Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п



Pdf көрінісі
бет13/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   130
Философия Оқулық (3)

Легистер (заңгерлер) – негізгі өкілдер: Шан Ян (б.д.д ІV ғ.), Хань-фэй-
цзы (шамамен б.д.дд ІІІ ғ.). Легистер конфуцийшылдардың мемелектті 
əдептілікке негізделген заңдары жүзеге асыру арқылы басқару керек деген 
пікірлеріне қарсы болып, керісінше, мемлектті тек қана заңға сүйеніп басқаруға 
болады, себебі, “мейірімділік пен адамгершілік” – қылмысқа апаратын бірден-
бір жол, ал шын қайырымдылық өзінің бастамасын жазалаудан алады деп 
уағыздайды. Сөйтіп, легистер ар-ожданның орнына қорқынышты дəріптейді. 
Елде тəртіпсіздік болмас үшін: 1. Мақтаудан жазалау көп болу керек. 2. Аямай 
жазалау арқылы халық арасында үрей тудыру қажет. 3. Ұсақ қылмыс 
жасағандарды аямай жазалау керек, сонда олар бір-біріне сенімсіздік тудыру 
керек. 4. Адамдар арасында бір-біріне сенімсіздік тудыру керек. Осы 
қағидаларды бұлжытпай орындағанда ғана халық билеушінің айтқанын екі 
етпей орындайды жəне керек болса, өлімге де барады. 
Конфуцийшылдардың мемлекет – үлкен отбасы, оның басшысы – 
халықтың əкесі деген ілімінің орнына легистер: мемлекет – өз алдына бір 
машина сияқты құбылыс, билеуші – өзін ата-баба аруағынан да, халықтан да, 
аспаннан да жоғары қоятын деспот. Мемлекеттің негізгі мақсаттары: 1. Ұсақ 
патшалықтарды біріктіріп, аспан аясындағы (Қытай) мемлекет құру. 2. Осы 
мемлекетке басқа халықтарды бағындыру. Осы тұрғыдан өнерге, білімге деген 
құштарлық теңілуі қажет. Мемлекеттің экономикалық негізгі қолөнер немесе 
сауда емес, егін шаруашылығы болуы керек. 
Мемлекеттегі қызмет орындары адамдардың жұмыс істеу қабілетіне 
қарай бөлінуі тиіс. 
Конфуцийшылдар мен легистердің арасындағы күрес көп жылдарға 
созылды. Тіпті қазірдің өзінде де осы философиялық бағыттарды жақтаған 
немесе қарсы шыққан саяси топтардың кездесетінін ескерткен артық болмас. 
Даосизм (б.д.д. VІ-V ғғ.) бұл ілімнің негізін қалаушы б.д.д. VІ ғ. өмі 
сүрген Лао-цзы деп есептеледі. Оның негізгі еңбегі – “Дао жəне дэ туралы 
кітап” (“Дао дэ цин”). Даоцизм ілімі “дао” ұғымына негізделген. Егер басқа 
қытайлық философиялық ағымдарда “дао” “жол” деген мағына берсе, жəне ол 
қытайдың дамуымен əдептілікті жетілудірудегі негізгі ұғым болса, даосизмде 
“дао” – жалпы дүниетанымдық ұғым. “дао” – алашқы бастама, алғашқы 
түпнегіз жəне Қытайдағы, жердегі жəне Әлемдегі барлық құбылыстардың, 


24 
денелердің бірлігі, соңғы сатысы, “даоның” алғашқы түпнегіз екенін мынадай 
сөздерден байқаймыз: “дао – барлық заттардың анасы”, “дао – барлық 
заттардың түпатасы”, “даоны аспан аясындағы империяның (Қытайдың) анасы 
деп есептеуге болады” т.б. 
Ал “даоның” заттардың соңы екенін мынадай пікірден байқауға болады: 
“Әлемде сансыз көп əртүрлі заттар бар, бірақ олардың бəрі де өзінің 
бастамасына (даоға) қайтып келеді, оралады”. 
Даосизмдегі қарама-қарсы пікірлерге мол, көмескіленген ілімдердің бірі – 
екі түрлі дао туралы ілім. Даоның бірінші түрінің аты жоқ. Себебі, ол денесіз, 
екіұшты, соншалықты кішкентай, мəнсіз, көрінбейді енжар жəне жалғыз. Ол 
мəңгі, ешуақытта өзгермейді, ешнəрсе оны өзіне бағындыра алмайды. Ал өзі 
басқа заттардың дамып, жетілуіне көмектесе алады, бұл жағынан шектелуді 
білмейді. 
Ал “аты бар дао” ұсақ бөлшектерден (“ци”) тұрады. Ол бөлшектерде 
заттардың кескіні бар, сондықтан да олар “барлық заттардың анасы”. “аты бар 
даоның» негізгі қасиеттері: шексіз, таусылмайды, құдіретті, əрекетшіл. Бұл екі 
түрлі “дао” бір-бірімен іштей тығыз байланысты, екіншісі біріншісінен 
туындайды, ал кейбір жағдайларда олар бір-біріне ауыса береді, осының 
арқысында əлемде түрлі-түрлі ғажайыптар болып тұрады. Даосистер аты жоқ 
даоны бейболмыс десе, аты бар даоны болмыс деп түсінген. Барлық заттардың 
түпнегізі бейболмыс болғандықтан, олардың болмысқа сүйеніп, заттарға 
айналғанына қарамастан, олар (заттар) тұрақсыз болып келеді де, бір кезде 
қайтадан болмысқа сүйеніп, пайда болған заттар, құбылыстар мəңгі емес, тек 
бейболмыс қана мəңгі. 
Әлемдегі денелерде аспан (ян – еркек) мен-жер (инь – əйел) бастамалары 
заттардың өмір сүру заңы (цу) арқасында гармониялық бірлікте болады. “дао” – 
болмыс заттарды дүниеге келтірсе, “дэ” оларды қоректендіреді. Бұл екеуінсіз 
(“дао жəне дэ”) еш нəрсе өмір сүруі мүмкін емес. 
Заттардың гармониясы дегеніміз – олардың өздерінде қарама-қарсы 
жақтардың бір-біріне ауысып отыруы. Мысалы, адам туған кезде əлжуаз, əлсіз 
болса, өлер алдында қатайып, қайраттанады, сол сияқты басқа денелер де 
əлсізденіп өмірге келсе, қатайып, кəріленіп бұл өмірден кетеді. 
“Даоның” екі түріне байланысты танымның да екі түрі бар. Аты жоқ 
даоның кез келген адам біле бермейді, оны тек шынайы дана адам ғана біле 
алады. Себебі, ондай адам құмарлықтан алшақ болғанықтан заттардың 
күресінен – гармонияны, қозғалыстан – тыныштықты, болмыстан – болмысты 
көре алады. Ал құмарлықтан арылмаған адам дайын заттарды ғана көреді. 
Танымның бұл екі түрі бір-бірімен тығыз байланысты. 
Шынайы 
дана 
билеуші 
даосистердің 
пікірінше, 
өзінің 
қол 
астындағыларға табиғи жолмен (“дао” жолымен) жүруіне мүмкіндік береді. 
Ондай билеуші ештеңе араласпайды. Ондай билеушінің бар екенін халық 
естігені болмаса, онымен тікелей байланыспай əрқайсысы өз жолдарымен 
жүреді, сондықтан да даосистер дао жолымен жүргендерді заң арқылы 
шектеуге қарсы болады. Осы тұрғыдан олар конфуцийшылдарға да, легистерге 


25 
де қарсы болды. Кейін келе даосизм дінге айналып, өзінің алғашқы кезегі 
көптеген идеяларынан айрылып қалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет