271
философиясындағы қағидаттар мен тəсілдердің көптігі мəселесін айқындап та
көрсетеді.
Ф.Ницше мәдениеттегі дионистік және аполлондық бастаулар туралы.
Неміс философы Фридрих Ницше (1844-1900) "өмір философиясының" негізін
қалаушы ретінде белгілі. Ф.Ницше мəдениет типологиясының толық
суреттемесін беруді арнайы мақсат етіп тұтпағанымен, оның "өмір
философиясына" сəйкес, философиялық шығармалырының бүкіл контекстінен
("Трагедияның музыка рухынан пайда болуы", "Мезгілсіз пайымдаулар",
"Заратустра осылай деген", "Антихристианин жəне т.б.") батыстық мəдениет
генезисінің өзіндік концепциясы өз-өзінен туындайды. Ол
батыстық
мəдениеттің қайнар көздерін антикалық заманнан шығара отрып, оның
кезеңдерін – христиандықты, қайта өрлеуді, жаңа заманда өзінше пайымдайды.
Ф.Ницше мəдениетті адамзаттың өзін-өзі іске асыруының тəсілі ретінде
қарастырып, онда физикалық тұрғыда əлсіз "зоологиялық түрдің" (адамның)
аман қалу барысында қалыптасқан басты қасиеттері ретінде интеллект пен
қиялды бөліп көрсетеді. Ницшеннің түсінігінше, мəдениет "билікке деген ерік",
"өмірге деген ерік" қағидаттарымен өлшенеді. Адам болмыстың қасіретінен
жоғары тұрып, жоғары адамға айналуы тиіс. Жоғары адам идеясы өмірдің
неғұрлым жетілген формаларын құру үшін адамзат табиғатының көптеген
қасиеттерін игеру қажеттілігіне меңзейді. Жоғары адам өміріндегі барлық өзіне
қарсы кеселді, жалғандықты, дұшпандықты жоя алады, тобырдың моралынан
азат бола отырып ол өзінің əрекеті үшін жауапкершілікті мойнына алады.
Жоғары адам өмірінің өрлеуімен сипатталатын трагедиялық дəуірдің
туындысы, оның энергиясы екі бастаумен толтырылған: дионистік жəне
аполлондық. Мұндай нағыз мəдениетті Ницше Сократқа дейінгі Грекиядан
табады, онда болмыстың тұтастығының, өмірдің толықтығының символдары –
Апполлон мен Дионис энергияларының, бұл екі бастаудың теңдігі мойындалған
болатын. Бұл екі түпкі бастау антикалық мəдениеттің ғарышын қалыптастырды,
ол кейінірек бүкіл
батыстық сананы қамтыды, бірақ өзінің бұрмаланған
формасында. Бұл бұрмалау Ф.Ницшенің пікірінше, батыстық мəдениетті
дағдарысқа əкелді, "құндылықтардың барлығын қайта бағалау" ахуалын
орнатқан, "құдайдың өлімі" коцепциясын жарияланған "еуропалық нигилизмге"
ұласты.
Ф.Ницшенің түсіндірмелерінде Аполлон мен Дионистің мифологиялық
бейнелері
культурфилософиялық
мəнге
ие
болады.
Ежелгі
грек
мифологиясының кейіпкерлері Аполлон мен Дионистің əртүрлі қасиеттерді
білдіргені белгілі. Платон, мысалы, Аполлонның бейнесін өзінің атқарған
негізгі мифологиялық функцияларына қарай (садақ атқыш, көріпкел,
адамзаттық жəне ғарыштық үйлесімділіктің сақтаушысы) пайымдады. Аполлон
Герместен
кифараны алып, музыканың қамқоршысы атанды. Кейіннен
пластикалық өнердің үйлесімділігін білдірді. Оның бейнесіндегі рационалдық
пен стихиялық күштің бірігуі оның Диониспен арасындағы қарама-қарсылыққа
қарамастан байланыстың болғандығын дəлелдейді. Өз кезегінде Дионис те
Аполлонмен қатар тұтылған тəңірдің бірі. Парнаста əрбір екі жыл сайын
Дионистің құрметіне оргийлер ұйымдастырылып тұрды. Ницше аполлондық
272
бастауды пластикалық өнермен, ал Дионисті музыкамен байланыстырады.
Аполлон мен Дионистің бəсекелестігін келісімге келтіріген Эсхил мен ежелгі
грек трагедиясы болды, кейінірек оны ақылға табынушылық басып тастады.
Сократ, Платоннан басталған əлемді өз заңдары бойынша рационалды түрде
тəртіпке келтіруге тырысқан философиялық жəне мəдени дəстүр
жоғары
адамның трагедиялық дүниетанымын бұрмалайды.
Бұл дəстүрді Ф.Ницше "əлемге жала жабу" деп атайды. Өйткені ол өмірден
барлық "ақылға тəн емес" нəрселерді алып тастайды. Бұл батыстық мəдениеттің
дионистік бастауды "ақылмен", "ақиқатпен", "Құдаймен" басып тастау арқылы,
яғни жоғары аполлонизм жолымен жүргендігін көрсетеді. Осылайша,
адамзаттың табиғи қалпы, философтың пікірінше, христиандық жағынан
бұрмалауға ұшырады, адам болмысының нағыз көздері Құдайдың көлеңкесінде
жасырын қалды. Ал кейінірек, жаңа заманда Құдай бейнесі əлемді заңды
тəртіпке келтіруге тырысқан интеллекттің,
ғылыми ақиқаттың бейнесімен
алмасты. Өмір интеллект ойынының ережелерімен реттелетін болды, онда
өзін-өзі анықтауға орын қалмады, тіршілік апофеозы қалыптасты. Мұның бəрі
адамды өмір сүрудің көзі – өмірден арасын алшақтатты. Ф.Ницше өмірмен
көбірек байланысты иллюзияның түрі ретінде – өнердің рөлін ерекше
бағалайды: "мəдениет – бұл бейберекетсіз хаостың сыртындағы жұқа ғана
алманың қабықшасы". Ол адамзатты күйреуден сақтауы тиіс жəне еркіндік пен
шығармашылықты бағалайтын адамгершілікті жəне дені сау адамды
қалыптастыруы қажет. Бұл құрамында дионистік (өмірлік күштердің еркін
ойыны) жəне аполлондық (өлшемділік, шектеулік) бастаулар өз тұтастығы мен
тепе-тең қайшылығында көрінетін өнер болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: