102
оларды
шындығында қандай болса, тура сол күйінде қабылдаймыз. Ал екінші
сапалы идеяларға денелердің иіс, бояу, дəм т.б. Сол сияқты қасиеттері жатады,
оларды біз субъективтік тұрғыдан қабылдаймыз. Осы екі сапалы идеялардың
түйсіктерге əсер етуі арқасында біздің санамызда екі түрлі ұғымдар мен
пайымдаулар, ұғымдар. Олар тек тəжірибе арқылы қалыптасады да, ой
белсенділігін талап етеді. Осы негізде ғылымдар дамиды. Ал екіншісі – сыртқы
денелердің түйсіктерге əсер етуінен, не болмаса рефлексия арқылы пайда
болған қарапайым ұғымдар, пайымдаулар. Мысалы: “көк” ұғымы – көру
түйсігі, ал “қозғалыс” ұғымы – көру жəне сезіну түйсіктері арқылы пайда
болған. Мұндай ұғымдар енжар болу себепті ой белсенділігін талап етпейді.
“бірінші” жəне “екінші” сапалы идеялар адамның көңіл-күйіне байланысты əр
түрлі қабылдануы мүмкін.
Ақиқат
дегеніміз, Локктың пікірінше, идеяларды” өзара сəйкес келуі
(ұғымдардың, пайымдаулардың “бірінші”, “екінші” идеяларға) жəне
көпшіліктің өзара келісімі.
Адамның қуанышын тудыратын жəне күшін өсіретін істің барлығы –
игілік, ал оған қарама-қарсы іс-əрекет бақытсыздық. Ең жоғары заң,
адамды
қуанышқа бөлейтін болғандықтан ең басты игілік болады. Локк мемлекет
туралы ілімінде халықтың егемендігі негізінде қалыптасқан конституциялық
монархияны жақтайды. Мемлекет билікті бөлу (заң шығару, атқарушы жəне сот
биліктері) арқылы əлеуметтік топтарға бостандық жəне құқытық теңдікті
сақтауға кепілдік жасауы тиіс.
Қорыта
айтқанда, Бэкон, Гоббс, Локктың ілімдері механикалық
метафизикалық философияның ірге тасын қалап, ғылыми зерттеудің
индуктивтік жəне геометриялық тəсілдерін əмбебап (универсалдық) тəсілдер
дəрежесіне
дейін көтеріп, өзінен кейінгі ғұлама-ойшылдарға үлкен əсер етті.
XVІІ-ХVІІІ ғасырларда Англияда философияда “идеалистік сенсуализм”
деп аталып кеткен бағыт қалыптасты. Оның ірге тасын Дж.Беркли жəне Д.Юм
деген ойшылдар қалады.
Достарыңызбен бөлісу: