Мəдениеттану пəні дəрістер №1 Тақырыбы: МƏдениет ұҒымы жəне қҰрылымы жоспар



Pdf көрінісі
бет5/22
Дата25.03.2024
өлшемі2.27 Mb.
#496458
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Снимок экрана 2024—03—07 в 16.35.06

Пысықтау сұрақтары:
1. Мəдени əмбебаптылық пен жеке дарашылдықты қалай түсінесіз?


2. «Жаһандану» ұғымын қалай түсінесіз?
3. Қазіргі қазақстандық мəдениеттегі инновациялық үдерістерді қалай түсінесіз?
№3 тақырып. Мəдениет семиотикасы
Жоспар:
1.Мəдениеттің мəтіндік жəне семиотикалық концециялары
2.Мəдениеттің негізгі рəміздері. Мəдениеттің рəміздері мен архетиптері.
3.Мəдениет формалары: миф, өнер, дін, мораль,
философия, құқық, саясат, ғылым, техника
Мақсаты: Мəдениеттің мəтіндік жəне семиотикалық концецияларына тоқталу. Мəдениеттің
рəміздері мен архетиптерін ашып көрсету. Мəдениет формаларын анықтау
Дəрістің мазмұны: Мəдениеттің мəтіндік жəне семиотикалық концецияларына тоқталу.
Мəдениеттің рəміздері мен архетиптерін ашып көрсету. Мəдениет формаларын анықтау.
1.Мəдениеттің мəтіндік жəне семиотикалық концециялары
Семиотика ( semeion - белгі, танба).Семиология-таңбалық белгілер
жүйесі туралы ғылым, адамзат қоғамына қызмет ететін салалардағы тіл,мəдениет, салт-
дəстүр,кино жəне т.б, ,табиғаттағы (жануарлар дүниесіндегі коммуникация) немесе адамның өз
қызмет-қабілетіндегі (заттарды көру, есту арқылы қабылдау, логикалық пайымдау) ақпараттың
сақталуы мен қабылдануына қатысты əр түрлі таңбалық жүйелердің құрылымы мен қызметінің
жалпы мəселелерін зерттейтін ғылыми пəн.
1. Мəдениетті зерттеуде адамның ақпаратты өндіру, айырбастау жəне сақтау барлық іс
əрекеті белгілі бір тұтастыққа ие деген бастапқы алғышарт болып табылады. Жеке алынған
таңбалық белгілер жүйелері имманентті ұйымдастырылған құрылымнан тұрады деп топшыланса
да бірбіріне сүйене отырып, яғни бірлікте ғана жұмыс істейді. Ешбір таңбалық белгі жүйесі
оңашаланған қызметпен қамтамасыз ететін механизмге ие емес. Бұдан шығатыны, семиотикалық
айналымдағы дербес ғылымдар сериясын құруға мүмкіндік беретін тұрғымен бірге, басқа да
мүмкін, ол көзқарас бойынша оның бəрі семиотикалық мəдениеттің жеке аспектілерін
қарастыратын, таңбалық белгілер жүйесінің қызметтік сəйкестігі жөніндегі ғылым. Осы тұрғыдан
қарағанда мəдениет тілінің иерархиялық түзілуі жөніндегі сұрақ, олардың ішіндегі салаларды
бөлу, бұл салалардың бірбірімен айқасуы немесе шектесуі жөніндегі жағдаяттар ерекше мəнге ие.
1.1. Семиотикалық тұрпатнамалық сипаттағы зерттеулерде мəдениет түсінігі бастапқы ретінде
қабылданады. Бұл жерде мəдениеттің өзіне өз тұрғысынан қарайтын көзқарасы мен оны
бейнелейтін ғылыми метажүйесінің көзқарасынан қарауды айыра білу керек. Бірінші ұстанымнан
қарағанда, мəдениет шектелген аймақ түрінде көрінеді, оған одан тысқары жатқан адамзат
тарихының, тəжірибесінің немесе ісəрекетінің құбылыстары қарамақарсы тұрады. Сонымен,
мəдениет түсінігі оны «мəдениет емеске» қарамақарсы қоюмен ажырағысыз байланыста. Оның


қандай ұстаныммен іске асуы (нағыз дін — жалған дінге, ағартушылықтың — надандыққа, белгілі
бір этникалық топқа кіру — оған кірмеу жəне т.с.с. антитезі), — берілген мəдениеттің тұрпатына
жатады. Алайда тұйық орта аясына кіргізілгендік пен одан бөлек болу сияқты қарамақарсылықтар
мəдениет түсінігін оның «ішкі» көзқарас жағынан ұғынуының ерекше мəнділігін құрайды. Осы
жағдайда қарама қарсылықты абсолюттендіру сипаты жүреді: мəдениет өзінің «сыртқы»
контрагентін қажет етпейді жəне имманентті түсінуге келмейтін секілді. 1.1.1. Бұл көзқараспен
қарағанда мəдениетті адамзат қоғамындағы ұйымдастыру (ақпаратты) саласы ретінде анықтау
жəне оған ұйымдаспағандықты (энтропияны) қарама қарсы қою суреттеліп отырған зерзаттың
ішінен берілген көптеген анықтамалардың бірі екені көрінеді; бұл XX ғасырдағы ғылым (бұл
жерде — ақпарат теориясы) тек қана метажүйе емес, сонымен бірге суреттеліп отырған «қазіргі
мəдениет» зерзатына кіреді. 1.1.2. «Мəдениет — табиғат» («істелген — істелмеген») оппозициясы
жеке, тарихи шарттанған «енгізілген — енгізілмеген» антитезін көрсетеді. XX ғасыр басында орыс
мəдениетінде 
қалыптасқан 
(А.Блок) 
«мəдениет 
— 
өркениет» 
антитезі 
мəдениетті
ұйымдастырылған, бірақ адаммен емес, «музыка жанымен» жəне сондықтан да «бастапқы»
құрылыс ретінде қарастырады. Істелгендік белгісі «мəдениет — өркениет» антиподына тіркеледі.
1.2. Сыртқы көзқарас жағынан қарағанда мəдениет пен мəдениет емес — бірбірінен туындайтын,
бірбірін қажет ететін салалар. Мəдениеттің механизмі — сыртқы ортаны ішкі ортаға: бейұйымды
— ұйымға, ақылсыздарды — ағартушыға, күнəлілерді — күнəсізге, энтропияны — ақпаратқа
ауыстыратын құрылғы. Мəдениет тек қана ішкі жəне сыртқы орта аяларының
қарамақайшылығымен ғана өмір сүрмейді, сонымен қатар ол бір саладан екіншісіне өтеді, ол тек
қана сыртқы «ретсіздікпен» ғана күреспейді, оны қажет етеді, тек қана оны жойып қоймайды
сонымен қатар оны жасап отырады. Мəдениеттің өркениетпен (жəне «ретсіздікпен») байланысы
мəдениет өз антиподының пайдасына қарай «істен шыққан», кейіннен қалыпқа айналып жəне
беймəдениетте іске асатын элементтерді бөгделейді. Сонымен мəдениеттің өзінде этропияның
ұлғаюы мықты ұйымдастырудың арқасында жүзеге асады. 1.2.1. Осыған байланысты былай деуге
болады, мəдениеттің əр тұрпатына ретсіздіктің бір сəйкес түрі бар. Ол алғашқы емес, біркелкі емес
жəне өзөзіне тең емес, мəдени ұйым саласы сияқты адамның белсенді шығармашылығы болып
табылады. Əр тарихи мəдениеттің түрі өзіне тəн бей мəдениеттің түріне ие. 1.2.2. Мəдениеттен
тыс бейұйым айна секілді айналмалы мəдениеттің орта аясы ретінде немесе кеңістік ретінде
құрыла алады, ол берілген мəдениетке енген бақылаушының ұстанымынан қарағанда
ұйымдаспаған, бірақ сыртқы ұстаным көзқарасынан бөгде ұйым саласы болып шығады… 1.2.3.
Мəдениет өзінің шекарасын кеңейте отырып, барлық беймəдениет кеңістігін жаулап алғысы
келгенмен жəне өзіне ұқсатуға ұмтылғанмен, сыртқы сипаттау тұрғысынан ұйымның орта аясын
кеңейтіп, сол арқылы бейұйымның орта аясын кеңейтуге алып келеді. 1.2.4. «Мəдениет —
мəдениеттен тыс кеңістік» оппозициясы берілген деңгейде ең аз бірлікті білдіреді. Іс жүзінде
мəдениеттен тыс кеңістік (берілген мəдениет тұрғысынан «балалық», «экзотикалық этникалық»,
«түпкі санадағы», «патологиялық» жəне т.б.) парадигмасы берілген. Əр түрлі халықтардың орта
ғасырлық мəтіндердегі суреттеулері осыған ұқсас түрде құрылады: ортаға кейбір қалыпты
жағдайдағы «біз» орналасады, оған парадигмалық тосын құбылыстар ретіндегі басқа халықтар
қарсы қойылады. 1.3. Мəдениет механизмінде сыртқы кеңістіктің белсенділігі былайша көрінеді:
белгілі идеологиялық жүйелер мəдениетті құрайтын бастауларды сыртқы, ұйымдастырылмаған
орта аясымен, оған мəдениеттің ішкі, мəдени өлі ретіндегі тəртіпті саласын қарамақарсы қою
арқылы байланыстыра алады. Мысалы, Ресей мен Батысты славянофильдердің қарамақарсы
қоюында біріншісі сыртқы, нормаланбаған, мəдени өңделмеген, бірақ болашақ мəдениеттің дəнін
құрайтын орта аясымен байланыстырылады. Батыс — жабық, бір тəртіпке келтірілген, яғни,
«мəдениетті» сонымен қатар мəдени өлі болып айқындалады. 1.3.1. Сонымен, сыртқы
бақылаушының ұстанымынан мəдениет қозғалмайтын синхронды теңгерімдегі механизм емес,
дихотомиялық құрылым, оның жұмысы ретсіздік орта аясындағы тəртіпке деген агрессияда жəне
ұйым саласына ретсіздіктің қарамақарсы бағытталған кірігуінен көрініс табады. Тарихи дамудың
түрлі сəттерінде қандай да бір қағида алдыңғы қатарда болуы мүмкін. Мəтіндердің мəдени орта
аясына сыртқы жақтан келген инкорпорация кейде мəдени дамудың өте күшті ынталандырушысы
болып табылады. 1.3.2. Мəдениет пен оның сыртқы орта аясындағы ойын сəйкестігі мəдени
əсерлер мен байланыстарды зерттеуде ескерілуі қажет. Егер мəдениеттің сыртқы орта аясына
белсенді əсер ету кезеңдерінде ол өзіне тең нəрселерді қабылдаса, яғни өзінің тұрғысынан
мəдениет дəйекті дерек болып қабылданады, ал өзінің экстенсивті даму сəттерінде ол оқылу
құралдары жоқ мəтіндерді қабылдайды. XX ғасырдағы Еуропа мəдениетіне атабабалар өнерінің,
архаикалық жəне орта ғасырлық өнердің немесе қиыр шығыстық жəне африкалық халықтардың
өнерінің кең кірігуі бүл мəтіндердің оларға тəн тарихи (немесе психологиялық) мəн мəтінінен
жұлынып алынуымен байланысты. Оларға «есейген адамның» немесе еуропалықтың көзімен
қарайды. Белсенді рол атқару үшін олар «оғаш» секілді қабылдануы қажет. 1.3.3. Ішкі жəне
сыртқы кеңістіктердің арасындағы шиеленістің мəдени қызметі, мысалы, үй құрылыстарының
(басқа да құрылыстарда) құрылымында айқын көрініс табады. Үйді жасау барысында адам
кеңістіктің бір бөлігін қоршап қояды, ол сыртқы орта аясына қарағанда мəдени меңгерілген жəне
ретті болып қабылданады. Бірақ бұл бастапқы қарама қайшылық тек қана тұрақты жəне бірбіріне
қарсы бағытталған оны бұзушылықта ғана мəдени мəнге ие болады. Бір жағынан, жабық «үй»
кеңістігі сыртқы əлемнің антиподы сияқты қабылдана бастамайды, бірақ оның үлгісі жəне
баламасы (мысалы, ғибадатхана — дүниенің бейнесі) сияқты. Бұл жағдайда ғибадатхана
кеңістігінің жүйелілігі (тəртіпке бағынуы) ретсіздік орта аясын баса отырып, сыртқы əлемге
беріледі (ішкі кеңістіктің сыртқа қарай агрессиясы). Екінші жағынан, сыртқы əлемнің кейбір
қасиеттері ішкі əлемге кіреді. Мұнымен үйдің ішінде «үйдің үйін» бөліп көрсетуге ұмтылу
байланысты (мысалы, алтарь тұратын кеңістік — ішкі орта аясының ішкі жағы). Ғимараттың ішкі
жəне сыртқы кеңістігінің арасындағы «ойынның» өте қызық мысалы ретінде барокко сəулет
өнерін атап өтуге болады. Шекарадан шығып кететін құрылымдарды жасау (жақтаудан шығып
тұратын суреттер, тұғырынан түсіп қалған мүсіндер, сыртқы табиғат көрінісін интерьерге енгізу
үшін жасалған, терезе мен айналардың қос қостан тұру жүйесі) мəдени орта аясын ретсіздікке


жəне ретсіздікті мəдени орта аясына итермелейді. 2. Сонымен мəдениет, бір жағынан,
семиотикалық жүйелердің иерархиясы ретінде, екінші жағынан, өзін қоршайтын мəдениеттен тыс
орта аясының көп қабатты құрылымы ретінде жасалады. Бірақ ішкі құрылым, жеке семиотикалық
жүйе бөлімдерінің құрамы мен сəйкестігі тана бірінші кезекте мəдениеттің түрін анықтайтыны
даусыз. 2.1. Жоғарыда айтқанымыздай кең мəн мəтіндер тұрғысынан алып қарағанда
(генетикалық, таралу аймақтығы жəне т.б.) бірнеше мəдениеттің жиынтығы қызметтік немесе
құрылымды бірлік жасай алады. 3. Қазіргі кездегі семиотиканың түп негіз түсінігі — мəтін —
жалпы семотикалық жəне арнайы славянтанушылардың зерттеулерін біріктіретін буыны деп
есептеуге болады. Мəтін — бүтін матына беруші жəне бүтін қызмет атқарушы (егер мəдениетті
зерттеуші ұстанымы мен оны дəстүр сақтаушының тұрғысынан қарасақ, біріншінің көзқарасынан
— қызмет тұтастығын сақтаушы ретінде, ал екіншісінің тұрғысынан — тұтастық мағынасында).
Бұл мағынада ол мəдениеттің бастапқы элементі (базистік бірлік) ретінде қарастырыла алады. 3.1.
«Мəтін» түсінігі өзіндік ерекше семиотикалық мағынада қолданылады жəне бір жағынан, тек қана
тілдік хабарға ғана емес, сонымен қатар барлық тұтас («мəтіндік») мағынаның — салтдəстүрге,
сурет өнеріне немесе музыкалық пьесаға да қолданылады. Басқа жағынан, табиғи тілдегі кезкелген
хабарлама мəдениет тұрғысынан қарағанда мəтін бола бермейді. Бүкіл хабарламалардың
жиынтығының ішінде мəдениет тек сөз жанры ретінде анықталатындарын, мысалы «дұға оқу»,
«заң», «роман» жəне т.б. сияқты, қандай да бір тұтастық мағынаға ие жəне ортақ қызмет атқаратын
мəтіндерді ғана таңдап алады жəне ескереді. 3.2. Мəтін зерттеу зерзаты ретінде келесі мəселелерде
қарастырыла алынады. 3.2.1. Мəтін жəне белгі. Мəтін тұтас белгі ретінде, мəтін белгілердің
бірізділігі ретінде. Екінші жағдай мəтінді лингвистикалық зерттеу тəжірибесінен жақсы белгілі
болғандықтан, кейде жалғыз мүмкін нəрсе сияқты қаралады. Алайда, мəдениеттің жалпы үлгісінде
мəтіннің басқа да тұрпаты бар, онда мəтін түсінігі белгілер тізбегінен туындайтын қосалқы емес,
бастапқы ретінде қарастырылады. Бұл түрдегі мəтіндер үзіліссіз жəне белгілерге ыдырамайды. Ол
бүтін жəне жеке таңбаларға емес, керісінше жіктік нышандарға бөлшектенеді. Бұл тұрғыдан біз
қазіргі кездегі кино мен теледидар секілді дыбысты бейнелі жүйелердегі бұқаралық байланыс
құралдарындағы мəтіннің бастапқы рөлі мен математикалық логика, математика жəне формальды
грамматика теориясы сияқты жүйелердегі мəтіннің атқаратын рөліндегі ұқсастықты айта аламыз.
Бұл екі жағдайдағы мəтіннің бастапқылығындағы ұстанымды түрдегі айырмашылықтары мынада:
мəліметті дыбысты бейнелі тарататын жүйе мен оған дейінгі ертеректен келе жатқан кескіндеме,
мүсін өнері, би (жəне пантомима) жəне балет өнерінде үзіліссіз мəтін бастапқы (кенептің бүкіл
құрылымы немесе суреттегі жеке белгілер шығарыла көрсетілген жағдайда оның белгілі бір
көрінісі), ал бірінші жағдайда мəтін алфавит элементтерінің көзі ретіндегі (терім немесе сөздік)
үзілісті рəміздердің тізбегі түрінде көрініс табады. XX ғасырдың бірінші жартысындағы
лингвистикаға тəн формальды тілдердің дискретті үлгілеріне (яғни хабар таратудағы дискретті
жағдайларға) бағдарлану, қазіргі семиотикалық теорияда бастапқы мəлімет ретінде үзіліссіз
мəтінге деген қызығушылықпен ауысуда. Теледидар үшін бағдарлама көрсетілген сəтке дейін
ешкімге белгісіз жəне элементтерге бөлінбейтін негізгі бірлік болып қарапайым өмірлік жағдай
алынады. Бірақ дыбысты бейнелі бұқаралық байланыс құралдары үшін (кино жəне теледидар,
соның ішінде телефильмдер үшін де) екі тəсілді біріктіру тон. Кино дискретті белгілерден, əсіресе
ауызша тілдің белгілерінен жəне басқа да ауызекі тілдерден бас тартпайды, бірақ оларды тұтас
мəтіндерге қосады… Үздіксіз мəтінге көбінесе басқа (архаикалық) жүйелерден алынған дискретті
таңбалардың осыған ұқсата енгізулері тарихи тұрғыдан ертеректегі көріністі бейнелі жүйелерде,
— соның ішінде, кескіндемеде, — көптеген мифологиялық жөне салтжора дəстүрлердегі негізгі
орында тұратын адамның образы əлем ағашындағы немесе осыған ұқсайтын басқа да бейнелерде
композицияның ортасы түрінде сақталына алады. Осыған ұқсас жайттарда семиотикалық жүйе
эволюциясының жалпы заңдылықтарының көрінісін байқауға болады, бұл жерде қандай да бір
таңба немесе бүтін хабарлама (не оның жеке көрінісі) басқа таңба жүйесінің мəтініне оның
қосымша бөлігі ретінде қосыла алады жəне ары қарай осы тұрғыда сақталынады (яғни мысалда
көрсетілгендей мифологиялық жəне рəсімдік емес жылжытылған эстетикалық қызметімен
көрінеді). Соңғы тұжырым ежелгі семиотикалық жүйелерді фольклор жəне тарихи дəстүрлерді
сақтаған мəтіндердің ішіне енгізілген соңғы рефлекстер арқылы архаикалық жүйенің таңбаларын
қалпына келтіруге бағытталған қайта өңдеудің əдістерін негіздеуге де септігін тигізуі мүмкін.
Сонымен қатар баяндалған көзқарас тұрғысынан қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарын
тарихи ертерек болған жүйелермен бірлікте талдау мəдениет тілін салыстырмалы зерттеуге табиғи
түрде кіргізіледі. Сонымен мəтіндердің үзілісті жəне үзілісті емес түрінің көп болуы мəдениет
дамуының белгілі бір кезеңімен байланысты. Бірақ бұл екі қағида синхронды өмір сүруі де мүмкін
екенін айта кеткеніміз жөн. Олардың арасында шиеленістік (мысалы сурет пен сөздің қақтығысы)
мəдениеттің тұтастық ретіндегі тұрақты механизмін құрады. Оның біреуінің үстемдік етуі
қарамақарсы түрді толық басып тастағанда ғана мүмкін емес, тек қана мəдениеттің белгілі бір
мəтіндік құрылымдарға бағытталу формасында мүмкін.
3.2.2. Мəтін жəне «жіберуші алушы» мəселесі. Мəдени коммуникация үдерісінде
«сөйлеушінің грамматикасы» жəне «тыңдаушының грамматикасы» мəселелері ерекше мəнге ие
болады. Белгілі бір мəтіндер тек қана «сөйлеушінің» немесе «тыңдаушының» ұстанымына
бағытталып жасалатыны сияқты, мұндай бағыттаушылық қандай да бір мəдениеттерге де тəн
болуы мүмкін. Тыңдаушыға бағдарланған мəдениеттің мысалы ретінде мəтіндердің аксеологиялық
иерархиясында «аса құнды» жəне «өте айқын» түсініктері сəйкес келетін нұсқаны атауға болады.
Бұл жағдайда тіл үстіндегі екінші жүйелердің ерекшелігі аз көрінеді — мəтіндер ең шекті шартты
белгілерге жетеленіп, «бітпегендіктің» имитациясын жасап, тілдегі хабарламаларға саналы түрде
бағдарланады. Аңыз, қара сөз (негізінен очерк), газеттегі хабарлама, деректі фильм, теледидар ең
жоғарғы құнды орынды иеленеді. «Дəлелді», «шынайы», «қарапайым» деген түсініктер ең
жоғарғы аксиологиялық мінездеме түрінде қаралады. Сөйлеушіге бағдарланған мəдениет ең
жоғарғы құндылықтың сапасы туралы жабық, табылуы қиын немесе тіпті де түсініксіз
мəтіндерден тұрады. Бұл эзотериялық мəдениеттің түрі. Мəдениеттің «сөйлеушіге» жəне
«тыңдаушыға» бағытталуы мынада көрініс табады: бірінші жағдайда аудитория мəтінді


жасаушының үлгісі бойынша өзін үлгілейді, екіншісінде сөйлеуші өзін аудитория үлгісінде
жасайды. Мəдениеттің диахронды дамуын коммуникациялық аймақтың ішіндегі қозғалыс деп
қарастыруға болады. Соңғы жылдардағы шығармаларында оқырманға бағытталған диалог көптеп
кездеседі. Яғни əңгімелесуші оған айтылып жатқан нəрсенің бəрін түсінуі қажет. Бұл кереғарлық,
əсіресе, ақын бір əсерді екі түрлі жолмен бергісі келгенде ерекше айқын көрінеді. 3.2.3. Түрлі
кездегі славян əдебиетімен байланысты əдеби жəне көркем стильдердегі екі өрісті түрлерді бөліп
көрсету, мысалы, ренессансбарокко, классицизмбарокко, классицизм романтизм, не сөйлеушіге, не
тыңдаушыға бағытталған мəдениет түрлерімен сəйкестендірілетінін анықтап алу керек (бірінші
тұрпатқа, мысалы, ерте орта ғасыр, барокко, романтизм, авангард əдебиеті — Mloda Polska жəне
т.б. жатқызуға болар еді). Осындай оппозициялардың əрбіреуінің ішінде, өз кезегінде, ұқсас
белгілері бойынша жүргізілген ажыратулар болуы мүмкін (маньеризм секілді өтпелі тұрпатты
осымен байланыстыруға болады). 4. Мəдениетті қандай да бір қосалқы тіл деп анықтай отырып,
біз «мəдениет мəтіні» қосалқы тілдегі мəтін деген түсініктерді енгіземіз. Қандай да бір табиғи тіл
мəдениеттілігіне кіретін болғандықтан табиғи тілдегі мəтін мен мəдениеттегі сөз мəтінінің ара
салмағы туралы сұрақ туындайды. Бұл жерде келесі арақатынас мүмкін болмақ: а) Табиғи тілдегі
мəтін осы мəдениеттің мəтіні болмайды. Бұған мысал ретінде жазба жұмыстарға бағытталған
мəдениет үшін ауызша форманы қамтитын барлық мəтіндерді келтіруге болады. Мəдениет
құндылық пен мағынасы жоқ деп есептелген хабарламаларды мəтін деп қарастырмайды. б)
Туынды тілдегі мəтін сол уақытта табиғи тілдің мəтіні болады. Мысалы, Пушкиннің өлеңі — орыс
тіліндегі мəтін болып табылады. в) Мəдениеттің сөздік мəтіні осы табиғи тілдің мəтіні бола
алмайды. Ол басқа табиғи тілде мəтін бола алады (мысалы славяндық үшін латын дұғасы) немесе
сол не басқа табиғи тіл деңгейінің заңдылықсыз өзгерту жолы арқылы құрастырылады (осындай
мəтіндердің балалар шығармашылығындағы қызметін салыстырыңыз). 4.0. 1. Мəтін мен атқаратын
қызметті сəйкестендіру барысында мəдениеттің типологиясын құру туралы сұрақ маңызды болып
табылады. Бұл жерде мəтін — белгілі бір мəдениет ішінде анықталған тудырушы тəртіп бойынша
құрылған хабарлама. Жалпы сипатта алғанда бұл қорытындыны барлық семиотикалық жүйелерде
қолдануға болады. Басқа тілдің немесе басқа тілдер жүйесінің ішінде бұл хабарлама мəтін
болмауы мүмкін. Қазіргі формальды грамматикаға маңызды грамматикалық дұрыстық деген тілдік
түсініктің жалпы семиотикалық баламасын көруге болады. Мəдениет тұрғысынан əрбір тілдік
хабарлама мəтін болып саналмайды жəне керісінше əрбір мəтін табиғи тілде жасалған дұрыс
хабарлама қатарына кірмейді.
Əдебиетте "архетип" дейтін түсінік бар. Бұл ұғымға арнайы зерттеу жасап жүрген не
дипломдық не ғылыми еңбек жазып жүрген студент, ғалым қалам сермемесе қоғамдық ортада
қолданыс аясы тар əдеби жанр. Архетип (грек, агсһе — бастау, tupos — бейне) — алғашқы үлгі,
түпнұсқа.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет