14.5. Имандылық ұғымдары
Имандылық – моральдық өлшем. Мұның өлшемін тек діннен іздек
қателік. Қазақстан өркениет пен мəдениет тұрғысынан мұсылман əлемінің бір
бөлігі болып отыр. Өйткені əлемдік өркениеттің дамуына айрықша ықпал
еткен түркілердің тарихи мұрагері болып қалған Қазақ жерінде ислам діні қанат
жайғаннан кейін де ғылым мен білімнің, мəдениет пен өнердің дамуына баға
жетпес үлес қосқан ғұламалар дүниеге келді. Мал шаруашылығын кəсіп еткен
көшпелі халық өркениетінің мінсіз үлгісі қалыптасты. Қала мəдениетінің де
бүгінгі игіліктеріне жетеқабыл сəулет пен құрылыс өнері дамыды. Оған
археологиялық қазбалар кезінде табылған атақты қалалар мен тарихи
ескерткіштер, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Арыстанбаб, Айша бибі мазары,
Отырар, Сайрам секілді қалалардың орны куə.
Имандылық халық өмірге келтірген барлық игі қасиеттердің, ұстанған əдет-
ғұрыптардың негізінде қалыптасқан. Имандылық бойына дарыған пенде-
иманды, имандылық бойына дарыған пенде дарымаған имансыз. Данышпан
ата-бабаларымыз əлімсақтан бертінге дейін жұмыр жерді анасындай пір тұтып,
мəпелеп, оған табынған. Мұны ғалымдар қауымы ертеде адам жердің құпиясы
күшін (найзағай ойнпуы, күн күркіреуі, күн тұтылуы, жердің сілкінуі, су апаты,
өрт, дауыл, т.с.с) түсінбегендіктен, оған дəлелдік мүмкіндіктерінің
жетіспеуінен деп түсіндіріп келді. Бұл, дұрыс жөнді айғақ. Бірақ бұл біржақты
ғана пікір, ал екінші жағын, яғни ой-танымдық, философиялық мəселелерге
жете талдау жасалмады. Ал, халық əдебиетіндегі жанрларда осы түйіндер
толығынан шешіліп отырады. Ата-бабаларымыз ертеден табиғатпен тіл табыса
біліп, оны қажетінше өз пайдасына, ақыл мен зерделі мақсаттарына жарата
білген. Табиғатпен саналы түрде қарым-қатынас жасап, одан өз керегін ғана
алып, өзі мекендеген өлке, жерін күтіп, сақтап түрлендіріп, тыныс беріп отыру
арқылы келер ұрпақ үшін мол тіршілік көзін қалдырып отырған. Табиғатпен
жанды тілдесе білген, жердің жүрек соғысын, күретамырын сезе білген.
Тіршілік иесі- күнге табынған, өмір негізі- су мен отқа сыйынған. Табиғат
ананы өз санасына ұялатып, сенімге айналдырған.
Әулие, киелі, құт ұғымдарына тоқталу. Әулие атану – адамға берілген
тылсым күш құдіреті, жан тазалығы, рухани биіктік. Қазақ тілінің түсіндірме
318
сөздігінде рух, рухтану адамның ой-санасы, ішкі дүниесі, қайраттану,
жігерлену, шабыттану, рухани күш-қуат, батылдық, жігерлілік, аруақтану –
делінеді.
Рух – адам санасының сол зат болмағанда да санада шындық ретінде
сақталуы. Рухты көбіне санаға қатысты ғана талдаймыз. Сана адамға ғана тəн
болса, рух-сананың шындыққа айналған көріну формасы. Аруақ ұғымына қазақ
тілінің сөздігінде: қасиетті, киелі деп таныған рух, күш-қуат (1-томнан, 350-
бет) Энциклопедияда: «Әулие – тірісінде ел тірегі, болған қадірлі адамдарды
қасиет тұтып, киелі санап, оның рухына сиыну». Сөздікте: «адамдардың
тағдырына ықпал жасай алатын қасиеті, киелі адамға сену» .
Рухқа қатысты ұғым-нормалар арасында қазақ əдеп жүйесі мен
тұлғааралық қатынастарды реттеу қызметтері бойынша «күнə» мен «кінə»,
«обал» мен «сауап», «тəубе», «киелілік», «бейнет» пен «зейнет», «қанағат»,
«рахымдылық» маңызды рөл атқарады. Қазақы түсінікте аталған ұғымдар тек
рухани дүниемен шектелмей, нақтылы тіршіліктегі кісілік қасиеттердің
маңызды бөлігін құрастырады. Енді оларға қысқаша талдау беріп өтелік.
Күнə ұғымы халық санасында ислам діні арқылы кең жайылған. Бұл
алланың қаһарына ұшыраған адамның басынан жиі кездеседі. Күнəға жалпы
адамгершілікке жатпайтын көптеген теріс қылықтар (нəпсіқұмарлық, арамдық,
азғынды, опасыздық, екіжүзділік, жауыздық т.б.) жатады. Өз күнəсін кешіру
үшін адам қателігін мойындап, ізгілік бағытында аянбай қызмет етуі тиіс.
Күнəһарлық кешірілуі екі талай, сойқан мінездің көрінісі болса, кінə
күнделікті өмірде жиі кездесетін құбылыс. Кінəні əдетте ықылас қойып түзеуге,
жуып-шаюға болады. Кей жағдайда дұрыс секілді көрінген іс-əрекеттердің өзі
де адамдарды кінəлі етіп қоюы мүмкін. Мəселен, аңдамай сөйлеу, қателесіп
кету, осындай қылыққа жатады. Кінə мен күнə ұғымдары қазақ ақын-
жазушылары мен даналарының қашанда жиі талқыланған мəселесі болып
келген. Оларды қазақ өмірінің айнасы деп қарастыруға болады. Мысалы,
Шəкəрім өз заманындағы теріс қылықтармен келіспей күрес жүргізе отырып, ол
замана мəселелерін, адамның өміріндегі адал еңбек пен маңдай тер төгіп,
жасаған кəсіптің орны мен маңызын, адамзат қоғамының дамуы барысындағы
өнер мен ғылымның, мəдениеттің пайдасын шабыттана айтып, мынадай
тұжырым жасайды: «Өзінің қадір-қасиетін жақсы білетін адам өзгелерді де
қорламайды. Ол ісінде де, сөзінде де ешқашан пасықтыққа бармайды, ол
əрқашанда сабырлы, ұстамды болады. Өзін құрметтейтін адам өзі барда
өзгелердің де өзін лайықсыз ұстауына, бейпіл сөздер айтуына немесе дауыс
көтеруіне жол бермейді. Ол өзі орындай алмайтын жеңілтек уəделер бермейді.
Ол берген сөзінде тұру қажет екенін біледі. Өзінің қадір-қасиетін сезінетін адам
сенімді бағалай біледі».
Күнə ұғымы əр мəдени-өркениеттік жүйеде, əр түрлі мазмұнға ие болуы
мүмкін. Мысалы, христианды мəдениетте басты күнəларға жататындары: өзін
құдайдан жоғары санау (грех гордыни), пайдакүнемдік (грех корысти) жəне
нəпсіқұмарлық (грех сладострастия) болып есептелсе, онда мұсылмандық
өркениетке бұлардың қатарына шарап ішу, бес парызды орындамау, несиеге
берген ақшадан пайда табу т.т. қосылады.
319
Киелі заттар мен құбылыстар табиғат феномендерін адамға пайдалы
(киелі) немесе зиянды (кесірлі) деп бөлуден туындайды. Бұл жалпы архаикалық
мəдениетке тəн нəрсе. Айталық, ежелгі орыстардың «обереги жəне «упыри»
дегені де осыны сипаттайды. Жер шарында адамзаттың орналасуы олардың
белгілі бір ландшафтқа икемделуімен тығыз байланысты екендігі белгілі.
Ландшафт деп табиғи, территориялық жүйені айтамыз. Ол өзіндік бедерімен
(рельефімен), ауа райы жағдайымен (климатымен), ерекше өсімдіктер мен
жануарлар əлемімен айқындалады. Өзін қоршаған ортаның ерекшеліктеріне
бейімделу барысында сол жерде орналасқан адамдар өзіне қажетті құрал-
сайман түрлерін, азық табу тəсілдері мен жолдарын ойлап табады.
Қазақы дүниетанымдарда табиғаттың ерекше, тосын құбылыстары құдірет
саналған. Топырақ үйілген төбешіктер, құла түздегі жалғыз ағаш, бұтақтары
тарбиып өскен бұталардың өнген жері қасиетті делінеді. Жұлдыз да сол сияқты.
Аспандағы жұлдыз əрбір адам жанының бейнесі саналады. Бір жұлдыз
ағып түссе-бір жан үзілді деп жатады. Біз осындай тіршілікті аялауға
бағытталған тек кейбір қазақ түсініктерін келтірдік. Әрине, оларды ескіліктің
сарқыншағы деп елемеуге де болады. Бірақ осындай көзқарас тек табиғатты
ғана емес, адамның өзін де құлазытып жібереді. Бұл ырымдар халықпен
ғасырлар бойы жасасып келе жатқан табиғатпен үйлесімді өмір сүрудің мəдени
негіздері болып табылады. Тек осындай өмірлік көзқарасын ұстанған халық
қана өз жерін, атамекенін киелі деп есептеп бірқалыпты, тұрақты, үйлесімді
сақтап келген.
Өзімен өзі жəне басқалармен, киелі құндылықтар үйлесімді қатынасты
болу үшін адамға тəубешілдік қажет. Тəубеге келу дегеніміз адамның бұл
дүниенің қыр-сырын түсініп, шектен шыққан нəпсіқұмарлықты тоқтатуға
бағытталған əрекеті. Өз қатесін мойындай білу əркімнен батылдықты қажет
етеді.
Тəубеге келу уайым философиясы емес. Шəкəрім жазғандай, «мен
кереметпін, тек бəріне сұм заман кінəлі» деген позиция адамның əлсіздігін
білдіреді. Қазақ мақалындағыдай «Жағам жаман болса, жеңім жақсы, өзім
жаман болсам, ағам жақсы» деп отыра беруге де болмайды.
Қазақтың дəстүрлі мəдениетіндегі əдептік реттеудің тағы бір ерекшелігін
ондағы жан мен тəн синкретизмі деп атауға болады. Бұл тəн мен жан сұлулығы
ұғымында айқын байқалады: «Тəні сұлудың жаны да сұлу» деп түсінген халық
үшін ұсқынсыздық бір бағытты болып келмейді. Жан мен рухты əдептік
категориялар ретінде терең зерттеген ғұламалардың арасында, Шəкəрім ерекше
орын алады жəне оның дүниетанымында этика (ар ілімі) жетекші бағдар болып
саналған. Шəкəрімнің ойынша: «Бұлайша болып жан арпалысып денеден
шыққан соң, денедегісінен қуатты болып, тіпті, жоғалмайтындығы білінеді.
Шын анықтап қарағанда, жан дене сияқты емес. Дене өледі, өзгереді. Жан олай
емес, екеуі бірігіп тұрған кезде бір-біріне қатты əсер береді. Ашу, жек көру,
сүю сияқты əсері босқа шығады. Жан қатты əсерленсе, денені қиыншылыққа
түсіреді. Кейде қапиядағы қатты қуаныш, қорқыныш, қайғы адамды өлтіріп те
жібереді. Жан мен дене бір-біріне жат, бөлек жаралған болса да, бірігіп
тұрғанда өстіп біріне-бірі əсер береді».
320
Шəкəрім жанның мынадай ерекшеліктеріне басты назар аударады: 1) жан
тəн сияқты адамға о бастан берілген, ол таза табиғат туындысы емес,
«жаралыстың бір шыбынынан, не бір тозаңынан адам жаратыла алынбайды»;
2) жан баста бар болса, тұрған денесі орын болуға жарамаған соң, денеден
шыққанда біржола жоғалып кетпейді; 3) жанның бар екеніне жаннан шыққан
ерік, талап, ой, мақсат, сезім, білім арқылы көзіміз жетсе де, оның денелерге
қосылып кетуіне (индуизмдегідей) ешбір дəлел жоқ; 4) жанның жай психикадан
айырмашылығын оның адами-моральдық негіздерінен іздеу керек, ұждан-
жанның тілегі, осы арқылы жанның мəңгілігі жүзеге асады. Жан мəңгілігіне
сенбеу өмірде мəн-мағына бар дегенге сенбеумен бара-бар. Адам өлген соң да
жаны жоғалмай, əлемдік рухпен қосылады деген пікір адамға үлкен сенім
ұяландырады. Бұл біздің Шəкəрімді оқығанда алған тəліміміз. Ойшылдың өзі
еңбегінің аяғында мынадай қорытындыға келеді: «Мен жан да бар, жын да бар,
адамның өз жанының қуаты да бар деймін. Дəлелім: 1. Шақырмаған жан келіп,
кейде өзі пəленшенің жаны екеніне нанарлық сөз айтатыны. 2. Шақырмаған
кісіге бақсылық-диуаналық, фахризм, жындылық кез болатыны. 3. Ұйқыда
кезу, лунатизм, магнетизм мен біреудің еркін билеу, түсі дəл келу-бұл үш
түрлісі үш бөлек қуаттың иесі болуға лайық». Қазақы (жалпы мұсылмандық та
түсінік бойынша) құдай Адам атаны балшықтан жаратып оған өзі жан берген.
Адамның өмірдегі келеңсіз көріністердің барлығы осы хаостық табиғи денеде
ұяланады. Адам өз нəпсіқұмарлығын жеңіп, құдайылық рухани жоғарылылыққа
жетуі қажет.
Нəпсіқұмарлықпен жəне тəн лəззаттығымен күрес діни философияның
басты тақырыптарының біріне айналған. Алысқа бармай-ақ, Орталық Азияда
исламдық сопылық бағыттың бір өкілінің пікірін келтірейік:
«Нəпсім айтады, бұл дүниенің бар (мүлкін) жисам, Қытай, қырғыз, қыпшақ,
Үндістанды (жаулап) алсам, Асыл мата, алтын менен күмісті үйіп қойсам, бақ
берсе, бір кепе салып жатамын дейді. Нəпсім айтады: кəсіп еткен ісінді жақсылап
біл, ішіп-жегеннің күнəсін (тексеріп) неғыламын? Қайсыбір кісілердің асын көріп
(қомағайланып) адал арам деместен жейтіннің бəрін жұтамын дейді. Нəпсім
айтады: шонжарлардың жанында отырып, алуан түрлі дəм-тағамдарды келтіріп,
ішіп-жеп, күні-түні қарын толтырып, жастық үстінде жантайып жатамын дейді»
(Сүлеймен Бақырғани – ХІ-ХІІ ғ.).
Қазақ дүниетанымында жан мəселесі күрделі этикалық ұстаным өмірдің
жалғастығы, мəңгі тіршілік ету ұстанымдарына əкеледі. Өлімді адам жеңе ала ма?
– деген сұрақты Қорқыт ата да, Асан Қайғы да, Шəкəрім де қойған. Тек ізгі рух
мəңгілікке апаратын көпір дейді ғұламалар. Адам ажалды болса да, дейді Ж.
Баласағұни. Егер тірілердің есінде жақсы істері, ойлары, білімі, қайырымдылығы
арқылы қалатын болса, ол қайта тууы мүмкін. Сөйтіп адам өмірінің мəні алдыңғы
ұрпақтың əлеуметтік тəжірибесін белсенді түрде игеруде, ізгілікті істерінде екен;
сонда тəн өлгенімен жан мəңгі қалады:
Тəннің үйі – қара жердің аясы,
Шыбын жанның тəн-баспана, саясы.
Биік ұшса, жəннатқа енгені,
Төмен түссе, бір пəленің келгені.
321
Екеуінің бірі болар, алайда,
Жаның мəңгі қалар тірі қалайда!
Адам мұңлық болғанымен күнəсіз,
Құрып тəні, өшер сөзі, шүбəсіз!
Қайдан келді? Енді қайда барады?
Қай жерде тұр? Енді қанша қалады?
Біліктілер айта ала ма əрдайым?
Білікті жоқ шешер мұның жұмбағын,
Жалғыз алла қанық, білер сырларын.
Бұл сұрақтарға жауап іздеген біздің ғұламалар «мəңгілік адамгершілікте»
деген түйінге келген. Абай айтқан «Адам бол!» ұстанымының мəнісі де осында
жатыр.
Адам болудың маңызды бір шарты өзіндегі нəпсіқұмарлықты тежеу. Бұл
жолда, Қ.А. Ясауидің пікірінше, адам өзіне өзі соғыс (жиһад) жариялауы керек.
Нəпсіқұмарлықты тежеуде дін үлкен рөл атқарған. Әрине, исламда
экстремистік кейбір сарындардың болуы мүмкін. Бірақ, жалпы алғанда,
этикалық мазмұны бойынша исламдық құндылытар қазақ əдеп жүйесінде оң
қызмет атқарған. Ойымыз көрнекі болу үшін жоғарыдағы Сүлеймен ойларын
ары қарай жалғастырайық.
Рухым айтады: діннің ісін жасылап жолға қойып,
Ізгілік, жақсылық, жауыздық атаулыны айырып.
Түп болса, тағат ғибадатпен тік отырып,
Күндіз болса, салауат (айтып) ораза тұтамын дейді.
Алайда, жалғыз діни көзқарастар о дүниедегі жақсылық пен жамандық
төңірегінде ақырына дейін анығын айта алмайды. Сондықтан өмірдің мазмұнына,
оның мəніне өте салауатты, шынайы қарау керек. Бабамыз Жүсіп өзіне тəн
мысқылмен, адам өледі, егер дəрі өлімнен құтқаратын болса, онда дəрігерлер
мəңгі өмір сүрген болар еді ғой деді. Ата-бабаларымыз адамның ішкі дүниесіне
зер сала ақтара қарай отырып, оның əлеуметтік ортадағы салмағын анықтай
білген. Соңында, өздерінің көз жеткізген ой қортындыларын жасаған. Олар
адамға үлкен моральдық талаптар қоя отырып, зор сенім, үлкен үміт артады.
Дəстүр-салтымызда,
инабаттылық
пен
иманжүзділікті
қалыптастыру
мақсатында тақырыпты халық даналығымен байланыстырудың маңызы зор.
Қазақ даналарының тұжырымдауынша, ақыл-парасаттылық мынадай 10
нəрседен тұрады: біріншіден, адамдарға кішіпейіл жəне нəзік сезімталдықпен
қараудан, екіншіден, өзінің ісінің бұрыс екенін біліп, соған орай əрекет
жасаудан; үшіншіден, халқына қызмет етіп, олардың тілек-армандарын
орындаудан; төртіншіден, өз сырларын басқаға білдіру-білдірмеуді білу;
бесіншіден, өзінің жəне басқалардың сырын сақтаудан; алтыншыдан, əр
жағдайда сақ бола білуден; жетіншіден, тілге ие болып, артық сөйлемеуден;
сегізіншіден, мəжілістерде тыныш, үндемей отырудан, əдеп сақтап, білмейтін
нəрсені айтпаудан жəне өкіндіретін сөздердің тілге ілігуінен сақтанудан;
тоғызыншы, қатеңді бірден мойындап, кешірім сұраудан; оныншы, біреудің
ісіне, өзі сұрамаса, араласпаудан, құлаққа жағымсыз сөзді айтпаудан.
322
Халықтық дүниетанымда адамның тəндік бастаулары да ақталып шығады.
Қазақтың əдеп жүйесінде аскеттік мұраттар терең ұяланбаған. Тəн жеке даралық,
өзімшілдік сипатта емес, керісінше, жалпы əлемдік, ғарыштық, халықтық
тұрғыдан қарастырғанда толассыз жаңғыртулар мен өзгерістердің, жетілудің
кепіліне айналады. Тəн өмір мен өлімнің, мола мен аналық жасампаздықтың,
өткіншілік пен мəңгіліктің рəмізіне айналады. Ең бастысы-тəн бүкіл табиғаттың
толассыз жаңғыртушылық қабілеттілігінің адамдандырылған бітіміне жатады. Ол
молшылық, құттылық, дəулеттілік, шаттылық, көтеріңкілік, лəззат т.т.
құндылықтарының отауы болып табылады. Ол адам тіршілігінің салтанаты.
Тəннің төменділігі шартты болып келеді. Төмендеу, бұл мағынада, Жер-
Анаға жақындау, оның сіңіруші жəне қайтадан тудырушы стихиясымен
бірегейленуді білдіреді. Тіпті, өлу дегеніміз (қазақша: «қайтыс болу») табиғатқа
қайтып келуді білдіреді. Төмендеу дегеніміз тəннің төменгі мүшелерінің (ішек-
қарынны», жыныстық мүшелердің) асты қорыту, оны табиғатқа шығару,
махаббаттан лəззат алу, жүкті болу, нəрестені дүниеге əкелу сияқты қызметтерін
түсіну деген сөз. «Ұлы сөзде ұят жоқ» дейді қазақ. Жоғарыда аталған нəрселер
адамдық келбетті төмендетіп жібермейді (төмен ұғымын амбивалентті мағынада
қолданып тұрмыз). Тұлғаның фəниден бақиға дейінгі тіршілігінде аса маңызды
оқиғалар мен оларды атап өту астарында «төменгі тəн» құндылықтары тұр (құда
түсу, үйлену, шілдехана, тұсау кесу, қайтыс болу, ас беру). Халық дəстүрінде
астан жоғары құндылық сирек кездеседі. Сөйтіп төменгі жоғарғы болып шыға
келеді. Тек адам санасында төменгі дене құнсыздандырылып, тыйым салынған
игіліктерге айналып келеді. Халық түсінігінде, тəн тұрмыстық жиі қолдануда
біртіндеп қарадүрсінделуі мүмкін, ол тоғышар адамдардың топастықпен
қайталайтын нəпсіқұмарлығына айналуы да ғажап емес. Бірақ тəнді бұл үшін
жаратылған жоқ, тəн құмарлығын рухани бастаулардан алыстату дұрыс емес.
Исламның тарауы барысында жақсылық пен жамандық туралы түсініктер
түбегейлі өзгерді: жақсылық – бұл ислам қағидаларына қарсы келмейтіндер, ал
жамандық – бұл соларға қайшылықта болатындар. Міне осы көзқарас
тұғырынан адам қылықтары бағаланады, жəне сондықтан кім болса да
тағайындалған дəстүрлерді бұзуға, оларға қарсы тұруға батылдары, шамасы
жете алмады.
Сонда да ислам дүниені түсіндіру мен қазақ моралының бірден-бір
қайнары болып шықпады. Халық қашанда, оның негізінде дұрыс мағына мен
ақылға сай əрекеттер жатқан, моральды жақтады. Халық даналығы былай дейді:
«Адам тегінен емес, ол тіршілігінің барысында бұзылады», ақылға сай өмір –
бұл, оларды адам өзінде мəпелейтін жəне соларға сай қылыққа баратын,
ізгіліктердің жиынтығы. Оның үстіне адамнан тек дана сөйлеу емес, бірақ ең
алдымен практикалық істер талап етіледі. Адамның абыройлығы оның сыртқы
белгілерімен емес, ал сол немесе басқа жағдаятта қалай пайымдайтынымен,
қандай қылықтарға баратынымен бағаланады.
«Егер жақсының ізімен жүрсең, аңсағаныңа жетесің, егер жаманды
қайталасаң, ұятты болып қаласың». Адам бақыты материалдық дəулеттің жай-
күйімен емес (дегенмен қайсыбір дəрежеде ол да маңызды), ал адам жанының
байлығымен жəне адамгершілік істерімен анықталады. «Кім пайымшыл жəне
323
кішіпейіл, ары таза жəне əділ болса, кім өзінде ізгіліктерді мəпелесе, тек сол
бақытқа жете алады». Исламның əйелге деген ұстанымдары қазақ қоғамында
терең ұялаңбады, онда ана-əйелге, қорғаушыға, отбасы сүйенішіне деген
ізгілікпен қарау тұрақтады.
Моральдық құқықтар мен міндеттер сапасында орын алған, салттар мен
дəстүрлерді билеуші топ өз мұқтаждарына пайдаланады. Ерекше əлеуметтік топ
– билер – х алық салттарының сақтаушылары жəне білгірлері болып есептелді.
Оларға əрекет етуші нормаларды анықтауда жəне тағайындауда шешуші орын
берілді, мүліктік, отбасылық-некелік таластарды шешуде өтімді сөз солардікі
болды. Олардың шешімдеріне, дəстүр-салттарына іс жүзінде кəдімгі-құқықтық
нормалар күші берілді. ХVІ ғасырдан бастап кəдімгі қазақ құқығы деп
аталатындар – «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Тəуке
ханның Жеті жарғысы» – кең тарады. Рулық бастама ұстыны – руластарының
іс-əрекеті үшін ұжымдық жауапкершілік жəне руласты өлтіргені үшін қанды
кек, ежелгі кодифицияландырылған кəдімдгі құқықтан («Жаса») өз бастауын
алады. Ұлы қазақ ағартушысы, Ш.Ш. Уəлиханов кəдімгі қазақ құқығының
демократиялық бастауларын атап өтеді, олар – жариялылық, рулық
ынтымақтастық, қарапайымдылық, сот процесінің бəсекелестігі, оған жақтар
өкілдерінің қатысуы; қоғамдық пікір қуатын пайдалану; бостандығынан айыру,
қапасқа қамау сияқты репрессиялық шаралардың жоқтығы.
Шынында да, қазақтың дəстүрлі этикасы бодандық пен конформизмге
негізделмеген, ол өзіне еркіндік сүйгіш дəстүрлерді, демократияшылдықты
енгізді. Бұл дəстүрлер хан сайлау рəсімінде көрініс табады. Соңғы болып,
қасиетті харизмалық сапаларға ие индивид; халық тағдыры, игілігі жəне
гүлденуі үшін өзіне жауапкерлікті қабылдайтын көшбасшы сайланады. Ал
сонымен бірге өз пікірін жеткізу жəне лайық еместердің бетіне сын айтуға
құқын заңдастыратын, айтыс сияқты, ауызекі халық шығармашылығында да
осылай болды.
Дəстүрлі қоғамдағы кəдімгі құқықтың қуатын Ш.Ш. Уəлиханов
əлеуметтік-мəдени тамырланумен түсіндіреді, себебі «ол көбірек белгілі
болғандай, оның бұл заңы қаншама жетілмеген болып көрінгенімен, ол бүкіл
бірге алынған басқа заңнамаларға қарағанда, түсініктілеу жəне айқындау болып
көрінуге міндетті, төлтума заң болғандықтан халық үшін ол жақсы».
Кие – аруақтың кесапаты тиеді де сақтану, сескену. Кие ұғымы-тəңірге
табыну, яғни табиғатпен тіл табысу идеясы болған. Бұл діни түсінік емес.
Көшпелілер дүниетанымы бойынша тəңір : көк (ғарыш) аспан, күн, от, су. Пір –
ақыл-парасатты, зерек ойлы, қолдаушы рух, аруақ, демеуші, қорғаушы,
сүйеніш. Пір тұту – этикалық өлшем (қалып), рухани тазалық. Мəні: бас ию,
құрметтеу, табыну, қастерлеу.
Құт – халықтың, жеке адамның еркіндігін, тəуелсіздігін білдіретін ұғым.
Оны шектеу, адам еркін тежеу жоқ. Құт демократиялық кеңістікті қажет етеді.
«Құт» түркі тілдес халықтың көбінің дүниетанымы болған. Мысалы, қазақта
«құты қашқан» деген түсінік бар. Оның мəнісі адамның не отбасының
берекетсіздікке ұшырауы. Құт ұғымы жерге, табиғатқа байланысты да
айтылған.
324
Ғасырлар қойнауынан бүгінгі күнге келіп жеткен ырымдар мен пайымдар
халқымыздың əлеуметтік, мəдени тұрмысының көрсеткіші. Қоршаған ортаға,
табиғатқа жəне адамдардың ара-қатынасына берілген өлшем деуге əбден негіз
баршылық. Халықта о заманнан қалыптасқан сана тəрбиесінің өзіндік дəстүрі
сақталған, қариялар ұрпағына «құдайым сана бергей» деп тілеу тілеген. Ұлттық
сезім, намыс, рух туралы философтар, тарихшылар, тіл мамандары т.б.
ғалымдар аз айтып жүрген жоқ. Ұлттық сезім ұғымы қоғамдағы эволюциялық
құбылыстарға тəн үнемі өзгермелі күй кешті. Ғалымдар бұл ағымдарды бəсеңсу
себептері жəне күшею себептері деп екі топқа бөлуге болады. Бəсеңсу
себептері:
Біріншіден, экономикалық саяси мəселелерді белгілі бір ғана ұлттың
(орыс ) үлесі басым болу.
Екіншіден, ұлттарды бір денгейде, бір талаппен ұстануында.
Үшіншіден, ана тіліне қажеттілік туғызбау, салт дəстүрлерін қыспаққа
алуында.
Төртіншіден, жан-жақты мағынада ғылым тілінде өз елінің тарихын,
мəдениетін білмеу, білсе де үстірт.
Бесіншіден, ұлт зиялыларын жазықсыз қуғындау, олрдың бас көтеруіне
шектеу қою. Мысалы, 50-жылдан кейін ұлтшыл, рулық жікке бөлу т.б. салқыны
Алтыншыдан, мемлекет тарапынан ұлтты тұқыртып, үрейлендіру.
Жетіншіден, ұлттық сезімді тұншықтырудың басты құралы – қазақ
зиялыларына маман алуда шектеу қоюшылық.
«Құт» ең алдымен өмірлік күшті, оның алға жылжуға қабілеттілігін
білдіреді. Дəстүрлі дүниетаным үшін адам, өсімдік, жануар бір-бірімен туысқан
жəне табиғатқа тəн жəне онымен туындатылатын, тірінің түрлі формаларын
бітімдейді. Тірінің көңіл күйі, рухани жəне құндылық анықтамалардың негізі
бола тұрып, олар адамның дүниеге қатынасын сипаттайды. Сондықтан
рəсімдердің басты идеясы – жоғары құндылықты, адам өмірін қабылдап алу.
Салт-ғұрыптар шектерінде дəстүрлі драма, табиғатпен қосылу ойналады.
Өмірді қайтадан шығару барлық деңгейлерінде тойлар мен шамандық
қамданулардың басты тақырыбы болып табылады. Өнімділік пен туудың
құпиясы дəстүрлі мəдениеттің түйінін құрастырады. Табиғаттан қабылдап
алынған, бірінші сый болып тіршілік сыйы, құт, тірі жан есептеледі. Бұл
өмірлік күштің рəмізі таудың төбесіндегі сүт көлі, Тіршілік пен Өнімділіктің
орталығы болып табылады. Сүт сондықтан – жай ғана тағам емес, бірақ
айрықша семиотикалық статусқа ие; сүтті ұйытатынды шет жерлікке беруге
тыйым салынған, ол ру тіршілігінің қуатты рəмізі, сүтті қонаққа құйып беруге
болмайды.
Этикалық императивті осылайша толық ұғыну ХVІІІ
ХІХ ғғ. мəдени
ахуалды тереңірек түсінуге көмектеседі. Түркі халықтарының көптеген көне
культтері,
рухани
жəне
əлеуметтік-тұрмыстық
культтер,
Шыңғыс
ұрпақтарының иерархиялық культтері, исламның ықпалдары, исламның
мистикалық бағыттары жəне басқа культтер далалық өмірдің рухани дүниесін
толықтырды.
Олар
жиынтықталған
түрде
“адамзаттан
жоғарғы”
бастамалардың, өздерінің түпкі тектері көктің билеушісінен, аспаннан, əр түрлі
325
тотемдік жəне анимистік символ – ата-бабалардан бастау алады деп санайтын
əулеттердің əрқилы архетиптерін бейнеледі.
Рух пен қоғамдық сана қызметінің бұл жағы əлі күнге дейін толық зерттеле
қойған жоқ, субъектілердің өздерін табуы – түсіндірілуі қиын рухани қызмет.
Қазақ жəне басқа халықтардың тарихында олар өзін тану, өздігінен даму
арқылы білінеді. Танымның бұл түрінің жолында ең бастысы олардың
өміріндегі өз орнын танып-білуі, сананы əлемнің абсолюттік бірлігі жүйесінің,
«əлем
адам», «қоғам
адам» жəне т.б. жəне т.с.с. қарым-қатынастар
жүйесінің ішіне «орнату» процесі болып табылады. Сол сияқты адам
қоғамының танымы жетілуі жəне практикасы процестеріндегі эзотериялық
жəне реалды бастамалардың бірлігі мен дамуы да осында жатыр.
Ұятсыздық имансыздықтың бірінші белгісі дей тұрып, ішкі ниет пиғылды
түземей тұрып, дін уағыздап, құлқын қамы үшін көпті дінге шақырмақ болған
жалған қожа-молданы сөгеді. Қолын ұрлыққа былғаса, зорлығын өткізіп күнаға
батса, өзінің айтқан сөзіне сенбесе, дүниені көксеген сан қилы арманы
көкейінде тұрса, баласын молдаға оқуға берген болып аузына Алланы
алғанмен, көңілін дүниемен ғана жұбатқан адамның екі жүзділігін ашады.
О дүниенің азабы жайлы бұ дүниеде айтылған сөзге имансыз құлақ аспас,
ал малды болсын, малсыз болсын, ғалымды да, залымды да, діндіні де, дінсізді
де ғибрат шерне үшін жаратқан бір иесі бар. Ол бүкіл игілік иесі, сондықтан
құдайдың бермесін ала алмайсың. Сонымен қатар рахым шапағат иесі түгі жоқ
жарлы бейшараға берілген, бұ дүниенің жарығынан артқан бақыт жоқ.
Бұл жайлы Абай осы хадис шарифті мысалдай отырып, отыз алтыншы қара
сөзінде былай дейді: «Біздің қазақтың өзінің мақалы да бар «ұят кімде болса
иман сонда» деген. Енді бұл сөзден білінді ұят өзі иманның бір мүшесі екен.
Шын ұят сондай нəрсе, шариғатқа теріс, я ақылға теріс, я абиұрлы бойға теріс
бір іс себепті болады. Ұят деген – адамның өз бойындағы адамшылығы,
иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып сөгіс қылған қысымның аты» дейді. Ұят
сақтау арлылық имандылықтың басты белгісі деп біледі. Аштық кедейлік ар-
ұятты жоғалтуға сылтау емес. Иманды күшейтсең, жалған намыс пен шын
намысты, жалған ұят пен шын ұятты ажыратасың дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |