Мəдениеттану пəні дəрістер №1 Тақырыбы: МƏдениет ұҒымы жəне қҰрылымы жоспар



Pdf көрінісі
бет1/22
Дата25.03.2024
өлшемі2.27 Mb.
#496458
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Снимок экрана 2024—03—07 в 16.35.06



МƏДЕНИЕТТАНУ ПƏНІ
Дəрістер № 1
Тақырыбы: МƏДЕНИЕТ ҰҒЫМЫ ЖƏНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
Жоспар:
1. 
Мəдениет ұғымының қалыптасу тарихы.
2. 
Мəдениет – адамзат əлемінің айнасы.
3. 
Мəдениет ұғымының қалыптасу тарихы
Мақсаты: студенттерге мəдениеттану пəні, оның мақсаты жəне гуманитарлық білім жүйесіндегі орны
бойынша білім беру
Қазақ тіліне бұл термин арабтың “маданият” – қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл орта
ғасырлардағы мұсылман мəдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мəдениетке
берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен
көзге түсетіні мəдениет пен табиғатты “культура” мен “натураны” қарсы қоюшылық. Көне заманда
“культура” деген ұғым “жерді өңдеу” деген мағынаны берген. Кейінірек, дəлірек айтқанда, Цицеронның
еңбектерінде (б.э,д. 45ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, “жанды жетілдіру” деген ұғымды білдірді. Уақыт
өткен сайын еуропалық тілдерде мəдениет сөзі “білім беру”, “даму”, “қабілеттілік”, “құрметтеу” сияқты
мағыналарға ие бола бастады.
Қазіргі заманғы сөздіктерде мəдениетке төмендегідей анықтамалар берілген: а) мəдениет – белгілі бір
халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; ə) мəдениет – адамзат қауымының
белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мəдениеті, крит-микен
мəдениеті, қазақ мəдениеті жəне т.б.; б) мəдениет – адамдық əрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі
(сөйлеу мəдениеті, еңбек мəдениеті, құқық мəдениеті ж.т.б.); в) агро – мəдениет (дəнді өсімдіктер мəдениеті,
цитрустық мəдениет ж.т.б.).
Мəдениеттану ғылыми пəн дəрежесіне жету мақсатында, сөзсіз мəдениет археологиясына сүйенеді,
оның генезисін, өмір сүру мен дамуының құпияларын ашып, мəдени мұрагерліктің тəсілдерін жетілдіреді.
Бұл жұмыс үш дəрежеде жүзеге асырылады: 1) мəдениетті, оның базистік негіздерін сақтау: 2) мəдениетті
жаңғырту, мəдениеттің дамуына жаңаша ықпал ету; 3) мəдениетті трансляциялау немесе мəдениет əлемін
халықтың игілігіне айналдыру. Бұл үш дəреженің арқасында мəдениеттің сандық-салалық (ғылым, техника,
өнер, филисофия, экономика т.б.) сапалық сипатын тереңірек ашып көрсетумен қатар, мəдениеттің
құрылымын, тұтастығын, даму заңдылықтарын ашып көрсетуге мүмкіндік аламыз.Мəдениет – адамзат
əлемінің айнасы.
Қоғамдағы мəдениеттің төмендегідей қызметтерін айқындау бар:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет