Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п


Қазақ халқының ата-бабаларының діни мәдениетіндегі исламға



Pdf көрінісі
бет117/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   130
Философия Оқулық (3)

 
14.4. Қазақ халқының ата-бабаларының діни мәдениетіндегі исламға 
дейінгі дәстүрлер. 
Дəстүр сабақтастығына қатысты қазақтардың төмендегі діни типтерін атап 
өтуге болады: а) архаикалық генотеистік діндер; ə) сырттан қабылданған, діни 
жүйелер; б) ислам. Олардың ара қатынасы əртүрлі уақыт кезеңдерінде жəне 
тарихи жағдайларда əр түрлі болды.
Ежелгі тарихта генотеистік нанымдар басым болды. Генотеистік діни жүйе 
- ата-бабаларды құрметтейтін жəне қоғамдық өмірдің барлық салаларында 
шешуші күшке ие рулық қауымға тəн көзқарастар мен сенімдердің ортақтығы.
Бүгінгі күнге дейін қазақтар аруақтарды құдаймен қатар еске алады: "О аруақ,
О құдай қолдай көр" дейді. Ш. Уəлихановтың пікірінше, қазақтар өмірдің қиын 
кезеңдерінде ата-бабаларының есімдерін еске түсіреді. Кез келген сəттілік 
аруақтардың батасын алумен ғана келеді деп санайды. 
Аруақтардың өмір сүруі көшпенділердің рулық əлеуметтік түріне тікелей 
байланысты. Әдетте, жауынгерлік ұран ретінде ерлік пен патриотизмге 
танылған тұлғалардың аттары еске алынады. Мысалы, жоңғарлармен соғыс 
кезінде қазақтар Аллаһтан гөрі, Абылайдың, Қабанбай мен Малайсарының 
жəне басқалардың аттарын шайқасқа шыққан кезде ұрандатты. 
Ата-бабаларды құрметтеу дəстүрі ежелгі діни көзқараспен тығыз 
байланысты болды. Басқа халықтар сияқты көшпенділер мəңгілік рух жəне 
өлмес жан туралы көзқарасты қолдады. Түркі тайпалары қайтыс болған 
адаммен бірге оның қаруларын, жеке заттарын жəне жылқысын жерлеген.
Мінəжат дəстүрі алғашында өлгендерге арналған, кейінірек ол дəстүрлі еске алу 
сипатын қабылдады. "Әкені атқа отырғызып о дүниеге шығарды – аруақтарды 
құрметтеді (асқа жылқы сою)" деген сөз тіркесі осыдан қалды. Ата-анасының 
асына сиыр сойған жағдайда - "əкесін сиырға отырғызып жіберді" деп 
кемсіткен. 
Әдебиетте қазақтардың исламға дейінгі діни жүйесіндегі анимизмнің 
генотеизммен ұштасуының басқа да көптеген мысалдары келтіріледі. Халықтық 
түсінікте үш түрлі жан бар: ет-жан, шыбын-жан, рухи-жан. Адам өмірден 


314 
кеткеннен кейін оның ет-жаны төменгі əлемге өтеді. Ал рухи-жан аруаққа 
өтеді. Аруақ бұл рухтың нысаны деп аталады. 
Түркі халықтарының ежелгі тотемистік нанымдары генотиптік сипатқа ие 
болды. Тотем-көкбөрі (көктегі қасқыр) туралы барлық түркі мəтіндері айтады. 
Тотемистік мəнге қасқырдан басқа, көшпенділер үшін бұғы, жолбарыс
арыстан, қыран сияқты күш пен батылдықтың символдары ие болады. 
Қазақтардың пікірінше, аруақтар тотемистік бейнеде де пайда болуы мүмкін. 
Мысалы, Абылай хан өз аруағы ретінде қызыл түлкіні алды. Бөгенбай 
батырдың аруағы болып жолбарыс саналды. Рулық əулиелер үй жануарларына 
да өз қамқорлығын таратады. Үй жануарларының əр түрінде өз қамқоршылары 
болды: жылқы - Қамбар ата, қой - Шопан ата, сиыр – Зеңгі баба, ешкі – Шекшек 
ата, түй - Ойсыл қара. 
Кейбір басылымдарда қазақ мəдениетінде зороастризмнің ізін табуға 
тырысатын ғалымдар үйлену тойы кезінде отқа май құю рəсімін парсы дінінің 
ықпалының салдары деп дəлелдеуге тырысады. Алайда, бұл рəсімнің тамыры 
тереңде жатыр. Ол да ата-бабаларымыздың ескі дəстүрінің бір түріне жатады. 
Қалыңдық, отқа май құйып, " От-ана, Май-ана, жарылқа!" деп аруақтардың 
құрметіне үш рет иіледі. Май-ана ежелгі мəтіндерде Ұмай ана, яғни
құнарлылық пен ана құдайы деп аталады. Орхон-Енисей жазбаларында Ұмай 
көктегі Тəңірі мен Жер-Судың ниеттесі, руды жалғастырушы, қамқоршы 
ретінде бейнеленген.
Қазақ халқының дəстүрлі мəдениетінде де генотеистік діни жүйенің іздерін 
айқын байқауға болады. "Ант ішу" жоралғысы (табыну, қан ішудің бастапқы 
мəні), құйрық пен бауыр жеу жəне т.б. тікелей аруақты еске салады, жерлеу 
дəстүріндегі «жеті күн», «қырқы», «жылын» еске алу рулық көзқарастар мен 
сенімдерге негізделген. Аруақтарға қолдау көрсету немесе оны көрсетпеу 
олардың ұрпақтарының қарым-қатынасына байланысты. Аруақтарды жиі еске 
түсіру, олардың құрметіне құрбандық шалу (егер исламда құрбандық шалу тек 
діни мерекелер кезінде жасалса, онда көшпенділер оны өмірлеріндегі елеулі 
оқиғаларға байланысты жасаған) адамдар үшін қолайлы жағдайлар туғызады 
деп есептелді. Діни жүйені өткеннің сарқыншағы ретінде бағалауға болмайды. 
Мысалы, қазіргі уақытта алдыңғы қатарлы мəдениеті бар жапондықтар 
буддизммен қатар генотиптік синтоистік дінді сақтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет