14.2. Ортағасырлық христиан философиясы Антикалық қоғам күйреп, оның орнына Батыс Еуропа елдерінің қай-
қайсысында да феодалдық қоғамдық қатынастар қалыптасып, христиан дінінің
кең етек алып, тарауына байланысты “шіркеу əкейлері” мен “пұтқа
табынушылар” философиясының арасындағы мəмлеге келмес күрестің өрбу
деңгейіне байланысты ортағасырлық философияны негізгі үш кезеңге бөліп
қарастырады.
Біздің заманымыздың ІІ ғасырынан бастап, алғашқы христиандық
ойшылдардың ілімдерін жинақтап, кейін апологетика (қорғау) деп аталып
кеткен діни-философиялық бағыт пайда болады. Негізгі өкілдері: Юстин (100-
167 жж), Тациан (ІІ ғ. екінші жартысы), Тертуллиан Квинт Септимий Флоренс
(160-222 жж) т.б.б олар өз ілімдерінде христиан діні мен ежелгі грек
философиясы сияқты жалпыадамзат алдында тұрған маңызды да күрделі
мəселелерді көтеріп, оларға ежелгі грек философтарынан гөрі тереңірек,
ауқымды жəне ұтымдырақ жауап береді, сондықтан да оларды христиан дініне
сенбейтін билеушілер мен ғалымдардың сынауы негізсіз деген пікірді
басшылыққа ала отырып, жаңа грек философиясының орнына басатын
христиандық діни-философия жасауға бар күштерін салды. Барлық
нақтылықтың денесі бар. Құдай – нақтылық. Демек, құдайдың да денесі бар.
Жалпы нақтылық уақыттық бастамасы жоқ (Тертуллиан). Осы тұрғыдан
апологеттер платоншылар мен гностиктердің тəн жəне жан туралы ілімдерін
сынға да алады. Апологеттердің христиан дінінің өнегелік қағидаларының
артықшылығын ескере отырып, оны мемелекеттік дінге айналдыру қажет деген
идеясы, құдайдың мəні мен табиғаты, əлемнің жаратылуы, адам табиғаты жəне
өмір сүру мақсаты туралы көтерген мəселелері ортағасырлық философияның
келесі сатысы – патристика, схоластика кезеңдерінде өз көріністерін тапты.
Патристика деп шіркеу əкейлерінің діни философиялық ілімдерін
айтады (ІV-VІ ғғ). Негізгі өкілдері: Климент Александрийский, Амвросий,
Майландский (340-397 ғғ), Аугустин (ІІІ-VІ) т.б. ІІІ-ІV ғасырларда жүйеленген
бұл діни ілімде алғашқыда Христостың табиғаты туралы пікірлер (құдайлық,
немесе адамдық табиғаты туралы), ал 323 ж. император Ұлы Константин
христиандықты мемлекеттік дін ретінде қабылдағаннан кейін, саяси-шіркеулік
мəселелер алдыңғы шепке шығып, шіркеу əкейлерінің көзқарастарында өз
көріністерін тапты. Мысалы, Аугустиннің көтерген басты мəселесі христиан
дінінің артықшылығын дəлелдеу арқылы, шіркеудің жанды билеуге құқықтығы
жəне ол – аспан мен жер арасын байланыстырушы деген сияқты идеяларды
дəлелдеу үшін манихеялық, скептицизмдік жəне неоплатанизм қағидаларын
302
басшылыққа алды. Оны осы ілімдердің кейбір элементтерін сақтай отырып,
христиан дінінің жаңа бағытын қалыптастырғаны үшін, кейін аугустинизм деп
аталып кеткен ағымның негізін қалаушы деп мойындайды. Негізгі еңбектері:
“Тəубеге келу”, “Құдай қаласы туралы” т.б.