Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п



Pdf көрінісі
бет116/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   130
Философия Оқулық (3)

Әл-Фараби (870-950 жж) тарихымыздағы ұлы тұлғалардың бірі, ислам 
дүниесінің ең ірі, атағы əлемге жайылған ғұлама философы, Аристотельден 
кейінгі “екінші ұстаз” атанған Әбу Насыр əл-Фараби қазақ жерінде, Отырар 
қаласында дүниеге келген. 
Ұлы жерлесіміз əл-Фарабидің түркі тайпасының дəулетті бір ортасынан 
шықққаны бізге мəлім, бұған дəлел оның толық аты-жөнінде “тархан” деген 
атаудың болуы. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзенінің Сырға 
барып құятын жеріндегі Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің толық аты-
жөні Әбу Насыр Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан əл-Фараби, яғни əкесі ұзлағ, 
арғы атасы тархан. Туған жері – қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар – 
Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу Насыр Фараби, яғни Фарабтан 
шыққан Әбунасыр атанған. Бұл қаланың орны – қазіргі Отырар ауданы, 
Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында. Сол тұста өмір сүрген зерттеушілердің 
қалдырған нұсқаларына қарағанда, Отырар қаласы ІХ ғасырда тарихи 
қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мəдениет оралығы 
болған. Отырарға орта ғасыр ғалымдарының көп назар аударғанын біз 
тарихтан жақсы білеміз. Ғалымдардың айтуына, Отырар қаласы орналасқан аса 
құнарлы алқапта қазақ халқының аррғы ата-бабалары, қырдағы көшпелілер 
мен қала тұрғындары жиі қарым-қатынас, тығыз байланыс жасап отырған. 
Кеңінен мəлім екі дерек бар: 1218 жылы монғолдар қаланы қиратты, бұл 
“Отырар апаты” деп аталды; онан соң 1405 жылғы ақпанда мұнда Әмір-Темір 
қайтыс болды. Отырар жайында біздің қолымызда Ибн Хаукальдің, Әбу 
Фиданың, қытай деректемелерінің мəліметтері бар. Отырар жөнінде 
Птоломейде де айтылған. Отрардағы кітапхана, ел аузындағы аңызға қарағанда,
кітабының саны жағынан атақты Александрия кітапханасынан соң екінші 
орында болған. 
Бірақ Отырар Қазақстандағы бірден-бір мəдени орталық емес-ті. 
Зерттеушілердің қажырлы еңбегі арқасында республиканың археологиялық 
картасы басқа да мəдени орталықтармен (Тараз, Сауран, Сығанақ, Түркістан, 
Мерке, Исфиджаб жəне басқа қалалар) толықтырылды. Демек, осы аумақты 
мекендеген тайпалардың сонау арғы заманда қалыптасқан өскелең өнері, 
ғылыми, түркі тілдес жазуы болған. Міне, сондықтан да қазақ топырағынан 
шыққан ғалымдар Әбу Насыр əл-Фараби, Исхақ əл-Отрари, Исмаил əл-
Шаухари, Жемал əл-Түркістани, əл-Сығнаки, əл-Қыпшақи, Қадырғали Жалаири 
жəне басқалар жазған еңбектердің белгілі бір мəдени негізде дүниеге келуі 
əбден табиғи нəрсе. Осынау саңлақтардың ішінде жалпы əлемге əйгілі алып 
тұлға - əл-Фарабидің орны ерекше. 


309 
Әл-Фарабидің Аристотельдің, Платонның, ерте дүниедегі Грекияның 
басқа да философтарының шығармаларымен түпнұсқасынан танысқаны 
жөнінде деректер бар. Білімге, ізденуге деген құштарлықтың жетелеуімен ол 
жас шағында, дүниедегі құбылыс біткеннің бəрі кісіге сірə ғажап, əрі таңсық 
көрінетін кезде саяхат жасап, сол замандағы мəдени əлемнің көптеген 
орталықтары: Хорасанда, Бағдадта, Дамаскіде (Шам), Алеппода, Каирда 
(Мысыр) болған. Өз өмірінің көп жылдарын ол Араб Халифатының саяси 
жəне мəдени орталығы болған Бағдадта өткізді. Мұнда ол өз білімін əбден 
тиянақты еңгеріп, толықтырады. Көрнекті ғалымдармен байланыс жасайды, 
сөйтіп өзінің білімдарлығы, ақылының алғырлығы жəне асқан байсалдылығы
арқасында көп ұзамай олардың арасында үлкен абырой-беделге ие болады. 
Бірақ өресі тайыз кертартпа хадисшілер оны жек көріп, күндей бастаған,
əсіресе, олар əл-Фарабидің бүкіл ойының негізгі мəніне қарсы шыққан, 
өйткені оның дүниеге көзқарасы шынайы болмысты танып білге, адам 
бақытын соңында əл-Фараби лажсыздан Бағдадтан кетеді. Өзінің “Фусул ал-
мадани” (Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері) деген соңғы 
шығарасында ол: адам ғылымға өркен жайған елде тұруға тиіс дейді. Әл-
Фараби өмірін Александриялық (мысырлық) ғалымдар, яғни бір кезде 
Александриядан ығыстырылған несторианшыл христиандар тұратын 
Дамаскіде өткізеді. Мұнда ол солтүстік Сирияның жетекші саяси қайраткері 
Сейд Ад-дуаль Хамаданиге аса қадірлі болды. Әл-Фараби 950 жылы 80 
жасында қайтыс болды. Біздің заманға əл-Фарабидің тек негізгі шығармалары 
ғана келіп жетті. Ол шығармалар ежелден бері-ақ жұртшылыққа танымал 
болып, философиялық жəне ғылыми ойдың одан кейінгі дамуына тигізген 
əсері орасан зор. 
“Мұсылман Ренессансы” деген атауға ие болған сол заманға тəн белгілрі 
оның шығармаларынан белгілі бір дəрежеде өз орнын алды. Әл-Фарабидің 
шығармаларында антик заманындағы дəстүрдің жəне “бірінші ұстаз” деп 
шығыста аталып кеткен Аристотельдің тарихтың барысында қалдырған əсері, 
неоплатонизмнің, несторианшылдықтың əсері жəне исламның əсерімен 
Аристотель идеяларының өзгеруі айқын көрінеді. Әл-Фарабидің Аристотельге 
бас игені сөзсіз. Сол сияқты ол Аристотель идеяларының ең жақсылары мен 
бағаларын əрдайым таңдап ала бермейтіні де даусыз. Бірақ біз үшін ерекше 
бағалы жағы сол, ол Аристотель ілімінің формальдық жағымен ғана 
шектелмейді, ол диалектика элементтеріне, мəселені қарама-қарсы қоюына 
белгілі дəрежеде көңіл бөледі, сыртқы дүние мен сезім мүшелері арқылы 
жүзеге асатын байланыс таным логикасының іргетасы болып табылатынын 
дəлелдейді. 
Фараби Аристотельдің, əл-Киндидің ізін қуып, философия мен ғылымның 
барлық салалары бойынша үлкен жетістіктерге жетеді. Мəселен, Фараби 
шығармаларының санын неміс ғалымы Ш.Штейшнейдер 117 еңбек десе, түрік 
ғалымы Атеш 160, ал тəжік ғалымы Б. Ғафуров 200 трактат деп көрсетеді. 
Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің
“Категориялар”, “Метафизика”, “Герменевтика” мен “Софистикасына”
түсініктемелер жазды. Ол еңбектері күні бүгінге дейін де мəн-маңызын 


310 
жоғалтқан жоқ. Сөйтіп, Фараби шығыс пен батыстың ғылымы мен ежелгі 
мəдениетін таныстыруда үлкен рөл атқарды.
Сондықтан да ХІ ғасырда өмір сүрген Фарабидің ізін қуушы атақты Ибн-
Сина (980 – 1037) тек Әбу Насыр түсіндірмелері арқылы ғана Аристотель 
еңбектерінің ойын ұғып, қуанғанынан қайыршыларға садақа үлестіргені жайлы 
жазған екен. Анығырақ айтсақ, Аристотель шығармалары сол кездің өзінде-ақ 
араб тіліне аударылып үлгерген-ді. Араб шығысында Аристотельдің кейбір 
құнды 
ойлары 
бұрмаланып 
көрсетілді. 
Бірақ 
көп 
еңбектері 
тəржімаланбағандықтан ұлы грек философының ойын түсіну қиын болды. 
Сондықтан да көп тілдерді жетік білген ұлы ғалым жерлесіміз Аристотель 
шығармаларына араб тілінде түсіндірме жазуды ұйғарды. Сөйтіп, ол ұлы 
философтың мұраларын жаңсақ пікірлерден тазартып, өз қалпында дұрыс 
түсіндіре біліп, өзінің бірінші ұстазға деген ғылым саласындағы үлкен 
адамгершілік, азаматтық іс-əрекетін таныта білді. Сондықтан да шығыс 
философтары оны “ал муаллим ас-сани” - екінші ұстаз деп атаған. Фараби 
Аристотельдің философиясына түсініктемелер жаза отырып, өз тарапынан да 
“Ғылымдардың шығуы”, “Ғылымдар энциклопедиясы немесе тізбесі”, “Ізгі қала 
тұрғындарының көзқарасы”, “Музыканың үлкен кітабы”, “Философияны аңсап 
үйрену үшін алдын ала не білу қажеттігі жайлы”, “Ақылдың мəні туралы”, 
“Әлеуметтік этикалық трактаттар”, “Философиялық трактаттар”, т.б. сияқты 
көптеген философиялық еңбектер жазған. Фараби ғылымының философиялық-
логикалық іргетасын дұрыстап қайта қалап шықты. Ол музыка жайлы күрделі 
зерттеулер жүргізді. Фарабидің метафизика, тіл ғылымы, логика, психология, 
география, этика, т.б. ғылымдар жайлы жазған еңбектерінің мəні ерекше зор.
Тарихқа неғұрлым терең үңілген сайын біз жеке ұрпақтардың, тайпалар 
мен ұлттардың мəдениеті мүлде оқшау дамиды деген теорияның неізсіздігін 
соғұрлым айқын көріп отырмыз. Дүние жүзі мəдениетінің дамуында із 
қалдырған сол көрнекті қайраткерлер, шындығында, адамзат мəдениетінің 
бірлігін паш етіп келеді. Әл-Фараби осындай дүниежүзілік тарихи тұлғалардың 
санатына қосылады. Ол туған елінің мəдени байлығын, иран, үнді, антика 
мəдениеттерінің жемістерін бойына дарытты. Сондықтан да ол тайыз ұғымдар 
мен соқыр сенімдерден жоғары көтеріле біліп, өзінің ойлау жүйесін сындарлы 
да икемді өте білді. Әл-Фараби өз заманындағы өнер-білімнің ең асылын таңдап 
ала біліп, өз дəірінің шынайы энциклопедиясын жасап берді. Оның терең 
мағыналы пікір айтпаған, жете зер салмаған, данышпандық болжам жасамаған 
бірде-бір ғылым саласы жоқ десек артық айтқандық емес. Мəселен, Фараби 
өзінің “Философияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы трактат” еңбегінде 
Аристотельдің философиясын меңгеруге қажет болатын тығыз шарт жайлы өз 
пікірлерін ортаға салып, бұл туралы былай дейді: 
Бірінші шарт – философия ағымдарды тану (аты-жөнін білу) жеті 
нəрседен тұрады: 
Философиялық бағытқа (ағымға) бас болған ұстаздың аты-жөні; 
Оның шыққан қаласы; 
Философияға мекен (медресе) болған орынның аты; 
Философиялық ағымды тудырған басты себеп; 


311 
Философиялық талдауға түскен мəселелер; 
Философияның алға қойған мақсаты туралы; 
Философияның практикалық мəні, нəтижесі. 
Оның пікірінше, тұңғыш рет философиялық бағыттың алғаш негізін 
салушы – грек философы Пифагор, яғни пифагористер мектебі. Бұл жерде 
Фараби ежелгі Грекиядағы негізі ғылыми философиялық мектептерге шолу 
жасап, өз пікірлерін ортаға салады. 
Екінші шарт - өткендегі ірі философтардың еңбектеріндегі негізгі 
ойларын, мақсаттарын тану. Мұнда Фараби ежелгі гректерден қалған 
логикалық шығармалардың яғни, формальдық дəлел (логика); силлогизм; 
аналитикалық мазмұн мен оқу ретін қысқаша айтып өтеді. 
Үшінші шарт – философ болу үшін қажетті ғалымдарды тани білу. 
Төртінші шарт – философия ғылымын үйретудегі мақсатты түсіну. 
Философия ғылымын үйренуде оның күттіретін мақсатын тану. Ол мақсат – 
жаратқан иені тану. Ол өзі ауыспайтын, өзгермейтін жалғыз зат. Бүкіл дүниені, 
барлық 
нəрселерді 
барлыққа, 
болмысқа 
шығарған 
жаратушы. 
Жомарттылығымен, хикметімен, əділеттілігімен осы əлемге тəртіп беруші 
аллатағаланы тану. Барлық философ ғалымдардың істеген еңбектері өздерінің 
шамасынша сол жаратқанға ұқсап бағу. Әрине, бұл жерде біз əл-Фарабидің өз 
заманының перзенті болғандығын дұрыс түсінуіміз қажет, өйткені заман 
талабын аттап өте алмау қай кезде болсын тарихи табиғи нəрсе. 
Бесінші шарт – философия ғылымына кірісудің төте жолын тану. Бұл 
жерде Фараби білім, ғылымға жетудің ең бір дұрыс жолы аянбай еңбек ету 
дейді. Сонымен қатар философияны тек жаратылыстану ғалымдары арқылы 
ғана танып білуге болады деген пікірлер айтады. 
Алтынша шарт – Аристотель еңбектеріндегі қолданылған ғылыми 
ұғымдарды талай білу. 
Жетінші шарт – Аристотельдің өзінің еңбектерін оқыған адамнан терең 
жұмбақ сырларды шешуді талап етуінің себебін білу, Аристотель еңбектерінде 
жұмбақ түрінде айтылған түсініктердің сырын ашу. Оның кейбір ғылыми 
түсініктерді терең жұмбақ түрінде келтірудің үш түрлі себебі бар. Бірінші, 
оқушының табиғи қабілетін сынап, үйретуге тұратынын немесе тұрмайтынын 
айыру. Екінші, философия ғылымын көрінген адамның бəріне бірдей рəсуа 
қылмай, оны алып жүретіндерге ғана пайдаландыру. Үшінші, ғылыми іздеу 
жолында адам бейнеттеніп, ой-пікірін шынықтыру керек. Осы үш себептен 
аристотель еңбектерінде жұмбақ (аллегория) қолданылады. 
Сегізінші шарт – философ адамның міндеті мен тіршілік ережесін жəне 
қалпын түсіну. 
Тоғызыншы шарт – Аристотель ілімін үйрену үшін нендей нəрселер 
қажет екенін білу. Фараби бұл жерде Аристотельдің логика ғылымын, 
шығармаларын оқу тəртібін келтіріп, оны жоғары бағалайды. Бұл ойларды 
түйіндеп айта келгенде фараби философияны үйрену үшін ежелгі грек 
ойшылдарынан бастап өзіне дейінгі ғалымдардың ой-пікірлерін сарапқа салады 
да, соңында өз ойларын айтады. Фарабидің пікірінше, ғылым мен философия 
адамы болу үшін қойылатын ең бірінші талап – ол адамның жан махабаты, ар 


312 
тазалығы, бүкіл адамға, өз халқына деген таза махабаты, ғылым мен білімге 
деген қалтқысыз құштарлығы мен берілгендігі. Бұл шарт орындалмаған күнде 
адам философияны үйрене алмайды, үйрете де алмайды деп көрсетеді Фараби. 
Әл-Фарабиді 
дүниеге 
танытқан 
музыка 
теориясы 
арналан 
шығармаларының бірі – “Музыканың үлкен кітабы” атты еңбегі. Ғұлама бұл 
еңбекте математикалық тəсілдер пайдалану арқылы музыкалық дыбыстарды 
тұңғыш рет қағаз бетіне түсіріп, нотаны алғаш дүниеге келтірді. Ол тек музыка 
теориясын ғана жазып қоймай, музыкалық аспаптарды да қолан жасап, сол 
аспаптарда керемет ойнай да білген. Қазақ домбырасын дүниеге келтірген асқан 
музыкант ұлы бабамыз Әбу Насыр əл-Фараби десек, біз қателеспеген болар 
едік. Оған бірнеше ғылыми дəлелдер, Фараби жасаған музыкалық аспаптар түрі 
куə бола алады. Оның шебер орындаушылығы жөнінде шығыс халықтары 
арасында күні бүгінге дейін айтылып жүрген көптеген аңыздар да бар. 
Аль-Кинди мен əл-Фарабидің ілімдерін одан əрі дамытушы, 
жалғастырушы Ибн-Сина (980-1037) болды. Ибн-Сина (Авиценна) 
дүниетанымының қалыптасуына философ əрі жаратылыстану ғылымдарының 
озық үлгілі бірлігі ретінде араб мұсылман əлемінде танымал болуына аль-
Кинди мен əл-Фараби философиясының тікелей ықпал тигізгені белгілі. 
Еуропалықтарға Авиценна деген атпен белгілі болған ол, Орта Азияда, Бұқара 
қаласының маңында дүниеге келеді. Иран мемлекетіндегі Исфахан атты қалада 
философия жəне медицина саласы бойынша дəріс алып өз білімін жетілдіреді. 
Ибн-Сина жан-жақты терең білімді, философ, дəрігер, ақын əрі саяси қайраткер 
болған екен. Ол жүзден аса ғылыми кітаптар жазыпты. Олардың ішінде ең 
əлемге танымал болған атағын шығыс пен батысқа танытқан “Сауығу кітабы” 
деп аталатын медицина жайлы жазған кітабы. Ол ғасырлар бойы шығыс жəне 
батыс дəрігерлері үшін баға жетпес білім көзіне айналған еді.
Ибн-Синаның философиялық шығармасы он сегіз бөлімнен тұратын 
“Сауығу кітабы” логиканы, физиканы, математиканы жəне философияны 
қамтыған. Арабтар əлемінде Ибн-Синаның аты керметпен аталатын еді. Оны 
біресе “философтар патшасы” деп атаса, біресе “дəрігерлер атасы” деп 
дəріптеген. 
Философияда Фараби бағытын жалғастырғанымен Ибн-Сина араб 
перипатетизмнің негізін қалаушы болды. Оның болмыс туралы ілімі материяны 
мəңгі жаратылыстан тыс құбылыс ретінде қарастырады. Алайда бұл қағиданы 
діни көқарастармен байланыстыруға мəжбүр болған. Мысалы, ол құдайдың бар 
екендігіне шүбə келтірмейді. Дүние шындықтың мүмкіндігі ғана. Ол уақыттан 
тысқары құдайдың жағдай туғызуына байланысты шындыққа айналады. 
Адамның рухын Ибн-Сина дененің бейзаттық формасы ретінде қарастырады. 
Денелердің қайта тірілуі мүмкін емес дейді. 
Ибн Сина жалпы ұғымдар (универсалиялар) мəселесін өте қызық түрде 
шешкен. Оның ілімі бойынша жалпы ұғымдар үш түрде өмір сүеді: 1) заттарға 
дейін, құдыреттің ақыл-ойында; 2) заттың өзінде, себебі ол сол заттың мəні; 3) 
заттан кейін адамдардың санасында. Таным теориясында Ибн-Сина əл-
Фарабидің жолын қуып оны одан əрі дамытуға ат салысады. Дегенмен оның 
кейбір мистикалық тұжырымдарға бай негізгі тəсілдерінің бірі ретінде ол құдай 


313 
шапағатын мойындап ұсынады. Жалпы алғанда, Ибн-Сина философиясы 
Аристотельді исламның негізгі қағидаларымен ұштастыра отырып, оларды 
өзара ынтымақтастырмақ болған ілім. Ол əл-Фарабиден кейінгі философия 
тарихында өзіндік із қалдырған араб тілді мұсылман философиясының ең ірі 
өкілдерінің бірі деп белеміз. 
Шығыстық мұсылман философияның бір бұтағы болған, əлемдік 
философия тарихында өзіндік орны бар түркі тілдес философия, араб мұсылман 
философиясы мен мəдениетінен нəр алып, рухани дəстүр жалғатылған одан əрі 
жалғастыра түсті. Бұл рухани дəстүр жалғастығы қасиетті қазақ даласынан 
шыққан, кіндік қаны қазақ топырағына тамған Қорқыт ата, Жүсіп Баласағұн, 
Ахмет Иассауи, Махмуд Қашқари, Ахмет Иүгінеки, Сүлеймен Бақырғани 
сынды ұлы ойшыл ғұлама философтардың есімдерімен белгілі. Олар түркі 
тілінде барлық түркі тілдес халықтардың мəдениеті мен əдебиетін, алғы 
философиялық ойдың ірге тасын қалап шықты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет