Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п



Pdf көрінісі
бет113/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   130
Философия Оқулық (3)

Аугустиннің ілімі бойынша, адам дүниеге келмей тұрып т.б. оның іс-
əрекеттері, қылықтары құдайдың ерік-жігерімен белгіленіп қойған. Ол белгі 
игілікке (адам оған лайықты болмаса да), немесе азаптарға (жазықсыз болса да) 
бағытталған болуы мүмкін. Құдай əлемді жаратқанда, барлық заттардың 
түрлерінің бастамасын енгізіп, əрі қарай өздері дамитындай мүмкіндік береді. 
Адамзат тарихы да осы заңдылыққа бағынды. Тарихтың даму негізінде адам 
санасының өзіне сенімділігі (бұл сенімнің негізі құдай) мен құдайға деген 
сүйіспеншіліктің танымдық күші жатыр. Осы түсінікті басшылыққа ала 
отырып, августин адамзат тарихы бір-біріне қарсы екі патшалықтың күресінің 
нəтижесі деп тұжырымдайды. Олар құдайға қарсы, күнделікті өмірдің қызығын 
күйттейтіндермен құдайдың патшалығы арасындағы күрес. Аугустин құдай 
патшалығы дегенде жердегі оның өкілі рим шіркеуін айтады. Шіркеу құдай 
патшалығы атынан сөйлейтін балғандықтан, оған жердегі пенделердің де 
бағынулары керек. 
Аугустинизм теологилық-философиялық бағыт ретіде Батыс Еуропа 
елдерінде ХІІ ғасырға дейін үстемдік етті, кейін христиандық аристотелизмнің 
негізін қалаушы ұлы Альберт пен Фома Аквинскийдің ілімдерімен 
ығыстырылды. 
Ортағасырлық философияның схоластика деп аталған кезеңі Еуропа 
тарихында Рим империясының күйреуінен бастап Қайта өрлеу дəуіріне дейінгі 
600-700 жылдай уақытты қамтиды. Бұл кезеңде егемендік алған көптеген 
Еуропа елдерінде (Италия, Франция, Англия, Германия т.б.) феодалдық қарым-
қатынастар қалыптасып, христиан дінін қоғамдық өмірдің барлық салаларында 
өктемдік көрсетіп, шіркеудің сауаттылықтың қолжазбалар сақтау ісінің 
ошағына айналған мезгілі болатын. Осындай мемлекттік билік қолдаған қатал 
діни үстемдік жағдайында философия өзінің бар ақыл-ой, күшін христиан 
догматтарын негіздеуге жұмсап, дін ілімінің күңіне айналған-ды. Осы кезеңдегі 
философиялық ілім “схоластика” (мектептік ілім) деген атаққа ие болып, 
негізгі үш кезеңнен өтті: 
1. Балауса схоластика (ІХ-ХІІ ғғ.). Ғылым, философия, теология (дін 
ілімі) əлі бір-бірімен біте қайнасып, ажырамаған, бірақ ақыл-ой əрекетінің 
жемісі мен құндылығын түсінуді, универсализмге (жалпылық) байланысты 
пікірталас негізінде ақыл-ойға діни сенімнің үстемдігін жүргізуді жəне сол 
үстемдіктің “заңдылығын” дəлелдеуді (Аристотельдің формалдық логикасы 
тұрғысынан) өзіне мақсат қойған схоластикалық тəсіл қалыптасты. Негізгі 
өкілдері: Ансельм Кентерберийский, Иоанн Росцелин, Пьер Абеляр, Аугустин 
Аврелий т.б. 
2. Кемеліне жеткен схоластика (ХІІІ ғ.). Аристотельдің еңбектері латын 
тілінде болса да, көпшілік арасына тарап, ғылым мен филосфияның 
теологиядан бөлініп (Әл-Фараби мен Ибн Рушдтың “екі ұдай ақиқат” теориясы 


303 
негізінде), философиялық-теологиялық ілімінің қалыптасып, кең етек алған 
кезең болды. Негізгі өкілдері Ұлы Альберт, Фома Аквинский, Дунс Скотт т.б. 
3. Құлдырау кезеңі (ХІV-ХV). Шынайы ғылыми жəне теологияның тек 
бедел мен атаққа табынған, тəжірбиеден, өмірден алшақ, кернаулық сарыны 
басым мистикалық ілімге айналуына байланысты схоластика мүлде нəтижесіз 
тіл безеген ғылымсымақ ретіде қалыптасты. Негізгі өкілдері: Уильям Оккам
Жан Буридан т.б. 
Схоластикалық тəсілдің негізін қалаушы жəне қорғаушы француз теолог-
схоласты, философ Пьер Абеляр (1079-1142 ж.) болды. Негізгі еңбегі: “Бар 
жəне жоқ”. Абелярдың пікірінше, шынайы өмір сүретін – жалқылар, бірақ 
олардың өзара ортақ қасиеттері болғандықтан, осы негізде əмбебап жалпы 
ұғымдар қалыптасады. Әмбебап жалпылар (универсалийлер) шын өмір сүреді, 
себебі ол құдайдың ақыл-ойында бар. Сонымен қоса ол өзі жаратқан заттардың 
үлгісі болып табылады. Олай болса, жалқыларды зерттеп, алған білім де, 
жалпылардың шын өмір сүретіндегіне деген сенім де, бір-біріне қайшы 
келмеулері керек. Адамға ең кееркті нəрсе оның іс-əрекеті емес, құдайға деген 
сенімі. 
Абеляр осындай екі-ұшты пікірлері үшін номиналистер жағынан да, 
реалистер жағынан да сынға түсті. 
Христиандық 
діни 
ілімді 
Аристотельдің 
философиясымен 
байланыстырған, шіркеудің алғашқы схоластикалық ұстазы, ал 1879 жылдан 
бастап католик шіркеуінің шешімімен осы шіркеудің ресми теолог-философы 
деп жарияланғн Фома Аквинский 1225-26 жылы туып, 1274 жылы қайтыс 
болды. Негізігі еңбегі: “Теологияның жиынтығы”. Ол Аристотельдің іліміне 
сүйене отырып, белсенді форма (реттілік принципі) мен тұрақсыз жəне 
қалыптаспаған материяның (болмыстың əлсіз түрі) арасындағы байланысты 
түсіндіру арқыл Иисус Христостың бойындағы құдайлық (идеялық) жəне 
адамдық (материалдық) қасиеттерін теориялық жолмен негіздеуге тырысады. 
Құдайдың арқасында қосылған алғашқы бастамалар – форма мен материя – 
жеке заттар əлемін тудырады. 
Адамның өзі де жан (түр қалыптастыратын принцип) мен дененің 
қосындысынан пайда болған. Жан “таза форма” ретінде күйреуі, жоғарлауы 
мүмкін емес. Бірақ ол жерде тіршілік пайда болғанға дейін жеке өмір сүрмеген, 
оны құдай жаратқан. 
Рух пен материяның табиғаты туралы пікірталас жалқылар мен 
жалпылардың (универсалийлер) табиғаты жөніндегі тартысқа айналды. Фома 
аквинский аристотельдің жалпы ұғымдр жалқылардың қалыптастыратын 
принципі ретінде жеке өмір сүреді деген іліміне сүйене отырып, универсалилер 
ақыл-ойдың жемісі болғанымен, санадан тыс, құдайдың ойында орын 
алғандықтан, өз алдына жеке-дара тіршілік етеді дей келіп, ибн-сина сияқты 
универсалилердің үш түрлі өмір сүретіндігін көрсетеді. Олар: 1. Зат пайда 
болғанға дейін – құдайдың ойында; 2. Заттардың өзінде – олардың мəні 
ретінде; 3. Заттардан кейін, адамдардың ақыл-ойында – сол заттардың ұғымы, 
абстракциялық ойдың нəтижесі ретінде. 


304 
Заттардың мəні олардың түпнегізі – құдайдың бойындағы жалпы идеялар 
болғандықтан адамдардың мақсаты – соларды діни сенім арқылы білуге 
ұмтылу. Ал философия болса, ол да діни догмалардың дұрыстығын, 
ақиқаттығын өзіне тиесілі бар беделімен дəлелдеуі керек. 
Аквинскийдің пікірінше, дін құдайдың табиғатын түсіндіретін ілім, 
сондықтан шіркеу оны уағыздаушы ретінде азаматтық қоғамнан жоғары 
тұрады. Демек, өкімет билігі құдайдан. Жердегі тіршілік о дүнедегі болашақ 
рухани өмірге дайындық болғандықтан, патшалық билік рухани (діни) билікке 
бағынуы керек. Рухани билікті жүргізетін аспанда – Христос, жерде – Рим 
папасы. Аквинскийдің ілімі ХІХ ғасырдың аяғында қалыптасқан қазіргі кездегі 
философияда өзіндік орын алып отырған неотомизмнің теориялық жəне 
идеологиялық арқауы болып отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет