277
теория мен метафизикаға ешқандай бейімі жоқ, өзінің саясаттағы қаталдығына
қарамастан өмірге соншалық ашық-жарқын, сондықтан мұнда да антикалық
еркіндік пен қозғалыс сақталады, – Р. Гвардини осындай шешімге тоқталады.
Р.Гвардини үшін ортағасырлар адамның əлемге деген қатынасы түбірлі
өзгерген кезең: енді Құдай əлемнен жоғары тұрады, өйткені, əлемді Құдай
жаратқан. Ол əлемге тиесілі емес, ол əлемнің тəуелсіз билеушісі. Жəне адам
болмысы жаңа негіз табады: жаңа сүйену тірегі – аян, жаңа еркіндік ашылады.
Діни философ ретінде Р.Гвардини ортағасырларды адамзат тарихының ең
жоғарғы дəуірі ретінде бағалайды, өйткені мұнда адамзаттың өмір сүруі мен
оның нағыз шынайы пайымдалуы толық сəйкестікте жүзеге асты. Оның
есептеуінше ортағасырлық адамның танымға деген құмарлығы ерекше, ол
болмыстың рухани конструкциясын шығару үшін
ақиқаттың тұңғиығына
шомады. Бұл дəуірдің адамы үшін ақиқат құдіреттілік беделінде – інжіл мен
шіркеу ілімінде жəне табиғилық беделінде – антикалық еңбектерде
жасырынған. Ортағасырлардағы адам əлемді суреттемелер түрінде
символикалық түрінде ұғынады. Болмыстың тұтастығын сезіне отырып,
ортағасырлық адам Құдайдың беделін тұсау ретінде емес, абсолюттікпен
байланыс ретінде жəне жердегі сүйеніш тірегі ретінде қабылдайды.
Философтың пікірінше, жаңа заманның суреттемесі XVІІІ ғасырдан
бастап қалыптасады. Бұл адам өмірі мен шығармашылық əрекетінің əртүлі
саласынан өзін көрсетеді. Мысалы, ғылым осыған дейін дінмен анықталатын
өмір мен əрекеттің тұтастығы түрінде өмір сүріп келген мəдениеттің
дербес
аймағы ретінде бөлектеніп шығады. Саясат саласында жеке нормалар туралы
көзқарас қалыптасады. Макиавелли саясаттың жаңа нормалық сипатын
жариялайды: мемлекеттің күші мен қуатына жету саясаткерлерді азаматтық
еркіндік пен моральдық принциптеріне қайшы келетін құралдарға жүгінуге
мəжбүр етеді. "Томас Гоббс мемлекет теориясын жариялайды, онда ол адам
өмірінің толық билеушісі мен төрешісі, ал адам өмірі брлығының барлығына
қарсы күресі ретінде түсіндіріледі". Бұл көзқарастар ұлттық мемлекеттердің
бірте-бірте пайда болу жағдайында дүниеге келеді.
Жаңа заман адамының көзқарасында əлем өзінің бұрынғы шекараларынан
шығып, кеңи бастайды. Джордано Бруноның Жер Күнді айналады деген
жаңалығының негізінде əлем мен оның санының
шексіздігі туралы жаңа
көзқарас қалыптасып, Жер енді əлемнің орталығы болудан қалды. Әлемнің
жаңа суреттемесі “табиғилық” деп түсіндірілетін нақтылыққа бағытталады.
Енді Библиядағы уақыттың басы мен ақыры туралы, яғни əлемнің болмысы
туралы эсхатологиялық ілімге күмəн келтіріледі. Осыған байланысты өте
ертеде пайда болып жəне өте алысқа кететін тарихи процесс туралы түсінік
қалыптасады. Р.Гвардинидің айтуынша пайда болған əлемнің шексіз
байланысы, “бір жағынан еркіндік пен кеңістікті берсе, екінші жағынан –
адамзаттың өмір сүруінің объективті тіреуінен айырады. Адам қозғалыс үшін
кеңістік алғанымен, үйсіз қалады”.
Әлемнің мұндай суреттемесінде адамның концепциясы да өзгереді: ол
жаңа жерлер мен əлемді
қорықпай аша отырып, өзін олардың қожайынымын
деп жариялайды. Адам өз-өзі үшін ерекше қызығушылықтың объектісіне
278
айналды. Ол адамшылықта индивидуалдылықты, ерекшелікті көргісі келеді,
оның үстіне тұлға – “ғұлама мен өмір құндылығының өлшеміне айналады”, ол
оның формальды көрінісі “субъект” ұғымы болып табылады. Өз кезегінде əлем
жаратылыс болудан қалып, “табиғатқа” айналады, ал адам “жаратушы” болып
шығады.
Сонымен қатар Р.Гвардини діни философ ретінде Жаңа заманның
суреттемесінде осал идеялар мен адасушылықтарды тауып, олар əлемнің бұл
картинасының күйреуіне жəне бұл дəуірдің өзінің жойылуына əкеледі деп
есептейді.
Қазіргі
заманғы
тенденцияны
ол
өзгермелі
дүниетаныммен
байланыстырады: “адам əлемді өз-өзінен бар, сенімді, жылы ұя ретінде
сезінуден қалды. Әлем бөтен нəрсеге айналды жəне өзінің бұл жаңа сапасында
ол жаңа діни мəнге ие болды”. Бұл жаңа діндарлық əлемнің
ортасындағы
адамның жалғыздық сезімінен туындайды, адамзаттың соңғы жиекке жетуін
сезінуден жəне онда жоғалып кетпес үшін батыл болып, жауапкершілікті өз
қолына алуды сезінуден келіп шығады.
Ф.Ницшенің, М.Вебердің, П.Сорокиннің жəне Р.Гвардинидің жоғарыда
қарстырылған конценциялары мəдениет теориясы мəселесіне қатысты əртүрлі
тəсілдерді білдіреді. Бұл концепциялардың əрқайсысы мəдениет сияқты күрделі
феноменнің алуан түрлі картинасы туралы көзқарасты əртүрлі ғылыми жəне
дүниетанымдық позициялар тұрғысынан береді.
Мəдениеттің алуан түрлі типтері туралы мəселе мəдениеттің тарихи
формаларын зерттеу қырынан кең қарастырылды. Мұнда екі тенденция
байқалады: антитарихилық жəне тарихилық. Біріншісіне, тұтас тарихи процесс
ретіндегі “əлемдік мəдениет” ұғымын теріске шығаратын оқшау мəдени
тұтастықтар (типтер) теориясы жатады. Екіншісіне, керісінше, əлемдік мəдени-
тарихи дамудың тұтастығын бекітетін, оның кезеңдері мəдени-тарихи
типтер
болды деп есептейтін концепциялар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: