Мәдениеттану Дәрістер мәтіні бакалавриат – 2 кредит


Коммуникативтік, қарым-қатынастық қызмет



бет5/25
Дата03.01.2022
өлшемі143.2 Kb.
#450990
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
2 5395596207978450352

Коммуникативтік, қарым-қатынастық қызмет. Бұл мәдениеттің қоғамдығы негізгі қызметтерінің бірі. Адамдардың қарым-қатынасы, мәдениеттер сұхбаттасуы - әлеуметтік шындықтың басым көрінісі. Адам ерекше бір өрісте – қарым-қатынас өрісінде болады. Руханилық пен ізгілік, әдемілік пен жақсылық тербелісі адамды нәзік тормен қоршаған; қоғамдық өмірде тек зат пен тауар ауысуы ғана емес, ең алдымен идеялар, мамандық, шеберлік тәжірибелерімен, сезімдік үлгілерімен ауысу толастамақ емес. Мәдениет игіліктерін жас нәресте анасының ақ сүтін еміп, оның әлди жырымен сезім дариясына шомылып қана адамдық қасиеттерді бойына сіңіре бастайды.

Ғылымда социализация (әлеуметтену) деп аталатын процесс те мәдени қарым-қатынасқа негізделген. Мәдени қарым-қатынастың түрлері дегенде олардың әмбебаптығына және көп мағыналылығына көңіл бөлу қажет.Мәдени құндылықтарды оларды жасаушылар және тұтынушылар арасындағы қарым-қатынас ретінде алуға болады. Мәдени туынды қаншама асыл болғанымен, егер ол рухани азық ететіндері белгілі бір себептермен жетпей жатса, онда ол мәдени айналыстан шығып қалады. Адам тұрмайтын үй қаңырап бос тұрады, отарба жүрмейтін темір жол – жай темір мен ағаштың үйіндісі, ешкім оқымайтын кітап – шаң басып жатқан қағаз. Мәдени болмыстың тірегі деп қарым-қатынасты айтамыз.

Мәдениеттің қоғамда атқаратын басқа да қызметтері жеткілікті. Зерттеушілер оның аксиологиялық, футурологиялық, герменевтикалық т.б. түрлерін атайды.

Өркениет адам өмірін қазіргі кезде тұтынудың жоғары деңгейіне көтерді.Дамыған елдерде « не жеймін, не киемінң сияқты мәселелер түбегейлі шешілген.

Мәдениеттануда типологияның бірнеше баламасы қабылданған. Мәдениеттануда негізінен үш бағытты бөліп алуға болады.Х1Х ғасыр тарих тұрғысынан мәдениет типтерін негізінен біртұтас дүние жүзілік өркениеттің қалыптастыру заңдылықтарына сәйкестендіре шешті. Дарвинистік эволюциялық ілім ықпалымен пайда болған бір бағыттық прогрессивтік мәдени даму тұжырымдамасы бойынша әртүрлі өркениет жоқ. Тек бір өркениет бар және де барлық дамыған елдер мәдениеттің ұқсас сатыларынан өтеді.

ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап адамзат ғасырлар бойы қалыптасқан, алайда жаугершілік пен алапат соғыстардың салдарынан жиі-жиі үзіліп қалған өзінің бірыңғай мәдени бірлігін қалпына келтіре бастайды. Осылардың ішінде белгілі философ-экзистенциалист Карл Ясперстің (1883-1969) белдеулік уақыт ілімі ерекше орын алады. К.Ясперстің пікірінше, адамзат біртұтас күйде пайда болған, негізгі даму бағыты ортақ және тағдыры мен болашағы ұқсас. Жалпыадамдық мәдениет пен өркениеттің қалыптасуына шешуші әсер еткен фактор-тарихтағы рухани даму, құдайлық сенімнің адамдарды баурап алуы. Бірақ әрбір дүниежүзілік немесе ұлттық дін өзара таластың салдарынан жалпыадамдық наным мен сананы қалыптастыра алмады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет