Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п



Pdf көрінісі
бет12/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   130
Философия Оқулық (3)

Конфуцийшылдық. Бұл философиялық ағымның пайда болуы жəне 
қалытасуы, осы ағымның негізін қалаушы Кун-фуцзы, оның ізбасарлары Мэн-
цзы жəне Сюнь-цзының есімдерімен тығыз байланысты. 
Кун-фу-цзы (б.д.д. 551-479 жж.) кедейленген ақсүйек əскербасы 
отбасында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылған ол тек 15 жасында 
ғана білімге құштарлық тынытады, ал 50 жасында өз мектебін қалыптастырады. 
Оның көптеген ізбасарлары болған. Олар ұстазының жəне өздерінің ой-
пікірлерін, қағидалары мен тұжырымдарын жинақтап, “Әңгімелер мен 
пікірлер” (“Лунь юй”) деген конфуцийшылдық ілімнің негізгі шығармасын 
дүниеге келтірді. Қытайлықтардың көптеген ұрпақтары бұл кітапты үлгі тұтып, 
басшылыққа алған. 
Кун-фу-цзының ілімінше, ең жоғары жаратушы күш – аспан ол жерде 
əділеттілік болуын қадағалап отырады. Ал қоғамдағы теңсіздік, əртүрлі 
сатыдағы топтардың болуы ол – əділеттілік. Олай болса, аспан (көк) осы 
теңсіздікті қорғайды. Кун-фу-цзы өзінің ілімін аспан денелерінің 
заңдылықтарын немесе, бабалар рухын зерттеуге арнамайды. “Өмірді” не 
екенін білмей жатып өлімнің, рухтың не екенін қайдан білеміз”,– деуінің өзі 
осыған айғақ. 
Керісінше, оның қарастыратын негізгі мəселесі – адамдар арасынағы 
қарым-қатынас, тəрбие мəселері. Осыған орай ол мынадай ұғымдарға көбірек 
көңіл бөледі. Олар: “тең орта”, “адамгершілік” жəне “өзара сүйіспеншілік”. Осы


22 
үш ұғым бірігіп, “дао” (дұрыс жол) құрайды. Әр адам осы даоның жолымен 
өмір сүруі қажет. 
“Тең орта” – адамдардың сабырсыздық пен сақтықтың арасындағы іс-
əрекеті. Өмірде мұндай “ортаны” ұстап, іс-əрекет жасау оңай емес, себебі, 
адамдардың көпшілігі сабырсыздық көрсетсе, бір тобы тым сақ келеді. 
Ал адамгершіліктің негізгі – “жэнь” – “ата-анасын құрметтеу жəне үлкен 
ағаларын сыйлау”, жалпы алғанда, үлкендерді сыйлау. Кімде кім шын жүректен 
адамгершілікке ұмтылса, ол еш уақытта жамандық жасамайды. Ал “өзара 
сүйіспеншілік” арқылы қарым-қатынас, конфуцийшылдық əдептілік туралы 
ілімінің негізгі өзекті ұғымы. Бұл əдептілік қағидасы, бір сөзбен айтқанда: 
“Өзің қаламайтын нəрсені басқа біреуге жасама”, дегенге сайып келеді. 
Аталған əдептілік қағидаларын “текті адамдар” (цзюнь-цзы) ғана басшылыққа 
алып, іс-əрекет жасайды. 
Конфуцийшылдар өздерінің шығармаларының көбіне осы “текті 
адамдарға” қарапайым адамдары қарсы қояды. “текті адам” – заң мен парызды 
басшылыққа алса, қарапайым адам қалай тиімді орналасып, пайда тапсам деп 
ойлайды; “текті адамға” үлкен маңызды шаруалар тапсыруға болса, қарапайым 
адамға ондай тапсырма бере алмайсың, оларға тек қана ұсақ-түйек тапсыруға 
болады; “текті адам” басқалармен келісімді жағдайда өмір сүрсе де, оларды” 
артынан ермейді, өзінің жолын ұстайды, ал қарапайым адам жұртпен келісімді 
өмір сүрмесе де, солардың айтқанын істеп, артында жүруге дайын тұрады т.б. 
“Текті адам” тек қана этикалық ұғым емес, ол саяси ұғым да. Ол халықты 
басқарады. Ал басқарудың негізгі қайнар көзі – басшының өз басының 
əдептілік қасиеттерін өзінен төмен тұрғандарға мысал ретінде көрсету. Егер 
басшылар “дао” жолымен жүрсе, онда халық оларға қарсы келмейді. 
Кун-фу-цзы барлық нəрсе өзгерісте болады, уақыт тоқтамай өтіп жатады 
десе де, қоғамдық өмірге келгенде, ондағы қалыптасқан жағдайлар қаз-қалпына 
дамуы керек деп есептейді. Сондықтан, билеуші – билеуші, шенеулік – 
шенеулік, əке – əке, ал бала – бала болып, аттарына байланысты емес, шын 
мəнінде қалулары керек. Ал оларда күтпеген жерде кездейсоқ өзгеріс бола 
қалса, ол тез арада өз қалпына келуі керек. Билеуші – əке, халқы – оның 
балалары. Осы тұрғыдан мемелекет басқарылуы керек. Демек, “білу дегеніміз – 
табиғатты емес, адамдарды танып-білу”, – деп есептейді. Кейбір адамдарға 
“туа біткен білім” тəн болғандықтан, олар басқалардан жоғарырақ тұрады. 
Олардан кейін білімді оқу арқылы алғандар тұрады. Оқу, білу таңдамалы түрде 
болуы керек. Оқығанда тек өмірде керекті, ең дұрыс деген қағидаларды білу 
керек, қалғандарынан аулақ болу қажет. Білу дегеніміз – тек қана өзіміз 
білмейтінді үйреніп, білу емес, сонымен қатар зерттеп отырған мəселелерді 
жан-жақты қарастыру тəсілі. 
Мэн-цзы – (б.д.д. 372-289 жж.) – Кун-фу-цзының ілімін əрі қарай 
жалғастыра отырып, аспан (көк) – объективтік қажеттілік, тағдыр ретінде 
жақсылықты қорғайды дей отырып, аспаннның еркі – адамдардың жігер-еркі 
арқылы көрінеді деген пікір айтады. Осыдан келіп, ол: “адамның табиғаты тек 
жақсылықтан жаратылған”. Олай болса, ван (билеуші) халықты өз баласындай 
сүйсе, халық оны əкесінен жақсы көруі керек, – деген тұжырым жасайды. 


23 
Сюнь-цзы (б.д.д. 313 - белгісіз) аспан мен жерді барлық денелердің шығу 
тегі ретінде мойындаса да, тағдырды аспанның жігер-еркі ретінде 
мойындамайды. Оның пікірінше, аспанды қастерлеп, ол туралы ойланып 
отырғаннан гөрі, керекті заттарды көбейтіп, аспанның өзін бағындырған дұрыс. 
Әлем өзінің табиғи заңдылықтырымен өмір сүреді, оны зерттеп, сырын 
ұқса, өз қажетіңе жаратуға болады. Олай болса, бақытты немесе бақытсыз, бай 
немесе қайыршы болу адамдардың өзіне байланысты. Жалпы адамдар 
табиғатынан зұлым, қызғаншақ, дүниеқоңыз болып туады. Тəрбие арқылы 
адамдарды адамгершілікке баулып оның табиғатын өзгертуге болады. Ал 
адамдар өз тарапынан өзін өзі жетілдіруе құлшынуы тиіс. 
Конфуцийшылдық б.д.д. І ғ. мемлекеттік ілімге, ал ІХ ғасырдан бастап 
Қытайдағы негізгі діни көзқарасқа айналды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет