үнділік жөне антикалық мәдениеттерді үштастыра білуі.

Әл-Фарабидің мәдениет туралы пікірлері негізінен араб мәдениетінің мына 4 тармағына байланысты: 1. Хақиқат (бір Алланың ақиқаттығын дәлелдеу). 2. Шариғат (мүсылмандық түрмыс-салт заңдары). 3. Тарихат (Аллаға қызмет өткен әулие-лер өмірі). 4. Маарифат (білімділік, парасаттылық идеялары).

Мыңжылдар тарихы бар Иран өркениетін бүл елді жаулап алған арабтар, осы мәдениеттегі өте терең парсылық әдебиетті меңгеру жолын әдеп деп түсінді. Әдепке жататын шығармалар өзінің қарапайымдылығымен, түсініктілігімен, ой үшқырлығы-мен адамды баурап алады. Әдепті адам ілімін әл-Фараби өзіне тән гуманистік түрғыдан қарастырады және осыңдай адамдағы бірінші қасиет деп оның парасаттылығын көрсетеді. Оның шы-ғармаларында кездесетін адамды «хайуани ақлиң (ақылды жан) деп анықтау кейінгі еуропалық ағартушылықтағы Ното заріеш-ке сабақтас. Ақылды жанмен қатар әл-Фараби еңбектерінде адамды «Хайуани маданиң (мәдениетті жан) деп анықтаудың да терең сыры бар.

Осыңдай түлғалық деңгейге ең алдымен ел басшысы көтерілуі керек. Ол өзінің аңдағыш қасиеті арқасында дана, философ, ке-меңгер, парасат иесі болып шығады, ал оның қиялдау қабілетіне қасиет дарыған адам пайғамбар, сәуегей және өмірдегі оқиғалар-ды түсінгіш, білгір болып көрінеді, — міне, осының бәрі оның тәңірілікті танып білетін болмысының шарапаты. Мәдениетті адам тәрбиелеу мәселелерін әл-Фараби өзінің «Қайырымды қала түрғындарының көзқарастары туралың, «Бақыт жолын сілтеуң, «Ақыддың мәні туралың, «Данышпандықтың інжу-маржаның, «Бақытқа жету жайындаң ж.т.б. трактаттарында жан-жақты тал-даған. Оның жиі қолданатын үғымы — «қалаң. Қаланы әл-Фара-би жай ғана қоныс, түрғын жер деп түсінбей, оны адамдардың мәдени топтары, мемлекет мағынасында қолданады. Бүрын ай-тып кеткеніміздей, тіліміздегі медениет үғымының арабшасы «маданиятң, мадина, яғни қала сөздерімен түбірлес. Ізгілер қала-сының түрғындары, ұлы үстаздың ойынша, өздерінің инабатты-лығымен, әділеттілігімен, білімділігімен, өнер сүйгіштігімен көзге түседі. Әл-Фарабидің адамзат мәдениетіне қосқан үлесін, оның төмеңдегі өлең жолдарынан жақсы байқаймыз.

Бауырым, сен теріс жолға түскен жандарға ерме,

Олардан аулақ жүр, кашанда әділдік жағыңца бол.

Бүл дүние — біз моңгі түратын мекен-жай емес,

Әлемде ешкім өлімді жеңе алмайды.

Адамдар олде күмға түскен із бе екен?

Біз соншалыкты дорменсіз болғанымыз ба?

Бір рет самал соқса-ақ, бәріміз

Мына өмірден үшты-күйлі жоғалып кетеміз бе?

Адамға бір сөттік кыска ғүмыр берілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет