Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п



Pdf көрінісі
бет115/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   130
Философия Оқулық (3)

14.3. Мұсылман әлемінің философиясы. 
Орта ғасырларда дамып, гүлденген араб жəне түркітілдес философия 
туралы əдебиеттер баршылық, дегенмен де ол əлі толық зерттелмеді. Бүгінгі 
таңда шығыс мəдениеті мен философиясы, өркениетті əлемдік деңгейге рухани 
мəдениеттің бар саласына белсенді əсер етіп үлкен үміт арттырып отыр. Бұл 
еуроцентристік теориялардың жалпы əлемдік универсализмге ие бола алмай
тұйыққа тірелген шағын көрсеіп отыр. 
Мəселен, ежелгі үнді, қытай жəне грек философиясының генезисін 
анықтау, оларды алғы философиялық сананның формаларына деген ара-
қытынасын анық түсіну, əрқайсысының спецификасын жəне олардың даму 
заңдылықтарының құрылуына мүмкінік береді. 
Бұл көне шығыс пен ежелгі грек философиясын, сондай-ақ шығыс пен 
батыстың өркениеттілігін де салыстырмалы түрде оқып білудің алғы шарттары 
болып табылады. Өркениеттің рухани аспектісінің кең ауқымда болғандығы 
соншама, оның шығыс қоғамындағы орны батысқа қарағанда мүлдем өзгеше. 


306 
Бұрынғы əлемдік философия тарихының қазіргі мəселе қою жағдайынан 
өзгешелігі сол, онда еуроцентризм үстемдік етеді. Ол батыстағы шешімді 
асырып жіберіп, шығыс философиясын теріс бағалады. Бұған сенсек, шығыста 
барлық уақытта бір түрлі философия өмір сүрген. Бірақ бұл олай ма? Олай 
емес. өркениет, философия, мəдениет шығыста да, батыстағыдай əрқилы 
жолдармен жүріп, дамып келеді. Бұл алшақтық шығыстың қоғам дамуның 
ерекшелігінен көрінеді. Яғни бұл мəденеиті мен философисындағы ерекше өз 
көрінісні тапқан, қайталанбас өз тарихы, салт-дəстүрі бар дербес шығыс 
қоғамын көрсетеді. 
Өкінішке орай кезінде ұлы Гегель де батыс философиясы шығыс 
философиясынан əлдеқайда жоғары деп бағалағанын оның концепциясынан 
көреміз. Мұның бəрі отаршылдықтың көптеген ғасырлары шығыс ойларының 
пессимистігі, инерттілігі делінетін менсінбей қараушылықпен белгілі. Шығыс 
философиясына үңіле зер салсақ, оның ешқашан жалпы болмағандығын, ең аз 
дегенде, үш дербес бағытта, үнді, қытай, араб мұсылман болып дамығандығын 
көреміз. 
Бұдан біздің пайымдайтынымыз, шығыс философиясының өзіндік бір 
дербес ерекшелігі бар, ешқандай бұлжымай қатып қалған филосфия түрлерінің 
болмауы. Қайта бағыттардың əртүрлі қалыптарына, өміршеңдігіне, даналығына 
көз жеткіземіз. Сондықтан да біздің бұл бөліміміз шығыс философиясының бір 
бұтағы болған араб жəне түркі тілдес орта ғасырлық мұсылмандық шығыс 
филосфиясына арналып отыр. 
Осы бір тұста тарихи заңдылыққа сəйкес философиялық ғылыми ойдың 
даму орталығы ортағасырлық исламдық шығысқа ойысты да, сонау ХІ ғасырға 
дейін мəдени өркендеудің негізгі ошағы сонда болды. 
Орта ғасырлық шығыста VІІІ-ІХ ғасырларда Батыс Еуропаның 
мəдениеттік даму деңгейі төмен дəрежеде қалып қойған кезде араб тілді 
философия, араб мəдениеті кең өркен жайды. Бұл арабтардың ұлттық сана-
сезімінің оянуы, мəдениетінің кең өркен жаюы, жалпы VІІ ғасырда Арабстанда
жаңа ислам дінінің пайда боуымен де байланысты болды. Олар VІІ ғасырдың 
екінші жартысында ислам туының астында үлкен бір орталыққа айналды. 
Араб халифаты VІІІ ғасырдың бірінші жартысында тіпті бұрынғы Рим 
империясынан да асып түскені бізге тарихтан белгілі. Оның құрамына 
Арабстаннан басқа Иран, Армения, Индияның солтүстік-батысы, Сирия, 
Египет, Палестина, бүкіл солтүстік Африка жағалауы жəне Пиреней түбегі 
кірді. Атлантикадан Қытайға дейінгі сауда жалпы арабтардың қолында болды, 
араб тілі Гибралтардан Инд өзеніне дейінгі жерде ортақ тілге айналды. Араб
халифатның қол өнері, шаруашылығы, атап айтқанда суармалы жерді 
пайдалану мəдениеті мен техникасы, саудасы мен өндірісі Еуропаға қарағанда
анағұрлым жоғары дəрежеде еді. Осы себептердің бəрі жиналып келіп, орта 
ғасырлық ғылым мен философияның күрт дамып өркен жаюына игі ықпал 
жасады. 
Алайда, араб мəдениеті Араб халифаты сияқты көпұлтты болды. Оның 
көркеюіне, дамуына арабтармен бірге түріктер де, берберлер де (мавр), 
парсылар мен египеттіктер де атсалысты. Екінші жағынан араб тілінің 


307 
негізінде ежелгі шығыс мəдениеті мен антикалық мəдениет ұштастырыла 
дамытылды, өзіндік дəстүрлі жалғасын тапты. 
Осыған орай Бағдат қаласы үлкен мəдени, рухани ортылыққа айналды. 
Мұнда Платонның, Аристотельдің, Гиппократ мен Галеннің, Эвклид, Архимед 
жəне Птоломейдің шығармалары араб тіліне аударылап, басылып, мұсылман
əлеміне кеңінен танымал болды. Ал Х ғасырда екінші орталық Пиреней 
түбегіндегі Кордова қаласына ойыса бастап, ХVІ ғасырда мəдени даму өзінің 
шарықтау биігіне көтеріліп, шегіне жетті. Аристотелизм ағымының ықпалы 
философия саласында өте күшті болды. Сөйтіп мұсылман перипатетизмінің 
негізгі қаланды. Ол негізінен екі бағытқа бөлінген еді. Біріншісі, əл-Кинди, əл-
Фараби жəне Ибн Синаның (Авиценна) атымен байланысты шығыстық 
аристотелизм. Екіншісі, Ибн Туфейл жəне Ибн Рушдтың (Аверроэс) атымен 
байланысты испан аристотелизмі. Алғашқы кезде арабтар Аристотель 
философиясының неоплатониктер бұрмаланған нұсқасымен танысқан-ды. 
Кейіннен, Аристотельдің түпнұсқа еңбектері араб тіліне тікелей аударылап
зерттеу объектісіне айналған кезде ғана ол бұрмалаушылықтардың ықпалы 
жойылды. Сөйтіп араб мұсылман əлемі Платон жəне Аристотель еңбектерімен 
тікелей танысуға мүмкіндік алды. 
Мұсылмандық шығыс перипатизмнің алғашқы бастаушы өкілдерінің бірі 
аристотелизм іліміне алғаш жол ашқан ғұлама философ әл-Кинди (шамамен 
800-870 жж.) “араб философы” деген құрметті атаққа ие болды. Ол өзінің 
трактаттарында табиғат құбылыстарын детерменистік тұрғыдан түсіндіруге 
баса назар аударды. Ол жан-жақты терең білімді, геометрия, астрономия, 
оптика, медицина, музыка ғылымдарымен шұғылданған ойшыл адам. 
Философиялық шығармалары логика мен таным теориясына байланысты 
жазылған. Әл-Киндидің философия жəне жаратылыстану ғылымдары 
саласындағы көптеген жаңа тұжырымдары мен қағидалары келешек ғылым 
үшін де жетекшілік рөл атқарды. Атап айтқанда, оның септілік байланысы, 
танымның үш сатысы туралы ілімі араб филосфиясы үшін сараптаудың үлгісі 
есепті болды. Әл-Киндидің пайымдауынша танымның бірінші сатысына – 
логика мен математика, екінші сатысына – жаратылыстану ғылымдары, үшінші 
сатысына – философияны жатқызады. Демек, философияның нақтылы
ғылымдарға өте жақын екендігін, олармен тығыз байланыста болып, арқа 
сүйетіндігін көре біліп, дұрыс айтқан. 
Шығыс перипатизмнің тарихында ақыл-ойдың төрт түрін атап көрсеткен 
концепциясы үлкен рөл атқарды. Оларды – мəңгі əрекетшіл “белсенді ақыл-
ой”, “бейжай, енжар ақыл-ой”, “жол-жөнекей қосылған ақыл-ой”, “жарияшыл 
ақыл-ой” деп сұрыптайды. Ал, Аристотельдің он категориясының орнына əл-
Кинди бес категорияны рухани түпнегіз етіп алуды ұсынады. Олар – материя, 
форма, қозғалыс, кеңістік жəне уақыт. 
Өзінің ғылыми ізденістерін əл-Кинди астрологиямен болашақты болжау 
ісімен ұштастыруға талпынған. Оның бұл əрекеті ислам дініне келісе бермейтін 
кейбір пайымдаулары, исламның кейбір жақтаушыларына ұнамай, олар əл-
Киндидің біраз кітаптарын өртеп жіберген болатын. Сондықтан да оның біраз 
шығармалары біздерге жете қойған жоқ. Әсіресе оларды қатты ашуландырып, 


308 
өшіктірген нəрсе əл-Киндидің құранға сенімсіздікпен қараған кейбір ойлары 
болды. 
Қорыта айтар болсақ əл-Кинди ілімінің араб тілді мұсылмандық шығыс 
философиясының шығыстық перипатетизм ағымының араб мұсылман əлеміне 
кеңінен өркен жаюына өзінің тиісті үлесін қосты деп айта аламыз. Одан арғы 
шығыс перипатеетизмнің дамуы əл-Фараби (870-950 ж) жəне Ибн Сина (980-
1037 ж) есімдерімен тікелей байланысты болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет