Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п



Pdf көрінісі
бет100/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   130
Философия Оқулық (3)

Самосознание 
европейской культуры ХХ века. – М., 1991, 70-72 бб.). 
Көркемдік мəдениеттің постмодернистік парадигмасында ойын күнделікті 
өмірді де қамтиды. Адам өзінің кəсібін таңдағанда, ол белгілі дəрежеде өз 
өмірінің 
гипернақтылығын 
да 

белгілі 
бір 
тілдік 
ойындарды, 
коммуникацияның белгілі бір шеңберін, белгілі бір дүниетанымды таңдайды. 
Кəсіби əрекеттен тыс кезде ол өзге əлемге кетеді, өзінің “бетпердесін” өзгертіп, 
иллюзиялар құрастырады. Мұндай ахуалды Г.Гесс өзінің “Бисер ойыны” деген 
романында сипаттайды. Бисер ойыны – бұл гипермəдени кеңістік-уақыттық 
континуум. Немесе Т.Манның “Доктор Фаустус” романының кейіпкері 
былайша пайымдайды: “Формалармен ойнағанда, олардың қайсысының 


264 
өмірден кеткенін біле отырып, ойынды жоғары сатыға дейін көтеруге болады”. 
Постмодернистік эстетикадағы жаңашылдық объект пен қарастыру пəнінің 
өзгешелігімен ғана емес, көркем ақпаратты алу тəсілдері мен формаларының 
класскалық емес методологиясын қолданумен де сипатталады. Көрнекілік үшін 
деконструкция мен мотивті талдауды алайық. Бірінші методтың негізін қалаған 
постструктурализм мен постмодернизмнің көрнекті өкілі Жак Деррида. 
Көркемдік мəдениет құбылыстарына бұл тəсілді қолданудың мəні мəдениет 
мəтініне қатысты зерттеушінің тыс орналасу поэзиясын теріске шығарумен 
байланыстырылады. Мұны түсіндіру зерттеуші мен мəтін арасындағы сұхбат 
(диалог) тұрғысында жүргізілуі тиіс. Бұл жағдайда мəтін зерттеушіге ықпал 
етеді (мысалы, полифониялық роман). Деконструкцияның мақсаты мəдениет 
көзінің өзінің мəдени потенциалының белсенділігін арттыру болып табылады. 
Мотивті талдау (Колумбия университеттінің профессоры Б.М.Гаспаров) 
көркемдік талдаудың бірлігі ретінде дəстүрлі термаларды – сөздер мен 
сөйлемдерді емес, мəселелердің шым-шытырық түйінін еске түсіретін 
мотивтерді алады. Мотивтер кросс-деңгейлі бірліктер бола отырып, мəтіндегі 
өзге мотивтермен қиылысып, қайталанып, оның қайталанбас архитектоникасын 
құрайды (мысалы, С.Булгаковтың “Мастер жəне Маргарита” романының 
құрылымы). 
Біз эстетикалық мəдениеттің мəні туралы көзқарастардың қалыптасу 
ерекшеліктерін қарастырып, оның негізгі бағыттары мен парадигмаларын 
анықтадық. Мұнан өнертанудың қазіргі мектептері бүгінгі күнгі мəдени жəне 
өркениеттік процестердің феномендерін көп деңгейде жəне əртүрлі қрынан 
зерттейді деген тұжырым жасауға болады. 
 
 ПЫСЫҚТАУ СҰРАҚТАРЫ 
1. Эстетикалық сананың қандай ерекшеліктерін атап өте аласыз? 
2. Архаикалық өнер мен заманауи өнердің арасында қандай айырмашылықтар бар? 
3.Постмодернизм мен өнердің өзара байланысын көрсетіп беріңіз 
4. ХХІ ғасыр көркем мəдениетінің негізгі бағыттарын атап өтіңіз?
5. Модернистік өнерді қалай түсінесіз? 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет