Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п



Pdf көрінісі
бет32/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   130
Философия Оқулық (3)

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
5-ТАҚЫРЫП. ТАНЫМ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕ РЕТІНДЕ 
ФИЛОСОФИЯНЫҢ КАТЕГОРИЯЛАРЫ 
Тақырыптың мақсаты: Гносеологиялық мәселелерге философиялық талдау беру 
 
5.1. Таным үдеріс ретінде
Білім деген не, əлемді тану немесе білу деген не, адам өзін немесе 
қоршаған ортаны қаншалықты дəл жəне анық біле алады деген сұрақтар өзінің 
маңыздылығымен ерекшеленеді. Тілдер арасындағы айырмашылықтың қандай 
болғанына қарамастан, біз үнемі тілде бейнеленген оймен (біліммен) бетпе-бет 
ұшырасамыз. Жəне сондықтан да көптеген философтар білімді оның тілдік 
көрінісімен біріктіреді, өйткені «тіл ойдың тікелей нақтылығы» болып 
табылады. Бірақ мұнан тіл мен ойдың, яғни білімнің арасында тепе-теңдік бар 
деген ой тумауға тиіс, себебі тікелей нақтылықтан өзге сырт көзден жасырын 
жанама нақтылықтың да бар екенін естен шығармаған жөн. Дəл осыны 
кезкелген дамыған философияның маңызды бөлімі – таным теориясы ұғынып, 
мəнін ашуы тиіс. 
Білім, ол қайдан пайда болмасын, тілде көрініс табады. Оны зертгеу үшін 
білім қалыптастыратын жəне жеткізетін ұғымдардың негізгі типтері мен 
сөйлемдердің формальды, яғни логикалық құрылымын қарастыру қажет. 
Білімнің бүкіл алуан түрлілігіне қарамастан, олардың формальды-логикалық 
құрылымын білдіретін бірқатар соңғы мөлшерін бөліп алуға болады. 
Осылайша, Аристотель формальды логиканың негізгі қарапайым зандарын 
қалыптастырды. Ол алғаш рет ғылыми білімді өзара бір-бірімен логикалық 
қатынастарымен байланысты жəне логакалық ережелері арқылы бірінен-бірі 
туындайтын сөйлемдердің (пікірлердің) тізбесі ретінде қарастыра бастады. 
Аристотель көзқарастары философияның кейінгі дамуына орасан зор ықпалын 
тигізді. 
Ортағасырларда философия мифология мен дінге қарсы тұратын білімнің 
жеке саласынан христиан теологтары тегеурінімен дінтанудың қызметшісіне 
айналды. Бірақ таным үдерісі мен білім құрылымын зерттеу сипаты өзгергеніне 
қарамастан онан əрі жалғасты. Христиан діні барлық танымның негізгі қайнар 


99 
көзі ретінде Құдайдың аяны мен қасиетті Інжілді санады. Егер антик 
философтары көбіне ғарыштың өзіне, табиғаттың өзіне құдіреттілік берсе, ал 
христиан діні табиғатты жанама, өзгермейтін нəрсе деп пайымдап, ал 
жаратылыстың шыңы ретінде адамды ғана мойындады. Құдай адамға жан жəне 
тану қабілеттілігін берді. Осыған байланысты психикалық əрекет пен таным 
жанның қасиеттері ретінде ортағасырлық философтардың қызығушылығын 
туғызды. Христиан дінінің сенімді білімнен жоғары қойғанына қарамастан, 
христиандық философ-схоластар дəлелдеу мен білімнің құрылымы туралы 
логикалық ілімді дамытуға көп еңбек сіңірді. Білімнің жоғарғы көзі – аянмен 
қатар ортағасырлық теологтар ақыл-ойды əлемнің ең терең құпиялары туралы 
білім беретін періштеге тəн қасиет, зердені біздің жүйелі түрде пікірлесу 
қабілетіміздің көзі ретінде, ал сезімдік білімді көптеген адасушылық пен 
қателіктердің қайнар көзі ретінде жеке бөліп қарастырды. Бұл түсініктің 
кемшіліктері болғанына қарамастан, ол танымның кейбір түрлерін мұқият 
зерттеуге философтардың жігерін жұмылдырды. Бұл ортағасырлық 
схоластикадан жаңа заман философиясына өтуге үлкен ықпалын тигізді. XVII-
XVIII ғасырлардың философтары индивидуалдық танымның дамуы немесе 
білімнің онтогенезі (грекше ontos – болмыс) екі кезеңнен өтеді деп санады: 
сезімдік-эмпирикалық жəне рационалдық. Көптеген философтар бұл 
көзқарасты философиялық материализм позициясымен біріктіреді. Бүл 
біріктіру негізделген деп есептейік. Мұнан не келіп шығады? Т.Гоббс былайша 
жауап береді: «...егер нəрсе бастапқыда бүтіндей немесе жартылай сезім 
органдарында туындамаса, адамның санасында бірде-бір ұғым болмас еді». 
Оның пікірі дұрыс па? Оны қазіргі ғылым тұрғысынан көру сезімінде 
қарастырып көрейік. 
Жарық көзге түскеннен кейін бірнеше өзгерістерге ұшырайды: 
1. 
Қарастырылатын заттың беткейінде жарықтың жұтылуы, бейнеленуі 
жəне шашырауы. 
2. 
Сəуленің қарашықта сынуы жəне фокусировка. 
3. 
Торлы қабықшада зат образының қалыптасуы. 
4. 
Родопсин молекулаларының физикалық-химиялық өзгерістері. 
5. 
Сəйкес биэлектрлік импульстардың пайда болуы. 
6. 
Көру нервінің импульстарды тасымалдауы. 
7. 
Мидың көру орталығындағы сəйкес өзгерістер жəне соның 
нəтижесінде белгілі образдардың қалыптасуы (түрді, форманы сезіну, заттың 
бүтіндігін, қозғалысын қабылдау жəне т.б.). 
Демек, сезінудің қалыптасуы сатылы өзгерістер жүйелерін білдіреді. 
Олардың соңғы нəтижесі заттың бейнесі (образы) болып табылады. Бұл бейне 
ерекше. Ол адамның миында, яғни, қабылдау субъектінде. Ол шағылыспайды, 
жай ғана көшірме емес, көптеген ішкі өзгерістер қорытындысы, бұл 
өзгерістерге өзге емес, дəл сол берілген объектке сəйкес нəтижесі, жəне осы 
мағынасында ол бейнелену болып табылады. 
Заттың тікелей сезімдік бейнесі, мысалы, торлы қабықшадағы көру бейнесі 
мен оның мидағы қабылдануы (елестету) арасында дəл сəйкестік жоқ. 
Останкино мұнарасының бейнесі көздің торлы қабықшасында бар болғаны 


100 
бірнеше миллиметр көлемде болса, ал оны қарап тұрған адам мұнараны алып 
құрылыс ретінде қабылдайды. Бұл мидың əр түрлі деректерден алынған, 
ертеректе жинақталған білім негізінде жəне тəжірибе арқасында жүзеге асады. 
Ми көздің қабылдауын «автоматты түрде» түзейді. Сонымен қатар жеке, 
өндірістік жəне əлеуметтік-мəдени тəжірибелері деңгейлері əр түрлі адамдар 
бір заттың өзін əр қилы қабылдайтыны белгілі. Шыңға өрмелеушілер мен 
кəдімгі жүргізушілер бірдей жоғары биіктікте тұрып, төменде орналасқан 
заттар көлемін əр түрлі анықтайтыны да эксперимент арқылы дəлелденді. 
Жануарлар мен кішкентай балаларға жасалған тəжірибеге қарағанда, оларда 
қабылдаудың дайын кеңістіктік формасы жоқ, бірақ затқа дейінгі қашықтықты, 
оның көлемін, орналасуы мен формасын анықтауды тəжірибе жүзінде, 
практикалық əрекет барысында үйренеді. Мұндай əрекет барысында көру, есту, 
иіс сезу жəне т.б. мидағы қабылдаулар үйлестіріледі. Жады жүйесінде белгілі 
бір эталондар мен стандарттар сақталады, біздің сезімдік қабылдауларымызды 
бейсаналық түрде түзетіп отыратын сəйкес ережелер «жазылады». Бұл 
эталондар мен ережелер əлеуметтік-мəдени тəжірибе мен жеке практикаға 
байланысты тарихи өзгеріп отырады. 
Тағы бір маңызды тұжырым, танымның таза эмпирикалык сатысы 
болмайды, өйткені сезінудің іске асуы үдерісінің өзінде-ақ рационалистік 
салаға жататын бұрын жинақталған білім (эталондар, ережелер) қабаттаса 
қатысады. Енді қарапайым жағдайларда үғым жəне əр түрлі объектілер туралы 
түйіндер (пікірлер) қалай қалыптасатынын қарастырайық. 
Ұғымның қалыптасу үдерісін əдетте абстракциялау, ал бүл үдеріс өнімін 
немесе нəтижесін – абстракция деп атайды. Сондықтан да «ұғым» жəне 
«абстракция» терминдері бір-бірін алмастыра алатын синоним ретінде де 
қолданылады. Абстракциялау үдерісін шындығына келгенде бірігіп, қосылып 
шешетін бірнеше кезеңдерге, сатыларға бөлуге болады. Оларды тек талдау 
мүддесіне қарай ғана бөледі. 
Бірінші кезең – сезімдерді топтау жəне ажырату. Әр түрлі заттарды 
қадағалау барысында адам бірқатар сезімдер мен сезімдік бейнелерді сіңіре 
отырып, олардың белгілі бір қасиетін, мысалы, бояуын немесе геометриялық 
фигурасын бөліп айқындайды. Қалған қасиеттері ысырылып тасталынады, 
абстракцияланады. Заттар, өздерінің барлық айырмашылықтарына қарамастан, 
бөлініп алынған бір қасиеті бойынша бір топқа біріктіріледі жəне 
қалғандарынан ажыратылады. Бөлініп алынған заттар қасиеттері ортақ топты 
құрайды. Мысалы, шие, қан, раушан гүлі өздерінің түстері бойынша бір ортақ 
топқа біріктірілген. Алма, футбол добы, бильярд шары жəне т.с.с. формасы 
бойынша біріктіріледі. 
Екінші кезең – салыстыру, басты қасиетін біріктіру. Топтастырылған 
заттардың бөлініп алынған қасиеті түрлі қарқында аңғарылады, көрінісіндегі 
барша айырмашылықтар жойылады да, мейлі ол саналы немесе бейсаналы 
түрде болсын, əр түрлі заттардағы осы көрінудің өзі бір-біріне теңестіріліп, 
біріктіріледі (кызыл түс, домалақ форма). 
Үшінші кезең екіншісімен тығыз байланысты идеалдандыру немесе 
біржола айқындалу шегі болып табылады. «Қызыл түс» жəне «домалақ» сияқты 


101 
абстракцияларды қалыптастыра отырып, біз объективті өмірде бетқабаты дəйім 
жəне барлық жағдайда тек бір ғана энергиямен, түсі жағынан да бірдей сезім 
тудыратын 
тербеліспен, 
жиілікпен 
жарық 
шағылыстыратын 
заттар 
болмайтынын естен шығарамыз. Дəл сол сияқты, беткейіңдегі барлық нүктесі 
қашан да қадағаланар нүктеден, орталықтан бірдей қашықтықта орналасатын 
нақты заттар болмайды. Табиғат заңдарының өздері бұған шектеу қояды. Бірақ 
абстракциялау үдерісінде біз мүддемізге сай келетін қасиеттерді таза күйінде 
аламыз да, шындығында бұл қасиеттер нақтылықты өмір сүрмейтіндігіне 
қарамастан, ол шектеулерден «аттап» кетеміз. Идеалдандыру деген осы. Ол 
дараланған сол қасиет пен заттардың сəйкес топтарын қалғандарынан бөліп 
алып, олардың ерекшелігін тануға мүмкіндік береді. Төртінші кезең – атау 
рəсімі (процедурасы). Бөліп алынған қасиетке сəйкес сөз немесе сөз тіркесі 
беріледі. Яғни, белгілік көрінісі, мысалы, «қызыл түс» немесе «домалақ». 
Осьдан бастап бұл белгілік көрініс сол қасиет пен сəйкес заттардың тобы 
туралы ұғымды білдіреді. Қасиеттерді сипатгау, яғни, белгісі – ұғымның мəнін, 
ал қасиеттері бірдей заттардың жиынтығы ұғымның магынасын білдіреді. 
Көріп отырғанымыздай, эмпирикалық, сезімдік жəне рационалдық 
сатыларға бөлу шартты болып табылады. «Сезімдік» жəне «рационалдық» 
ұғымдары – өздері өте күшті абстракциялар. Олардың ойлап табылуы 
барысында көптеген маңызды қасиеттері лақтырып тасталған жəне 
метафизиктер олардың ішкі диалектикалық байланыстарын, өзара əрекеті мен 
бір-біріне енуін аңғармаған. Сезінудің жүзеге асырылуы барысында үнемі ра- 
ционалды сəт болады; рационалдық ойлау үдерісінде сезімдік, эмоциялық, 
эмпирикалық мазмұнды аңғаруға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет