Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п



Pdf көрінісі
бет114/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   130
Философия Оқулық (3)

Дунс Скотт (1268-1308 жж) шотланд схоласты, Аквинскийдің іліміне 
қарсы сын айтып, құдайдың да, адамның да ақыл-ойы оның ерік-жігеріне 
тəуелді, сондықтан да құдайдың жігері не істеймін десе де абсолютті ерікті, ал 
оның қалағанын істегеннің өзі – игілік. Құдай жігерінің арқасында əлемдегі 
жеке заттарды жаратқан. Ол тек жаратушы ғана емес, сонымен бірге сол 
заттардың рухани түпнегізі. Осындай рух адамда да бар. Адамның рухы (жаны) 
мəңгі, ал оның денесі кеңістік пен уақытта шектеулі. Рухтың негізгі мақсаты – 
танып біл. Адамдар сезімдік түйсіктер арқылы заттардың қасиет сипаттарын 
таныса, ақыл-ой арқылы осы алынған деректер негізінде жалпылықтың 
(универсалий) əнін түсінуге ұмтылады. Жалпы ұғымдар таза ақыл-ойдың 
туындысы емес, əр заттың мəні, түпнегіз. Олар əр уақытта болған жəне мəңгі 
бола береді. Тек адамдар таным процесі кезінде оларды заттардан бөліп алады 
да, жалпы ұғымын қалыптастырады. Ақыл-ой да, сезімдік түсіністер де өз 
алдына рухани түпнегізді танып-біле алмайды, себебі олар сезім мүшесіне əсер 
етпейді. Олай болса, таным процесінде белсенділік көрсететін сезім мүшелері
де, сана да емсе, тек жігер ғана. Себебі жігердің өзі жалпы рухтарға тəн, ал 
рухтың жігері құдайдың жігерінен нəр алады. Скоттың пікірінше, философия 
қарастыратын негізгі мəселе болмыс болғандықтан, ол рухани түпнегізді танып 
біле алмайды, ал діннің пəні – рухани түпнегіз болғанымен де, бірақ оны 
нақты түрде дəлелдей алмайтынына қарамастан, оның айтқандарына 
күмəнданбай сену керек. 
Дунс Скоттың ілімі скоттизм деп аталған өзінің ізбасарлар мектебінің 
өкілдеріне үлкен əсер етті. Ортағасырлық философияның көптеген 
идеяларымен келіспей, өзіндік пікір айтып, таным процесінде тəжірибенің 
беделін көтерген ойшылдардың бірі Роджер Бэкон болды. (1214-1249 ж.). Ол 
философияны, табиғаттану ғылымдарын теологиядан бөлу керектігін уағыздап, 
ғылымдар ғимаратының іргетасы – тəжірибе, эксперимент жəне математика деп 
есептеді. Ол өз кезеңіндегі ғұламаларды схоластикалық беделдің алдында бас 
июден гөрі тəжірибеге жүгінуге, бос пікірталастықтан – экспериментке, керегі 
жоқ кітаптардан – табиғатты зерттеуге шақырады. Осы салада өзі де үлкен 
жетістіктерге жетті. 
Білімнің қайнар көзі жəне негізгі құралы – тəжірибе, логикалық пікір 
жəне ғылыми бедел. Бірақ осы аталғандардың ішіндегі адамдарды ақиқатқа 


305 
жеткізетін ғылыми құралдардың ең бастысы – тəжірибе. Себебі тəжірибе – 
тəжірибе болғандықтан құндылыққа ие. Ал қалғандары осы тəжірибе арқылы 
дəлелденуі керек. Ал кей жағдайда тəжірибе де ақиқаттыққа жеткізе амайды, 
мұндай жағдайда оған философия мен дін көмектеседі. Осыдан келіп, ол 
философияның міндеті дінді қорғау деген тұжырым жасайды. 
Номиналистік бағыттың көрнекті өкілі, схоластикалық ойлау тəсілінен 
арылып трансценденталдық болмыстың онтологиясын қалыптастыру арқылы 
Суарес, Лейбниц, Г.Биль сияқты ойшылдарға үлкен əсер еткен, ағылшын 
ғұламасы Уильям Оккам (1300-1349-50 ж.) болды. Оның пікірінше, əлем жеке 
заттар мен мəндерден тұрады. Мəнділіктердің негізгі анықтамаларының 
қасиеттері (трансценденталилері) өзінен бөлінбейді жəне қажеттіліктің 
арқасында оның мəнінен тікелей туындайды. Трансценденталийлер 
категориялардан да, біртектес заттарды қамтитын жалпы ұғымдардан да
жоғары тұрады. Ал категориялар мен жалпы ұғымдар заттардың таңбасы, 
белгілері ғана, олай болса, олар жеке дара өмір сүре алмайды, тек қана адам 
ақыл-ойында болады. Ақыл-ойдан тыс өмір сүретін тек жалқылар 
болғандықтан, таным процесі заттарды, құбылыстарды түйсіктер арқылы 
бейнелеуден басталады, сыртқы жəне ішкі тəжірибе арқылы түйсініп-білуден 
тұрады. Ішкі тəжірибе адам жалқыларды бейнелеудің нəтижесінде оларды 
түсініп интуитивті нақты білім алса, сыртқы тəжірибеде трансценденталийлер 
туралы абстракциялы немесе жалпылар туралы білім жинайды. Олай болса, 
оккамның пікірінше, философиялық ақиқат пен діни ақиқат екі түрлі құбылыс. 
Ғылым мен философия үшін ең маңызды нəрсе – интуиция мен білім арқылы 
ақиқаттығы дəлелденетін фактілер. Ал дəделдеудің өзі қарапайымдылыққа, 
түсініктілікке негізделуі шарт. Ал ақыл-ой күшімен құдайды, оның бар 
екендігін бұлжытпай дəлелдейтін фактілер болмағандықтан, оған сену ғана 
керек. Оккамның ілімі Коперниктің аспан механикасы туралы ілімінің 
қалыптасуына жəне ғылымдарға геометриялық тəсілдің үстемдік етуіне ықпал 
жасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет