(Самосознание европейской культуры XX века. М., 1991, 70-72 бет). Көркемдік мəдениеттің постмодернистік парадигмасында ойын күнделікті
өмірді де қамтиды. Адам өзінің кəсібін таңдағанда, белгілі дөрежеде өз өмірінің
гипернақтылығын да – белгілі бір тілдік ойындарды, коммуникацияның белгілі
бір шеңберін, белгілі бір дүниетанымды таңдайды. Кəсіби əрекеттен тыс кезде
ол өзге əлемге кетеді, өзінің «бетпердесін» өзгертіп, иллюзиялар құрастырады.
Мұндай ахуалды Г. Гессе өзінің «Бисер ойыны» деген романында сипаттайды.
Бисер ойыны – бұл гипермəдени кеңістік-уақыттық континуум. Немесе Т.
Манның «Доктор Фаустус» романының кейіпкері былайша пайымдайды:
«Формалармен ойнағанда, олардың қайсысының өмірден кеткенін біле отырып,
ойынды жоғары сатыға дейін көтеруге болады». Постмодернистік эстетикадағы
жаңашылдық объект пен қарастыру пəнінің өзгешелігімен ғана емес, көркем
ақпаратты алу тəсілдері мен формаларының классикалық емес методологиясын
қолданумен де сипатталады. Көрнекілік үшін деконструкция мен мотивті
(сарынды) талдауды алайық. Бірінші əдіс негізін қалаған постструктурализм
мен постмодернизмнің көрнекті өкілі Жак Деррида. Көркемдік мəдениет
құбылыстарына бұл тəсілді қолдану мəні мəдениет мəтініне қатысты
зерттеушінің
тысқары
орналасу
поэзиясын
теріске
шығарумен
байланыстырылады. Мұны түсіндіру зерттеуші мен мəтін арасындағы сұхбат
(диалог) тұрғысында жүргізілуі тиіс.
ПЫСЫҚТАУ СҰРАҚТАРЫ 1.
Болмыстың негізгі формаларын көрсетіңіз.
2.
Субстанция,
дүние
бірлігі
мəселелері.
Дуализм
мен
монизм
түсініктерінің мəні неде?
3.
Қозғалыстың негізгі формалары, олардың қатынасы мен байланысын
көрсетіңіз
98
4.
Кеңістік, уақыт, қозғалыстың субстанциямен бірлілігі неде?
5.
Дүниенің
философиялық
түсінігі:
болмыс,
субстанция
бастапқы
категориялар ретінде
6. Болмыс пен бейболмыстың философиялық категориялары.